kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ертегілер еліне саяхат" атты 2019 жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылдық ертеңгіліктің сценарийі

Қатысушылар:

Ертекші: Дәрменқұлова Ләззат-мұғалім

Аяз – ата-ата-ана

Ақшақар-Жайлау Айзере 2 А сынып оқушысы

Айсұлу-Қитаманова Әсем-мұғалім

Жын-Нұрланұлы Ерасыл- 2 А сынып оқушысы

Алдар көсе-Асауова Гүлсім-мұғалім

Жезтырнақ-Отаралиева Бақытжан-мұғалім

Сайқымазақтар-Сатаева Бағдат-мұғалім,Әмитова Айдана-мұғалім, 3 ата-ана

Доңыз-Ізбасаров Айсұлтан-2 Б сынып оқушысы

Ит- Райымбек Нұрислам-1А сынып оқушысы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ертегілер еліне саяхат" атты 2019 жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігі»

5 мектеп-лицей







Ертегілер

еліне саяхат

(2019 жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігінің сценарийі)



Жауаптылар:

1 А сынып Асауова Г.Қ.

2 А сынып Дәрменқұлова Л.Ж.

2 Б сынып Сатаева Б.А.








2018-2019 оқу жылы


«Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылдық ертеңгіліктің сценарийі

Қатысушылар:

Ертекші: Дәрменқұлова Ләззат-мұғалім

Аяз – ата-ата-ана

Ақшақар-Жайлау Айзере 2 А сынып оқушысы

Айсұлу-Қитаманова Әсем-мұғалім

Жын-Нұрланұлы Ерасыл- 2 А сынып оқушысы

Алдар көсе-Асауова Гүлсім-мұғалім

Жезтырнақ-Отаралиева Бақытжан-мұғалім

Сайқымазақтар-Сатаева Бағдат-мұғалім,Әмитова Айдана-мұғалім, 3 ата-ана

Доңыз-Ізбасаров Айсұлтан-2 Б сынып оқушысы

Ит- Райымбек Нұрислам-1А сынып оқушысы


Керекті жабдықтар: Түрлі-түсті жанатын 70 шар, сиқырлы шам, сиқырлы таяқ

Музыкалық нөмірлер:

Би:

  1. Сайқымазақтар биі- Ата-аналар мен 1 А сынып оқушылары

  2. Қаршалар биі- 1 А сынып оқушылары

  3. Ұлпа қарлар биі-Ата-аналар мен 2 А сынып оқушылары

  4. Чунга-чанга биі-Ата-аналар мен 2 А сынып оқушылары

  5. Қуыршақтар биі- 2 Б сынып оқушылары

Ән:

  1. «Ертегілер елінде» әні- 2 А сынып оқушысы Мұханбетсадық Арайлым

  2. «Қош келдің Жаңа жыл» әні- 1 А сынып оқушысы Ертөстік Асыл

Хоровод:

  1. Жаңа жыл

  2. Орманда шырша туыпты

  3. Зырлайды шанамыз

  4. Шырша жыры

  5. Келді міне жаңа жыл

Ойын:

  1. «Көршіңді тап» ойыны

Барысы:

Ән:Жаңа жыл

Көк шыршамыз ырғалып  
Жатыр дала- қыр нағып 
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып ! 
Жарасатын еліме , 
Төрлет жылым төріме ! 
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне ! 
Қайырмасы : 
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! 
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр . 
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! 
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр. 
Шыршамызға шам жағып, 
Қараймыз ғой тамсанып, 
Би билейік , ал кәнекей ән салып ! 
Аяз ата әніміз, 
Ақшақарың сәніміз , 
Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз! 
Күлімдесін күніміз , 
Жалындасын жүзіміз , 
Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз ! 
Жаңа жылым шаттығым, 
Арайланып атты күн, 
Тілейікші елімізге сәтті күн .!

(Оқушылар қолдарына жанатын шар ұстап, билеп, ән айтып шығып, шыршаны айналып тұрады) Ертекші:Армысыздар ағайын! Бүгін үлкен мереке. Жаңа жыл мерекесі. Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күй мен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

Ән: «Ертегілер елінде» Орындайтын: 2 А сынып оқушысы Мұханбетсадық Арайлым

(Ата-аналар әр түрлі аңдардың киімін киген ортаға шығып билейді.)
-Балалар ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше ертекші апайларың сендерді орманға шақырады.

Хоровод: «Орманда шырша туыпты»

Орманда шырша туыпты,

Орманда өсіпті.

Қысы-жазы бой көтеріп,

Жап-жасыл болыпты.

Енді ол болып көрікті,

Қонаққа келіпті,

Және көптеген қуаныш,

Балаларға беріпті.

Аппақ қоян, қорқақ қоян,

Шырша астында жатыр.

Ашулы қасқыр, аш қасқыр,

Аңдып оны жатыр.

2 б ГүлназЕртегі әлемі, неткен әдемі!

Жасыл шырша жанында барлық достар жиналды

Қане балақай байқашы, мән беріп қарашы

Достардың барлығы, үлгердімесанашы.

1а Нұрхан Армысыңдар халайық!

Бармысыңдар халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!

2 аМәди Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық

Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық

Құттықтаймыз келер жылды алдағы

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық

Ертекші:Балалар, ендеше ертегімді бастайын.

(Сахна сыртында жезтырнақтың даусы естіледі.) Жезтырнақ: Ха-ха. Хи-хи. Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой. Шыршаны безендендіріп мәз мейрам боп жатыр ғой. Ха- ха. Ал мен жалғыз мерекесіз, шыршасыз. Қап бәлем, қоя тұрыңдар, көрсетемін сендерге. Болдыртпаймын мерекені. Аяз атаны күтіп отырған болар.Келтіртпеймін. Аяз аталарын ертегілер елінде адасып кетеді. Ха ха –ха Ха-ха –ха. Хи-хи-хи
Ертекші: Бұл кім болды екен балалар. Балалар еш қорықпаңдар орманда әр түрлі ертегі кейіпкерлері кездеседі. Бәріміз бір болсақ ертегідегі зұлымдықты бірге жеңе аламыз ғой ия балалар?

Ал балалар Аяз атаны шақырайық қонақтарымызды ертегілер еліне алып барсын. Кәнекей бірге шақырайық: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.

(Жәй баяу, мұңлы әуен ойналып көңілсіз Ақшақар шығады)

Ертекші: Ақшақар не болып қалды, неге жылайсың? Бүгін мереке ғой.

Ақшақар: Сәлем достар. Қиын жағдай болды. Біз Аяз ата екеуміз жаңа жыл қарсаңында сендерді қуантайық деп сыйлық әзірлеген едік. Кенет қатты, зілді боран соғып, бізді жан жақтағы ертегілер әлеміне алып кетті.Ал енді мен Аяз атаның қай жерде, қай ертегіде жүргенін білмеймін.

Ертекші: Ақшақар қайғырма, мұңайма. Көз жасыңмен қайғыңды жеңе алмайсың. Қарашы міне біз көппіз. Аяз атаны құтқарамыз. Солай емеспе балалар. Ал балалар Аяз атаны құтқару үшін қиын белестерден, ормандардан, жаман күштерден өтуден қорықпаймыз ба? Ендеше қол ұстасып, Аяз атаны табу үшін ертегілер еліне саяхатқа шығайық. Жол алыс балалар әндетіп барайық. Кәнекей кеттік.

Хоровод: Зырлайды шанамыз

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты.

Аппақ боп үстіміз,

Ақ қырау жабысты.

Алғашқы ақша қар,

Бетінде із қалды.

Жүйткиді ақ шанам,

Алға ұстап ызғарды.

Мейлі күн суытсын,

Зырлайды шанамыз.

Аяз не біз үшін?

Шыныққан баламыз.

Зырлай түс ақ шана,

Бөгет жоқ бізге еш.

Көрсін дос басқа да,

Шаршайтын біз емес.

(Балалар шыршаны айнала тұрады. Ортаға шыршаны айналып жезтырнақ жүгіріп шығады.)

Жезтырнақ: Тоқта, тоқта, қайда асығасыңдар! Қайда барасыңдар? Сендер менен рұқсат сұрамадыңдар ма? Мен жүз мыңдап ертегілер елінде өмір сүрем, сендерді ол жерге кіргізбеймін. Естідіңдерме ............

( Жезтырнақ ғайып болады) Ертекші: Бұл не сұмдық! Сен бізді қорқыта алмайсың. Жезтырнақ. Біз бәрібір Аяз атаны табамыз.. Солай емеспе балалар! Бірақ шыршамыз жанбайды, қараңғыда адасып кетуіміз мүмкін ғой. Енді қайттік.

(Әуен ойналады, Айсұлу шығады.) Ертекші: Сәлеметсізбе сұлу ханшайым. Атыңыз кім болады?

Айсұлу: Сәлеметсіздерме балалар! Мен ертегілер әлеміндегі ханшайым Айсұлумын. Неткен бәрің әдемісіңдер, сәнді киініпсіңдер. Бірақ неге көңілсізсіздер?

1 а ГүлімАйсұлу ханшайым бізде қиын жағдай болып тұр. Жезтырнақ мерекемізді бұзып, шыршамыздың жарығын сөндіріп, бізді ертегілер еліне кіргізбеймін деп қорқытты.

1 а Диас Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Аяз атаны табуымыз керек, әйтпесе жаңа жылымыз басталмайды.

Айсұлу: Достар мен сендерге ертегілер еліне тез жетуге көмектесемін. Шыршадағы жарықты жандырып, жұлдызшалар сендерге жол көрсетсін. Ол үшін сиқырлы сөзді айтып үрлеуіміз керек.

Мінекей жасыл шырша

Қуаныш жалпыға

Құлпырған сүйікті шырша

Жарқыра-жарқыра!

(Балалар бәрі бірге)

Құлпырған сүйікті шырша

Жарқыра-жарқыра!

(Бәрі бірге қайталайды. Айсұлу сиқырлы таяқпен үрлейді. Шырша жанады. )

2 б Ұлықбек Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Би: Ұлпа қарлар биі Ата-аналар мен 2 А сынып оқушылары

Ертекші: Балалар бәрі жақсы болды. Бірақ уақыт тығыз. Жаңа жылда келіп қалды.Біз аяз атаны тауып алуымыз қажет қой.

Айсұлу: Мен сендерге көмектесемін. Бұл қиын емес. Менде сиқырлы шам бар. Сіздерге қажет болып қалар. Бірақ есте болсын, шам тек жақсы адамның қолында болуы тиіс, әйтпесе қиын болуы мүмкін.. Ал енді менің уақытым болды. Кетуім керек. Сау болыңдар балалар.

(Айсұлу ханшайым сиқырлы шамды ертекшіге беріп кетеді)

(Әуен ойналады, Айсұлу кетеді)
Ертекші және балалар: Сау бол Айсұлу.

(Әуен ойналады сайқымазақтар кіреді)

Сайқымазақтар:ООО не деген әсем шырша, қандай әдемі балалар. Мына жерде не болып жатыр балалар?

Балалар бірге: Жаңа жыл

Ертекші: Саламатсыздарма сайқымазақтар ! Бізде бүгін үлкен мереке еді. Бірақ біз Аяз атамыздың қай ертегіде жүргенін біле алмай көңілсіз болып тұрмыз. Мыстан кемпір балалардың жаңа жылды тойлауына кедергі жасап жүр.

Сайқымазақтар: Енді түсінікті балалар біз сендерді неге көңілсіз деп ойласақ. Біз сендерге көмектесеміз.

Би: Сайқымазақтар биі Ата-аналар мен 1 А сынып оқушылары

Ертекші:Сайқымазақтар сендер біздің көңілімізді көтергенмен, аяз атамызды табуға еш көмектесе алмайсыңдар. Бізге Айсұлу ханшайымның сиқырлы шамы көмектесер. Ой балалар, біз сиқырлы шамды қалай қолданатымызды сұрамадық қой. Енді не істейміз. Сендер білесіңдер ме? Қалай қолданамыз. Мына жерде бір нәрсе деп жазылып тұр ғой. Бірақ түсініксіз екен. (Шамды сүртеді.)

(Сахнаға әуенмен сиқырлы шамның ішіндегі Жын келеді.)
Ертекші: Сен кімсің?

Жын: Мен Жынмын. Сиқырлы шамның құлымын.

Ертекші: Мүмкін сиқыршы шығарсың ?

Жын: Мен сиқыршыдан да мықтымын. Әрі күштімін. Қалаған тілектеріңді орындаймын.

Ертекші: Құрметті Жын бізде жаңа жыл мерекесі келе жатыр, ал біз Аяз атамыздың қай ертегіде жүргенін білмейміз. Аяз- атасыз мерекеде басталмайды. Аяз- атаны табуға көмектесе аласың ба ?

Жын: Көмектесейін. Бірақ, бір өтінішім бар. Мен мың жылдап мына шамның ішінде отырып әбден ішім пысты. Бір көңілімді көтерсем деймін. Қандай өнерлерің бар?

Би: Қуыршақтар биі 2 Б сынып оқушылары
Жын: Ой, көңілімді бір көтеріп тастадыңдар ғой. Рахмет сендерге. Енді алғысымды білдіретін уақыт келді.

(Әуен ойналады жезтырнақ кіреді.) Жезтырнақ: Болдыртпаспын. Ертегіге келтіртпеспін. (шамды ұрлайды) (жын да кетеді шаммен)

Мен енді сиқырлы шамның иесімін. Не қаласам сол болады. Ха-ха-ха. (кетеді.)

Ертекші: Міне қайғы. Енді не істейміз. Сиқырлы шам да, Жын да көмектесетін ешкім жоқ.

(Әуен ойналады, Алдар көсе ән айтып кіреді)

Ертекші: Балалар келе жатқан кім? Сендер танисыңдар ма ?

Алдар көсе: Охо-о-о, Мына жерде қонақтар көп екен ғой. Барлықтарың қандай әйбатсыңдар. Ой мен өзі қайда келдім. Қандай мереке болып жатыр.

Ертекші: Сәлеметсіз бе Алдар көсе. Бізде жаңа жыл мерекесі. Бірақ Аяз атамыз жоқ. Жағдайымыз қиын болып тұр. Жезтырнақ Аяз атамызды қай ертегіге апарып тастағанын білмейміз. Жын көмектесем деп үлгере алмады. Жезтырнақ сиқырлы шамды ұрлап кетті. Алдар көсе сен өз ертегіңде Аяз атаны көрмедің бе?

Алдар көсе: Жұмбақтап ізденгенше Жезтырнақтың өзінен сұрайықта. Аяз атаны қай ертегіге тығып қойғанын білейік. Бірақ мен сендердің Жезтырнаққа қарсы тұрып, қорықпай мықты болатындықтарыңа сенімді болуым керек.

Ертекші: Оған қам жемеңіз Алдар көсе. Бізде үрейлендіріп қорқыта алатын, еш нәрседен қорықпайтын балаларымыз бар. Ендеше солардың өнерін тамашалайық.

Би: Чунга-чанга Ата-аналар мен 2 А сынып оқушылары

Алдар көсе: Ал балалар сендерге көмектесетін уақыт келді. Менің домбырам сиқырлы. Жақсы адамға көмектеседі. Жамандарды жазалайды. Кәзір мұны өздерің көресіңдер.

(Домбырада ойнайды бәрі билейді, жүгіріп, билеп Жезтырнақ кіреді.)

Жезтырнақ: Бұл не сұмдық. Тоқтат жаныңның барында. менің билегім келмейді. Тоқтат деймін әйтпесе сиқырлы шамдағы Жынға айтамын, көздеріңді жояды.

(Алдар көсе ойнағанын бірден тоқтатады, Жезтырнақ орындыққа құлайды.)

Алдар көсе: Құрметтім сен не дедің. Мен шалыс естідім бе? Бұл кімге жаман болады. Кәне балаларға Аяз атаны қайтар.

Жезтырнақ: Ойламаймын да! Болдыртпаймын мерекені! Кәне бәрің үйлеріңе қайтыңдар. Кәзір қара күштерімді жіберсем.

Алдар көсе: Не дедің? Қап бәлем қоя тұр!

(Домбырасын ойнайды. Жезтырнақ та, балалар да билейді, Алдар көсеге жақындап домбыраны тартып алуға тырысады, бірақ ала алмайды.)

Жезтырнақ: Жарайды, мен келістім. Аяз атаны қайтарам. әуенді тоқтатыңдар.

Түф, сүф,сүф, дарадай.

Күйген бақа қапшық ай

Қырғи, тырғи,

Ащысыз, тұссыз

Сыбырлап, сиқырлаймын

Тұздаймын бұрыштаймын.

Айтқанымды орында

Айға апарып тастаймын

Алдар көсе: Не дейсің?

Жезтырнақ: Жәй әзілдедім. Аяз атаны залға шақырып жатқаным ғой.

(Әуенмен жезтырнақ ғайып болады)

(Аяз ата келеді) Аяз ата: Саламатсыңдар ма балалар!

Армысыңдар қадірлі қонақтар!

Жезтырнақты жеңіп, мені құтқарғандарыңа үлкен рахмет!

Ақшақар: Ата мен сізді таба алмай орманда қатты қорықтым. Сосын мына балаларға жолықтым.

Аяз ата: ООО менің қызым да осында жүр екен ғой. Ой айналайын мен де сені адасып кетеді ау деп қатты қорқып едім. Жарайсыңдар балалар менің қызымды қастарыңа бірге алып жүргендеріңе ризамын.

Ал балалар Жаңа жылды қарсы алып,

Қуанышпен шаттыққа кенелейік

Жадырап ән шырқап тербелейік.

Кел жаңа жыл, шық жоғары төрлет төрімізге

Береке бірлік әкел елімізге

Ертекші:Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар 
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар 
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар. 

1 а: Дамир Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз біз тойда біз.

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

2 а: Адия Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер.
Шырша тойын көріңдер.
2 б: Сәулет Тақпақ, өлең жаттады,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.
2 б: Қайсар Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.

1 а: Айбат Ойыншықтар мұншама,

Кім ілді екен соншама.

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, ән айтамыз,

Би биле, тұрма енді.
Ертекші:Аяз ата мен ақша қардың құрметіне әсем әнімізді арнайық.

Хоровод: Шырша жыры

1.Қане достар тұрмайық

Қарсы алайық жыл басын

Қызықтан бос қалмайық

Шырша жыры самғасын

Қ-сы Ал достарым келіңдер

Келді аяз атамыз

Биде билеп беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Шырша жырын айтамыз

2.Құтты болсын жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса

Жанында аяз ата жүр

Қуанады балаша

3.Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын

3-бала Ильяс Балалар, ертекші апай біз сиқырлы шам туралы ұмытып кетіппіз ғой. Аяз ата Жезтырнақ сиқырлы шамды ұрлап әкеткен. Егер шам жаман адамның қолына түссе өте қиын болады.

Аяз ата:Бұны болдыртпай, сиқырлы шамды қайтару керек.

Ақшақар: Қайтаруымыз керек. Бірақ қайда барып, қайдан іздейміз Жезтырнақты. Қап әттеген-ай, Менің қалауыммен Жезтырнақ көрін көзіме десең, Көрінсе ғой -ә.

Аяз ата: Бұны болдыртуға болады. Ұмытпаңдар! Менде сиқыршымын ғой. Кәнекей немерем берші маған сиқырлы таяқшамды.

Желдетіп, борандатып ойнаңдар

Иіліңдер ақ қайынмен шыршалар

Менің барлық орманымның ішінен

Жезтырнақты тауып алыңдар

(Сахна ашылады Жезтырнақ шамды сүртіп отырады)
Жезтырнақ:Шық

Жын:Шықпаймын

Жезтырнақ:Шық деймін!

Жын:Шықпаймын.

Жезтырнақ: Мен шамның иесімін, айтқанымды орындауың керек.

Жын: Әміріңізге құлдықпын.

Аяз ата: Мұнда екенсің ғой. Кәне тез қайтар шамды.

Жезтырнақ: Ойламаймында! Сендер бәрің қорқатын боласыңдар! Мен шамның иесімін. Не қаласам Жын орындайды. Шыршадағы жарық сөнсін. Ха-ха-ха.

(Жарық өшеді) Аяз ата: Ал біз бәріміз бірге үрлеп шыршаны жағамыз!

(Балалар Аяз ата бәрі шыршаны үрлейді шырша жанады)

Жезтырнақ: Олай болса, Аяз саған ауру жіберем, беліңнен ұстасын.

(Аяз белін ұстап қалады.)

Аяз ата: Ой оңбаған. Ойбай белім- ай. Кәне таяқшам 1,2,3 Аязыңнан ауруыңды аластат.

Жезтырнақ: Бәрібір жеңе алмайсың! Менен мықты, күшті жоқ.

Аяз ата: Сен күшті емессің. Сенен қорықпаймын. Сенен мықты Жын.

Жезтырнақ: Онда мен күшті Жын болғым келеді.

(Әуен ойналады, Жезтырнақ ғайып болып, Жын қалады.)

Аяз ата: Жезтырнақты алдап жеңдік. Жын сен енді сиқырлы шамнан босадың. Енді шамның құлы басқа. Зияны басқаға тимес үшін шамды Солтүстікке алып кетем. Қызым мына шамды қапшығыңа салып қой.

(Ақша қар шамды қапшыққа салып қояды)

Ертекші: Аяз ата ақша қар балалармен ойын ойнауға қалай қарайсыздар?

Аяз ата: Жарайды балапандарым.

Ойын: «Көршіңді тап» (қар жауды , шырша, жылан, көршіңді тап)

Шарты: Ойынға аяз ата мен ақша қар шығады. Ойын жүргізуші «Қар жауды» деген кезде орындарында тұрып билейді. «Шырша» деген кезде екеуі бір-бірлерінің қолдарын ұстап айналады, «Жылан» деген кезде бір-бірлерінің артында тұрып шыршаны айналып келеді, «Көршіңді тап» деген кезде Аяз ата ересек адам алып шығу керек (ол ата-ана немесе мұғалім болуы мүмкін), ал ақша қар оқушыны алып шығады. Сөйтіп ойын ортаға барлық кешке қытысып отырған адамдар шыққанша қайталанып, жалғаса береді.

Аяз ата: (Шаршап орындыққа отыра кетеді.) УУУф- Балаларым мен әбден шаршадым. Бірақ осыншама жасқа келіп, сендермен билеп, бір көңілім көтеріліп қалды. Жарайсыңдар балаларым.

Ертекші: Аяз ата жаман күшті біз жеңдік. Жынды босаттық. Ал жаңа-жылымыз әлі келген жоқ. Қалай болады енді.

Жын: Жаңа жылымыз міндетті түрде болады. Сендер сиқырға өздеріңнің кішкентай сиқыршы екендеріңізге сенесіңдер ме? Кәнекей бәріміз саусақтарымызды сықырлатып алқанымызды үрлесек сол кезде жаңа жылымыз келеді.

(Саусақтарымен сықырлатып, алақандарымен үрлейді.)

(Әуен ойналады, шыршаны айналып Доңыз кіреді,)

Ақша қар: Міне Жаңа жылымызда келді. Балалар қарсы алыңдар.

Доңыз:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Мен Доңыз келіп қалдым ортаңызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Армысыңдар балалар, армысыңдар жамағат.

Ертекші: Балалар келген жаңа жылымызға  арнап ән айтайық.

Хоровод: Келді міне жаңа жыл

Келді міне жаңа жыл

Шаттық сыйлап әр үйге

Жаңа бақыт жаңа нұр

Үлкен кіші сәбиге

Жаңа жауған ақ ұлпа

Қар жамылды даламыз

Балаларды сағынта

Келді аяз атамыз

Айдай ару ақша қар

Көмекшісі сол екен

Аяз ата ақ сақал

Сыйлықтары мол екен

Қандай сұлу шыршамыз

Ортамызда тұр жайнап

Жаңа жылда баршамыз

Шаттанайық кел ойнап

2 а: Еркеназ Ж Армысың, аманбысың Жаңа жылым
Жаңа жылым, о менің жаңа жырым
Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт, ырысым
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
2 б: Нұргелді Кел Жаңа жыл, төрле, төрле жеріме,
Құт, береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
1 а: Диас Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға,
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
2 а: Гүлденай Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышты келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
1 а: Шынарым Мерекеміз жаңа жыл,
Тойында қызық думан бар!
Жаңа жыл - бұл жаңа өмір,
Сайранда туыс - туғандар!
2 б: Ролан Бақытты болып жыл сайын,
Осылай басты қосайық.
Ашық боп аспан әрдайым,
Тыныштық тойын жасайық!

Ақшақар:Аяз ата, балалар. Жаңа жылымыз келді. Ендеше Ит жылымен қоштасатын кез де келген сияқты.

Ит: Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Қоштасамын мен бүгін

Жасадым көп жақсылық

Балалар: Хош бол Ит жылы!(Ит кетеді)

Доңыз: Биылғы жылда жеткен жетістіктердің санына жету мүмкін емес сияқты. Айта берсем, Ит бауырымның жеткен жетістіктері көп екен. Маған да Итбауырымның жолын берсін.

Ақшақар: Төрле, төрле құтты жыл

Қуаныштан айтылады әсем жыр

Балалардың бақытында шек болмай

Жүректері қуаныштан толқып тұр.

Би: Қаршалар биі 1 А сынып оқушылары

Аяз ата: Жаңа жылда бақытты күндерің көп болсын. Ал енді менің сендермен қоштасатын уақытым болды.

Ақша қар:Тыңдаңызшы  ата сіз мені

Ұмыттыңыз сіз нені?

Аяз ата:О,қызым есіме салғаныңа рахмет

Жезтырнақтың көзін жойып,

Онымен бір қоштастық.

Жаңа жыл келіп ортаға

Бәріміз бірге қауыштық.

Сыйлығым дайын менің де

Бөліп берем бәріңе.

(Аяз ата мен Ақша қар қапшығыңдағы тәттілерді балаларға үлестіріп береді )

2 а: Ерасыл Құтты болсын жаңа жыл, барша халық, 
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. 
Бірімізге шынайы тілек тілеп, 
Бар әлемге бақытпен жар салайық! 

2 б: Айкөркем Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық, 
Жаса, жаса достық бірлік туыстық. 
Құттықтайық жаңа жылды өнермен, 
Қуаныштың әр минуты тым ыстық. 

Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Менің қызымды тауып бердіңдер. Ал енді біз жолға шығайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

Балалар :Сау болыңыз аяз ата, ақша қар.

Ертекші:

Қандай жақсы біздің аяз атамыз

Ол кеткенде терең ойға батамыз.

Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда

Құс жолымен ән сап бара жатамыз.

Ертекші:

       Келді тағы жаңа жыл

       Қуантумен біздерді

       Құтты болсын қуаныш

       Құттықтаймыз сіздерді

Ән: «Қош келдің Жаңа жыл» әні- 1 А сынып оқушысы Ертөстік Асыл



Жаңа жыл кешіне оқушылардың қатысымы


Оқушының аты-жөні


Киетін костюмі

Номері

Класс

1

Абдол Ержан

Сайқымазақ

Би

1 а

2

Берік Нұрхан

Сайқымазақ

Тақпақ

1 а

3

Болатбай Айбат

Гном

Би, тақпақ

1 а

4

Ерсұлтан Расул

Аязата

Би

1 а

5

Ерсұлтан Нұрхан

Сайқымазақ

Би

1 а

6

Ертөстік Асыл

Қызыл телпек

Ән

1 а

7

Жайбергенов Дамир

Пират

Тақпақ

1 а

8

Жәнібекова Ақниет

Ақшақар

Би

1 а

9

Жолдасбай ГауҺар

Ақшақар

Би

1 а

10

Жылқыайдар Бағжан

Сайқымазақ

Би

1 а

11

Зинелов Диас

Сайқымазақ

Би

1 а

12

Қалмырзаев Диас

Ноян

Тақпақ

1 а

13

Марат Алихан

Сайқымазақ

Би

1 а

14

Мұрат Жеңіс

Сайқымазақ

Би

1 а

15

Мұратбекова Мадина

Ақшақар

Би

1 а

16

Райымхан Нұрислам

Ит

Тақпақ

1 а

17

Оспанова Гүлім

Қуыршақ

Тақпақ

1 а

18

Орынбасаров Нұрсәт

Сайқымазақ

Би

1 а

19

Серік Әлішер

Сайқымазақ

Би

1 а

20

Тажи Томирис

Ақшақар

Би

1 а

21

Төлепкерей Архимет

Сайқымазақ

Би

1 а

22

Тукаева Сандуғаш

Ақшақар

Би

1 а

23

Тлеубаева Гүлімай

Ақшақар

Би

1 а

24

Шынұзақ Шынарым

Ақшақар

Би

1 а

25

Абдулла Гүлденай

Ақшақар

Би

2 а

26

Балғабаева Дильназ

Ақшақар

Би

2 а

27

Бакиева Айша

ханшайым

Би

2 а

28

Досыбай Ильяс

Санта Клаус


2 а

29

Жайлау Айзере

Ақшақар

Тақпақ, би

2 а

30

Жақсығалиев Мәди

аю

Би

2 а

31

Жетпісбаева Малика

ханшайым

Би

2 а

32

Жұбатқанов Сағадат

Санта Клаус

Би

2 а

33

Жұмабек Еркеназ

қуыршақ

Би

2 а

34

Кежекова Іңкәр

ханшайым

Би

2 а

35

Қонысбаев Нұркен

Санта Клаус

Тақпақ

2 а

36

Құлдықбаева Еркеназ

қуыршақ

Би

2 а

37

Құлынтаева Қызғалдақ

Санта Клаус

Тақпақ

2 а

38

Марат Әлішер

ит

Би

2 а

39

Мұратқанов Жасұлан

Әтеш

Би

2 а

40

Мұханбетсадық Арайлым

Қоян

Ән, би

2 а

41

Нұрланұлы Ерасыл

Санта Клаус

Би

2 а

42

Рашит Асемай

қуыршақ

Би

2 а

43

Отарбай Рассул

Қоян

Тақпақ

2 а

44

Сағынбаев Нұрәли

маймыл

Би

2 а

45

Сембай Адия

ханшайым

Би

2 а

46

Серіков Нұрдәулет

Санта Клаус

Тақпақ

2 а

47

Төлеген Әлихан

Қоян

Тақпақ

2 а

48

Төрехан Омар

Аю

Тақпақ

2 а

49

Түйтенов Ислам

Барыс

Тақпақ

2 а

50

Ізбасарова Фариза

қуыршақ

Би

2 а



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Ертегілер еліне саяхат" атты 2019 жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігі

Автор: Асауова Г.Қ, Дәрменқұлова Л.Ж, Сатаева Б.А.

Дата: 05.01.2019

Номер свидетельства: 493812

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Ғажайып ертегілер әлемі""
    ["seo_title"] => string(23) "gazhaiyp_ertegiler_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "475025"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1531716977"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Армысы?, Жа?а жыл! "
    ["seo_title"] => string(19) "armysyn-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "154597"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421169302"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "ТА?ЫРЫБЫ : Жасыл  шырша."
    ["seo_title"] => string(21) "takyrybyzhasylshyrsha"
    ["file_id"] => string(6) "267782"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450456650"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Конспект урока "Математикалық білімділер сайысы""
    ["seo_title"] => string(49) "konspiekt_uroka_matiematikalyk_bilimdilier_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "397591"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488562596"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Жа?а жыл - жа?а ба?ыт" ерте?гілігіне арнал?ан сценарий ересектер тобы"
    ["seo_title"] => string(72) "zhanazhylzhanabakytiertienghilighiniearnalganstsienariiieriesiektiertoby"
    ["file_id"] => string(6) "289773"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454858615"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства