kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы:«Ел тірегі -елбасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ел тірегі -елбасы» мерекелік іс-шараны? ба?дарламасы

Ма?саты:

а) О?ушылар?а ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н?рс?лтан Назарбаев туралы жан-жа?ты т?сінік ?алыптастыру, елбасыны? ?о?ам?а ж?не мемлекетке сі?ірген е?бегі, экономика мен саясатта?ы реформаларына талдау жасау ар?ылы білімдерін толы?тыру;

?) Жас?спірім балаларды? интеллектуалды? ?абілеттерін ?аза?ты? дара т?л?аларыны? жалынды жырлары ар?ылы дамыту
б) О?ушыларды елін, Отанын с?юге, ата-бабамызды? ?асырлар бойы а?сап жеткен егемен ел болуыны? ?аншалы?ты ?ымбат?а т?скенін т?сіне отырып, елімізді? Т?уелсіздігін ??рмет т?та білуге т?рбиелеу;
?діс-т?сілдері мен к?рнекілігі: жат?а монолог, ?ле?дер о?ыту, деректі фильм к?рсету, сахналы? ?ойылымда р?лдік ойын беру, плакаттар, ?н-к?й мен би шы?армаларымен к?ркемдеу т.б.

І б?лім

1 ж?ргізуші:

Серпігенде боданды?ты? т?манын,

Жетті ?лемге ?раным мен жыр-?нім.

?зі? болды? к?шбасшысы елімні?,

?зі? болды? биік ?ш?ан ?ыраным.

2 ж?ргізуші:

Келбеті?нен ізгілік н?р к?рінген,

Лебізі?нен ал арманы ?рілген.

Сені? ар?а?- ?аза?стан к?ркейіп,

Досты? ?ні шары?тайды т?рімнен!

1 ж?ргізуші:

?айырлы к?н ??рметті к?рермен ?ауым, Арда?ты а?айын, 1991 жылы 1 желто?санда ал?аш рет ?аза? ССР Президентіні? жалпыхалы?ты? сайлауы ?тіп, ол сайлауда Н?рс?слтан ?біш?лы Назарбаев ел Президенті болып сайлан?алы баршамыз?а м?лім. Я?ни, ?з та?дырын ?зі ай?ындау?а ал?аш?ы ?адам жаса?ан ?аза?стан ?шін 1 желто?сан – мемлекеттілік тарихыны? мерейлі к?ні саналу?а орны лайы?ты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы:«Ел тірегі -елбасы»»



54 негізгі мектебі



1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шараның бағдарламасы





Ұйымдастырушы: Шонанова Ж.Е.







2014 жыл



«Ел тірегі -елбасы» мерекелік іс-шараның бағдарламасы

Мақсаты:

а) Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;

ә) Жасөспірім балалардың интеллектуалдық қабілеттерін қазақтың дара тұлғаларының жалынды жырлары арқылы дамыту
б) Оқушыларды елін, Отанын сүюге, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап жеткен егемен ел болуының қаншалықты қымбатқа түскенін түсіне отырып, еліміздің Тәуелсіздігін құрмет тұта білуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдері мен көрнекілігі: жатқа монолог, өлеңдер оқыту, деректі фильм көрсету, сахналық қойылымда рөлдік ойын беру, плакаттар, ән-күй мен би шығармаларымен көркемдеу т.б.

І бөлім

1 жүргізуші:

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

2 жүргізуші:

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!



1 жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті көрермен қауым, Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұслтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғалы баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.



2 жүргізуші:

Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.




1 жүргізуші:

Олай болса бүгінгі тұңғыш президент күні мерекесіне арналған «Ел тірегі - Елбасы» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!

( Гимн айтылып, Ту әкелінеді) Сап түзел, тік тұр! ҚР мемлекеттік туы әкелінсін.



Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.


2 жүргізуші:

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектеп директоры Марат Жамантайұлына беріледі...

2 жүргізуші:

Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені! дей келе мектеп оқушыларын ортаға шақырамыз. ( Мектеп оқушыларының монтажы ) тақпақтар. (1-5 класс оқушылары.)


1 жүргізуші:

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

(слайд көрсетіледі) 1 оқушы слайдты оқиды.

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиынның 1-ші бөлімі жабық деп жарияланады.

Сап түзел, тік тұр! ҚР мемлекеттік туы әкетілсін.

ІІ бөлім

2 жүргізуші:

Ал енді қадірлі көрермен «Ел тірегі – Елбасы» атты мерекелік іс-шарамыздың 2-ші бөлімі концерттік бағдарламамызды ұсынамыз.

Құлыптаулы сыры ашылды бәрінің,

Кілттеулі болып келген еді әлі күн...

Ақ тілеумен күткен еді бұл қазақ,

Елдің жүгін көтеретін Нар Ұлын!


1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.



1 жүргізуші:

Бұл заман әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті.

(слайд көрсетіледі) (Үшқоңыр әні жіберіледі)

2 жүргізуші:

Мұқағали Мақатаевтың өлеңі «Үш бақытым». Орындайтын 8 класс оқушысы Абдуллина Аяжан.

Ал енді қазақ биімен сахнаға мың бұралған биші қыздарыңызды шақырамыз! 9 кл.

2 жүргізуші:

Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.


1 жүргізуші:

Абылайдан кейін қолымыздан сусып кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу үшін, халықтар достығын, татулықты, ынтымақтастықты күшейтетін елді бастар ер керек еді. Еңселі ел

болу елін дауға, жерін жауға бермейтін білікті басшы керек еді. Ғасырлар бойы күрестер мен жеткен тәуелсіздікті баянды ету – Нұрсұлтандай Елбасымыздың еншісіне тиді. Сөйтіп,1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР-ның Тұңғыш Президенті болып сайланды.



2жүргізуші:

Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаев тұсында жеттік.


Ендеше бүгінгі айтулы мерекеде елбасымызға қандай тілек арнасақ та жарасады. Олай болса елбасына өздерінің тілектерімен ән «Көк тудың желбірегені» сахна төрінде 1 класс оқушылары. Қарсы алыңыздар! (видео көрсетіледі)

1 жүргізуші:

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы



Сахнаға өздеріінің жеке шығармашылықтарынан елбасына арнаған « арнау»өлеңдерімен жас ақындарымызды шақырамыз.



2 жүргізуші:

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынды, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.


Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!


Алдарыңызда «Атамекен» әнімен талантты қыздарыңыз шақырамыз!



1 жүргізуші:

Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады. Елбасы сайланғалы міне жиырма жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты.

2 жүргізуші:

Иә, дұрыс айтасың Анар, тілі, салт - дәстүрі, әдет – ғұрпынан айырылудың аз алдындағы елге азғантай уақыттың ішінде асыл мұраларын қайтаруға күш салды. Қазақстанды Орта Азия барысынаайналдыру үшін Елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса қанат талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.Парасаты мен пайымы, білімі мен біліктілігі мол ел қамын жеген Президент Жолдауы болашаққа апарар үлкен жолдың бастауы.



1 жүргізуші:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз

Үлкен кіші ағайындар бәріміз

Ұлтым елім деп қайғырған ұлы жан

Сіз біздердің піріміз де әніміз





2 жүргізуші:

Туды ұстап тура жолға түсіріп

Жас отанның өмірін де түсініп

Елім жерім деп ұрандаап тайсалмай

Бір керемет жасады ау кісілік

Сахнада би 7 класс оқушылары



2 жүргізуші:

Ортақ мүдде ортақ жетістiктерге жігер­лендіруге тиіс. Бүгінде Орталық Азияда қоян-қолтық жатқан бауырлас елдердің бәрінің мүддесі біреу — ғасырлап күтіп, әзер қолы жеткен азаттықтан айырылып қалмау. Ол үшін ішкі татулықты да, сыртқы татулықты да көздің қарашы­ғындай сақтай білу керек деген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес.



1 жүргізуші

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын

Бірге: Президентім, елбасы, аман болғай

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!!

(Атамекен әні шырқалады. Барлық қатысушылар сахнаға шығады.)

Міне осымен тұңғыш президент күніне арналған мерекелік сазды кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше ел аман жұрт тыныш болғай!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы:«Ел тірегі -елбасы»

Автор: Шонанова Жулдыз Ермуратовна

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272365


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства