kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Әліппе саған рахмет !"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ мақсаты:

1. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтап бекіту.

2.Мәнерлеп оқуға, әдемі,байланыстырып сөйлеуге

3.Білімпаздыққа,әдептілікке,шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: ұлағатты сөздер, гүл,шар, техникалық құралдар.

Сабақ барысы:                 1 Кіріспе сөз.

Бүгін 1»Ә» сынып оқушылары бүкіл білім, ғылым соқпағының басы болған әліппе оқулығын бітіріп, қоштасқалы отыр.Әліппені бітіру алдағы өмірге бастайтын көп белестің бірі. Ендеше, бүгін бүлдіршіндеріміз сол белестің бірінен асты.Бұл біздер үшін де үлкен салтанатты мереке. Мереке құтты болсын!

1-Оқушы:

Қуаныш бүгін мереке

Шуағын шашап тұр әлем.

Тойға келген қуанып,

Қонақта, сізге мың сәлем.

2-Оқушы:

Шашу,шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

3-Оқушы:

Өтті қызық көп күндер

Жеті жасқа жеттіңдер.

Келдіңдер де мектепке

Бір белестен өттіңдер.

4-Оқушы:

Өсті,міне, бойларың

Өсті, міне, ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!Оқып-ғылым тектерін

Хор «Сәлем, саған мектебім»

Осы кезде залға Жалқаубек шығады.

:-Жақаубек сенбісің?Балалардың бәрі мектепке жиналмақшы, сен бармаймысың?Сөмкең қайда? Бар сөмкеңді әкел,мектепке барасың.(Жалқаубек сөмкесін алып келеді.Ішінде тамақ,ойыншықтар.)

-Ой мынауың не?Сен сөмке не үшін керек екенін әлі білмейді екенсің.Ендеше, біздің балалар сен үшін «Портфель» ертегісін көрсетеді.

Автор: Бір күні әліппе келе жатып жолда портфельді көреді, әрі қарап, бері қарап былай дейді: Оқушы мектепте оқиды,жазады, өнерге, білімге, еңбекке үйренеді. Ана тілінде сөйлеп, оқи алады.

Әліппе:-Мынау маған бір ыңғайлы үй екен ғой.Ертең балалар мектепке барғанда мені осы үйге салса өте жақсы болар еді.Бұның атын мен портфель деп атайын.Мен осы портфельдің ішіне тұрайын.-Бір мезгілде дәптер келеді.

Дәптер:Қандай әсем үй.Бұл үйде кім тұрады?

Әліппе:-Мен Әліппемін.Бұл менің тұрып жатқан үйім.Ал сен кімсің?

Дәптер:-Мен дәптермін.Мен де балаларға керекпін.Балалар мектепке барғанда үйренгендерін жазу үшін дәптер керек ғой.Әліппе, менде сенімен бірге тұрайын?

Әліппе::-Жарайды бірге тұрайық.

Қалам:Қандай әсем үй.Бұл үйде кім тұрады?

-Мен Әліппемін.

-Мен дәптермін.

-Ал сен кім боласың?

Қалам:Мен қаламмын,мен баларға өте қажетпін.Дәптерге жазу үшін қалам керек ғой.Мен де сендермен бірге тұрайыншы.

Әліппе:-Жарайды, кел тұра ғой.

Авторы: Сөйтіп, портфельдің ішінде әліппе,дәптер,,қалам тұрып жатады. Бір мезгілде сурет дәптер мен түрлі-түсті қарындаш келеді.

 -Мен түрлі түсті қарындашпын.

-Ал мен сурет дәптерімін.Балалар мектепте сурет салу үшін біздер де қажетпіз.Сондықтан бізде сендермен тұрайықшы.

Қалам-Жарайды, келіңдер.

-Бір кезде өшіргіш келеді.

Өшіргіш: Ой мынау неткен тамаша үй.Мұнда кімдер тұрады?

Қалам: Ана сүтін ақтаңдар

Ана тіБіз тұрамыз.Сен кімсің?

-Мен өшіргішпін.Балалар қателескенде менімен өшіріп түзейді,сондықтан мен де сендермен бірге тұрайыншы!

Сурет дәптер:Жарайды, кел бізбен бірге тұр.

Автор: Сөйтіп портфельдің ішінде аталған құралдардың бәрі бірге тұрып жатады.Міне,Жалқаубек бұл құралдардың бәрі саған керек.Мә, ала ғой, сен енді мектепке барасың.

Жалқаубек: Балалар, сендерге көп рахмет.Мен бұл құралдарды ұқыпты ұстаймын,ренжітпеймін.

Мен де кітап аламын

Мен де оқуға барамын.

Жаман бала дегізбей

Жақсы оқитын бдолмын.

5-Оқушы: Шаршамай өсірген

Қатемді кешірген

Қадірлі ата-анам

Мен сенің көшірмең.

6-Оқушы: Ата-анамнан кейінгі

Жақыным сенсің мектебім!

Ер жеткенге дейінгі

Ақылшым сенсің мектебім.

Біліміңді аяма

Ата-анамдай аяла.

7-Оқушы: Мектеп ана болмаса

Бала құшақ жая ма?

Оқып сыннан өтемін

Мақсатыма жетемін.

Ол сыйлығың тек сенің

Аяулы алтын мектебім!

8-Оқушы:Мектебім, жылы ұя бесігім

Күнде ашық мен үшін есігің.

Білімнің шуағын мол сепкен

Ұстазым,қымбат қой есімің!

9-Оқушы: Ұстазым,жақыным

Аямаған ақылын.

Жақсы ұстазы болмаған

Көп нәрседен мақұрым.

10-Оқушы: «Ұстазым» деген ұлы сөз

Жүректің берген бағасы.

Мұғалім ұстаз бола алса

Баланың көп қой данасы.

11-Оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты.

«Әліппе» сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз, алғашқы.

Хор «Мұғалім-ол біздің»

Мұғалім:-Балалар, мектепке алғаш келгенде ұстаздан кейінгі ақылшымыз кім болды?

Хормен:Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті Әліппе,

Ол сүйікті Әліппе.

Мұғалім:-Олай болса,бәрімізге сүйікті аяулы Әліппемізді ортаға шақырайық.?

Хормен: Әліппе,Әліппе!

Әліппе келіп өзінің өлеңін айтады.

Мұғалім:-Ия,Әліппе, балалар сенің әріптеріңмен толық танысып, дыбыстардан буын,буыннан сөз,сөден сөйлем құрап, сауатты оқуға,жазуға үйренді.Бүгін міне,енді өзіңмен қоштасуға жиналып отырмыз.Әліппе, біз сізге өзіңізден не үйреніп, не білгенімізді көрсеткіміз келіп тұр.

Әліппе: Онда сөз сендерде

А-әрпі:Ақыл таза, ақ көңіл

Адалдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет

Адалдыққа сенемін.

Ә-әрпі: Бас әріпке інімін

Дауыстының бірімін.

Ә дегенде «Әліппе»

Бастауы бар білімнің.

Б-әрпі: Бақыт не деп сұрасаңыз атадан

Бақыт не деп сұрасаңыз анадан

Бақыт деген сол дер еді ойланбай

Еш жамандық көрмеу туған баладан,

Ғ-әрпі:Ғарышкері ғаламның

Намысты ері даламның

Ізбасары боламын

Тоқтар сынды ағамның.

Ж-әрпі: Жайық,Еділ –екі су

Дұшпан тізе бүккен жер!

Жер жаннаты –Жетісу

Елім туын тіккен жер.

И-әрпі:Инабат пен иба да

Ол тұрады басында.

Күллі адамзат сыйлаған

Имандылық бар сонда.

К-әрпі: Күн көзіндей күлімдеп

Көңілді жүр әрдайым.

Қ-әрпі:Қастерлеген жұртымыз

Қазы,қарта,құртымыз

Шөл қандырар бал қымыз

Қатығы мен қаймағы

Бәрі менен басталып

Дастарханың жайнады.

Н-әрпі: Н дегенім нағашым

Бұған болмас таласың

Келгенде уйге нағашым

Қуанады анашым.

О-әрпі: Қазақ батыр ел деймін

Ұл мен қызы ер деймін

Отанымды,жерімді

Мен ешкімге бермеймін.

Т-әрпі:Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең бір көкке жетеді

Тәртіпсіз бала күйініш

Төмендеп басың кетеді.

Ұ-әрпі: Мен ұлымын

Мінсіз сұлумын.

Гүл аралап жүремін

Көңілді өмір сүремін.

Ы-әрпі:Ырыс алды ынтымақ

Ынтымақ ырыс қазығы.

І-әрпі: Інілерді ағалар

Ісіменен бағалар

Ілер жүлде жарыста

Іркілмеген балалар.

Ю-әрпі: Сөз басынан табылар

Таңба емеспін бағы бар

Й мен у-ды тіркемей

Мені жөндеп танып ал.

Я-әрпі: Қос дыбыстың бір өзім

Атқарамын қызметін.

Й мен А қатар жазбасаң

Я-ны дұрыс білгенің.

Хор: «Әліппе»

Мақал-мәтел жарысы.

1.Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.

2.Бірлік болмай, тірлік болмас.

3.Оқу-білім бұлағы

Білім-өмір шырағы.

4.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

5.Отан-оттан да ыстық.

Әліппе қоштасып шығып кетеді.

Хормен: Білім жолын салып берген

Қош бол, сүйікті Әліппе!

Енді біз Ана тілі оқулығымен танысайық.Сөз кезегі Ана тілінде:

Мұғалім:-Балалар, біз Әліппеден басқа қандай пәндермен танысып, оқып білеміз?

-Ендеше, кім маған математика пәнінен не үйреніп,не білетінімізді ортаға салайық.

-Кім маған 8,9,10 санндарының құрамын айтып береді?

-0-ден10-ға дейін 2,3 сан аттап тура және кері санау.

Сергіту сәті: «Санамақ»

-Енді мынадай жұмбақ-есеп шешіп көрейік.

1.Жаңа ғана шалғында

Алты бұзау жүр еді

Әлде шаршап қалды ма?

Жатып қапты біреуі

Нешеуі енді жайылып

Жүргенін айт айырып. (5)

2.Тауықтардың біреуі

Бес балапан шығарды.

Көптен күтіп жүр еді

Інім қатты қуанды.

Он жұмыртқа бастырған

Күте-күте шаршады.

Тауығының астындап

Жатыр әлі қаншауы. (5)

Дүние тану пәні бойынша сұрақтар?

1.Біз қай мемлекетте тұрамыз

2.Ұлтымыз кім?

3.Қай тілде сөйлесеміз?

4.Ел басшымыз кім?

5.Астанамыз қай қала?

6.Биыл тәуелсіздік алғанымызға  неше жыл?

7.Рәміздерге нелер жатады?

Хор: «Атамекен»

Қорытынды: Әліппені бітірдіңдер, шәкірттерім

Ары қарай өсе берсін білімдерің.

Он екі жыл білім алып ұстаздардан

Көгерте бер ұрпақтарым, қазақ елін.

Балаңыздың білімі құтты болсын

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын!

Білімдерін ары қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!-дей келе ертеңгілімізді аяқтаймыз.-Енді сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Әліппе саған рахмет !"»

«Әліппе, саған мың алғыс!».


Сабақ мақсаты:

1. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтап бекіту.

2.Мәнерлеп оқуға, әдемі,байланыстырып сөйлеуге

3.Білімпаздыққа,әдептілікке,шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: ұлағатты сөздер, гүл,шар, техникалық құралдар.

Сабақ барысы: 1 Кіріспе сөз.

Бүгін 1»Ә» сынып оқушылары бүкіл білім, ғылым соқпағының басы болған әліппе оқулығын бітіріп, қоштасқалы отыр.Әліппені бітіру алдағы өмірге бастайтын көп белестің бірі. Ендеше, бүгін бүлдіршіндеріміз сол белестің бірінен асты.Бұл біздер үшін де үлкен салтанатты мереке. Мереке құтты болсын!

1-Оқушы:

Қуаныш бүгін мереке

Шуағын шашап тұр әлем.

Тойға келген қуанып,

Қонақта, сізге мың сәлем.

2-Оқушы:

Шашу,шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

3-Оқушы:

Өтті қызық көп күндер

Жеті жасқа жеттіңдер.

Келдіңдер де мектепке

Бір белестен өттіңдер.

4-Оқушы:

Өсті,міне, бойларың

Өсті, міне, ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!Оқып-ғылым тектерін

Хор «Сәлем, саған мектебім»

Осы кезде залға Жалқаубек шығады.

:-Жақаубек сенбісің?Балалардың бәрі мектепке жиналмақшы, сен бармаймысың?Сөмкең қайда? Бар сөмкеңді әкел,мектепке барасың.(Жалқаубек сөмкесін алып келеді.Ішінде тамақ,ойыншықтар.)

-Ой мынауың не?Сен сөмке не үшін керек екенін әлі білмейді екенсің.Ендеше, біздің балалар сен үшін «Портфель» ертегісін көрсетеді..

Автор: Бір күні әліппе келе жатып жолда портфельді көреді, әрі қарап, бері қарап былай дейді: Оқушы мектепте оқиды,жазады, өнерге, білімге, еңбекке үйренеді. Ана тілінде сөйлеп, оқи алады.

Әліппе:-Мынау маған бір ыңғайлы үй екен ғой.Ертең балалар мектепке барғанда мені осы үйге салса өте жақсы болар еді.Бұның атын мен портфель деп атайын.Мен осы портфельдің ішіне тұрайын.-Бір мезгілде дәптер келеді.

Дәптер:Қандай әсем үй.Бұл үйде кім тұрады?

Әліппе:-Мен Әліппемін.Бұл менің тұрып жатқан үйім.Ал сен кімсің?

Дәптер:-Мен дәптермін.Мен де балаларға керекпін.Балалар мектепке барғанда үйренгендерін жазу үшін дәптер керек ғой.Әліппе, менде сенімен бірге тұрайын?

Әліппе::-Жарайды бірге тұрайық.

Қалам:Қандай әсем үй.Бұл үйде кім тұрады?

-Мен Әліппемін.

-Мен дәптермін.

-Ал сен кім боласың?

Қалам:Мен қаламмын,мен баларға өте қажетпін.Дәптерге жазу үшін қалам керек ғой.Мен де сендермен бірге тұрайыншы.

Әліппе:-Жарайды, кел тұра ғой.

Авторы: Сөйтіп, портфельдің ішінде әліппе,дәптер,,қалам тұрып жатады. Бір мезгілде сурет дәптер мен түрлі-түсті қарындаш келеді.

-Мен түрлі түсті қарындашпын.

-Ал мен сурет дәптерімін.Балалар мектепте сурет салу үшін біздер де қажетпіз.Сондықтан бізде сендермен тұрайықшы.

Қалам-Жарайды, келіңдер.

-Бір кезде өшіргіш келеді.

Өшіргіш: Ой мынау неткен тамаша үй.Мұнда кімдер тұрады?

Қалам: Ана сүтін ақтаңдар

Ана тіБіз тұрамыз .Сен кімсің?

-Мен өшіргішпін.Балалар қателескенде менімен өшіріп түзейді,сондықтан мен де сендермен бірге тұрайыншы!

Сурет дәптер:Жарайды, кел бізбен бірге тұр.

Автор: Сөйтіп портфельдің ішінде аталған құралдардың бәрі бірге тұрып жатады.Міне,Жалқаубек бұл құралдардың бәрі саған керек.Мә, ала ғой, сен енді мектепке барасың.

Жалқаубек: Балалар, сендерге көп рахмет.Мен бұл құралдарды ұқыпты ұстаймын,ренжітпеймін.

Мен де кітап аламын

Мен де оқуға барамын.

Жаман бала дегізбей

Жақсы оқитын бдолмын.

5-Оқушы: Шаршамай өсірген

Қатемді кешірген

Қадірлі ата-анам

Мен сенің көшірмең.

6-Оқушы: Ата-анамнан кейінгі

Жақыным сенсің мектебім!

Ер жеткенге дейінгі

Ақылшым сенсің мектебім.

Біліміңді аяма

Ата-анамдай аяла.

7-Оқушы: Мектеп ана болмаса

Бала құшақ жая ма?

Оқып сыннан өтемін

Мақсатыма жетемін.

Ол сыйлығың тек сенің

Аяулы алтын мектебім!

8-Оқушы:Мектебім, жылы ұя бесігім

Күнде ашық мен үшін есігің.

Білімнің шуағын мол сепкен

Ұстазым,қымбат қой есімің!

9-Оқушы: Ұстазым,жақыным

Аямаған ақылын.

Жақсы ұстазы болмаған

Көп нәрседен мақұрым.

10-Оқушы: «Ұстазым» деген ұлы сөз

Жүректің берген бағасы.

Мұғалім ұстаз бола алса

Баланың көп қой данасы.

11-Оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты.

«Әліппе» сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз, алғашқы.

Хор «Мұғалім-ол біздің»

Мұғалім:-Балалар, мектепке алғаш келгенде ұстаздан кейінгі ақылшымыз кім болды?

Хормен:Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті Әліппе,

Ол сүйікті Әліппе.

Мұғалім:-Олай болса,бәрімізге сүйікті аяулы Әліппемізді ортаға шақырайық.?

Хормен: Әліппе,Әліппе!

Әліппе келіп өзінің өлеңін айтады.

Мұғалім:-Ия,Әліппе, балалар сенің әріптеріңмен толық танысып, дыбыстардан буын,буыннан сөз,сөден сөйлем құрап, сауатты оқуға,жазуға үйренді.Бүгін міне,енді өзіңмен қоштасуға жиналып отырмыз.Әліппе, біз сізге өзіңізден не үйреніп, не білгенімізді көрсеткіміз келіп тұр.

Әліппе: Онда сөз сендерде

А-әрпі:Ақыл таза, ақ көңіл

Адалдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет

Адалдыққа сенемін.

Ә-әрпі: Бас әріпке інімін

Дауыстының бірімін.

Ә дегенде «Әліппе»

Бастауы бар білімнің.

Б-әрпі: Бақыт не деп сұрасаңыз атадан

Бақыт не деп сұрасаңыз анадан

Бақыт деген сол дер еді ойланбай

Еш жамандық көрмеу туған баладан,

Ғ-әрпі:Ғарышкері ғаламның

Намысты ері даламның

Ізбасары боламын

Тоқтар сынды ағамның.

Ж-әрпі: Жайық,Еділ –екі су

Дұшпан тізе бүккен жер!

Жер жаннаты –Жетісу

Елім туын тіккен жер.

И-әрпі:Инабат пен иба да

Ол тұрады басында.

Күллі адамзат сыйлаған

Имандылық бар сонда.

К-әрпі: Күн көзіндей күлімдеп

Көңілді жүр әрдайым.

Қ-әрпі:Қастерлеген жұртымыз

Қазы,қарта,құртымыз

Шөл қандырар бал қымыз

Қатығы мен қаймағы

Бәрі менен басталып

Дастарханың жайнады.

Н-әрпі: Н дегенім нағашым

Бұған болмас таласың

Келгенде уйге нағашым

Қуанады анашым.

О-әрпі: Қазақ батыр ел деймін

Ұл мен қызы ер деймін

Отанымды,жерімді

Мен ешкімге бермеймін.

Т-әрпі:Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең бір көкке жетеді

Тәртіпсіз бала күйініш

Төмендеп басың кетеді.

Ұ-әрпі: Мен ұлымын

Мінсіз сұлумын.

Гүл аралап жүремін

Көңілді өмір сүремін.

Ы-әрпі:Ырыс алды ынтымақ

Ынтымақ ырыс қазығы.

І-әрпі: Інілерді ағалар

Ісіменен бағалар

Ілер жүлде жарыста

Іркілмеген балалар.

Ю-әрпі: Сөз басынан табылар

Таңба емеспін бағы бар

Й мен у-ды тіркемей

Мені жөндеп танып ал.

Я-әрпі: Қос дыбыстың бір өзім

Атқарамын қызметін.

Й мен А қатар жазбасаң

Я-ны дұрыс білгенің.


Хор: «Әліппе»

Мақал-мәтел жарысы.

1.Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.

2.Бірлік болмай, тірлік болмас.

3.Оқу-білім бұлағы

Білім-өмір шырағы.

4.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

5.Отан-оттан да ыстық.

Әліппе қоштасып шығып кетеді.

Хормен: Білім жолын салып берген

Қош бол, сүйікті Әліппе!

Енді біз Ана тілі оқулығымен танысайық.Сөз кезегі Ана тілінде:

Мұғалім:-Балалар, біз Әліппеден басқа қандай пәндермен танысып, оқып білеміз?

-Ендеше, кім маған математика пәнінен не үйреніп,не білетінімізді ортаға салайық.

-Кім маған 8,9,10 санндарының құрамын айтып береді?

-0-ден10-ға дейін 2,3 сан аттап тура және кері санау .

Сергіту сәті: «Санамақ»

-Енді мынадай жұмбақ-есеп шешіп көрейік.

1.Жаңа ғана шалғында

Алты бұзау жүр еді

Әлде шаршап қалды ма?

Жатып қапты біреуі

Нешеуі енді жайылып

Жүргенін айт айырып. (5)

2.Тауықтардың біреуі

Бес балапан шығарды.

Көптен күтіп жүр еді

Інім қатты қуанды.

Он жұмыртқа бастырған

Күте-күте шаршады.

Тауығының астындап

Жатыр әлі қаншауы. (5)


Дүние тану пәні бойынша сұрақтар?

1.Біз қай мемлекетте тұрамыз

2.Ұлтымыз кім?

3.Қай тілде сөйлесеміз?

4.Ел басшымыз кім?

5.Астанамыз қай қала?

6.Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл?

7.Рәміздерге нелер жатады?


Хор: «Атамекен»



Қорытынды: Әліппені бітірдіңдер, шәкірттерім

Ары қарай өсе берсін білімдерің.

Он екі жыл білім алып ұстаздардан

Көгерте бер ұрпақтарым, қазақ елін.

Балаңыздың білімі құтты болсын

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын!

Білімдерін ары қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!-дей келе ертеңгілімізді аяқтаймыз.-Енді сөз кезегін ата-аналарға береміз.































Тәрбие сағаты

«Әліппе, саған мың алғыс!»



1 «Ә» сынып

Сынып жетекшісі:

Төлепова Д.М.





2012 оқу жылы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Тәрбие сағаты "Әліппе саған рахмет !"

Автор: Тулепова Дина Муфтоллаевна

Дата: 24.01.2017

Номер свидетельства: 383364

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Т?рбие са?аты "?ліппе білім бастауы" "
    ["seo_title"] => string(36) "t-rbiie-sag-aty-lippie-bilim-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "150550"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420521393"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?рбие са?аты "?ліппе - білім анасы!""
    ["seo_title"] => string(28) "trbiiesagatylippiebilimanasy"
    ["file_id"] => string(6) "299351"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456502206"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?рбие са?аты "?ліппе - білім анасы!""
    ["seo_title"] => string(29) "trbiiesagatylippiebilimanasy1"
    ["file_id"] => string(6) "299352"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456502213"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рбие са?аты "Кітап-асыл ?азына""
    ["seo_title"] => string(34) "t-rbiie-sag-aty-kitap-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "255623"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447953530"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Т?рбие са?аты. ?ліппемен ?оштасу. "
    ["seo_title"] => string(36) "t-rbiie-sag-aty-lippiemien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "148861"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419867632"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства