«Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылдық ертеңгілік
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылдық ертеңгілік»
Ташимова Бақытгүл
тәрбиеші
«Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылдық ертеңгілік
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.
Мыстан кемпір: Ха-ха. Хи-хи. Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой. Шыршаны безендендіріп мәз мейрам боп жатыр ғой. Ха- ха. Ал мен жалғыз мерекесіз, шыршасыз. Қап бәлем, қоя тұрыңдар, көрсетемін сендерге. Болдыртпаймын мерекені. Аяз атаны күтіп отырған болар.Келтіртпеймін. Аяз аталарын ертегілер елінде атасып кетеді. Ха ха –ха
Жақсылыққа келтіртпеймін
Жаңа жылға жеткізбеймін
Мен тұрғанда адамға
Мереке жоқ жалғанда
Ха-ха –ха. Хи-хи-хи
(Фан - фар ойналады, жүргізуші шығады.) Жүргізуші:
Армысың, аманбысың халқым менің Жаңа жылым, О менің Жаңа жырым
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
-Байқаймын менім алдымнан мыстан кемпірдің өткенін сезіп тұрмын. Ай, осы мыстанды-ай әйтеур бір нарсе бүлдірмесе болғаны.
Жаңа жылым, Жаңа жырым Ақтарайық әнменен көңіл сырын. Салтанатты кешіміздің қонақтарын Қарсы алыңдар, қошеметпенен!!!
Балалар ішке кіреді.
Құртақандар:
Келдік міне, бәріміз.
Жүргізуші:
Достардың барлығы, Үлгерді ме, санашы,
Әділхан:
Бір,екі,үш......
Біздің ару ,сұлу қыздарымыз қайда?
(залға қыздар кіреді)
Әділхан:
-міне енді түгендендік.
Жүргізуші:
Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге Береке ырыс келсін жерімізге. Доңыз жылын кең пейілмен қарсы алайық Қуаныш шашу шашсын төрімізге Армысыздар құрметті қонақтар,! Келе жатқан Жаңа доңыз жылы мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Кешімізді жақсы көңіл - күймен бастайық. Жаңа жыл – ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Неге десеңіздер? Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды. Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды. Бүгін де біз Ертегімен бірге саяхат жасаймыз. Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз. Бүгінгі жаңа Жылдық кешіміздің қонағы бөбекжайымыздың меңгерушісі Неталиева Лариса Қорғанбайқызын құттықтау жылы лебізімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Басталады Жаңа Жылдық карнавал Маска да бар, би де бар, асығыңдар Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Айбат
Төрекелді
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар келіңдер
Шырша тойын көріңдер
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық сағынып
Жолың қойдық жарыққып
Шыршаларға шам іліп
Жүргізуші:
Мінекей жасыл шырша
Қуаныш жалпыға
Құлпырған сүйікті шырша
Жарқыра-жарқыра!
(фея сиқырлы таяғымен шыршаны айналып жүреді барлығы айтады, шырша шамы жанады)
Алина
Жүзімізде көп қуаныш
Әр көңілде жаңа үміт
Келе жатқан Жаңа Жыл
Әкелсін көп жақсылық
Әкелсін жыл ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық,
Ән салайық жаңаша
Жаңа Жылым жаңаша!
Хормен ән: «Жаңа жыл!»
Барлығы би билейді
(Осы жерде өгей ана кіреді)
Өгей ана:
-Айна, айна, айтшы,
Тек шындықты айтшы – деп қолында айнасы бар залға кіреді. Балаларды көріп.
-Ой,мен қайда келдім?
Жүргізуші:
-Сен кімсің? Қайдан жүрсің бұл жерде. Сені мыстан жіберді ме.
Қаршақыз Өгей ана:
-Мен , Қаршақыздын анасымын. Бұл жерге мені айна ертіп келді.
Жүргізуші:
-Айна дейсің бе? Бұл не қылған айна?
Қаршақыз Өгей ана:
-Бұл менің көркімді, ажарымды, сұлу жүзімді бар әлемге жар қылатын сиқырлы айна.
Жүргізуші:
-солай ма , ендеше сиқырлығын бізге де көрсет. Біз де білейік айнаның сиқырлығын.
Қаршақыз Өгей ана:
-Айна, айна , айтшы
Тек шындықты айтшы
Бұл әлемде, ғаламшарда
Көркіне сай , ажарлы ,сұлу
Кім екен?
Айна:
- Сіз әдемісіз, күмәнсіз;
Сұлулықтың әлемі
Бірақ Мәртебелі патшаның
Қаршақыз атты ханшайым
Сізден де ажарлы, сұлу, әдемі.
Қаршақыз Өгей ана:
-жоооқ, жоқ, ол қалай? Қалайша Қаршақыз меннен әдемі. Мүмкін емес.
Қаршақыз келеді.
- Ертегі әлемі, неткен әдемі!
Армысыңдар, балалар,
Армысыздар, ата-ана.
Қуана жеттім сіздерге,
Асыр салып, шаттана.
Келдім мен Ертегілер елінен
Сіздермен бірге
Жаңа жылды тойлауға.
Жүргізуші: Балалар!
-Қош келдің Қаршақыз!
Қаршақыз:
-Қараймын менің сіңлілерім де бар екен. Мына Әсем, көркі өзіне сай бұл не?
Балалар:
-шырша!
Жүргізуші:
-Қаршақыз жаңа ғана сенің анаң іздеп кетті!
(Осы жерде өгей ана кіреді)
Қаршақыз Өгей ана:
-А, Қаршақыз сен мында жүрсің бе?
Қаршақыз:
-Ия анашым сіз де келіпсіз ғо
Жаңа Жылды тойлауға.
Қаршақыз Өгей ана:
-Мен Жаңа Жылды тойлауға емес мына сені іздеп келдім.
Қаршақыз:
-не болды анашым? Патша ренжіп жатқан жоқ па? Мен енді есейдім . Бүгін мерекелік шырша кеші болып жатыр деген хабарды естіп әдейіліп келдім. .Осы жасқа келгенше тек патша сарайынан басқа еш нәрсені көрмеппін. Анашым ренжімеңізші, рұқсат болса балалармен бірге шырша тойын тойлайыншы. Патшаға айтпаңызшы?
Қаршақыз Өгей ана:
-Мен де солай ойлаймын Қаршақыз. Сенің орның хан сарайы емес. Патшаға айтпаймын. Сенің бұл тойда жүргеніңді тек ғана мен білетін боламын. Ал ендеше мен сарайға оралайын. Мынау саған. Тек ғана саған арналған, ұмытпа,ешкімге жегізбе тек ғана саған арналған есіңе сақта. Хош сау бол, Қаршақыз. Енді сен ікөрмейтін болармыз. Келші құшағыма алайын.
-Оййй мына алманың әдемісін-ай, иісін-ай, дәміде сондай тәтті болар?
(қаршақыз алманы жеп қалып, оның улы екенін сезіп)
-ой, анашым сіз маған не беріп кеткенсіз, басым сонша қатты айналып тұрғаны.- деп орындыққы отырады да ұйықтап кетеді.
Қаршақыздар жүгіріп келіп
--ой-ой-ой апатай сізге не болды? Не істейміз? Кімді көмекке шақырамыз? Құртақандар қайдасындар?
Құртақан келеді:
-кәнекей былай тұрыңдар не болды, не айқай?
Қаршақыздар:
-Апатайымыз қатты ұйқыға кетті. Оятсақ тұрмайды. Бізге көмек керек.
Құртақан:
-Кәне көрелік? Ішін тыңдап тұрып .... Бұл жерде сиқырдың болғаны анық Қаршақыз мәңгілік ұйқыда.
Қаршақыздар:
-Сонда бізге кім көмектеседі.
Жүргізуші :
-Қаршақыздар мұңаймаңдар. Менің сиқырлы таяғым бар емес пе. Сол бізге көмектеседі, барлық қиындықты жеңіп шығады.
(сиқырлы таяымен түртеді, Қаршақыз оянып кетеді)
Қаршақыз: - Ой ,рахмет құртақандар, сіңлілерім, Фея апке. Сендер болмаганда ....ой-ой не болар еді. Мен анашыма сеніп жүрсем.
Жүргізуші: Қаршақыз сен мұңайма. Бізбен бірге Жаңа Жылда тойлап, көңіл көтер.Балалар, шыршамыздын тойына Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді. Кәнекей дауыстап Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық! Қаршақыздың көңілі көтерілсін. Бәрі.
Қоңырау үні сыңғырла Аяз ата, Ақшақар Біз Сендерді сағындық Аяз ата, ақшақар 3 - рет (әуенмен бірге Аяз ата, Ақшақар келеді) Аяз Ата: Құтты болсын, балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз, ұлдарым өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт - жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Ән айтайық, би билейік.
Шеңбер құрып тұрайық,
Жаңа жылды қарсы алайық!
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, алыс жолдан келдіңіздер. Әсем әні де, биі де бар Шаршадым деме Аяз ата, Ақшақар
Аяз Ата:
-Жо-жоқ балалардың өнерін көріп бір демалып қаламыз.
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
«Шырша жыры» әні Аяз ата: Ой , Жарайсыңдар, өнерлі екендерін көрініп ақ тұр! Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да, ән де биді де жақсы біледі
Аяз ата
Айта берсек таусылмас Жаңа жылда жаңа жыр Кел оданда, балалар Ойын ойнайық жаңаша.
«Мұз мүсіндер» ойыны
Ал, балалар, балалар
Маған құлақ салыңдар
Бәрін тыңдап алыңдар
Үш рет таяқ ұрғанда
Мұз боп қатып қалыңдар.
Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын-жарқын ән салып
Жалғасады жырға –жыр.
Толағай
Дамир
Алдияр
Сақалының ұзынын-ай
Саудыраған мұзын-ай
Жарқыраған оттары-ай
Жаңа жылдық қызығы-ай
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймызтой жылда біз
Жарқын-жарқын ән салып
Жалғасады жырға-жыр
Жүргізуші;
Жүзімізде күлкі ойнап Қанаттанды бәріміз Жаңа жылды біз тойлап Би - билейміз бәріміз
-кәнекей құртақандар шығайық ортаға.
Би: «Гномик»
Жүргізуші: Ата біздің балалар ағылшын тілінде тақпақтар айта алады
Айша
Бержан
Қайсар
Э Хаппи нью ие
З Дэй из соу клеа
З Сноу из соу уайт
З Скай из соу брайт
Э Хаппи нью ие фо ми
Э Хаппи нью ие фо ю
Э Хаппи нью ие фо эвируан
З Этс уат ай уиш ай ду
Нью синг ту лерн
Нью френд ту мит
Нью сингс ту до
Ин зис нью ие
Би «Қаршақыздар»
Сағат үні соғылып. Доңыз кіреді.
Аяз ата: Міне Жаңа жылымызда келді. Балалар қарсы алыңдар.
Жаңа Жыл Доңыз:
Армысыңдар халайық!
Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Туғызам айды бүгін мен,
Күлімдеп күн шығады.
Әлемнің нұр шуағы,
Әкелдім бейбіт күндіЖаңа жылды
Қуаныштымын мен бүгін.
Доңыз жылы мен боламын
Ақшақар:
Қош келдің Жаңа жыл бүгін елімізге,
Жүргізуші:
КелгенЖыл доңыз жылы құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
- Балалар, Жаңа жылды ортаға алып «Қош келдің Жаңа жыл» әнін айтады.
Жүргізуші: Аяз Ата бүгінгі шырша тойынаата –аналарымызда қатысып отыр келесі құттықтау сөз кезегін ата –аналарға берейік.
Аяз ата: (көңілденіп ата-аналарға рахметін айтып)
Жаңа жыл келіп ортаға
Бәрімізбен қауышты
Сыйлығым дайын меніңде
Бөліп берем бәріңе.
Жүргізуші:
Қандай жақсы біздің аяз атамыз
Ол кеткенде терең ойға батамыз.
Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда
Құс жолымен ән сап бара жатамыз.
-Аяз Ата бізбен бірге би билеңіз қоштаса.
Флешмоб
(балалар би билеп жатырғанда сыйлйқтар таратады)
Сыйлықтар таратады.
Аяз Ата:
Жаңа жылда бақытты күндерің көп болсын. Ал енді менің сендермен қоштасатын уақытым болды. Қош сау болыңдар балалар.