kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте?гілік ""Ана-к?нні? шуа?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Ана - ?мірді? шуа?ы, ана - ?мір г?лі, ана?а тек ?лылы? т?н екенін ??ындыру. Ана?а деген бала махаббатын ояту: Анасын с?ю ар?ылы еліне, жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру. О?ушыларды аналарды? е?бегін ба?алай, ??рметтей білуге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: к?ріністер, ?ндер, суреттер, ойын?а ?атысты к?рнекіліктер, буклет. Плакат?а жазыл?ан на?ыл с?здері.
Барысы:
?йымдастыру кезе?і: О?ушыларды сахна т?ріне т?р?ызу.

Ж?ргізуші: ?ымбатты аналар,?желер, ?она?тар 8- наурыз халы?аралы? аналар мерекесі ??тты болсын!Сіздерге ?лемні? н?рын, ?мірді? г?лін, к?ктемні? шуа?ын тілейміз. Мына жары? д?ниені? м?ні де, с?ні де сіздерсіздер! Ананы? тілегі, ананы? ж?регі, ананы? махаббаты, ананы? ысты? ??ша?ынан ?асиетті еште?е жо?. Е? ысты? к?нні? н?ры да, ананы? шапа?ат мейіріміне жетпейді.
Б?гінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арнал?ан «Ана – к?нні? шуа?ы»
атты мерекелік кешімізді бастау?а р??сат еті?іздер! Барлы? ?неріміз аналар,?желер  сіздер ?шін.
Б?гінгі мейрамда к?ктемдей к??іл сыйлайтын балаларымызды? аналар?а арна?ан ?ле? шума?тарын, ?здері жаса?ан ашы? хаттары?  ?абыл алы?ыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілік ""Ана-к?нні? шуа?ы" »



Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«Ақбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Бакытбекова Гулсана Айтбековна

Тақырыбы: Ана – күннің шуағы.






Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.


Жүргізуші: қымбатты аналар,әжелер, қонақтар 8- наурыз халықаралық аналар мерекесі құтты болсын!Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана – күннің шуағы»
атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар,әжелер сіздер үшін.
Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын балаларымыздың аналарға арнаған өлең шумақтарын, өздері жасаған ашық хаттарың қабыл алыңыздар.



Шырайлым:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.


Маму дюбят все на свете,

Мама первый друг.

Любят мам не только дети,

Любят все вокруг.

Әмина
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.


Встану утром рано,

Поцелую маму.

Подарю цветов букет,

Лучше мамы в мире нет!

Мәди

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын


Бабушка любимая,
Самая красивая!
Руки золотые, 
Глазки молодые.

Талшын
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.


В день весенний, солнечный,

Маму поздравляем.

Жизни долгой, радостной,

От души желаем.

Айым

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.


Будь всегда счастливой,

Мудрой и красивой.

С праздником, родная!

Снова поздравляю.


Даяна
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!


Будь примером на пути,

И с него не дай сойти,

Я люблю тебя, родная!

Мама-лучше не найти!

Азамат

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.


Мама много сил, здоровья
Отдает всем нам.
Значит, правда, нет на свете
Лучше наших мам.

Аймара
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.


Вот какой нарядный

Детский сад-

Это мамин праздник

У ребят.

Мы для мамы

Песню запоем,

Мы для мамы

Пляску заведем.

Шехризат
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.


Весенний праздник на дворе,

Веселый, теплый самый.

Нам улыбаются светло

Все бабушки и мамы.

Айсана

Анам менің ақ мамам,
Балашым деп мақтаған.
Анам барда әрдайым,
Қуанамын шаттанам.


Кто любимей всех на свете?
Это сразу скажут дети.
Обойди весь белый свет,
Лучше мамы в мире нет!



Жүргізуші:

Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.
Ана деген ардақты ат,сен оны,
Ана жайлы ән тыңдасақ білесің. 
Ән хормен:Ақ мамам».

Жүргізуші
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай қыздарымыздың орындауындағы «Бала тілегі» әнін Талшын мен Айсананың орындауында қабыл алыңыздар.
Ән «Бала тілегі»
Жүргізуші:
Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.
«Ай дидарлы анашым» әні Даянаның орындауында тамашалаңыздар.

Жүргізуші:
Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.
Жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп кезекті көрініске береміз.
Жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте «Балапан» биін алыңыздар.



Би «Балапан»
Жүргізуші:
Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.
Жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте «Ақ мамам» әні, қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Ана,Ана,Ана! Не деген мейірімді, не деген шапағатты сөз еді.Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.Жақсылық атаулының барлығы ананың сүтінен жаралған.Қадірлі әжелер, аяулы аналар,сүйікті де сүйкімді қыздар,мерекелеріңіз құтты болсын!Ертеңгілігіміз осымен аяқталды.Сау болыңыздар! 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ерте?гілік ""Ана-к?нні? шуа?ы"

Автор: Бакытбекова Гулсана Айтбековна

Дата: 07.03.2015

Номер свидетельства: 183039


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства