kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ел тірегі - Елбасы!

Нажмите, чтобы узнать подробности

тәрбие сағаты даярлық сыныпқа арналған.оқушылар тез түсініп алады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ел тірегі - Елбасы!»


1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні

Тәрбие сағат тақырыбы: Елбасы-мақтанышым,бәйтерегім.

Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен,оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып,еліне деген патриоттық сезімдерін ояту,халқын сүюге,білімділікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағат әдісі: әңгімелеу,сұрақ - жауап

Тәрбие сағат көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, «Халқым аман, елім бірлікте болсын деп...», т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі Сынып сағатының өту барысы:

ІІ. Сынып сағатын Әнұранмен ашу

«Мәні мен мағынасын түсіндір» сынып сағатының атын шығару

Елін сүйген Елбасы (суреті)

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясын,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, - деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі "Елбасы-мақтанышым,бәйтерегім»атты сынып сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевқа арналады. Сынып сағатымызда президентіміздің өмір жолымен және тындырған істері, Тұңғыш Президент күні туралы әңгімелейміз.

І. Өмір жолы

Тұрмыс құрғанына 3 жыл өтсе де Назарбаевтар шаңырағында іңгәлаған нәресте үні естілмей қапаланады. Қазақ үшін бұдан артық қасірет бар ма? Әбіш пен Әлжан ата - баба аруағына сыйынып, Алладан бала тілеуді қош көреді. Содан екеуі Райымбек бабаның басына барып құрбан шалып, малдың етін жұртқа үлестіріп беріп, моланы 7 рет айналып шығады. Екеуі де Алладан бір ғана ұл тілейді. Құдай шын тілегенге береді деген рас екен. Сол түні Әлжан ана тамаша түс көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді.Буырқанып, дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді бірінші көруі. Түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай дедектете сүйрей жөнеледі. Әуелі су тізесінен келеді. Одан кейін беліне, мойнынан асады.Бір кезде басы көрінбей кетеді «Тұншықтым- ау» деп қорқады. Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады.Аяғы теңіз түбіне бір тиіп,бір тимейді. Өстіп келе жатып,теңіз түбінен мылтық тауып алады. Кәдімгі аңшының ұзын мылтығы. «Жақсы болды ғой, Әбішке апарып беріп, қуантайын» дейді де,мылтықты иығына асынып алады. Сол кезде мылтық иіліп,екі басы да жерге тиеді.Әлжан мылтықты тастамай,аршындай басып теңіздің екінші жағынан бір- ақ шыққан екен. Бұл түсін еті жақын туыстары «алла жар болсын,түсің жақсы екен, Құдай ұл береді сендерге» деп жориды. Қате айтпапты.

Құдай жарылқап Назарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті. Сөйтіп, 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылы,үшқоңыр жайлауында Н. Ә. Назарбаев дүниеге келген.

Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына,бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп,шөпшек теріп,отын жарған. Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алады. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті.

Тәрбиеші:Міне балалар біздің еліміз қазіргі таңда осындай дәрежеге жетті.Бүкіл әлем біздерге қызыға да қызғана да қарайды.Еліміздің көркейуіне барша қазақ халқы ат

салысып,өздерінің үлесін қосып жатыр.Ал біз өз тарапымыздан жақсы білім алып,тәрбиелі ұл-қыз атанып,Қазақстанның көркейуіне біз де өз үлесімізді қосайық.Олай болса бәріміз ойын ойнап жіберейік.

Ойын: "Елімізді көркейтейік" Қазақстан картасына балалар гүлдерді жапсырады.

Слайд көреміз.

Тақпақтар: балалар өз тақпақтарын айтады.

Аружан: Шырқап көкке аспан-ән

Болашаққа бас қадам,

Қазақ рухын биіктет

Ей,бас қалам Астана.

Нұртілек Жасағаны ел есінде,

Елбасы өзі бастаған.

Сарыарқанын төсінде,

Бой көтереді Астана.

Айбар Көздің жауын алады,

Мұражай көп,көрме де.

Шолам десен қаланы,

Бәйтерекке өрмеле.


Сондықтан Біздің Елбасымыз - өзінің білім - білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып,өз Отанының байлыққа кенеліп,гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы.Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес,1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты,Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты. Елбасы күні - елдікті еңселетіп,тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп келесі "Елтаңбасы елімнің" әнін орындай отырып тәрбие сағатын аяқтаймыз.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ел тірегі - Елбасы!

Автор: Беккужина Алима Сатаевна

Дата: 02.12.2017

Номер свидетельства: 441755

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ел ж?регі,ел тірегі-Елбасы"
    ["seo_title"] => string(30) "ielzhurieghiieltirieghiielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "266037"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1450087415"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Ел тірегі-Елбасы Т???ыш Президент к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий"
    ["seo_title"] => string(72) "ieltirieghiielbasytungyshpriezidientkunimieriekiesiniearnalganstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "261384"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449128484"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Та?ырыбы:«Ел тірегі -елбасы»"
    ["seo_title"] => string(26) "takyrybyieltirieghiielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "272365"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451970377"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Ел тірегі-Елбасы""
    ["seo_title"] => string(20) "iel-tirieghi-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "284428"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453980750"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства