Просмотр содержимого документа
«Ел басы- ел тірегі»
«Тұңғыш Президент»
(тақырыптық сабақ)
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Балалар бізге көптеген қонақтар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақтармен сәлемдесіп алайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме? - Қыс мезгілі келеді екен. Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады. Бүгінгі тақырыптық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран айтылады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме? - Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық. - Балалар, бұл кім? - Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар? - Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда. - Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы. Данияр:
Нұрсұлтандай атамыз,
Қазақ елін басқарған
Атамыздай боламыз,
Ел тағдырын ойлаған
Үміт:
Талай жылдар аңсаған,
Еркіндікті әперді
«Туған елді, жерді сүй»-
Деп аманат етеді.
Көркем:
Бар баланың атасы
Жұмысы оның – Елбасы
Қазақстан еліндегі,
Бар баланың атасы.
Ақзере:
Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Айлин:
Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын орда.
Көркейтті елін қазақтың.
Даяна:
Жасай берсін елбасы
Қолдап – қорғап ел – жұртын.
Малика:
Жасай бер елім, Қазағым!
Жасай бер ағам, Елбасым!
- Отан туралы тақпақ, мақал - мәтелдер білеміз бе? Данияр:
Меруерт: - Отан – оттан да ыстық Төреғали :
- Отан отбасынан басталады
Ән: «Менің Отаным»
- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады. - Балалар, біз қазақ тілінде сөйлейміз. - Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік. - Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы. - «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді.
- Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген. Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді. Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
- Балалар, ойын ойнайық. Ойын:«не жетіспейді?» Ойын шарты:
- Балалар мынау не? Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық. Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету. - Балалар, біз нені жабыстырдық? - Күнді
- Күннің түсі қандай? - Сары - Күннің пішіні қандай? - Домалақ - Тудың түсі қандай? - Көк
Сергіту сәті:
Біз бақытты баламыз
Шырқап әнге саламыз
Туыспыз біз бәріміз
Бір отанды сүйеміз.
- Елбасымыз кім?
«НҰРСҰЛТАН» сөзімен балалар шығады. - Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады? - Біз қай елде тұрамыз? - Біз бүгін не жабыстырдық?. - Жарайсыңдар, балалар! Әрқашан еліміз тыныш, елбасымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін! Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.