kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Достық" мерекесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыптық сабақ

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: « Достық» мерекесі
Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Достық" мерекесі»

Тақырыптық сабақ

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: « Достық» мерекесі
Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, сурет салу құралдары.
Салалық байланыс: Шығармашылық, таным.
Мотивациялық қозғаушы:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші.
- 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі.
Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.
Іздену ұйымдастырушы:
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады.

Сурет арқылы әр ұлттардың киімдерімен таныстыру.
Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін – елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде. Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі. Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді.
Ертең 1 мамыр мерекесі. Біздің де Қазақы халқы орталық алаңға осындай салтанатты шеруге шығады. Әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетеді.
Балалар, ертең біз мерекеге барғанда қолымызға не ұстап шығуға болады деп ойлайсыңдар?
- Шар, жалауша.
- Дұрыс айтасыңдар, біз мерекеге шар, жалаушалар ұстап шығуымыз керек. Олай болса осы мерекеге арналған шарымыз бен жалаушаларымыздың суретін салайықшы.
- Жалауша қандай пішінге ұқсайды?
- Тіктөртбұрышқа
- Түсі қандай болады?
- Көк болады.
- Ал шар қандай пішінге ұқсайды?
- Домалақ, сопақша.
- Түстері қандай болады?
- Қызыл, көк, жасыл, т. б
Жарайсыңдар балалар, жалаушамыздың түсі көк, пішіні тіктөртбұрышты, ал шарларымыздың түстері әр түрлі, пішіндері домалақ, сопақша болады екен. Қане алдарыңдағы қағазға өздеріңе ұнайтын шар мен жалаушаның суретін салайық.(Балалар өз қалаулары бойынша ұнайтын суреттерін салады)

Сергіту сәті: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. (өлеңге сәйкес қимылдар жасайды)

Дидактикалық ойын: «Қай ұлттың бас киімі?»
Ойын шарты: Көрсетілген әр ұлт өкілдерінің суреттерінің бас киімін тауып кигізу.
Балалар мен сендерге достық, ынтымақ туралы мақал – мәтелдер айтып берейын
Ырыс алды – ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ұрыс, ырысты қашырар
Ынтымақ, халықты асырар.
Балалардан бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын, ата – аналарың аман болсын.

Біздің достығымызды білдіретін «Ақпыз,сары,қарамыз» әнін айтайық.

Күтілетіннәтиже:
Білуі; Балалар 1 мамыр мерекесі Қазақстан Халықтар бірлігі күні екенін біледі.
Меңгеруі: Өз Отанын сүюді, қорғауды, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуді үйренеді
Игеруі: Әр ұлттардың киім ерекшеліктерін біледі.









































Тақырыбы:9мамыр «Жеңіс күні»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Жеңіс күніне арналған суреттер, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардын суреттері,өлен жолдары.
Тәрбиеші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлер іүшін ерекше мейрам.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Бүгін жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Иә, содан бері 71 бейбіт жыл артта қалды. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды.
Ералі:  Жеңіс  келді  далама,

Жеңіс  келді  ән  болып.

Жеңіс  келді  қалама,

Келді  ауылға  сән  көрдік.

Айсана:Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын.


Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
Тәрбиеші: Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын! –деп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындаймыз.

Балалардан бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын, ата – аналарың аман болсын. Заманымыз  тыныш,  аспанымыз  ашық  болсын

Күтілетін нәтиже:
Білуі; Балалар 9 мамыр мерекесі «Жеңіс күні» екенін біледі.
Меңгеруі: Өз Отанын сүюді, қорғауды, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру үйренеді
Игеруі: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларды біледі.




































«Павлодар қаласының № 44 сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық комуналдық

кәсіпорны.













Женіс күніне арналған тақырыптық сабақ.

















Тәрбиеші:Есенгельдина А.Д

2 «А»сәбилер тобы













2016-2017оқу жылы

«Павлодар қаласының № 44 сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық комуналдық

кәсіпорны.

















Достық мерекесіне арналған тақырыптық сабақ











Тәрбиеші:Есенгельдина А.Д

2 «А»сәбилер тобы













2016-2017оқу жылы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Достық" мерекесі

Автор: Адылханова Гүлназира Мырзабекқызы

Дата: 08.10.2018

Номер свидетельства: 479984

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Досты? мерекесі"
    ["seo_title"] => string(17) "dostykmieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "291345"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455105435"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ынтыма? - досты?  кепілі."
    ["seo_title"] => string(21) "yntymakdostykkiepili1"
    ["file_id"] => string(6) "312980"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422971"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Достық мерекесі"
    ["seo_title"] => string(18) "dostyk_mieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "428605"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1505714676"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Ойын - сауы? "Ынтыма?ы жарас?ан, ту?ан ?лкем - ?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(57) "oiyn_sauyk_yntymag_y_zharask_an_tug_an_olkiem_k_azak_stan"
    ["file_id"] => string(6) "346700"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1475162288"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Наурыз мерекесі"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryz-mieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "314794"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459772336"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства