kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект "Таби?ат аясында"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балаларды? таби?ат жайлы ??ымдарын тияна?тау, таби?атта болатын та??ажайып ??былыстарды ба?ылай білуге ?йрету. Таби?атты с?юге, аялау?а, о?ан ?ам?ор бола білуге т?рбиелеу.
Барысы: Шатты? ше?бері
Таби?атым тамаша,
К?з тоймайды ?араса
Таби?атты аялап,
Ж?рейікші жараса.
С?лем са?ан жер Ана
С?лем са?ан н?рлы к?н!
Т: Балалар б?гінгі бізді? ?йымдастырыл?ан о?у ?дістемемізді? та?ырыбы «Таби?атты? та??ажайып ?лемі болма?»
Таби?ат дегеніміз не? Айым айта ?ой.
Б: жауап береді
Т: Д?рыс айтасы? Айым! Балалар біздер к?нде таби?ат аясына я?ни дала?а серуенге шы?амыз. Онда біздер ауа райын ба?ылаймыз, ойнаймыз. Балалар кеше біздер таби?ат аясына серуенге шы??анда не тауып алды?? «Си?ырлы ?орапша» ?ара?даршы.
Балалар ?андай ?демі ?орапша! Кеше біздер б?л си?ырлы ?орапшаны б?гін ашып ?араймыз деген болатынбыз олай болса к?зір ашып ?араймыз.
Бізге б?л ?орапшаны таби?ат патшалы?ынан жіберіпті. Ішінде бізге ойын тапсырмалар бар екен. Осы ойын тапсырманы орындаса? жа?сы сыйлы? к?тіп т?р екен.
1) ойын: «Си?ырлы ?орапаша т?стерін атап айт, ж?не б?л т?стер нені білдіреді? Нені ажыратады?
(К?к, жасыл, сары, ?ызыл)
(?ыс, К?ктем, К?з, Жаз)
2) ойын: Таби?ат ??былыстары туралы ж?мба?тар шеше білеміз бе?
Азиза: Аузы жо? ?реді,
Ая?ы жо? желеді. (Жел)
Ж?сіп: Жардай д?улер со?ысты,
Жар? - ж?р? етіп о? ?шты (Б?лт найза?ай)
Жарас?ан: Жар? етсе сабау ?амшы
Т?гіліп жауар тамшы (Найза?ай, жа?быр)
Айым: К?к ж?зінде к?к до?а
Жер ж?зінде жо? до?а
?олмен ?стау?а болмайды,
К?збен к?ріп тоймайды (Кемпір?оса?)
Диляра: Аспанда алып доп,
Жар?ырайды жары? боп.(К?н)
Санжар: К?к жасты?ым с?гілді
Ішінен мамы? т?гілді (?ар)
(Суреттерін к?рсетіп жауап береді)
3) Ойын: «Сергіту» олай болса таби?ат ??былыстарын ?имылмен к?рсетіп демалып алайы?.
Жел т?рды гуілдеп,
А?аш біткен уілдеп.
Аспанды б?лт торлады,
Найза?айлар ойнады.
Жа?быр жауды себелеп,
Кемпір ?оса? к?рінді.
Жар?ыра?ан к?н шы?ты.
(Балалар ?имылмен к?рсетеді)
4) ойын: «Ауа райыны? ?згерістерін тап»
Шарты: ?р ?йшіктегі белгі бойынша ?з ?йшігін табу.
(Балалар ойынды шарты бойынша ойнайды.)
5) «Таби?ат туралы ма?ал м?телдер айту»
?лімжан: «Жер ?азына, Су гау?ар.
Ерасыл: «Таби?атты аяласа?, таби?атта аянып ?алмас!»
С?бина: «Суды? да с?рауы бар!»
?те жа?сы балалар! Таби?атты аялау?а, ?ор?ау?а к?мектесейік. Дала?а серуендеп шы??анда а?аштарды сындырмайы?, оларды к?тіп, ?ор?ап ж?рейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект "Таби?ат аясында" »

«№2 туберкулез ауруынан сауықтыру балабақшасы»мм









«Табиғат аясында»



Білім беру саласы: « Әлеуметтік орта»

«Өзін - өзі тану» сабағы





Орындаған: Баян Изғалиева Хабыловна












Мұнайлы ауданы 2014ж





Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету. Табиғатты сүюге, аялауға, оған қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Барысы: Шаттық шеңбері
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған жер Ана
Сәлем саған нұрлы күн!
Т: Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу әдістемеміздің тақырыбы «Табиғаттың таңғажайып әлемі болмақ»
Табиғат дегеніміз не? Айым айта ғой.
Б: жауап береді
Т: Дұрыс айтасың Айым! Балалар біздер күнде табиғат аясына яғни далаға серуенге шығамыз. Онда біздер ауа райын бақылаймыз, ойнаймыз. Балалар кеше біздер табиғат аясына серуенге шыққанда не тауып алдық? «Сиқырлы қорапша» қараңдаршы.
Балалар қандай әдемі қорапша! Кеше біздер бұл сиқырлы қорапшаны бүгін ашып қараймыз деген болатынбыз олай болса кәзір ашып қараймыз.
Бізге бұл қорапшаны табиғат патшалығынан жіберіпті. Ішінде бізге ойын тапсырмалар бар екен. Осы ойын тапсырманы орындасақ жақсы сыйлық күтіп тұр екен.
1) ойын: «Сиқырлы қорапаша түстерін атап айт, және бұл түстер нені білдіреді? Нені ажыратады?
(Көк, жасыл, сары, қызыл)
(Қыс, Көктем, Күз, Жаз)
2) ойын: Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шеше білеміз бе?
Азиза: Аузы жоқ үреді,
Аяғы жоқ желеді. (Жел)
Жүсіп: Жардай дәулер соғысты,
Жарқ - жұрқ етіп оқ ұшты (Бұлт найзағай)
Жарасқан: Жарқ етсе сабау қамшы
Төгіліп жауар тамшы (Найзағай, жаңбыр)
Айым: Көк жүзінде көк доға
Жер жүзінде жоқ доға
Қолмен ұстауға болмайды,
Көзбен көріп тоймайды (Кемпірқосақ)
Диляра: Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.(Күн)
Санжар: Көк жастығым сөгілді
Ішінен мамық төгілді (Қар)
(Суреттерін көрсетіп жауап береді)
3) Ойын: «Сергіту» олай болса табиғат құбылыстарын қимылмен көрсетіп демалып алайық.
Жел тұрды гуілдеп,
Ағаш біткен уілдеп.
Аспанды бұлт торлады,
Найзағайлар ойнады.
Жаңбыр жауды себелеп,
Кемпір қосақ көрінді.
Жарқыраған күн шықты.
(Балалар қимылмен көрсетеді)
4) ойын: «Ауа райының өзгерістерін тап»
Шарты: Әр үйшіктегі белгі бойынша өз үйшігін табу.
(Балалар ойынды шарты бойынша ойнайды.)
5) «Табиғат туралы мақал мәтелдер айту»
Әлімжан: «Жер қазына, Су гауһар.
Ерасыл: «Табиғатты аяласаң, табиғатта аянып қалмас!»
Сәбина: «Судың да сұрауы бар!»
Өте жақсы балалар! Табиғатты аялауға, қорғауға көмектесейік. Далаға серуендеп шыққанда ағаштарды сындырмайық, оларды күтіп, қорғап жүрейік.











Кабинет тақырыпқа байланысты безендірілді.
Мақсаты: Күз мезгілінің қырың – сырын жете меңгере білуге баулу. Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Тілін, ойын дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер, күз айлары, мәтел.
Ұйымдастыру.
Оқушылар музыкамен сыныпқа кіреді.
Оқушылар сыныпқа кіргенде не байқадыңдар?
Ой толғау.
- түрлі түсті жапырақ
- табиғат құбылыстары
- жасырынған сөздер
- суреттер
- мақал - мәтелдер
- болжамдар
Балалар тақтаға қараймыз, табиғат бұрышына зер саламыз.
Күз айларын атаңдар.
Қыркүйек
Қазан
Қараша
жасырын дыбыс табайық, қандай дыбыс?
Қатаң дауыссыз дыбыстан басталған.
Балалар қандай жапырақтар жасырынған.
- жасыл, қызғыш, сары.
Осыларға сай айларды апарып тапсырамыз.
1. Қыркүйек айында қандай мерекелер бар?
2. Қазан айында қандай мерекелер бар?
3. Қараша айында қандай мерекелер бар?
Мол азық - түлік, үстіне жеміс - жидек, арқалаған дорба (ішінде жақылдар, кітаптар т. б.) сыныпқа келді.
Бұл кім келген?
О – КҮЗ!
Ж: Дұрыс балалар! Бүгін біздің сыныпқа да, ел байлығын арттырған берекелі күз де келді.
ХОР: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
АЛТЫН КҮЗ.
- Амансыңдар ма балалар!
Мен де асығып келдім. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Балалар мен сендерге бос келген жоқпын, өзіммен бірге
ойындар, жұмбақтар, күзгі сыйлықтарды алып келдім.
Мұғалім: Рахмет, Алтын күз!
КҮЗ: Балалар көктемде салған дән, күзде көп егін болып жиналады.
Күздің ең бірінші байлығы не? (НАН)
ХОР: Ас атасы – нан.
Мұғалім сөзі.
Алтын күз! Біздің оқушылардың сізге арнаған тақпақ, өлең, билерін
тыңдап, тамашалап көріңіз.
(Алтын күзге орындық алып беріп отырғызамыз).
с е р г і т у с ә т і.
Қоюланып тағы бұлт
Жауды жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып
Жата қалды көбелек.
1. Тақпақтар.
2. Өлеңдер хормен айтылады.
Мұғалім.
Шат көңілді балалар!
Шаршағанды білмейді.
Алтын күздің құрметіне
Жапырақтар биін билейді.
«Жемістер» - биі.
КҮЗ: Ал, енді балалар, міне қарандаршы, мен сендерге не алып келдім.
(жапырақтарды балаларға көрсетіп шығады).
Қазір осы жапырақтармен ойын ойнаймыз.
Кім шығады?
Төрт бала шығады. Ойын 3 рет қайталанады.
Кім тез, көп жинаған оқушыға сыйлығын береді.
КҮЗ: Рахмет! Рахмет бөьектерім!
Сендер мені қуанттыңдар. Күз туралы көп біледі екенсіңдер, көп
нәрсе үйрендіңіздер.
Мен сендерге ризамын.
Мұғалім: Рахмет, Алтын күз!
Ақтарды мырза күз,
Уылжыған жемісті.
Күзге бізде ризамыз.
Рахмет, Алтын күз!
Жиын - теріп болатын
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман дән толған
Қай мезгіл деп ойлайсың
Оқушылар: КҮЗ.
Осымен Алтын күз ертеңгілігі аяқталды.
Үйге тапсырма: Күз суретін салу.






Мақсаты:
1) Алтын күз мерекесін өткізу.
2)Күз туралы түсініктерін кеңейту.
3)Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Алтын күз» жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер,баян аспабы, үнтаспа т.б.
Барысы:
«Саржайлау» әні ақырын орындалады.
І) Әнұранмен бастау. Балалар орындарынан тұрып бәрі бірге әнұранды айтып шығады.

Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

ІІ) Балалар біз сендермен жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз? «Алтын күз» ханшасын ортаға шақырайық, балалар!
-Амансыңдар ма,балалар! «Мен сендерге қонаққа келдім,сыйлық әкелдім.»Төрге шығып отырады.

-Ал енді сендер өздерің жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.
Амандасу
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.

Айкерім
Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.

Айназ
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.

Назерке
Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе,
Сыңсып бағың мәуелеп.
Малика
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған,алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.
Батырхан
Сәбіз
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де!

Зухраб
Жүзім
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.

Аружан
Өрік
Мен өрікпін,өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.

Алишер
Шие
Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.

Рахат
Қарбыз
Теңбіл-теңбіл қарбызды,
Тентек Серік жарғызды.

Мөлдір
Қызанақ
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген?

Зарина
Алмұрт
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Айша.С
Алма
Мен алмамын,алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Бейбарыс
Шалқан
Кім білмейді шалқанды,
Талайлар маған таң қалды.

Әбілмансұр
Пияз
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.

Мадина
Бұршақ
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймын бәріңе!

Дильназ
Қияр
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Чингизхан
Жапырақ
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады.
Нұрбол
Күнбағыс

Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды.

Айжан
Сәбіз
Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар.

Нұргүл
Күн
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

- «Қара жорға» биі

-Ойын ойнайық балалар: «Картоп жинау» ойыны

- «Жапырақтар» биі қыздардың орындауында.

ІІІ) «Шалқан» орыс халық ертегісі.
Кейіпкерлер:
Олжас - Шалқан
Чингизхан - Ата
Айжан- Апа
Назерке - Қыз
Әбілмансұр – Күшік
Зарина – Мысық
Мөлдір – Тышқан
- «Күрең күз» вальс биі

ІҮ) «Балақан» әні –бәрі бірге хормен айтады.

Сергіту сәті:
«Ағаштар»
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел соғады.
Кіп-кішкене ағаштар,
Үлкен болып өседі.

«Ормандағы аю»
Ормандағы аюдың,
Теріп-теріп алайық,
Құлпынайы көп екен.

Ү) Хормен ән
«Біз өмірдің гүліміз»
Зеңгір көктен, нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,жайнап өскен,
Біз өмірдің гүліміз.

ҮІ) Би «Шоқ қыздар» ұлдар билейді.
- «Құстар» әнін бәріміз бірге қосылып айтамыз.
- «Алтын үз» ханшасы балаларға сыйлығын таратып береді, рахметін айтып
қоштасады.
- Осымен «Алтын күз» мерекесі аяқталды, балалар сендерге көп рахмет!















Азамат боп мен ертең, Отаныма қызмет етемін!

Жүргізуші:
От жалыннан таралған
Отан біздің атамыз.
Жауды жеңіп оралған
Отанымызға ағамыз.
Ерлігіне бар адам
Таңдай қағып тамсанып.
Омырауға қадаған
Ордендері қаншама.
Айтқан сайын жақсы аға
Әңгімеге тоймаймыз.
Біздер бүгін бақшаға,
Жеңіс күнін тойлаймыз.
Барлық айдан шырайлы,
Мамыр дейді бұл айды.
Жасыңда кәріңде
Бәріне де ұнайды.
Бейбіт күннің тұрағы,
Отанымыз қырағы.
Сол себепті – бүгін де
Көктем болып тұр әні - деп көктемдей құлпырған, гүлдей жайнап өсіп келе жатқан Ересектер тобы бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Аңсат: Жеңіс келді далама,
Женіс келді ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрік.
Әліби: Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия атты - көңілде
Әпкеміз деп жүреді
Атын аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп.
Айдын: Отан үшін от кешкен
Өліммен де беттескен
Омырауын оқ тескен,
Менің атам – майдангер.
Сүйеу: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем.
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған.
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Данияр: Оны көрсең
Сәлем берсең
Бас киімді ал - дағы.
Қастерлейді
Оны кәрі жолдағы.
Балдақты адам
Бөккен қанға
Зор майданда.
Оқ бораған, жай атқан
Сенің үшін
Айрылған ол аяқтан.
Ерлігіне, ісіне
Балдақты адам
Ардақты адам
Барлық – барлық кісіге.
Іңкәр: Мәншүк атыс толасында
Жүр орманның арасында
«Мені ал, мені ал»- деп алуан гүл
Қолында оның таласуда.
Тығылып гүл омырауға
Сұрағандай жанға сауға
Ант еткендей тұрды Мәншүк
Гүлді жауға таптатпауға.
Жанбота: Өр тұлғалы, келбетті
Қошқарбаев Рақымжан
Сын сағатта ерлепті
Ел сүйсінген батыржан
Арпалысып ел күнде
Аңсап талай жыл күткен
Жеңіс күні Берлинде
Рейхстакқа ту тіккен!
Міне, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 65 жылда өтіпті. 9 - мамыр сол кездегі Кеңес халқының ержүректіліктерімен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.
Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туыстарына, жақын - жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. 4 жыл бойы күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, Осы келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Ешқашанда Жауынгер ерлігімен жеңісті ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз - болашақ ұрпақты Отан сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Міне енді, ортамыздағы өшпес мәңгілік отқа қарап, осы сұраныс соғыста ерлік көрсетіп, қаза тапқан батыр аталарымыз бен аналарымызды еске алу үшін құрметпен 1 минут үнсіздік жариялайық.
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанымыздың бақыты үшін мерт болған
Батырларды еске ұста, құрметте.
Ән. Хор: « Отанымды қорғаймын»

Әли: Ойлап - ойлап тұрдым көп
Сауал бердім білгім кеп;
- Қуанышты мереке
Жеңіс күні қай күн деп
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым
Ағамнан да сұрадым
Апамнан да сұрадым
Тост бәрі құлағын,
Дұрыс, десті - сұрағын
Бейбіт күнін бәрі де
Жеңіс күні шырағың.
Ерасыл: Зұлым жаудың ниеті
Москваны құлатпақ
Қызыл алаң тасында
Жын ойнағын ойнамақ.
Нұрасыл: Жеңілмейді Астана
Берілуге болмайды
Артымызда Москва
Шегінуге болмайды.
Алмас: Көп қой батыр ағалар
Халық сүйіп бағалар
Көп қой батыр ағалар
Жаттап алар балалар.

Дәулет: Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама!
Жеңіс келді әке боп
Елдігі боп балаға.
Нұрайна: Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән болып.
Жеңіс келді, алақай
Тоя жейтін нан болып.
Ару: Арылтып жаудан жеріңді
Табанға шаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күн
9 - шы Май күні.
Би «Солдатский вальс»
Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Көңілденіп біз енді
Смуглянка биіне кезек берейік.
Би.»Смуглянка»
Жүргізуші:
Мың жылда бір ақ көрінетін, сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтпесе де Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қуаныш пен Әлкей білімі, Дінмұхамедтің парасаты бүгінгі ұрпаққа өнеге.
Балалар, сендерде үлкен ер азамат болып өскенде Отанын қорғайтын, адамгершілігі мол, елін жерін сүйетін үлкен азамат болып өсетіндеріңізге біз сенеміз. Отан алдындағы азаматтық борышты ақтайды, деп үлкен үміт артамыз.
Елімізде, жерімізде
Бүгін үлкен мереке
Болашақтың тыныштығын қорғайды
Жас ұландар бүгінде.
Ән. Хор: «День Победы»
Әлкей: Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз
Отанды
Жас, кәріде
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәрімізде
Туып, өмір сүреміз.
Шынасыл: Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап
Өйткені, Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Отан деген - атамекен
Отан деген - туған жер
Отан - ана
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел!

Гүлнұр: Отан - жерім, Отан суым
Отан қуат, нәр береді
Отан - ұран, Отан - туым
Отан мәңгі гүлденеді.
Көктем бізге тыныштық
Көктем бізге ырыс құт.
Адамдардың тілегі
Мәңгі болып
Саят: Күн көзінен арайлы
Нұрлы шуақ тарайды.
Әр ауылға, әр үйге ол
Жеңіс болып қарайды.
Аян: Бүгінгі еліміздің қырмызымыз
Арайлы болашақтың ұл - қызымыз
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын
Қанатты жарқыраған жұлдызымыз.
Бекзат: Отан біздің папамыз
Аман жүрсін анамыз
Нұрлы күн сөнбесін.
Бақытты болып жанамыз.
Жарық біздің санамыз
Қара бұлт төнбесін.

Жүргізуші:
Алаулап гүл жарады
Туған жер құлпырады.
Бейбітшілік болса
Балалар болады аман
Аналар болады аман,
Бейбітшілік болса!
Ән. « Қайдасыңдар қаруластар»
Алтынгүл: Әлпештеп ерді, аялап жерді
Бабадан қалған байырғы.
Сарбаздың сапта қатары мықты
Қадамы құтты, қайырлы.
Асылжан: Оттай лаулап жанамыз
Өседі ой - санамыз.
Қорықпайтын ержүрек
Біз азамат боламыз.
Зарина: Шүйінші, халқым, шүйінші
Шүйіншіге сүйінші
Шаттан, ата - анамыз
Шаттан, аға - бабамыз
Кек қайтарып фашистен
Соғыс бітті Жеңіспен
Жеңдік жауды күресте
Жасасын той мереке.

Жүргізуші: Арылтып жаудан жеріңді
Табанға шаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні
9 - шы Май күні.
Осымен біздің «Жеңіс күніне» арналған «Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем» атты ертеңгілігіміз аяқтала келді. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Жеңіс күні құтты болсын. Болашақ бүлдіршін сарбаздарымыз аман болсын!
Ән. Хор: «Менің Қазақстаным».

ІІ - бөлім
Ардагерлер саябағына балаларды апару.

















«№2 туберкулез ауруынан сауықтыру балабақшасы»мм








Тамаша – тамаша, Шыршамыз тұр жараса!


Білім беру саласы: « Әлеуметтік орта»

«Өзін - өзі тану» сабағы







Орындаған: Баян Изғалиева Хабыловна











Мұнайлы ауданы 2014ж




Тамаша – тамаша, Шыршамыз тұр жараса!

Зал іші «Әдемі, мерекеге сай безендірілген. Ортада әдемі шырша тұр, әр түрлі ойыншықтары ілінген. Музыка әуенімен әр түрлі киім киген балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Төрле - төрле жаңа жыл
Айналамыз тебірене жыр
Төрле - төрле құтты жыл
Халыққа әр күн төгіп нұр
Төрле – төрле құтты жыл
Қуаныштан айналады жыр.
Құрметті ата - аналар, тәрбиешілер, балалар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Келе жатқан Жылан жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке бірлік әкелсін дей отырып Ортаңғы топ балаларының Жаңа жылдық ертеңгілігін бастаймыз.
Малвино:
- Буратино, буратино, буратино.
- Ой, Сәламатсыздар ма?
- Буратиноны көрмедіңдер ме? Буратинодан ажырап, адасып қалдым ғой.
- Ой, ой, ой неткен әдемі шырша, неткен самсаған әсем ойыншықтар, неткен сұлулық?
Мыстан кемпір:
- Ха - ха - ха, Малвина? Қайдан жүрсің, қайдан келесің?
Малвина:
Сәлеметсіз бе, әже! Мына шыршаның шамдары неге жанбайды?
Мыстан:
- Ха - ха - ха, бұл тек шырша емес, сиқырлы шырша. Бұл Шыршаның шамдары балалардың күлкісі бар жерде, әсем би бар жерде, ортаны қызыққа бөлеген шақта шамдар жарқырай түседі.
Малвино:
- Ой, әже неткен тамаша, ендеше балаларымызды неге шақырмаймыз?
Мыстан:
- Балаларды ортаға әкелу үшін мына сиқырлы сандықты ашуымыз керек.

Мыстан мен Малвино:
- 1, 2, 3 әсем ән бірге шашылсын, Сиқырлы сандық ашылсын!
(Балалар ортаға көңілді әуенмен кіреді. Сол әуенмен шыршаны айналады!)
Малвино:
- Алақай, алақай, балалар көңілді келеді Жаңа жыл кешін тойлауға!
Мыстан:
- Айттым емес пе саған. Ендеше балғын балалардың өнерін тамашалайық! Жаңа жылға деген тілектерін естиік!
Айзада.
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Болат.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.

Гүлсая.
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Би: Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Орыс биін» тамашалаңыздар.
Хор: «Шырша жыры» (балалар саз жетекшімен бірге қосылып шырқайды)

Малвино сандықты ақтарып отырып, құман тауып алады.
Малвино:
- Мынау не нәрсе?
Мыстан:
- Бұл құмыра. Бұл құмыраның құпиясын мен ғана білемін. Бұл құмыра қатты - қатты үйкелеп жіберсең, бір ғажайып болады.
-(Малвино құмыраны үйкелей бастайды, сол кезде құмырадан күңіренген дыбыс шығады)
Жын:
- Кім мені мазалап жатқан?
- Малвино қорыққаннан қолындағы құмыраны түсіріп алған кезде, жын ұшып шығады.
( құмырсқаны жерге түсірген дыбысы естілуі тиіс және жын шығатын дыбыс).
Мальвино:
- Олай болса, менің 1 - ші тілегім: досым Буратиноны тауып беріңіз!
Жын:
- Табынамын және орындаймын!
( Мальвино құшақтасу).
Буратино:
- Ой, мен қайда келдім? Неткен әсемдік? Ой, сәлеметсіңдер ме балалар? Кандай сұлу боп кеткенсіңдер?
Мальвино:
- Буратино, не тұрыс, балаларға билеп берейік!
(Мальвино мен Буратино билейді).
Тәрбиеші: балалар бізде де Буратино мен Мальвиноға өз өнерімізді көрсетейік.
Ертегі: «Мақта қыз бен Мысық»ертегісі.
Мақта қыз - Гүлсая
Мысық - Айзада.
Сиыр - Аружан
Терек – Қайырбек
Қыздар – Еркеназ, Ақерке
Тауық – Самғат
Дүкенші - Шырайлым
Тышқан - Нұржан

Абылай.
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген
Қандай жақсы шыршамыз,
Кел билейік баршамыз.
Ақжол.
Даңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз
Ақерке.
Көрікті шыршамыз,
Шамдары самсаған
Көңілді ортамыз,
Айтамыз шырқап ән.

Нұрзада.
Балалар ау - балалар,
Мерекеміз басталды
Шат көңілмен бәріміз
Жаңа жылды тойлаймыз.

Бекназар.
Жасыл шырша жанында
Көңілдіміз бәріміз.

Би: «Көңілді қояндар»
(Ақжол, Бекназар, Ержігіт, Бибігіүл, бейбарыс, Абылай, Шырай)
Ән: Хор. «Жаңа жыл»

Би. «Қуыршақтар»
Малвино:
- Әже, мен жынға ІІ - ші тілегімді айтайыншы.
Мыстан:
- Жоқ, екінші тілекті өзім айтамын.
- Балалар келетін Жаңа жыл ненің жылы еді?
- Жылан жылы.
- Ендеше жынды шақырайын.
Мыстан:
- Жын, жын!
Жын:
- Не бұйырасыз әміршім!
Мыстан:
- Биыл жылан жылы. Ендеше, біздің ортамызға жыланды әкеліңіз.
Жын:
- Табынамын және орындаймын.
(Ортаға екі бишісі бар, сыбызғы тартқан қыздар келеді, екеуі ойнай бастайды)

Қапшықтағы жылан басын көтереді де:
Жылан:
- Мені неге мазалайсыздар?
- Ханым, айып етпесеңіз биылғы жыл сіздің жылыңыз екен
- А, солай ма? Менің сағаттарым кейін жеткен екен ғой.
( Жылан ортаға шығып, биші қыздарымен билейді және тілегін айтады)
Жылан:
Келдім міне сіздерге жақсы тілек тілеуге,
Жандарыңа жамандық жоламасын,
Дендеріңе саулық көп қоныстансын!
Жылдан - жылға жетіңіздер шат күлкімен,
Күн көзіндей жандарың жадырасын!
Тәрбиеші:
Балалар келген Жаңа жыл, Жыланға да өз өнерімізді көрсете отырайық.
Жеке ән: «Қошақаным» Орындайтын: Байырхан Айзада.
Нұржан
Келді тағы Жаңа жыл,
Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.

Бейбарыс
Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға

Ержігіт
Төрлет - төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.

Малвино мен Мыстан:
3 - ші тілекті тілеуді балалардың өздерінен сұрайық.
- Балалар бүгінгі Жаңа жыл кешіміздің қонағы кімдер еді.
- Балалар Аяз ата мен Ақшақар деп айқалайды.
Мыстан:
- Жын, жын!
Жын:
- Не бұйырасыз әміршім!
Мыстан мен Мальвино:
- Жаңа жыл мерекесінің көркі, Аяз Ата мен Ақшақар төріміздің қонағы болсын! – дейді балалар.
Жын: - Табынамын және орындаймын! ( Сол кезде залға Аяз Ата мен Ақшақар өздерінің көңілді әуендерімен ішке енеді).
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, Аяз Ата мен Ақшақар?! Төрлетіңіз. Қош келдіңіздер! Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап ән, тақпақтарын айтады. Қане балалар өз өнерлеріңді ортаға салыңдар!
Самғат: Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып,
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынған.
Жантөре: Жаңа жыл қош келдің еліме,
Жақсылық әкелсін жеріме.
Ақниет: Көрікті шыршамыз,
Айтамыз шырқап ән.
Әлихан: Жаңа жыл жол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Шырай: Бар баланың қонағы,
Төрлет ата жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан мырза болады.
Нұрбек: Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Ақмырза: Жаңа жылда жаңаша,
Болсын риза балаша.

Алижан: Жаңа жылды қарсы алып,
Би билейміз бәріміз.
Бибигүл: Тамаша - тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Аружан: Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
Би. « Ақшақарлар»
Хор. « Аяз ата»
Аяз ата. – Рахмет, балапандарым, өнерлерің өрге жүзсін! Талаптарыңа
Нұр жаусын! Менің кететін уақытым таяп қалды. Мені де сендер сияқты бақшадағы өнерлі балаларым күтіп қалар. Сендерге ризамын.
Қапшық толы сыйлықтарымды Ақшақар немерем үлестіріп береді.
Сау болыңдар, балақайларым! Келесі кездескенше, аман болыңыздар! Еліміз тыныш, жүзіміз шат, берекеміз арта берсін! Сау болыңыздар
Балақайлар!
Балалар: - Сау бол аяз Ата, Ақшақар!
Тәрбиеші:
Міне құрметті ата - аналар, балалар, қонақта 2013 жылы Жылан жылыда келіп жетті.
Құрметті қонақтар осымен Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқтала к
елді, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.



































Тақырыбы: Салауаттылық-өмір салты.

Құндылығы: дұрыс әрекет құндылықтарын қалыптастыру
Қасиеттері: жауапкершілік, тазалық, адамгершілік
Мұғалімі: Сарбупина Ө. Т Сыныбы: 8 «Б»;
Оқушылар саны: 24
Мақсаты: оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;
-оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу.;
- сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу

Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті: (5 мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Б. Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» әңгімесін оқып келу.
* Мұратты спортқа жетелеген не нәрсе?
* Ол жеңіс биігін қалай бағындырды?
* Спорттың қандай түрін және оны не үшін ұнатасың?

3. Дәйексөз .
«Кімде-кім өзің жеңсе, иөз қорқынышын, өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді»
В. Суворов
2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, барлығына 1 рет айтқызамын.
Адам өз жеңісін қалай көре алады?

4. Әңгімелесу: Мәтінмен жұмыс. Б. Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» әңгімесі .
* Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
* Зиянды әрекеттерге адам неліктен үйір болады?
* Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
* Зиянды әрекеттерге нелер жатады?

Шығармашылық жұмыс. Тапсырма
«Менің спорттағы жеңісім» тақырыбында ой толғау жазу тапсырылады.
5. Топпен ән айту: Жүректен жүрекке.
Оқушылар бір-біріне тілек айтады.
7. Үй тапсырмасы. 25- сабақтан Аңыз әңгімені оқып келу.
Ой толғауды аяқтап келу.

8. Тыныштық сәті: (3 мин)
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
5-т
Татулық, тәртіп, талап, тыныштық, тазалық.

Бейне ролик





















«№2 туберкулез ауруынан сауықтыру балабақшасы»мм












Сиқырлы сандар әлеміне саяхат


Білім беру саласы: « Әлеуметтік орта»

«Өзін - өзі тану» сабағы





Орындаған: Баян Изғалиева Хабыловна



















Мұнайлы ауданы 2014ж



Сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Дос болайық бәріміз.
Көбелектер.


« Дос-бәрінен де қымбат .» Мақал
Мақсаты:1. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу. Достық туралы білім деңгейін кеңейту, нағыз досты тани білуге үйрету.
2. Оқушылардың өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге, досты қадірлеуге және тіл байлықтарын, түсініктерін қалыптастыру.
3. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,ойын ,көрнекілік.
Сабақ көрнекілігі: Плакат, оқушылардың жұмыстары, жазылған мақал – мәтелдер, шарлар.суреттер.

Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің кезеңі: Балалардың әрекеті:
Қызығушылығын
ояту: Балалар шеңберге тұрады.

Қол алысып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Тілегім көп сіздерге,
Тек тұрыңдар шеңберге
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру

- Балалар, біз қайда жиналдық?

- Адамдар шеңберге тұрғанды неліктен жақсы көреді?


- Біз достық шеңберіне жиналдық.

- Өйткені шеңбердің бұрышы болмайды.

- Өйткені бақыт, қуаныш, достық адасып қалмайды.

Ізденістерін
ұйымдастырушы:

Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Достар қандай болады?

Достықтың қандай түрлері бар?

Оны қалай ажыратамыз?

Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады деп ойлайсыңдар?

- Дос, достық туралы өлең шумақтарын білесіңдер ме?

Ендеше «Дос-бәрінен де қымбат»деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде алайық.
-Дос-қиналғанда қол ұшын беретін,алыста жүрсе сағынатын,қолындағыны беретінін,қиналғанда жанынан табылатынын адамдар.

Сергіту сәті
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз, күлеміз
Бірге балық аулаймыз
Міне, біздер қандаймыз!
Бөлінбейді іргеміз,
Өйткені біз біргеміз!

Өзімен-өзім
Сенің доың қандай болғанын қалайсың? Достарын ойдан сипаттау.

“Жалғастырып көр” ойыны.
а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені...

ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...

Дәптермен жұмыс «Достасу қадамдарын бояу»

Достық ережесі:
• Жолдасқа көмектес .
• Өз білгеніңді оған да үйрет.
• Жолдас жетістігіне қуан.
Жалғыз жаман,қызық емес.
Тату,адал,қамқор болу керек.
Адал,өтірік,пайда ойлайтын дос.
Жасаған қылықтарынан,
айтқан сөздерінен.

Достық туралы.
Нұрмұхан өлең оқиды.
осыла айтып қимыл жасау.
Менің ойымша менің шын досым менімен ойнайтын,заттарымен бөлісетін,қорқақ емес,мен жақта тұратын.

Шар үрлеп, ішінде сөйлемдерді жалғастыру.
Түрлі-түсті қарындаш-тар көмегімен дәптердегі тапсырманы тиянақты,таза,әдемі орындау

Ұмытпай есте сақтау.
Бәрі-бірге қосылып айту.
Рефлексивті түзету: Жүректен жүрекке
Күйтаспада айтылатын,
«Жан досым» өлеңіне қосылып ән айтуға. Тыңдау,қосылып айту.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Достықтың қадірін түсіне,өзі де жақсы дос болуға ұмтыла.

Білді: Доссыз адам жалғыз екенін,көңілсіз болатынын,сағынатындарын түсінді.Досқа адал,берік болу керектігін.

Айта орындай алады: Әңгімелер оқылып, тақырып мағынасы ашылды,достық ережелерін толық меңгеріп.
















































«№2 туберкулез ауруынан сауықтыру балабақшасы»мм
















Жақсылыққа – жақсылық

адамдықтың белгісі.


Білім беру саласы: « Әлеуметтік орта»

«Өзін - өзі тану» сабағы





Орындаған: Баян Изғалиева Хабыловна















Мұнайлы ауданы 2014ж


Жақсылыққа – жақсылық адамдықтың белгісі.

Нақыл сөз


Мақсаты: әлеуметтік ойын арқылы балаларда шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіру.

Міндеттері:

  • достарға деген мейірімді қарым–қатынасқа үйрету;

  • адалдық қасиеттерін дамыту;

  • балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу;

  • үлкендерге, құрдастарына деген құрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу.

Түйінді құзіреттер: өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынасты жасау.

Түйінді құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық, әдептілік.

Ойынның әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Қажетті ойын құралдары: автобус, үйлердің, аялдама макеттері, тиым салу белгісі, жұмыскерлердің киімдері (2 жилет, 2 күрек, 2 каска), әткеншек, отбасы мүшелерінің атрибуттары.

Топтағы алдын-ала жұмыс: балалардың қалауы бойынша ойынды ойнату.



Балалар «Өзін-өзі тану» бөлмесіне музыка әуенімен кіреді.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн достар! Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!

Армысың шапағатты Күн-ана!

Армысың шапағатты Аспан – ана!

Армысың мейірімді Жер-ана!

Құт дарытып бар әлемді жарылқа.

Тәрбиеші: - Міне балалар Күн-ана өзінің мейірім шуағын төгіп біздің жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Күн сәулесі біздің бетімізге, саусағымызға, алақанымызға мейірім шуағын төгіп тұрады. Енді осы жүрек жылуымызды бір-бірімізге, қонақтарға сыйлайық.

Тәрбиеші: - Балалар, сендер мультфилімдерді көргенді ұнатасыңдар ма?

Балалар: - Иә, жақсы көреміз ......

Тәрбиеші: - Мен сендерге таныс мультфильмдерден үзінділер ассортиін көруге шақырамын. Мультфильмді көрген соң, біз сендермен сол көргендерің бойынша жеке жағдаяттарды талдаймыз.

Балалар орындыққа отырады.

Мульфильмдер үзінділерін көру.

Тәрбиеші: - Балалар, сендерге мультфильм ұнады ма?

Балалар: - Иә....

Рефлексия

Тәрбиеші: - Осы үзінділер арасында қандай байланыстар бар?

Балалардың жауаптары: ...............

Тәрбиеші: - Бұл жағдаяттар мультфильмде болды, ал өмірде осындай жағдаяттар кездесе ме?

Балалардың жауаптары: - Көшеде жүру тәртібінің ережелері бұзылған және т.с.с.ж. Тәрбиеші: - Иә, дұрыс айтасыңдар көшеде жүру тәртібі бұзылған.

Тәрбиеші: - Ал сендер осындай көшелерде, яғни қасқыр сияқты бұзақылар, қоқыстар бар жерде тұрғыларың келе ме? Біздің өмірімізде осындай жағдаяттар кездеспеу үшін, біз не істеуіміз керек? Қала көшелерінде осындай жағдаяттардың алдын ала қалай ескертуге болады?

Балалардың жауаптары: жоспарлары, ойлары, гипотезалары, ұсыныстары (балалардың қалауы бойынша).

Тәрбиеші: - Балалар, ал мен, бала жасынан үйренуге болатын тағы да бір тәсілін білемін. Бұл - ойын. Мен сендерге бүгін «Көшеде» деген жаңа ойынды ойнауды ұсынамын.

Ойын ережесі: - Мен оқиғаның авторымын, ал сендер сол оқиғаның кейіпкерлерісіңдер, әрқайсыларың өздеріңнің ролдеріңді атқарасыңдар. Оқиғаның басы менікі, мен оқиғаны бастаймын, ал сендер болса, өз аттарыңды қалай естисіңдер, сол кезде сендер роль бойынша әрекет жасауларың керек. Мұқият тыңдаңдар. Мен тоқтағанда, сендер өз ойларың бойынша әрі қарай не істеуге болатынын және қандай дұрыс шешім қабылдауға болатынын анықтауларың керек. Оның үстіне балалар, бұл әрекеттер менің көмегімсіз өтеді, бұл жерде сендер өз шешімдерінді жүзеге асыруларын керек.

Бірінші оқиға «Әткеншек»

Тәрбиеші: - Биылғы жылдың көктемінде он жетінші шағын ауданына біздің кеншілеріміз балалар үшін ойын алаңың сыйлады. Ойын алаңында әдемі әрі көрікті «әткеншек» теңселіп тұрды. Сол әткеншекте күн шуағындай жарқырап Асылжан деген қыз бала тербеліп отыр екен. Асылжанның көңіл күйі өте көтеріңкі, куанышты болды. Сол аулада Мұхамед, Әділжан деген балалар тұрады екен. Олар әткеншекті көріп, қуанып қалды. Асылжан тербеліп отырған әткеншекке тақалды. Әрі қарай не болды екен? Балалар, оқиғаны аяқтап, ойынды жалғастырыңдар.

Балалардың әрекеті

Оқиғаның соңы

Тәрбиеші: - Әткеншек, балаларды достастырды. Бірақ үйге қайтатың уақыт келді, достар қол ұстасып үйлеріне қайты.

Екінші оқиға «Траншея»

Тәрбиеші: - Майқұдықтың жаңа ауданында жаңа үй салынды, сол үйдің суық су құбырын өткізуі қалды. Құрылысшылар Өмірсерік, Әлижан суық су құбырын өткізу үшін траншеяны терең қазуға кірісті. Осы уақытта Римма мен Мерейлім деген қыз балалар қош иісті тоқаштар сатып алуға дүкенге шықты. Олардың баратын жолы құрылысшылар қазып жатқан жерінен өту керек екен. Әрі қарай не болды екен? Балалар, оқиғаны аяқтап ойынды жалғастырыңдар.

Балалардың әрекеті

Оқиғаның соңы

Тәрбиеші: - Құрылысшылар қыз балаларға жолдан аман-есен өтуге көмектесті. Ал қыз балалар үйлеріне қош иісті тоқаштарды сатып әкелді.

Тәрбиеші: - Балалар, ал енді қазір сендер, өмірде кездесетін оқиғаларды немесе жағдаяттарды ойдан шығарып, өз ойындарыңда қолданып көріңдер. Сол ойындарда пайдалы және қажетті шешім қабылдап, қолдана білулерің керек. Ойнап көріңдер.

Тәрбиешінің қатысуынсыз.

Балалардың қалауы бойынша ойын әрекеті.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Конспект "Таби?ат аясында"

Автор: Изгалиева Баян Хабыловна

Дата: 28.05.2015

Номер свидетельства: 215730


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства