Балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін,жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін,жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал шарлар, гүлдер, нақыл сөздер.
Тәрбиеші: Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен Ер Төстік балабақша ұжымы. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмір күн кешейік. Сіздерді 1-мамырдың достық ынтымақ күні мерекесімен құттықтаймыз. «Ақбота» тобының «Достық мерекесі» атты мерекелік іс-шараға қош келдінсіздер. Бүгінгі мерекеге әр ұлт өкілдрін шақырамыз.
Тәрбиеші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік. Қазақ биі: «Қара жорға»
Қазақ биі: Жалғас-Асыл, Ерсұлтан- Нұрай, Нұрбек-Айша, Әділхан-Ақнұр, Аяна.
Тәрбиеші: Ортақ бізге бір отан, Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- Орыс биін тамашалауға шақырамыз.
Орыс Биі: Нұрди-Айзере, Әділ-Ангелина , Тілек-Кәусар, Тимур-Адина, Костя-Асылжан.
Тәрбиеші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге, Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде. Қайталанып, жаңарып айтылады, Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, кәріс биін тамашалауға шақырамыз. Кәріс биі: Р. Айғаным, Перизат, Айзере, А.Айғаным, Таңшолпан.
Балалардың жылы лебізін қабыл алыныздар. Шире круг, шире круг, музыка завет.Всех друзей, всех подруг в шумный хороводДружат солнце и веснаДружат звезды и лунаДружат в море кораблиДружат дети всей земли
Тәрбиеші: Перизат Болатбекқызын шақырамыз Жан біткендей жас тауға Шуақ ойнап арайлы Күн күлімдеп аспанда Мамыр әні тарайды Жайдары жаз түрге еніп, Жадыратты жанымды Жер дүние тербеліп, Дана, қала құлпырды «Ақбота» тобының орындауында Ән: «Достар»
Тәрбиеші: Балалардың тақпақтарына берелік Кәусар, Айғаным, Ақнұр, Айғаным, Таңшолпан, Асылжан, Айша, Аяна. Кәусар: Мамырдың бірі достық күні Ән салып, билеген халықтың үні Тұтасып, тойлаған ұлттар Кремет мереке, мамырдың бірі
Айғаным: Қазақ елі-қашаннан да жыр елі, Тарихында тұлғалар көп киелі Қазақстан аясында бұрыннан Бірінші ұлт өмір сүреді
Ақнұр:Болсын жер мен су да ортақ Болсын біздің ту да ортақ Ақпыз, қара, сарымыз Ағайынбыз біріміз Айғаным: Егемен ел болдық, каһарман ерлікпен Бағымыз жанды бауырмал елдікпен Қазақтың мерейлі жұлдыздай жоғары Мәңгілік жасаймыз бірлікпен,ерлікпен Таңшолпан:Мамырдың қандай шірікін-ай, мамыр қандай? Айнала жасыл кілем жамылған дай Алатауым басына ақ шәлі орап, Мойынына гүлден алқа тағылғандай Асылжан: Біз балдырған тең басқан! Дос құшағын кеңге ашқан. Тілегіміз әділдік! Ашық болсын кең аспан!
Айша: Ән саламыз бәрімізШаттық толы іргемізБіз мәңгілік достармызБіз әрқашан біргеміз Аяна: Енді бүгін қарасам,Айналам бақыт кең жатыр,Бірімен-бірі туысқанҚол ұстасқан ел жатыр
Тәрбиеші: Ортаға Жалғас Алмасұлын шақырамыз. Сен неткен Отан-анам, ғасыр едің Әдептеп көркем тілімен жазар едім Болашақ ұрпағының бақыты үшін Жайнай бер, Ұлт –Отаным-қазақ елім
«Ақбота» тобының орындауында Ән: Тәуелсіз ел Ұраны
Тәрбиеші: Тақпақтар айтуға Нұрдаулет; Әділ, Костя Әділхан, Тілек,Тимур, Ерсұлтан.
Нұрдаулет: Детский сад второй наш дом, Как тепло уютно внем Вы его любите дети Самый лучший дом,на свете
Әділ: Мамыр қандай шіркін-ай, мамыр қандай? Күй толқын көңіліне жыр тұнады Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр Секілді адамзаттың ынтымағы Костя: Праздник радостный встречаем Мы стране своей родной Всех сегодня поздравляем С первым мая и весной Әділхан: Народы,ка одна семья Хотя язык их разный Все дочери и сыновья Своей стране прекрасной
Тілек: Елімізде болмасын, Таршылық пен тапшылық Әр қашанда болсыншы Елімізде жақсылық.
Тимур: Солнечный май Радостный май Песеньку май Привет принимай
Тәрбиеші: Балалардын орындауында Ағылшын тілде сергіту
Тәрбиеші: Ортаға Нұрбек Бекзатұлын шақырамызАғайын туған бар адам Адалдық үшін жаралған Бар қамбат туыстық Баянды болсын тынышытық
Ақбота тобының орындауында Ән: Нұрлы Қазақстан
Тәрбиеші: Балаларға сұрақтар??
1.Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Қазақстан 2.Қазақстанда қандай ұлттар тұрады? Орыс, Кәріс, Өзбек, Қазақ, Украйн
Тәрбиеші: Ата-аналармен ойын : 1.«Жүрекшелер» Түрлі түсті жүрекшелер жатады. Сіздердің алдарында жүрекшелер тұр біз барлық жақсы-жаман нәрселерді осы жүрек арқылы қабылдап жүрек арқылы шығарамыз.
Ендеше осы жүрекшелерді таңдап аламыз.
Қызыл түс- энергиялық түсті.Сенің бойыңда күш қуат өте көп. Білуге ізденуге деген құштарлығыныз өте көп екенін білдіреді.
Сары түс-көңілді түс , ашық түс-ол жан-жағындағы адамдарға үнемі шуақ шашып бізді күн сияқты мейіріміне бөлеп жүректін адамның таңдау түсі
Күлгін түс- шығармашылықтың, белсенділіктің түсі,яғни ізденуге дайын тұратын адамның түсі екен.
Жасыл түс-өзіне өте сенімді адам, яғни кез –келген істі тиянақты соңына дейін атқаратындығын білдіреді.
Көгілдір түс- яғни тыныштықты ұнататын және кез келген іс-әрекет жасағанда бір-біріне үйлесімділігін бақылап саған қарай іс-әрекет жасап отыратын адам.
Ақ түс-мақсатты алдына қоя білетін және сол мақсатына жетем деген ойда жүретін адамды айтады екен.
2. Ойын: «Достық» сөзінен жақсы сөздер жазу
Шарты: Тақтадағы ілінген «Түймедақ» гүілінің күлте жапырақшаларына жақсы тілек сөздерін жазып жабыстыру.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік жылдығының қарсанында мерекелік келген Тәуелсіздік белгісі Алтын адамды қарсы алайық . Нұрдаулет: Жыр арнадым еліме тебірене Үміт артам елімнің ертеңіне Астананың 20 жылдығы құтты болсын Отаным жылдан жылға көркеюде Тілеймін мен әр адамға бақыт қонсын Елімде бейбіт, тыныш заман болсын.
Тәрбиеші: Ортаға Нұрбек, Нұрай, Бол Айзер, Асыл, Бақыт Айзере, Ангелина,Таңшолпан (Астана сөзін ұстайды ).
Айзере: Алтын күннің астында. Желбірейді туымыз Қазақ деген халықтың, Ұлы менен қызымыз Ардақтайды астанам Мәртебелі бас қалам Көркеие бер күн сайын Алға қарай бас қалам
Нұрай: Астанамыз сүйкімді, Гүлдей жайнап Құлпырды Қызықты болып барады Бір күнінен,бір күні
Асыл: Карсивый город Астана Цвети всегда, и будь мудрее Ты наша гордасть и мечта Ты нас люби,еще сильнее
Б.Айзере:Астанама қарашы Елмінің жас қаласы Неткен ұлы қаласы Қазағымының даласы
Ангелина: Как я люблю тебя, тебя Моя столица-Астана Цвети всегда, всегда Ты Астана и все страна.
Тәрбиеші: Бйбітшілік құсы, ақ көгершін, Биік ұшып самғасын. Тілегіміді жерге жайсын, Қанаттары талмасын.
Тәрбиеші: Балалардың орындауында Ән. «Ақ көгершін»
Келген қонақтарға шарлармен сыйлау.
Тәрбиеші: Балалардың жылы сөзі Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қорғаймыз, Біздің топта ұл-қыздар. Тату-тәтті ойнаймыз.
Тәрбиеші: Тілі бөлек болғанымен тілек бірҰлы достық мәпелеген жүрек гүл, Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
«Бірлік болмай тірлік болмас» дей келе Бейбітшілік, Ынтымақтастық, Достығымыз, Қазақстанымыз бірлігі жасасын.
Осымен «Ақбота» тобының «Достық мерекесі » атты ертенгілік аяқталды қош сау болыңыздар.