8-наурыз ертеңгілігі
АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ
Жүргізуші: Сегізінші наурыз! Аяулы аналарымыздың мерекесі.
Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір,
жылулық пен әсемдік сыйлайды. Ана-әлемнің жан
дүниесі, өмірдің бастауы мен таусылмайтын
жалғасы.
Құрметті де қадірлі аналар! Мерекелеріңіз құтты
болсын. Өмір сыйлаған сәбилеріңіз сіздерге тек
қуаныш пен шаттық сыйласын.
Балнұр: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Лаура: Сәлем елдің көктемі,
Әлем енді көктеді.
Сегізінші наурызбен,
Құттықтаймын сіздерді.
Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз
нұры тастай мұзды да жібітеді. Сіздерге деген
балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар.
Ернұр: Ару ана, әжелер!
Бізді өсірген берекең.
Бүгін гүлге бөленер,
Құтты болсын берекең.
Жұлдызай: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан кейбір туған даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Хормен: Армысыздар қасиетті аналар!
Еркебұлан: Шуақты көктем келді, гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де гүл аналар,
Хормен: Ана деп бас иеді бүкіл халық.
Нұрсезім: Наурыз-гүлі көктем,
Сәнді ай арайлы.
Күлімдеп күн көктем,
Нұр шашып қарайды.
Ән: «Көктем келді».
Жанел: Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаға
Бақдаулет: Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып, бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Д. Нұрбақыт: Қуанышы баланың,
Қуанышы ананың.
Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.
Дияна: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп, дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Райхан: Үмітіңдей көзіме,
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзімде,
Ертеңіңіз тұр күліп.
Найля: Мен апамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп, келемін.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Қызықты сәт: «Көбелек» (әуен ырғағы мен кіреді).
Ақ көбелек ақпын деп,
Көк көбелек көкпін деп.
Қанат қағып ұшамын,
Гүлдерге кеп қонамын.
Көбелек: Сәлем, балалар! Гүлден гүлге ұшып, қонып,
сендерден көмек сұрауға келдім. Осында менің
ұйықтап жатқан көбелектерімді оятуға
көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә!
Ойынның шарты: «Көбелектерді үрлеп ұшыру».
Би: «Көбелек».
Жүргізуші: Жарайсыңдар көбелектер!
Көбелек: Ал балалар сау болыңдар. Менің кететін уақытым
болды. Басқа көбелектерімді де барып, оятуға
кеттім.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Бақыт
деген не, қалай түсінесіңдер кім жауап береді екен?
Дияна: Анамыз әрқашан қасымызда болсын.
Надыр: Әжеміз ауырмасын.
Жүргізуші: Ендігі кезекте «бақыт іздеу» көрінісі. Балалар осы
көріністің жақсы жағын үйреніп, жаман жағынан
жиреніп отырамыз. Балнұр шығып, балалармен
амандасады.
Жүргізуші: Қош келдің Балнұр, біздің балабақшаға! Сен қайдан
жүрсің?
Балнұр: Мен бақытымды іздеп жүрмін. Сол үшін үйімнен де
қашып кеттім.
Жүргізуші: - Балалар сол дұрыс па?
Балалар: Жоқ.
Жүргізушуі: Балнұр, кел төрлет біздің балаларымыздың өлең
шумақтарын тыңда.
Таурат: Сөздері ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды,
Кімнің ойлап тапқанын.
Нұрислам: «Күнім», «жаным» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді.
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді.
Ойлап тапқан аналар!
Ұлданай: Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
О. Дияр: Өзім жақсы баламын,
Айтқан тілді аламын.
Мейлі қайда жұмсаса,
Бәріне де барамын.
Севинч: Жақсы көрем апамды,
Жүрем ылғи бірге еріп.
Тауға мені апарды,
Талмай қайттық гүл теріп.
Ән: «Мама».
Балнұр шығады. Алдынан бұғы кездеседі. Келе жатып, алтын балықты жолықтырады.
Жүргізуші: Біз ана туралы әндер айттық, тақпақ оқыдық.
Енді сол аналарымыздың, әкелеріміздің анасы,
әжелеріміз туралы не білеміз?
Балалар бізге қонақ келіпті
.
Әже кіреді: Амандасады.
Жүргізуші: Амансыз ба әже ?
Әжелер немерелерін өте жақсы көреді. Қариясы
бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған ғой.
Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз біздің
балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Ал біз
әжелерге әзірлеген өнерімізді көрсетейік.
Надыр: Өскенде мен енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Өте жақсы көремін,
Өйткені мен әжемді.
Зарнигар: Алтын апам ол менің,
Мені жақсы көреді.
Үйретеді өлеңді,
Етегі айтып береді.
Асылай: Шашымды өріп тараған,
Қабағымы қараған.
Үлкен-кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Сабина: Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің-өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Ән: «Әжемнің шәйі».
Жүргізуші: Әже сіз көпті көргенсіз, бізге әзірлеген ойыныңыз бар ма?
Жүргізуші: Олай болса біздің әжелермен бір ойын ойнатып жіберіңіз
Әже: Енді әжелермен бір ойын ойнап жіберейін. Ортаға екі
әже шығады.
Ойын: «Әжелер сайысы».
«Бала құндақтау».
Алан: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
Әділ: Бар өмірдің жүрегі,
Өзің алтын ордасың.
Тірлігімнің тірегі,
Уайымың болмасын.
Жүргізуші: Әрбір ана көздері байлаулы болса да, өз баласын
таниды. Қазір шеңбер болып тұрамыз, ортаға бір ана
шығады. Көзін байлаймыз, өз баласын табуы керек.
Әже: Енді келіндермен бір ойын ойнап жіберейін. Ортаға
бір келін шығады.
Ойын: «Өз балаңды тап».
Балнұр шығады. Алдынан қарақшылар шығады.
Би: «шоқ биі».
Балнұр шығады. Алдынан таусоғар шығады, домбыра ұстаған баламен.
Балнұрдың алдынан ханша шығады.
Балнұр: Бақыт іздеймін деп үйімнен адасып кеттім.
Енді не істеймін. Үйіме қалай қайтамын?
Жүргізуші: - Балалар, не істейміз? Балнұрға анасын табуға
көмектесеміз бе?
Балалар ия деп жауап береді.
Ортаға Балнұрдың анасы шығады.
- Балнұр қызым-ау мен сені іздеп таппай жүрмін ғой. Ботақаным, алтыным
менің.
Балнұр: Мама, мен бақытты іздеп таба алмадым. Мама сенсің
ғой, менің бақытым!
Анасы: Барлық бала ата-анасымен бақытты,
Барлық ана баласымен бақытты.
Балнұр: Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Мерекемізді балалардың өлең-шумақтарымен жалғастырамыз.
И. Нұрбақыт: Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Апашымды сыйлаймын
Зафар: Біз бақшаға барамыз,
Жақсы көрем бәрін мен.
Мерекені қарсы алып,
Гүл сыйлаймыз қыздарға,
Өзім берем ән салып.
Жүргізуші: Ал балалар жартылай шеңбер болып тұрайық,
Қыздарға гүл сыйлайық.
Ойын: «Қыздарға гүл сыйлау».
Дияна: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп, дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Ақылжан: Ана-өмір шуағы,
Ана-өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр-әні,
Жүрегімде тұрады.
Ерасыл: Гүлді өмірде мәуелі,
Нұрлы өмірде мәуелі.
Анамыздан тыңдайық,
Әсем әнді әуелі.
С. Дияр: Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Ануар: Біліп тұрсың жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күтері сол баладан,
Ана менен Отанны
Қыздардың орындауында «Қуыршақ биі».
Ән: «Құттықтаймын мама » әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Мереке қарсаңында дүкен сөрелеріндегі
барлық гүлдер түгел сатылып, кетті.
Дегенмен, апаларымыздың, әжелеріміздің,
әпкелеріміздің құшағы толған гүл. Олар
қаншама жылы лебіздер естіді. Бүгін аяулы
аналарымыздың мерекесі! Мереке мәңгілік
болсын