«Ана күннің шуағы» ертеңгілігі
Мақсаты : Анаға деген сүйіспеншіліктерін, сезімдерін ояту. Ананы құрметтеп, сыйлай білуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, игілікке, бір-бірін достыққа қадірлей білуге үйрету.
Ана деген асқақ ан, Орындайтын әрқашан. Анадай қымбат сыйлықты,
Табалмайтын ешқашан.
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, құрметті асыл аналар, әжелер,
қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Бүгін біз жыл мезгілінің ең тамаша,
шуақты мейрамының бірі 8-Наурыз халықаралық әйелдер күнімен
құттықтап, ғұмырларыңызға сайлық, өмірлеріңізге сәттілік тілейміз!
Жүргізуші: Ортаға тобымыздың сұлтандары әдепті, ақылды, нәзіктікке жаны құмар жігіттерімізді шақырамыз.(жігіттер музыкалық әуенмен ортаға). Ұлдар қыздарымызды шақырады.
Жүргізуші: Балалар қар еріп, күн жылынып, құстар оралып, көктем мезгілі де жетті.
Ән: «Аналар мейрамы» ( Музыка әуенімен Жалқаубек пен анасы кіреді)
Жалқаубек: Ой, анашым, ішім пісті! (есінейді)
Анасы: Әрине ішің пысады, кешке дейін жата бересің. Маған бір уақыт
көмектессеңші. Бүгін 8- Наурыз аналар мейрамы емес пе? Балалар Жалқаубектікі
дұрыс па?
Балалар: Жоқ.
Жалқаубек: Кешіріңіз анашым мен мүлде ұмытып кетіппін (құшақтайды).
Мен сізге бір себет әдемі гулдер алып келемін.
Анасы: Жалқаубек керек емес сыйлығың, одан да маған шелекпен су алып келсеңші!
Жалқаубек: (шелекті алып) Ой, анашым қазір тез барып алып келейін!(кетіп қалады)
(Жүргізуші: Анасы, Жалқаубек келгенше біраз отырып демалып, қыздарымыздың
тамаша «Қуыршақ» биін тамашалаңыз.
Би: «Қуыршақ»
Жалқаубек: Ой, мен адасып кеттім бе? Өзен де көрінбейді( артындағы түлкінің
аяғын басып кетеді). Ой, бұл кім? А, сен баяғы бауырсақты қуалап жүрген түлкісің бе?
Түлкі: Жоқ, Жалқаубек ол бұрынғы ертегіде ғой. Ал қазір мен ән сабағына
қатысамын. Қане, менің достарым ортаға келіңдер.
Ән: «Ақ әжем»
Жүргізуші: Түлкіжан сен енді біздің балалардың тақпақтарың тыңда.
Айсұлтан: Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем, әділдікті ұғамын.
Санжар: Құшағына кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де. ( Музыка әуенімен қасқыр кіреді)
Жалқаубек: Сәлеметсің бе! Қасқыр сен қызыл телпекті қуалап жүрмісің?
Қасқыр: Жоқ, Жалқаубек. Ертегіде мен қаһарлы болғанмын, ал қазір мен мейірімдімін, мен балық аулауға бара жатырмын. Сен де жүр.
Жалқаубек: Әрине менің достарымда барады.
Ойын: «Балық аулау» ( Судың дауысы шығады)
Жалқаубек: Міне, өзенге де жеттім, енді су алайын (алтын балықты ұстап алады).
Алтын балық: Мені жіберші Жалқаубек, айтқаныңды орындаймын.
Жалқаубек: Жіберейін алтын балық! Бірақ менің шелегімді суға емес гүлге толтырып бер!
Алтын балық: Айтқаныңды орындаймын, рахмет саған!
Жүргізуші: Жалқаубек, әне алтын балық айтқаныңды орындады. Енді балалардың әжелеріне арналған тақпақтарын тыңда.
Ануар: Тентек болсам кешірген,
Айналайын ақ әжем.
Аялаған өсірген,
Ардақтысың сен әжем.
І.Алима: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді көп кісі,
Қандай ғажап бұл кісі.
Адия: Әжемізді ардақтап,
Қуанатын күн келді.
Мейрамымен құттықтап,
Ән салайық біз бүгін.
Е.Айым: Менің әжем гүл әжем,
Алтын әжем күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана, тіл әжем.
Ән: «Әжемнің шәйі»
Жалқаубек: Анама мына гүлдерді апарайын, мені күтіп қалды ғой.
Анасы: Су әкелдің бе, Жалқаубек?
Жалқаубек: Анашым мен су емес, сізге мейрамға әдемі гүл әкелдім.
Анасы: Рахмет, Жалқаубек! Мына кішкентай балалар да аналарына үстел жасап көмектеседі екен.
Жүргізуші: Ал, Жалқаубек қалай үстел жасап көмектесу керек екенін көргің келеді ма? Сен де балалардың қасына келеғой.
Ойын: «Үстел жасау»
Жүргізуші: Біздің балалар тек қана үстел жасап қана қоймай, аналарына қір жуып, ас дайындап көмектеседі.
Би: «Кір жуушылар» (ұлдардың орындауында)
Би: «Аспазшылар» (қыздардың орындауында)
Жалқаубек: Жігіттер біз аналарымызды қатты жақсы көремізгой, аналарымызды биге шақырайықпа?
Би: «Вальс» (ұлдар аналарын биге шақырады)
Жалқаубек: Анашым, мен бүгіннен бастап ақылды боламын. Сізге әрдайым көмектесемін, жалқаулықты тастаймын. Мейірімді, тіл алғыш боламын.
Жүргізуші: Олай болса Жалқаубек, біздің балалардың аналарға арналған сәлемдемесін көрейік.
Ән: «Мерекеңмен, Анашым»
Жүргізуші: Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сіздерге сұлу шоқ гүлін.
Балалар аналарына сыйлықтарын үлестіреді.
Анасы: Жалқаубек екеуміз балалардың әнін, тақпағын, биін тамашалап, көңілімізді көтердік.
Жүргізуші: Ана біздің гүліміз,
Біз ананың гүліміз.
Біздер үшін аналар,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жүргізуші: Аналарымызға, апаларымызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп рахмет.
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік. ертеңгілік тақырыбы - "Ана- күннің шуағы". мерекеде балалар өнерлерін көрсету арқылы аналарын құттықтайды.