kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертеңгілік "Ана - өмір шуағы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы.

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әдемі көбелектер, үнтаспа, ойынға қатысты көрнекіліктер. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Ана - өмір шуағы"»

Тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы.

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әдемі көбелектер, үнтаспа, ойынға қатысты көрнекіліктер.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.

Тәрбиеші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен әжелерімізді, аналарымызды, қыздарымызды мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді. Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін арналады.

Тәрбиеші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын бүлдіршіндеріміз аналарға арнаған өлең шумақтарын айтуға рұқсат етіңіздер.

1 - оқушы: Арнұр

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

2 - оқушы: Ерназ

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Бізді ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

3 - оқушы: Сардар

Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет


4 - оқушы: Батыр

Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегіңде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

5 - оқушы: Малика

Анамыздың мейірлі,

Жүзіне біз қараймыз.

Анамызды пейілді,

Жомарт жанға балаймыз.


6 - оқушы: Нұртай

Айналайын анашым

Ақылдысың, данасың.

Күлкісінен сәбидің

Бақытыңды табасың.

7 - оқушы: Адал

Мен гүлдерді жұлмаймын.

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын.


8 - оқушы: Еркеназ

Анам кетсе жұмысқа,

Анашымды сағынам.

Құлағына сыбырлап,

Анама арнап ән айтам.


9 - оқушы: Камилла

Аялы алақан,

Әлпештеп мені өсірген.

Аяулы жан анам

Қатемді де кешірген.


10 - оқушы: Гүлім

Анам – өмір шырағы,

Анам – өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.


Тәрбиеші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Айналайын, мама» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Айналайын, мама»

  1. Нұрын төккен маған,

Шуағымсын – сен!

Айналайын, мама.

Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені,

Жұбанышым – сен!

Құттықтаймын сені

Салтанатыңмен!

Қайырмасы:

Лә – лә – лә, лә – лә – лә, лә – лә – лә – лә.

Лә – лә – лә, лә – лә – лә, лә – лә – лә – лә.

Лә – лә – лә, лә – лә – лә, лә – лә – лә – лә.

Лә – лә – лә, лә – лә – лә, лә – лә – лә – лә.


Тәрбиеші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашы, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте қыздарымыздың орындауында «Қуыршақтар биі» қабыл алыңыздар.
Би: «Қуыршақтар биі»

Тәрбиеші:
Ойын:
Әрі қарай жалғастыру мақсатында ата – аналар арасында аздаған ойын ойнауға рұқсат етіңіздер.

***Ойынның аты – «Ойлан, тап!» деп аталады. Ол үшін 5 ата – ананы ортаға шақырайық. Қолдап, қошеметтеп қойыңыздар!


***Тағы да бір ойынымыз «Жылы сөздер» деп аталады. Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.

  • Өте, керемет! Қатысқандарыңызға көп рахмет. Осы қошеметтің барлығы сіздер үшін арналады.


Тәрбиеші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі «Жігіттер» биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Жігіттер биі» қабыл алыңыздар!
Би: «Жігіттер биі»

Тәрбиеші:
Достықты біз сақтаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесің тойлаймыз - дей отырып, біздің топтың ер жігіттері асыл аналары мен ару қыздарын құттықтап жіберсек дейік.

*** Сыйлықтар беріледі.

Тәрбиеші:

Қорытындылау:

***Енді, бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Барлығы хормен:

Әрқашан күн сөнбесін, 
Аспаннан бұлт төнбесін, 
Қасымда болсын анам, 
Болайын мен де аман. 


Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ертеңгілік "Ана - өмір шуағы"

Автор: Айтбекқызы Айнұр

Дата: 31.03.2017

Номер свидетельства: 405279

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "АНА – ?МІРДІ? ШУА?Ы. Ерте?гілік"
    ["seo_title"] => string(29) "anaomirdinshuagyiertienghilik"
    ["file_id"] => string(6) "297526"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456211952"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ерте?гілік "Ана - ?мірді? шуа?ы" "
    ["seo_title"] => string(34) "iertien-ghilik-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "158071"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421683714"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ерте?гілік ""Ана-к?нні? шуа?ы" "
    ["seo_title"] => string(33) "iertien-ghilik-ana-kunnin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "183039"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425700446"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "АНА – ?МІРДІ? ШУА?Ы"
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-7"
    ["file_id"] => string(6) "297307"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456162759"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Ана -күннің шуағы" ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(35) "ana_kunnin_shuag_y_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "398926"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489135250"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства