Балалардың табиғат құбылысы жайлы уғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Екінші кіші сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің тіл дамытудың ашық сабағы
Тақырыбы: «Ғажайып қыс»
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы уғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Кар жамылған ағаштар, қарлар, ақкала,калта.
Әдіс-тәсіддер: Саяхат, әңгімелеу, сурақ-жауап, тусіндіру, ойын ойнау, мадақтау.
Билингвалдық сөздер: Қыз мезгілі-зимнее время, ақ-белый,боран-метель, аяз- мороз,қар- снег, қыз хан-м-зимушка,аққала-снеговик.
Шаттық шеңбер:
Қол алысып қане біз,
Достасайық бәріміз.
Армысың алтын күнім!
Армысың балабақшам,
Армысың достарым,
Сендерді көргеніме қуатыштымын!
Тәрбиеші:Балалар, бүгін күн ерекше, олай болса, таңғы сәлемімізді жолдайық. (Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі).
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі).
Далада қандай өзгерістер бар? (Қар жауып тур).
Қардың түсі қандай? (Ақ)
Олай болса, мен сендерге жумбақ жасырайын:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады.
Ол не? (Қар).
Балалар, орман жақтан желдің дыбысы естіледі ғой, мүмкін орманға саяхатқа барып қайтармыз.Жолымыз қысқарсын деп әдемі әң орындайық:
Бала, бала, баламыз,
Біз орманға барамыз.
Ормандағы қызықты,
Тамашалап қайтамыз.
Міне балалар, біз орманға да келіп жеттік. Мундағы орындықтарға отырып, дем алып алайык. Балалар, тындандаршы, ненің дауысы естіліп тұр. (Қустардың дауысы).
Қандай күстар қыстап калады? (Қарға, сауысқан, торғай, көгершін).
Балалар, біз тоңып калған сияқтымыз. Мүмкін бір ойын ойнап алармыз.
Дид/Ойыны. «Қай мезгілде болады?» Фонетико-фонематиқалық жаттығу:
Ыс-ыс-ыс келді қыс,
Ар-ар-ар үлпілдек қар,
Ты-ты-ты аяз қатты,
Ан-ан-ан соқты боран.
(Боранның гуілін естіп қыс ханшайымы келеді.)
Тәрбиеші:Балалар, қыс ханшайымы ашулы ғой.
Қыс ханшайымы: Менің аязды суық күндерімді елең қылмай тыныштығымды бұзып жүрген кім? Көрсетемін мен сендерге, казір мен сендерді қатырып тастаймын.
Қыс ханшайымы: Ой, мынау балалар неге катпайды? Балалар, мен сендерді мұз етіп қатырсам не істер едіндер?
Балалар: Қоян болып секіреміз.
Қыс ханшайымы: Қарға айналдырсам ше?
Балалар: Аю болып жүреміз.
Қыс ханшайымы: Боран болып соқсам ше?
Балалар: Отырып қаламыз.
Қыс ханшайымы: Жарайсындар балалар, ал енді сергіту жаттыығуын жасап дем алайық:
Біз орманға барайық, Түлкі шықты майысып,
Жан-жағымызға қарайық. Қоян шықты секіріп,
Аю шықты қорбаңдап, Қорықпандар балалар,
Қасқыр шықты ырылдап р-р-р Қарап-қарап алыңдар.
Қыс ханшайымы:Молодцы! Мен де ерімей тұрғанда кетейін. (Қыс шығып кетеді).
Осы кезде жылаған дауыс естіледі.
Балалар, бұл кім жылап жатқан? (Аққала балаларды көріп куанып кетеді.)
Балалар, амандасады.
Аққала, сен неге жылап отырсың?
Аққала: Мен орманда жалғызбын содан қорқып жылап турмын.
Тәрбиеші:Аққала, сен жыламашы. Біздің балалар саған тақпактар айтып береді.
Мұз айдында топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны қызыл шоқ қала,
Көзі көмір қап-қара.
Көне шелек — басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұз айдынды аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.
Қандай суык қыс дегең,
Қалтырайды құс дегең.
Құлақшынды кимесең,
Құлағынды тістеген.
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген
Бақша-бауды, тауды да
Бояған ақ түспенен.
Аяз сүйіп қарсы алған,
Жердің аппақ тұлғасы.
Қыстың айы қантардаң,
Басталады жыл басы.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жап-жалтыр боп жатады.
Ақкала: Рахмет, сендерге. Менің сендерге сыйлыгым бар, апайларың бақшаға барғасын береді. Сау болыңдар! (Аққала шығып кетеді).
Тәрбиеші:Балалар бұл кім орманда өлең айтып жатыр?
Балалар: Алдар Көсе.
Алдар Көсе: Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы.
Алдар Көсе:Менің көңіл-күйім да жақсы, өйткені мен сендерді көргеніме өте қуашыштымын. Ал балалар, өнерлерінді көрсетіңдерші.
Тәрбиеші: Бізда тақпақ пен өлен білеміз.
Аяз шымшып алады,
Боран мен жел болады.
Тұған жердің ақ қысы,
Ақ құшағын жаяды.
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбасан.
Калың орман кқар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Қырау қатып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезенді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Тәрбиеші: Кейде ұлып,кейде ысқырып,(жалғасы )
Ұйыптқып боран соғады,
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыста. Өлең «»
Алдар Көсе: Молодцы! Мен құр қол келген жоқпын, менің сүйікті қалтам бар. Мынау қалтада не бар екен? (Кар)
Қ/Қ.Ойыны: «Кім тез жинайды»
Алдар Көсе: Балалар саяхатарын өте жақсы екен. Мен енді кетейін Сау болыныздар!
Тәрбиеші: Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
Сабақты қорытып,балалар, сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма?
Балалар: Иә
-Балалар бүгін қайда саяхатқа шықтық?
- Орманға саяхатқа шықтық.
-Орманда ненің дауысың естідік?
-Орманда құстардың дауыстарың естідік.
-Кімдерді орманда кездестірдік?
- Орманда біз кездерстірдік Қыс ханшайымды, Аққаланы, Алдар Көсені.
-Біз қандай ойындар ойнадық?
-«Қай мезгілде болады», «Кім тез жинайды» және сергіту жаттығу.
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар, бүгінгі күн қызықты , жақсы өтті, сендерге көп рахмет!
Ал енді келген қонақтарға ризалығымызды,білдіріп қоштасайық.