Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік: «Күз мерекем, күз берекем»»
«Күз мерекем, күз берекем»
Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой –өрісін, тілін дамыту, жылдың 4 мезгілін айыра білу.Күз мезгілінің 3 айын атап ерекшеліктерін таныстыру. Күзгі еңбекке тәрбиелеу.Әдемі ,сазды әуенмен айтуға дағдыландыру.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді,
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді,
Кемелденді халқымыз.
Жүргізуші:
Жемісті мол теретін,
Күз дос екен біздермен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Армысыздар құрметті ата-аналар, тәрбиешілер «Жазира» тобының «Күз мерекем, күз берекем» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
-Ендеше «Жазира» тобының бүлдіршіндерін ортаға қошеметпен шақырайық.
(Балалар вальспен кіреді)
Жүргізуші: Бүгін бізге қонаққа күз ханшайымы келіпті.
Күз ханшайымы:-Салеметсіздер ме балалар!Мен, күз ханшайымымын. Мені күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардым. Онда сендер сияқты балаларды көрдім. Олар өте ақылды балалар екен.
Жүргізуші:Балалар біз күз ханшайымын төрге отырғызайық.
-Ән: «Жарқын күз»
Көрініс көкөністер айтысы:
Іңкәр:Тамара Мұханбетқалиқызы, екеуміз босқа тұрмай күзгі баққа барып көкөністер жинайық.
Тамара: Іңкәр,сен гүбірлеген дауысты естідің бе?
-Іңкәр –Ия естідім.Бұлар кімнің дауысы?
Күз ханшайымы: Меніңде кішкентай көкөністерім мен жемістерім де өздеріңнің пайдалаларын айтсын.
1Бейбарыс: Қияр.
Дәмін тілді үйірген,
Мен тұздаған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсініп.
2ДаринаКартоп
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояық,
Дауласуды тоқтатайық
3Алихан.Пияз
Боламын мен демдеуіш
Барлық барлық тағамға
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға
4Жұмабай Айару
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшкеде
5АянатҚызанақ
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсіммен,
Барма адам сүйсінсінбей,
Тамат шырынын ішпеген.
6Бекзат Қызылша
Менде бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борыш болмайды,
Венегредте үстелге.
7.Алан. Асқабақ
Іші сары сырты қатты
Дәні дәрі дәмі тәтті
Пісіп жесең астамақ
Оның аты асқабақ
8Еркежан алма
Апорт деген алманың
Таттың ба сен бал дәмін.
Апорт деген тәтті алма
Ол да өседі бақшада
9Ислам Қарбыз
Күнді сүйген қарбызбын.
Бақшадағы ырыспын
Ала жаздай су ішкен
Мен пайдалы адамға
10 Нұрхат жүзім
Жеміс-жидек жиылды,
Себеттерге құйылды
Ардақты мен жүзіммін
Мен пайдалы адамға
11Ғ.Айару құлпынай
Тапталады табанға
Сылдыр сылдыр құлпынай
Өрттей қызыл бояуға
Боялған мен құлпынай
12Айжұлдыз Шие
Көз тартады шырайлы,
Өскен қызыл шырайлы
Мен шие боламын,
Барлығына ұнаймын.
Жүргізуші: Көкөністе бәрі де
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер
Оларды жақсы көріңдер.
Жүргізші:
Барлығыңда дәмдісіңдер.
Шырқап айтар әнімсіңдер
Көз тоймайтын керемет
Дастарханның сәнісіңдер
Жүргізуші: «Дәмін татта атын айт ойын» қимылды ойын. Ата анамен
Ойын шарты: Көздері байланады, дәмін және исін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екен табады.