Себепті қызығушылы- ғын ояту кезеңі | -Саламатсыз ба, балалар?! Ғажайып сәт. Бақбақ туралы тақпақ оқу: «Үлбіреп бақбақ , Шалғынды сазда Өседі қаптап». Бақбақтың суретін қарау. | Тақпақты тыңдап бақбақтың суретін қарастырады. |
Ұйымдастырушы-лық-ізденіс кезеңі | -Бақбақ гүлінің түсі қандай? -Гүлді не ұстап тұр? -Балалар ,бүгін біз сендермен өз бақбақ гүлімізді жасаймыз. Қараңдаршы, мынау қандай пішін және оның түсі қандай? Бұл сабағы болады. -Ал , мынау қанадй пішін және оныңтүсі қандай? Бұл – бақбақ гүлі болады. Сергіту сәті. Гүлнар көлден су алды. Гүлдерді ол суарды. Кіп- кішкентай гүлдері, Желмен бірге ырғалды. Билингвальды компонент: бақбақ-одуванчик. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. -Балалар, алаңқайға қараңдаршы , онда өсімдік сабағы бар, бірақ бақбақ гүлінің күлтешелері жоқ. -Кәне, балалар,бәріміз бірге алаңқайымызды толтырайық. Тәрелкедегі пішіндер қандай? Әрбір сабаққа бір-бірден бақбақ гүлін орналастырыңдар. Жеке жұмыс жүргізіледі. Қарау қадағалау. -Қараңдаршы , біз қандай әдемі бақбақ гүлі өсіп тұрған алаңқай жасадық. Дидактикалық ойын: «Гүлдер шешек атты» Мақсаты: Ойлау қабілетін жетілдіру. Шарты: балаларға бақбақ гүлінің қалай ашылатынын бейнелеп көрсетулерін сұрау. | -Сары -Гүлдің сабағы. -Жасыл түсті жолақша. -Сары, дөңгелек. Би қимылымен сергіту сәтін жасайды. Қайталайды бақбақ одуванчик. -Сары Дөңгелек. Балалар жұмысты орындайды. Қолдарын бастарына қойып тұрады ( гүл жабылды),қолдарын ашып жаяды (гүл ашылды). |
Іс-әрекетті бағалау кезеңі | -Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы, тамаша қатыстыңыздар. Қатысқан балалады жеке атап мадақтау. -Рақмет балалар сау болыңдар. | Балалар жұмыстарын көрсетеді. Қуанады. |