Қайырлы күн қадірлі қонақтар! Жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер! Әкеге қарап ұл өсер демекші «Әке -асқар тауым» байқауына қош келдіңіздер.
Тәрбиеші: Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қоңақтарым
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Ендеше осы байқауға қатысушы отбасылармызды ортаға шақырайық.
1 Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Багитовтар отбасы ортамызда. 5-топ бүлдіршіні Хұсайын Айымгүл әкесі Багытов Бейбіт
2 Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
Айтуғановтар отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл 6-топ бүлдүршіні Түгелбай Данияр әкесі Айтуғанов Қуаныш
3 Жігітке ақыл,білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Қәденовтер отбасы таласады. 6-топ білдіршіні Өмірзақов Данияр әексі Қәденов Ильяс
Алдымен байқау кезеңдерімен таңыстыру.
1Сурет салу (Еркін тақырып)
2 Викторина (Актер әке)
3 Шебер қолдар
4 Өз өнері
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап, әділдікке шеше біл.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ - қазыларымен таныс болыңыздар.
1 Балабақша тәрбиешісі: Б.Бекжанова
2 Балабақша тәрбиешісі: С. Кеңесбаева
3 Балабақша тәрбиешісі: Г Тұрақбаева
Ал келіңдер, келіңдер,
Мұндағы қызықты көріңдер.
Бір - біріне дес бермес
Тапқырларды көріңдер.
1Бөлім Сурет салу
Өнерпаздар жарысып, сан - саналы,
Жиын десе, той десе, жан салыпты.
Бүгінгі отбасылар сайысында,
Барлықтары аянбай жан салыпты 2Бөлім Викторина
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған жас әкелер өзінің
«Шебер қолдар» сайысын көрсетеді. Бұл бөлім - қолөнер бөлімі.
3-бөлім «Шебер қолдар»
Кедеймін деп қысылма
Өнерлі болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында- демекші әкелер арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.
4Бөлім Өз өнері
1 Багытов Бейбіт ән «Ана мен сәби»
2 Айтуғанов Қуаныш «Бесік жасау» қол өнер
3 Қәденов Ильяс «Шалқан» ертегісі саусақ театр
Байқауға қатысқан әкелер марапатталады.
Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Әке- асқар тауым» атты байқауымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.