kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте?гілік: "Жомарт к?з"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Жомарт к?з!»

Ма?саты: К?з туралы балаларды? д?ниетанымдарын арттыру,к?з мезгіліні? ?орша?ан орта?а ?серін таныту,к?з ерекшеліктерін,к?з сыйын ??ындыра отырып,балалар?а мерекелік к??іл-к?й сыйлау.

Мерекеге сай безендірілген топ. ?демі сазды ?уен ойналып т?рады. Б?лдіршіндер т?рбиешімен бірге кіріп, орынды?тар?а жай?асады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілік: "Жомарт к?з"»

Тақырыбы: «Жомарт күз!»

Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру,күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту,күз ерекшеліктерін,күз сыйын ұғындыра отырып,балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Мерекеге сай безендірілген топ. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,ұстаздар! Бүгін шағын орталық «Жұлдыз» тобының балалары дайындаған «Жомарт күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.

-Қараңдаршы,бүгін біздің тобымызқандай әдемі болып кеткен. Бізге бірнеше қонақтар келіп қалыпты. Қанеки балалар үш тілде амандасайық.

-Саламатсыздар ма қонақтар!

-Здраствуйте гости!

-Good morning ticher!

-Ал,балақайлар бір –бірімізге және қонақтарымызға жылы лебіздерімізді білдірейік.

-Күннен шауқ алайық,

Алақанға салайық.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық

Алақанға салайық.

Күннен алған шуақты

Досымызға сыйлайық.

-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

-Қазір күз мезгілі

-Ал,біз күз мезгілінде қандай мерекені атап өтеміз?

-Алтын күз мерекесін атап өтеміз

-Не себепті алтын күз деп атаймыз?

-Өйткені қоршаған ортамыз сары түске боялады

-Күз мезгілі бізге қандай сый жасайды?

-Барлық көкөністер мен жемістер,дәнді-дақылдар піседі.

-Ауа-райында,табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күн салқындайды,жаңбыр жауады,найзағай ойнайды,жел қатты соғады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)

-Балалар тыңдаңдаршы бұл не шу?(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы:Сәлеметсіздер ме балалар!

Балалар: Саламатсыз ба!

Күз ханшайымы:Уа, халайық,дархан далам армысың,

Табиғаты жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен-Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: Қош келдің,күз ханшайымы. Төрлет!

Күз ханшайымы: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын

Ағайынды бәрі,

Шықса –жасыл

Түссе-сары.Бұл не?

Балалар: Жапырақ

Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар,жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар бар. Егер де тапсырмаларымды орындасаңдар,менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Жүргізуші: Әрине,қымбатты күз ханшайымы. Біздің балалар күз туралы өлең,тақпақтар біледі,жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

-Балалар, біздер жаңбырдан қорқамыз ба?

-Жоқ,қорықпаймыз,жаңбыр жауғанда қолшатырымызды ұстаймыз.

-Жарайсыңдар,олай болса біз күхз ханшайымына әнімізді әсем етіп орындап берейік.

Ән: «Жау-жау жаңбыр»

Міне күз ханшайымының бірінші тапсырмасы-сұрақтар.

1-сұрақ.Күз мезгілі нешеге бөлінеді?(Ерте күз,алтын күз,қара күз)

2-сұрақ.Күз айларын ата? (Қыркүйек,Қазан,Қараша)

Жүргізуші: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық

1-бала. (Қыркүйек)

Бірінші қыркүйек

Білімге бастады.

Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанды.

2-бала. (Қазан)

Жаңғыртқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап ай

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай

3-бала. (Қараша)

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық.

Қарашы өрледі,

Қараша ән салып.

Жүргізуші: Мінеки,балалар. Күз айларымен де таныстық. Күз айларына рахметімізді білдірейік.

Өнім биыл тамаша!

Көз тоймайды қараса:

Сәбіз,пияз,қияр,картоп,

Бұршақ,асқабақ,қызылша,

Қызанақ,орамжапыраққа қарашы,

Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.

Ал, енді біздің көкөністеріміздің айтысын тамашалаңыздар.

Көкөністер айтысы:

Бәрі хормен:Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз

4-бала. (Бұршақ)

Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе!

5-бала. (Қызылша)

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды

Винегрет те үстелде

6-бала. (Орамжапырақ)

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді ши қайда?

Мені қоссе самсаға

Бәрі жейді тамсана.

7-бала. (Қияр)

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне.

8-бала. (Шалқан)

Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таң қалды

Бәріне сый боламын

Тауып көр мендей дарханды.

9-бала. (Сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де.

10-бала. (Асқабақ)

Өсем бақша бауында

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикідей

Күлкі болмай қауымға.

11-бала. (Қызанақ)

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырын ішпеген.

12-бала. (Пияз)

Боламын мен дәмдеуші

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға

13-бала.(Картоп)

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар

Бос айтысты қояйық

Дауласуды тоқтатайық

Көкөністер барлығы:

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз

Жүргізуші: Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер

Оларды жақсы көріңдер

Ал енді ортаға жапырақтарымызды шақырайық.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші:Күз ханшайымы балалардың өнерлері ұнап жатыр ма?

Күз ханшайымы: Иә,балалардың бәрі өнерлі екен.

Жүргізуші: Қане балалар осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «көкөніс пе, жеміс пе?»деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды,ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын: «Көкөніс пе жеміс пе?»

Келесі ойын «Кім жылдам»деп аталады.Ойын шарты бойынша кім жапырақтарды тез жинайды,сол жеңімпаз аталады.

Ойын: «Кім жылдам»

Жүргізуші: Күз ханшайымы балалардың ойынына баға беріңіз.

Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар.Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар.Ал енді кезекті тапсырмама назар аударыңдар.

Жұмбақ шешу.

1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Әкелді әкем бір күні.Бұл не?(Сәбіз)

2.Жайлы,жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін.

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін. (Орамжапырақ)

3.Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

4.Аспай піскен,қайнамай түскен.(Жеміс)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар!Жұмбақ шеше де аласыңдар.Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық.

Ойын: «Ұйқасын тап»

1Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты-(шабдалы)

2.Кіп –кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып,

Танисың ба-(шиені)

3.Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін ай

Оның аты-(таңқурай)

Жүргізуші: Ал енді біздің бишілерімізге кезек берейік. Алдарыңызда «Көкөністер мен жемістер» биі.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Жемістердің айтысын тамашалайық.(Осы кезде әуен ойналып,ортаға жемістер шығады)

14-бала.(Алмұрт)

Мен алмұртпын,алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың.

15-бала.(Алма)

Мен алмамын,алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім.

16-бала.(Анар)

Бұтақтан үзілген

Жарылса анармын.

Моншақтай тізілген,

Дәндерін аламын

17-бала.(Жүзім)

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

18-бала.(Өрік)

Өрікпін мен өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң

Талды бойлай өріппін.

19-бала.(Шие)

Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басымды иемін.

Ән: «Күз келді»

Күз ханшайымы:Өте тамаша,балалар!

Жүргізуші: Енді күз ханшайымының келесі тапсырмасын орындайық.

«Мақал-мәтелді жалғастыр»

1.Еңбек түбі.................(Береке)

2.Еңбек етсең ерінбей................(Тояды қарның тіленбей)

Жүргізуші:Бидай,арпа,тары бар

Сұлы,күріш бәрі бар.

Әне жырлап барады

Әнге құлақ салыңдар.(Ортаға әуенмен дақылдар шығады)

20-бала.(Бидай)

Нан анасы бидаймын

Елге астық силаймын

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.

21-бала.(Арпа)

Күміс мұртты арпамын

Ырыс-құтты арпамын

Еңбек етіп баптаған

Еліме сый тартамын

22-бала.(Тары)

Ақ қарамын,сарымын

Мен өнімді тарымын

Халқым еңбек сіңірсе

Қайтарамын қарымын

23-бала.(Сұлы)

Мен сұлымын ұланның

Тұлпарына ұнадым

Баптаған әр диханға

Басымды иіп тұрамын

24-бала.(Күріш)

Күнді сүйген күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын

Алсын деп ел мол өнім

Ала жаздай су іштім.

Жүргізуші: Дақылдар сендерге көп рахмет!

Би: «Саңырауқұлақтар»

Күз ханшайымы: Рахмет балалар.Өнершіл-өрендерім.Міне менің сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық,шаттық,табыс әкелсін.

Жүргізуші: Күз ханшайымы,саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығыңа рахмет.Бізге тағы кел,біз сені сағына күтеміз.

Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып

Сау болыңдар балалар

Келгенше жыл айналып.(Осы кезде әуен ойналады.Күз ханшайымы қоштасып кетеді)

Қош бол Күз ханшайымы.





Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге,жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.(Тақтадағы мақал-мәтелдерге назар аудару)

Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар.Қазіргі сендердің еңбектерің сабақ оқу.Міне,балалар,қонақтар осымен «Жомарт күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймыз.Ал енді қонақтарымызбен үш тілде қоштасайық.

-Сау болыңыздар балалар.

-Досвидания гости.

-Good bye ticher!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ерте?гілік: "Жомарт к?з"

Автор: Тобыш Назым Айболат?ызы

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 295801

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "?лгілі саба? жоспары "Атымтай Жомарт""
    ["seo_title"] => string(34) "ulghilisabakzhosparyatymtaizhomart"
    ["file_id"] => string(6) "325035"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462810382"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "?лгілі саба? жоспары "Атымтай Жомарт""
    ["seo_title"] => string(35) "ulghilisabakzhosparyatymtaizhomart1"
    ["file_id"] => string(6) "325036"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462810391"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Күз жомарт" ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(28) "kuz_zhomart_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "356929"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478668708"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Кім жомарт?Не жомарт? ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(35) "kim-zhomart-nie-zhomart-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "181011"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425291760"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ерте?гілік: "К?згі ертегі""
    ["seo_title"] => string(28) "iertienghilikkuzghiiertieghi"
    ["file_id"] => string(6) "339408"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1471257927"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства