Просмотр содержимого документа
«Қош келдің - Әз Наурыз !»
Тақырыбы: Қош келдің – Әз Наурыз!
(Р. Рымбаева «Наурыз» әні ойналып тұрады)
1-оқушы: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған,
Мына біз бар!
2-оқушы: - Естімегендер, естіңдер!
Тыңдамағандар, тыңдаңдар!
Наурыз тойы басталды!
3-оқушы: - Ой, ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде Наурыз той
Қызықтаңдар, көріңдер!
Жүргізуші:
Наурыз тойы, көңіл тойы, көктем тойы,
Жақсылық болса дейтін өмір бойы.
Биылда былтырғыдай ақ көбейсін,
Елдегі бақыт байлық бақ көбейсін.
Наурыз құтты болсын ағаларға
Наурыз құтты болсын аналарға.
Жыл сайын тойлайтын мәңгі бақи,
Наурыз құтты болсын баршамызға!
Міне, көптен күткен Ұлыстың ұлы күні тыныштық пен бейбіт күнінің есігін ашып, Наурыз жаңа жыл келіп жетті. Бүгін Ұлыстың ұлы күнін Абай ауылы мен Шәкәрім ауылы тойлап жатыр.
Ұлыс күні кәрі – жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
(Р. Рымбаева «Наурыз» әні ойналып тұрады)
(осы уақытта екі ауыл адамдары бір-бірімен құшақтасып, көрісіп «Ұлыс оң болсын!», «Наурыз құтты болсын» деген тілектер айтады)
Жүргізуші:
Наурыз тойы Самалық айтудан басталған. Ендеше бәріміз Самалық айтайық.
Ортаға 4 бала шығады.
1- бала: Самалық,самалық!
Қан тауының көп құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
2-бала: Самалық,самалық!
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
3-бала: Самалық, самалық!
Жаңа жыл жарылқа
Ескі жыл есірке
4-бала: Самалық,самалық!
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе,көрмедік пе?
5 - бала:
Наурыз келсе
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!
(шашу шашылады, музыка ойналады)
Жүргізуші:
Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пысырды
(апа наурыз көже әкеліп, құрамын айтады)
Жүргізуші:
Жер шуаққа кенеледі,
Күнменен түн теңеледі.
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
(тал егу көрінісін көрсету.Әйелдер атып келе жатқан күнге тәу етіп «Армысың қайырымды Күн- Ана!»- деп иіліп сәлем береді. «Кеудесі тікті Жер- Ана, құт дарыт, жарылқа» деп егілген ағаштарға ақ бүркеді .)
Жүргізуші:
Балалар есікті тарсылдатып тұрған кім екен?
(Алдар көсе келеді әндетіп
Мен Алдармын, Алдармын!
Барша жұртты алдадым)
Сәлеметсіңдер ме, Наурыз құтты болсын!
Алдар көсе бүгін Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз, сізде төрлетіңіз бірге қызықтайық.
Жүргізуші:
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде,
Үлкен-кіші , жасымыз – кәрімізде
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,
Өнерлерден інжу-маржан шашайық.
Ән:________________________________
Алдар көсе:
Ей,балалар,балалар!
Енді маған қараңдар.
Наурыз тойын тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
Ойын: «Арқан тарту»
Алдар көсе: - Рахмет, екі ауылдың жігіттерінің күштері мықты екен. Енді мен басқа ауыл тұрғындарын құттықтауға барайын. Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: - Наурыз тойында өнерлі адамдар өз өнерлерін көрсетеді. Міне, біздің арамыздада өнерлі ақындарымыз бар екен.
Абай ауылынан келіп отырған ______________________
Шәкәрім ауылынан келіп отырған ______________________
-Ақындарымызды қошеметтеп ортаға шақырайық.
1-ақын:
Айтысумен өзіңмен
Шығып тұрмын алдыңа
Абай ауылынан келген
_______ақын мен болам.
2-ақын:
Меніменен айтысар
Батылдығын бар екен.
Таныстырсам өзімді
_______ақын мен болам.
1-ақын:
Бәтеңкеңнің бауында,
Байлай алмай жүруші ең.
Үйрендіңба көйлекті,
Теріс қарай киюші ең.
2-ақын:
Құрбым кімге күлесің,
Өзің нені білесің?
Онға дейін қиналып,
Санай алмай жүруші ең.
Ақындар бірігіп:
Ұлыс күні бәріңді
Татулыққа шақырған.
Тоқтатпасақ айтысты,
Сөз қалғанба ақыннан.
Жүргізуші: - Екі ауылдың ақындары жақсы өнер көрсетті. Рахмет сіздерге, өнерлерің өрге жүзсін!
Біздің халқымыздың көптеген дәстүрлері бар. Осы салт-дәстүрлеріміздің ішінен «Бесікке бөлеу» рәсімін тамашалаңыздар.
Көрініс: «Бесікке бөлеу»
Үйдің ішінде дастархан жаюлы, қыз-келіншектер кәде-жораларын,шашуларын алып келіп жатыр.
Келгендер:-Сәбидің бауы берік болсын!
Үйдегілер: Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Дастархан басындағы әңгіме.
Келгендер: - Әже, баланы бесікке салатын болдыңыздар?
Әже: - Қызым, бесік деген қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесіктегі сәбидің дене бітімі, қол-аяғы түзу, ширақ болады.
Апа: - Қой баланы бесікке салайық. Ендеше ___________апа сіз көпті көрген,
ұлын ұяға, қызын қыяға қондырған қадірменді,өнегелі әжесіз. Бесікке сіз салыңыз баланы. Сіздің жолыңызды берсін мына жас қыз-келіншектерге.
_________ апа: - Жақсы онда баланы шомылдырып, өс-өс жасап келіңдер. Енді Бесікті аластайын.