Ел тірегі-Елбасы Т???ыш Президент к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий
Ел тірегі-Елбасы Т???ыш Президент к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий
«Ел тірегі-елбасы»
Ма?саты:
а) О?ушылар?а ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н?рс?лтан Назарбаев туралы жан-жа?ты т?сінік ?алыптастыру, елбасыны? ?о?ам?а ж?не мемлекетке сі?ірген е?бегі, экономика мен саясатта?ы реформаларына талдау жасау ар?ылы білімдерін толы?тыру;
?) Елін с?йген, елі с?йген Елбасынан ?лгі алу?а т?рбиелеу.
б) О?ушыларды елін, Отанын с?юге, ата-бабамызды? ?асырлар бойы а?сап жеткен егемен ел болуыны? ?аншалы?ты ?ымбат?а т?скенін т?сіне отырып, елімізді? Т?уелсіздігін ??рмет т?та білуге т?рбиелеу;
?діс-т?сілдері мен к?рнекілігі:?ле?дер о?ыту, деректі фильм к?рсету,?н-к?й мен би шы?армаларымен к?ркемдеу т.б.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ел тірегі-Елбасы Т???ыш Президент к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий»
№18 орта мектебі
Сыныптан тыс
«Ел тірегі-Елбасы»
Өткізген: Ибраева А.К
«Ел тірегі-елбасы»
Мақсаты:
а) Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;
ә) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. б) Оқушыларды елін, Отанын сүюге, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап жеткен егемен ел болуының қаншалықты қымбатқа түскенін түсіне отырып, еліміздің Тәуелсіздігін құрмет тұта білуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдері мен көрнекілігі:өлеңдер оқыту, деректі фильм көрсету,ән-күй мен би шығармаларымен көркемдеу т.б.
1-жүргізуші
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
2-Жүргізуші:
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
1-Жүргізуші:
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
2- жүрг.
Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. Елбасыны құрметтейтін ерекше Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
1- жүрг.
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ, Қазақ елін мойындауда дос таңдап. Елбасының еңбегімен нұрлана Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан, Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. Мерекеңіз құтты болсын көпшілік Елбасының құрметіне жиылған!
Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Ел тірегі- Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:
Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
1-жүргізуші:
Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.
Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып,елін де әлемге жария етіп заманының аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә. Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынды, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.
Сахна төріне елбасына арналған өлеңін оқу үшін сахнаға 3 «А»сынып оқушысы Шахметова Жанаргүлді шақырамыз!
Сахнада биімен 3 «Г» сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар!
1- жүргізуші:
Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады. Елбасы сайланғалы міне жиырма төрт жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты.
2 жүргізуші:
Ендеше бүгінгі айтулы мерекеде елбасымызға қандай тілек арнасақ та жарасады. Олай болса елбасына өздерінің жүрекжарды өлеңдерін 3 сынып бүлдіршіндері де арнағалы келіпті. Қошеметпен сахна төріне шақырайық!
3 «А» сынып оқушыларының
1.Гилаж Нұрболат және Тлеуғабыл Бауырданның орындауында
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
2-Жүргізуші:
Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де.
1 жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын
Бірге:Президентім, елбасы, аман болғай
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!!
(Атамекен әні шырқалады. Барлық қатысушылар сахнаға шығады.)
Міне осымен тұңғыш президент күніне арналған мерекелік сазды кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше ел аман жұрт тыныш болғай!