Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілік "?лт бірлігі-?лы байлы?"»
«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»атты 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған ертеңгілік.
Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, жалаушалар.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!
1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын! Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер мен біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз, біздің бүгінгі үлкен мерекемізге әр ұлттың өкілдері өздерінің ұлттық ән-жырларын шашу етіп алып келген екен. Олай болса төрімізге кішкентай өнерпаз бүлдіршіндерімізді шақырайық! Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты ертеңгілік өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Жүргізуші:Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,
Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
Бүгінгі мерекеге біздің балабақшадағы барлық бүлдіршіндеріміз өздерінің өнерлерін алып келіп отыр. Сіздердің алдарыңызда шағын концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ән «Достық әні»
Жүргізуші: Достасу, туысу әр елдің халқымен.
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.
Ал, енді ортаға қазақ халқы сіздерге арнаған ән-жырын тарту етеді
Ендігі кезекте сіздердің алдарыңызда өзбек халқының өнерін тамашалайық.
Жүргізуші:Қаһарман, қос батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын
Ажарың ақ шуақты мамырым-ай- дей келе кезекті корей халқына берейік.
Жүргізуші: Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әнім.
Сіздердің алдарыңызда орыс халқының өнерпаздарын қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,
Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Бар халықты өз ағам – дейді қазақ,
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген. – дей келе біздің балаларымыз би арқылы әр ұлттың өз еркшеліктерін көрсеткісі келеді.Ендеше сіздердің назарларыңызда би «Поппури». Би: «Поппури»
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, балалар сіздерге шексіз алғысымызды айтамыз. Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.