kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертеңгілік - "Жомарт Күз".

Нажмите, чтобы узнать подробности

                      «Ғажайып күз!» ертеңгілік.

Жүргізуші: 

Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта «Ғажайып күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!

                         Бүгін мейрам, бүгін той

                         Қуаныш күн, біліп қой

                         Күзгі бақта сыңғырлап


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік - "Жомарт Күз".»

«Ғажайып күз!» ертеңгілік.

Жүргізуші: 

Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта «Ғажайып күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.

Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!

(Балалар қолдарын бұлғайды)

Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз.

Көптен күткен күз келді

Жеміс жидек піседі

Жапырақтар сарғайып

Ағаштардан түседі

Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?

Күз айларын кім атап шығады?

Сыңғырлайды қоңыраулар

Қыркүйек айында

Сағынышпен біз барамыз

Өнер білім тойына

Қазан айы басталды

Құстар қайта бастады

Туыстық, адам достықпен

Жалғаса берсін өмірлерін

Күздің караша айында

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр,сыбдыр түседі

Би: Жапырақтар

Бағбаншы: кіреді.

Жүргізуші:  Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?

Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен  құттықтауға келдім. Ал сендер неге  жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Жүргізуші: Біз сізбен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып

қалған шығар.

Жүргізуші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін көкөністер мен жемістерді қазір өздерін таныстырсың.

Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар

Айша ( Алма)

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім

Айару (Сәбіз)

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Пияз   

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Картоп

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Алмұрт

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Қызанақ

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Шие

Шиемін, мен шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін.

Бағбаншы: Балалар мен бір ойын білемін , бірге ойнайық.

(Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.)
Күз бен жел кіреді:
Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
Әуен: Сиқырлы
Жел: Ахалай, махалай суф !Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтымен

күзді жауып тастайды.
Бағбаншы: Желдін артынан қуады.

Жүргізуші:  Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын

Бағбаншы: Күз бізге керек, оны балалар тосып отыр.

Жел: мен мықтымын, мен шапшаңмын мен күзді сыйқырлап тастадым.
Жүргізуші: Біздің балаларда шапшаң! Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды көрсетейік.
Ойын: «Тауық пен әтеш»

Екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша тауық – қызыл бұршақ, ал әтеш –ақ бұршақ дәнін жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске жеткені болады.

Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң?

Жел: жарайды сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер.
Жүргізуші: күзді бізге қайтар, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр.
Күз оянады.

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

Мен Күз ханшайымымын.

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!

Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.

Күз ханшайымы:Өте жақсы, балалар, рахмет.

Күз ханшайымы:

О,алақай тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші күлімдеп

Аунар ма еді,жатып ап!

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап,

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан , алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

Ағаштарда жапырақ,

Ұшып ұшып азайды.

Тырау тырау тырналар,

Туған жерден ұзайды.

Жүргізуші:

Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?

Күз ханшайым: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.

- Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: « Кім жапырақты көп жинайды».

 Еденде жапырақтар шашылып жатады. Балалар белгі берілген кезде жапырақтарды жинап шығу керек.

Тәрбиеші:

Өте жақсы, не деген жылдамдық.Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.

Күз ханшайымы

Жарайсыңдар, балалар! Жапырақтарды жақсы жинадыңдар. Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. 

Ойын: «Кім жылдам» ортаға екі ата- ана шығып алмұрт жеу керек. 

( әдемі әуенмен ойналады).

«Сиқырлы орамал»

Қане, шеңбер құрайық,

Билеп-билеп алайық.

Шыр етіп айналып,

Теріс қарап отырайық.

Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Күз: Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

Себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.

Себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.

Би:Саңырауқұлақтар

Күз ханшайымы: 

Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер.

Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдар балалар!

Келгенше жыл айналып.

(Күз кетеді)

Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.

Жүргізуші: Осымен «Балапан » тобының «Ғажайып күз» 

атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан

жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!




























« Приозерск қаласының «Достық» балалар –жасөспірімдер

шығармашылық орталығы» КМҚК жанындағы

«Еркетай» шағын орталығы




«Шырша тойы»

Ертеңгілігі

























«Балапан»тобының тәрбиешілері:

Омарова К.Т

Абсаматова А.Е












Приозерск қаласы

2016 ж

















Алтын күз!» ертеңгілік.

Скачать материал

  • Другое

Описание:

«№13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Мусургепова Г.- шағын орталық«Балбөбек»

Келді мінеАлтын күз!» ертеңгілік.

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.

Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.

Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.

Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.

(Әуен ойналады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)

Би: Жапырақтар

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта «Келді міне Алтын күз»мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.

Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!

(Балалар қолдарын бұлғайды)

Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз.

Көптен күткен күз келді

Жеміс жидек піседі

Жапырақтар сарғайып

Ағаштардан түседі

Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Ән: Алтын күз

Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?

Күз айларын кім атап шығады?

Күз айларын ортаға шақырайық . (Қыркүйек, қазан, қараша)

Сыңғырлайды қоңыраулар

Қыркүйек айында

Сағынышпен біз барамыз

Өнер білім тойына

Қазан айы басталды

Құстар қайта бастады

Туыстық, адам достықпен

Жалғаса берсін өмірлерін

Күздің караша айында

Алма,алмұртпіседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр,сыбдыр түседі

Ойын: « Өз ағашынды тап!»

Шарты:Шашылған жапырады теріп алып,өз ағаштарының қасынатез барып тұру.

Бағбаншы: кіреді.

Жүргізуші: Сіз кімсіз?Қайдан келдіңіз?

Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Жүргізуші: Біз сізбенкеледі деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.

Жүргізуші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін көкөністер мен жемістердіқазірөздерін таныстырсың.

Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар

Таир:Өрік

Дөп дөнгелек сап сары

Ішінде бар дәні

Қызығасын көріп

Менің атым өрік.

Алма

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайым.

Сәбіз

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Пияз

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Картоп

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Алмұрт

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Қызанақ

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Шие

Мен моншақты шиемін

Құмарсындар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім

Бағбаншы: Балалар мен бір ойын білемін , бірге ойнайық.

Ойынның аты: «Көкөністер»

(Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.)
Күз бен жел кіреді:
Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
Әуен: Сиқырлы
Жел: Ахалай, махалай суф !Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтымен күзді жауып тастайды.
Бағбаншы: Желдін артынан қуады.

Жүргізуші: Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын

Бағбаншы: Күз бізге керек, оны балалар тосып отыр.

Жел: мен мықтымын, мен шапшаңмын мен күзді сыйқырлап тастадым.
Жүргізуші: Біздің балаларда шапшаң! Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды көрсетейік.
Ойын: «Тауық пен әтеш»

Екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша тауық – қызыл бұршақ, ал әтеш –ақ бұршақ дәнін жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске жеткені болады.

Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң?

Жел: жарайды сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер.
Жүргізуші: күзді бізге қайтар, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр.
Күз оянады.

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

Мен Күз ханшайымымын.

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!

Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.

Күз ханшайымы:Өте жақсы, балалар, рахмет.

Күз ханшайымы:Өте қызықты ертегі екен. Рахмет, балалар.

Ән: Жаңбыр.

:

О,алақай тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші күлімдеп

Аунар ма еді,жатып ап!

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап,

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан , алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

Ағаштарда жапырақ,

Ұшып ұшып азайды.

Тырау тырау тырналар,

Туған жерден ұзайды.

Ән: «Күз келгенде».

Жүргізуші:

Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?

Ойын: «Сиқырлы орамал»

Қане, шеңбер құрайық,

Билеп-билеп алайық.

Шыр етіп айналып,

Теріс қарап отырайық.

Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Күз: Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

Себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.

Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдарбалалар!,Келгенше жыл айналып.

(Күз кетеді)

Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.

Жүргізуші: Осымен «Балбөбек» тобының «Келді міне Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!

Начало формы

Конец формы








Тақырыбы: «Жомарт күз».

Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.

Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарына жайғасады.

Балалардың қолдарында жапырақтар.

Тәрбиеші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын жүз.

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар ,ата-аналар! Бүгін ортаңғы топтың «Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.



1-бала: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап. (Медина)

2-бала: Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты. (Тамирис)

3-бала: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді. (Арлан)

4-бала: Туча небо кроет,

Солнце не блестит

Ветер в поле воет

Дождик моросит. (Арина)

5-бала: Зашумели воды

Быстрого ручья

Птички улетели

В теплые края. (Анна)

6-бала: Санай бер

Қарай бер

Бояуы жүз

Келді күз. (Тимур)



Ән: «Күз келгенде»

-Қараңыздаршы,бүгін біздің музыка залымыз қандай әдемі болып кеткен.Қолымызға не ұстап келдік?

- Жапырақтар.

- Осы жапырақтарының түсі қандай?

- Сары.

- Балалар жапырақтарының түсі неге сары?

Балалардың жауабы:

Өйткені күзде жапырақтар сарғаяды.

Тәрбиеші:

Өте жақсы

Ғажайып сәт: -Балалар , біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?

(Әуенмен залға күз ханшайымы келеді).

Күз ханшайымы:- Сәлеметсіңдер ме балалар?

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен Күз – ханшайымымын.

Сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.

Әр жапырағымда тапсырмалар.

Тәрбиеші: Балалар, біздің мерекеге күз ханшайымы келіпті, қане барлығымыз тұрып амандасайық. Балалар орындарына тұрып амандасады.

Қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар өнерлі, әрі тапқыр. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.



Қазір біздің балалар « Күзгі жапырақ» биін билеп береді.



Күз ханшайымы : Жарайсыңдар, балалар! Өркендерің өссін!

Тәрбиеші:

Өнім биыл тамаша!

Көз тоймайды қараса:

Асқабақ,қауын, қияр,

Қызылшаға қарашы.

7- бала: Қызықтың ба қиярға

Алда жей бер ұял ма.

Көтергенше берейін

Қапшығыңа сияр ма. (Санжар Ж)



8- бала: Асқабақтың дәмі

Таңдайыма әлі

Кептірілген дәмі

Таптырмайтын дәні. (Абылай)



9- бала: Жинап жатыр ауылым

Сап- сары қауынын.

Алмақ едім үлкенін

Ауырын- ай, ауырын. (Нұрғиса)

10- бала: Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды

Винегредте үстелде. (Алдияр)

Тәрбиеші:

-Өте жақсы.

Көкөністердің бәріде

Денсаулыққа пайдалы,

Мұны жақсы біліңдер.

Ән: « Күз »



Тәрбиеші: Күз ханшайымы , балалардың өнерлері ұнады ма?.

-Ал ,енді ортамызға тобымыздың әніші қыздарын шақырайық.



Ән : « Айгөлек» ( Медина мен Лиана, Тамирис)



Тәрбиеші:

Бақ өсіріп көрік беріп

Жайқалтамыз алқапты

Алма, жүзім, өрік теріп

Біздің бақтан тарапты.

Жемістерді қарсы алайық.

( Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)

10- бала:

Қызыл өрік, қара өрік

Бақшамыздың бәрі өрік

Гүлден көзін алмады

Ала таудың қары еріп. (Санжар А)

11- бала:

( Лиана)

12- бала:

Піскен кезде құлпынай,

Қандай әсем, шіркін- ай. (Тоғжан)

13- бала:

Алма, алма дейсің

Алма берсем жейсің.( Ева)

14- бала:

Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.( Мария)

15- бала:

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Ауызындамын бар жұрттың.( Жанерке)

Күзгі ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл- өрендерім! Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

(Осы кезде әуен ойналады,Күз ханшайымы қоштасып кетеді).

-Қош бол,Күз ханшайымы.

- Енді ортаға тобымыздың ұлдары, жігіт сұлтандары білектерін салып билеп жіберсің!

« Қырманға кел қалқатай». (Ұлдардың биі).

(Азия тобының өлеңімен ұлдар өнерлерін көрсетеді).

Тәрбиеші:

- Бәрекелді, рахмет орындарыңа отырыңдар.

Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

Міне, балалар осымен « Жомарт күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын,әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ертеңгілік - "Жомарт Күз".

Автор: Омарова Кулшай Тыныштыковна

Дата: 17.05.2017

Номер свидетельства: 416413

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ертеңгілік "Жомарт күз""
    ["seo_title"] => string(22) "ertengilik_zhomart_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "599500"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1643897011"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Ерте?гілік: "Жомарт к?з""
    ["seo_title"] => string(26) "iertien-ghilik-zhomart-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "295801"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455877507"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«Жомарт күз» ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(22) "zhomart_kuz_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "566838"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1607876147"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Күз жомарт" ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(28) "kuz_zhomart_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "356929"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478668708"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Ертеңгілік " Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған""
    ["seo_title"] => string(65) "iertien_ghilik_altyn_kuz_siem_ainalam_ielinie_bieriekie_syilag_an"
    ["file_id"] => string(6) "360965"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479715526"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства