kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертеңгілік "Сәлем саған Алтын күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ән.« Күз жомарт.»

Алтын күз: Балалар біреу келе жатырған секілді. Кәне,бәріміз жапыраққа жасырынып тығылмақ ойнайықшы. (Балалар жапыраққа жасырынып қалады)

Орманшы атай: Мен орманшы атаймын. Бұл не деген көп жапырақ?

Ойпырмай-а, жапырақтар қапты шашылып,

Сыпырайын асығып.

Шырқап әнге салайын

Бәрін жинап алайын.- деп сыпыра жөнеледі.(Әуен ырғағымен).

Балалар ортаға жиналып,жапырақты желпіп тұрады.

Міне, орнаттым тазалық

Орман қалды тазарып.

(Осы кезде қатты үрлеген жел дыбысы шығады.)

Балалар кері орындарына барып жапыраққа жасырынып қалады.

Орманшы атай:

Неткен тентек жапырақ,

Ұшып кетті қалтырап.

Бейнетке тағы қалмайын

Сыпырып жинап алайын. (Атай тағы сыпырып алады). Балалар ортаға жиналады.

Орманшы атай: .Қой бұл жапырақтар ұшып кетпей тұрғанда мен бұларды ұстап алайын.

Балалар қаша жөнеледі,орындарына барып отырады.

 Мәссаған жапырақ дегенім балалар екен ғой.А тентек балалар-ай менімен ойнайын дедіңдер ме? Бұл жерде не істеп жүрсіңдер?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Сәлем саған Алтын күз"»

Сәлем саған,Алтын күз!

1.Залдың іші мерекеге сай әсем безендірілген, іші күздің жапырақтарымен,сары гүлдермен әсемдеп көркемделген.Әсем әуен ойнап балалар залға көтеріңкі көңілмен кіреді..Жарты шеңбер жасап тұрады.

Жүргізуші.

Бұлттар төгіп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып

Дала сұры қашады.

Ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы,бөбектерім,

Бұл қай кезде болады.

Балалар(.Күзде).

Жүргізуші. Ендеше балалар Алтын күзді қол соғып алайық.

Алтын күз.

Ерінбестен еңбек етіп келетін

Еңбекшіге бар жемісін беретін.

Мен мырза күз,ынтымақты еліңе

Берекелі ырыс болып енемін.

Кәне, менің достарым мен туралы не білетіндеріңді айтыңдаршы?

.Нұрбану, Шоқан,Аяна.

1.Нұрбану:Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді.

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

2.Шоқан: Бүгін мейрам,бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой.

3.Аян:.Армысыздар, халайық,

Бармысыздар,халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай

Келіңдер қарсы алайық.

Ән.« Күз жомарт.»

Алтын күз: Балалар біреу келе жатырған секілді. Кәне,бәріміз жапыраққа жасырынып тығылмақ ойнайықшы. (Балалар жапыраққа жасырынып қалады)

Орманшы атай: Мен орманшы атаймын. Бұл не деген көп жапырақ?

Ойпырмай-а, жапырақтар қапты шашылып,

Сыпырайын асығып.

Шырқап әнге салайын

Бәрін жинап алайын.- деп сыпыра жөнеледі.(Әуен ырғағымен).

Балалар ортаға жиналып,жапырақты желпіп тұрады.

Міне, орнаттым тазалық

Орман қалды тазарып.

(Осы кезде қатты үрлеген жел дыбысы шығады.)

Балалар кері орындарына барып жапыраққа жасырынып қалады.

Орманшы атай:

Неткен тентек жапырақ,

Ұшып кетті қалтырап.

Бейнетке тағы қалмайын

Сыпырып жинап алайын. (Атай тағы сыпырып алады). Балалар ортаға жиналады.

Орманшы атай: .Қой бұл жапырақтар ұшып кетпей тұрғанда мен бұларды ұстап алайын.

Балалар қаша жөнеледі,орындарына барып отырады.

Мәссаған жапырақ дегенім балалар екен ғой.А тентек балалар-ай менімен ойнайын дедіңдер ме? Бұл жерде не істеп жүрсіңдер?

Алтын күз: .Біз күз мерекесін тойлап жүрміз.

Орманшы атай: Ендеше қош келдіңдер!

Алтын күз:.Балалар атайға өз өнерімізді көрсетейік.

4.Дамир:Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

5.Эльназ:Жемісі мол теретін

Күз дос екек бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

6.Нұрислам:Бір-бірлеп жапырақ

Сылдырлап ұшады.

Сарғайған жапырақ

Күн нұрын құшады.

7.Райхан:Жомарт көңіл, жарқын күз

Берекесі халқының

Қош келіпсің, алтын күз

Құт қонағы төрімнің

8.Жангүлім:Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін береке.

9.Айболат:.Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ.

О,алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Алтын күз.Атай мен алтындай жапырақтарыммен бірге бір би билеп берейін.

«Жапырақтар биі»

Күн күркіреп,бұлт келеді.

Бұлт:(Қолында барабаны бар тарсылдап,ашулы,бұлт кіреді )

.

Менсіз қандай мереке мен көңілді мерекелерді ұнатпаймын.Бәріңді жаңбырыммен сулаймын.Ән салмайсыңдар,би билемейсіңдер.Мен Алтын күзді алып кетемін.

Алтын күз: Жоқ,жоқ мен сенімен бірге бара алмаймын.Бізге жаңбыр қорқынышты емес.

Айтыңдаршы балалар біз жаңбырдан қалай қорғанамыз.?

Балалар (Қолшатыр)

«Қолшатыр» ойыны..

Бұлт.А солай ма,менен жаңбырдан қорықпайды екенсіңдер ғой.Олай болса мен Алтын күзді алып кетемін.Ал тойлаңдар Алтын күзді.(Алып шығып кетеді).

Орманшы атай.Енді қайттік балалар,не істесек екен?А таптым кәзір мен сыйқырлы сыбызғымды алып келейін.(Атай сыбызғымен ойнай жөнеледі)

Ортаға орман бақалары келеді.

«Бақалар»биі. Ахмет,Досымжан,Нұрислам,Өміржан,Айболат,Санжар,Нұрдәулет

,Мейірлан.Дамир.

Орманшы атай.Сендер біздің Алтын күзді көрмедіңдер ме?

Бақалар. Жоқ,жоқ,жоқ

Алтын күзді көргем жоқ.

Орманшы атай. қайтадан сыбызғы ойнайды.

Жемістер мен көкеністер келеді.(жиналып қаппыз бәріміз

Қайсымыз ең дәмдіміз)

10.Аманбек :

Менде бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды

Венегред те үстелде.

11.Нұрахмет

Мақтанғаннан не пайда

Менсіз дәмді ши қайда.

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана.

12.Шыңғыс:Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне.

13.Нұрфараби:

Кім білмейді шалқанды

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды.

14.Шынай:

.Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де.

15.Шоқан

:Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

Орманшы атай:

Көкеніс, жеміс бәріде

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер, Оларды жақсы көріңдер.

Орманшы атай: Балалар сендер Алтын күзді көрмедіңдер ме?

Жоқ,жоқ,жоқ

Алтын күзді көргем жоқ.

Атай тағы да сыбызғыда ойнайды.

Ортаға аю келеді.

Аю:Сәлем балақайлар орманда не істеп жүрсіңдер?

Орманшы атай: біз Алтын күзді іздеп жүрміз.

Аю:Ендеше мен сендердің көңілдеріңді көтеріп бір ойын ойнатайын.

Қимылды ойын .Аю мен балалар»

Орманшы атай: Айеке сен біздің Алтын күзді көрмедің бе?

Аю: . Жоқ,жоқ,жоқ

Алтын күзді көргем жоқ.

Орманшы атай: Енді қайттік.Сиқырлы сыбызғымнан пайда жоқ.Ай балалар біз жаңбырды, бұлтты мақтап ән салсақ қайтеді. Сонда бұлт бізді естіп Алтын күзімізді алып келер.

Ән. «Жау,жау жаңбыр» Орындайтын Нұрсая,Эльназ,Әмина.

Осы кезде көңілді әуенмен бұлт Алтын күзді алып ортаға келеді.

Бұлт :Ә Көрдіңдер ме бұлтсыз, жаңбырсыз күз боламайды екен.

Алтын күз: Иа, бұлтеке дұрыс айтасыз.Ал балалар мерекемізді жалғастырайық.

16.Мейірлан; Күзім-ау, күзім-ау.

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

17.Нұрдаулет:Құстар қайтты ән салып

Бұлт торлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.





18. Айкөркем : Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала

Ел егінді жинайды

Қырманға дән сыймайды.

19.Дана:Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

20.Сезім:Тербеледі ағаштар

Қызыл,сары,атырап,

Сусып жерге түседі

Алтын түстес жапырақ.

«Көкеністер мен жемістер» әні. Орындайтын Аяна.

21.Нұрсая:Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр, Сыбдыр түседі.

22.Маусымжан: Әй,алақай,тамаша

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші тамаша

Аунар ма еді жатып ап!

«Қолшатыр» биі.

.23.Әмина.

Қамба толы астыққа

Алғыс саған Алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап –қап қауын алдық біз.

24.Асел.Сап-сары қып даланы

Бояпты ғой куз деген

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен.

25.Ахмет.Жеміс жинау салтымыз

Жиын терін болған соң.

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз



26.Жұлдыз:Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ырзамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

27.Ажар

Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзім елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің желбіреп.

Хор. «Жапырақтар» әні.

Осымен «Сәлем саған Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқтала келді.







































Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы №1 Қарлығаш

балабақшасы.





Бекітемін:----------

Балабақша әдіскері:А.Ізтаева.

«-----





















Сәлем саған, Алтын күз

ертеңгілік

ортаңғы «а» тобы











Тәрбиешілер: Н .Кайрова

Ж: Шөреғалиева


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ертеңгілік "Сәлем саған Алтын күз"

Автор: Кайрова Нурлыгул Қадыржанова

Дата: 18.10.2017

Номер свидетельства: 433104

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""С?лем са?ан, Алтын к?з" сынып са?аты"
    ["seo_title"] => string(29) "sliemsaganaltynkuzsynypsagaty"
    ["file_id"] => string(6) "271532"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451580858"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Класс сағат. Алтын күз"
    ["seo_title"] => string(22) "klass_sag_at_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "455507"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518011868"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Тәрбие сағаты "Әліппе саған рахмет !""
    ["seo_title"] => string(38) "t_rbiie_sag_aty_lippie_sag_an_rakhmiet"
    ["file_id"] => string(6) "383364"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485273982"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "«Елін бастаған -Елбасы»"
    ["seo_title"] => string(23) "ielin_bastag_an_ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "431711"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1507638564"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Сабақтың тақырыбы: «Елін бастаған -Елбасы»"
    ["seo_title"] => string(43) "sabak_tyn_tak_yryby_ielin_bastag_an_ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "431716"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1507640342"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства