Баланың алғаш дүние есігін ашқаннан бастап анасының бесік жырын, ақыл -өсиеттерін тыңдап, көкіректеріне тоқып, жан ұясына, туыстарына деген сүйіспеншіліктің қалыптасатынын білеміз. Бұдан біз баланың патриоттық тәрбиенің бастау алғанын, оның енді мектепке дейінгі мекемеде ата-аналарымен жалғасын табатынын айтуға болады. Осы тәрбиені ата-аналармен біріге отырып жалғастаратын - біз педагогтармыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Баланың алғаш дүние есігін ашқаннан бастап анасының бесік жырын , ақыл -өсиеттерін тыңдап, көкіректеріне тоқып, жан ұясына, туыстарына деген сүйіспеншіліктің қалыптасатынын білеміз. Бұдан біз баланың патриоттық тәрбиенің бастау алғанын, оның енді мектепке дейінгі мекемеде ата-аналарымен жалғасын табатынын айтуға болады. Осы тәрбиені ата-аналармен біріге отырып жалғастаратын - біз педагогтармыз.
Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты - еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік дейгейде бейбітшілік пен өркен ниеттілікке өз үлесін қосатын, адамгершілік қасиеті жоғары, патриот, намысты, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Қазіргі таңда, мен Талдықорған қаласының «№7 ясли-бақшасының» жоғарғы санаттағы тәрбиеші қызметін атқарудамын. Балаларды тәрбиелеуге, өз күш-жігерімді, білімімді, тапқырлығымды, шығармашылығымды балаларға арнаймын. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Әрі, ол барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс жасау арқылы одан әрі жалғасады. Ал, тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін, өмірге алғашқы қадам жасауға баулитын үлкендердің бірі. Әрине, тәрбиеші болу қиын, сонымен қоймай өте қызықты мамандық.
Өзімнің ұстаздық еңбек жолымда осы қағиданы ту етіп ұстап, сол мақсатқа жету үшін патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлдім.
Сонымен қатар, «Мәдени мұра» бағдарламасын мақсат ете отырып патриоттық тәрбиеге көп көңіл қоя бастадым. Балалармен жергілікті мұражайларға барып Жетісу өлкесінің табиғаты мен жан-жануарлары туралы суреттерді тамашаладық, ұлттық киіммен тұрмыстық заттардағы ою өрнектерді көріп, зерттеп балалардың патриоттық талғамы мен сезімінің дамуына ықпал етудемін.
Жас ұрпаққа жан - жақты тәрбие бере отырып патриоттық тәрбиені ең бірінші қоятын педагогпын. Себебі, совет дәуірінде тілімізді және мәдениетіміздің ұмытыла бастағаны анық. Ал, қазіргі кезге жетуіміз егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді, отан сүйгіш азаматтарымыздың,(16-желтоқсан) және Ел басымыздың салиқалы саясатының арқасы деп айтқым келеді.
"Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр табанды әрекет керек"-деп Шерхан Мұртаза атамыз айтқан. Міне осы тынымсыз табанды әрекет ететін мектепке дейінгі педагогтар деп айтқым келеді. Мектепке дейінгі тәрбиедегі ең маңызды міндеттерінің бірі патриоттық тәрбие екенін әр педагог естен шығармауы тиіс деп ойлаймын. Патриоттық тәрбиеде де балалардың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Қазіргі кезде патриот деген ұғым, мағынасына қарай өте кең. Сондықтанда бала-бақшада алған патриоттық тәрбиенің алғашғы ірге тасы қаланатынын айтуға болады. Міне осы алғашқы патриоттық тәрбиені бала кезінен дұрыс бергенде ғана педаог отан сүйгіш азаматтардың өсіп келе жатқанын біледі. Қазіргі заман ағымының басты талабыда, патриоттық тәрбие болып табылады.
Патриоттық тәрбие ең алдымен жан ұядан, ата-аналарынан одан кейін бала бақшадан жалғасын табатынын бәріміз білеміз. Заман талабына сай жаңа әдіс тісілдерді қолдана отырып балаларды отанға деген туған жеріне қаласына ауылына патриоттық сезімдерін дамытамыз. Ең алдымен кіші топтың балаларына жан-ұясына, туыстарына, бақшасына , достарына, өзінің туған қаласына деген алғашқы патриоттық сезімдерін қалыптастыратын боламыз. Ал, ересек топтан бастан сол ұғымдарды тереңірек дамытамын. Қазіргі таңда ересек "Көбелек"тобында еңбек етіп балаларға жаңа әдістер мен технологияны ойын арқылы қолданып патриоттылыққа тәрбиелеудемін. «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбыларынан» – деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жасыратыны жоқ, қазіргі кезде тәрбие ата-анадан, кейін біз ұстаздар болатынымыздың естен шығармаймын .
Сондықтанда балаларға патриотық тәрбие беру үшін өз жұмысымда жобалау әдісі және триз технологиясының элементтерін қолданамын. Жобалық әдісінің технологиясын мына талаптары арқылы іске асырамын: Педагогикалық үрдістің тұрақтылығы мен сабақтастығы, балалармен үлкендердің арасындағы диалог арқылы қалыптасады.
Жобаның іске асыру барысында бес білім саласы бойынша балалар ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, белгілі бір қйындықтардың шешімін табуды үйренеді. Жобалау әдісі үш кезең арқылы іске асады. Олар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болады.
I-кезең. Алдын ала дайындық: кітап оқу, суреттер мен иллюстрацияларды көру, тақырыптық сабақтар әңгімелер, сурет және фото көрмелер ұйымдастыру, әндер мен өлеңдер жаттау, мерекелік іс-шараларға дайындық әрекетер ұйымдастыру.
III-кезең. Іс-шараларға қорытынды жасау, қорытындыны біріктіру.
Мысалы: Азаматтық тәрбие бойынша "Мен - Қазақстан азаматымын" атты жобаны оқу тәрбие жұмыстарында қолданып келемін. Бұл қысқа мерзімді жоба.
Жобаның мақсаты: Балалардың азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, отаны және елі туралы Қазақтан президентінің сайлауы туралы қарпайым ұғымдарын қалыптастыру.
Міндеті: Балаларды өздері өмір сүріп жатқан қоғамдағы демократиялық сайлаумен таныстыру. Азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. Баланың бойында Отанға деген мақтаныш сезім болуына тәрбиелеу. Мемлекеттің рәмізі туралы білімін тереңірек кеңейту. Тілі мен сөздік қорын молайту.Отанға деген білімін өз ойлары арқылы жеткізе білуге тәрбиелеу.
Қорыта келе осы жобалау әдісінде мына жетістіктерге жетуге болады:
Балалар жалпы адам құқығы жайлы құжаттармен танысады, белгілі ортада адами қасиеттерінің және жауапкершілік сезімдерінің дамуына әсер етеді, белгілі қоғамдағы үлкендер мен құрдастарының арасындағы қарым қатынас ережелері мен танысады.
Енді осы жоба бойынша мына іс -шаралар өткізілді:
Балаларды өз құқықтары мен міндеттері жайлы таныстыру "Өз құқыңды
білесің бе?", "Біздің топтың ережесі"
Қазақстан конституциясы жайлы әңгімелесу,
"Менің Қазақстаным" атты бұрыш ұйымдастыру,
Сурет көрмесіне қатысу,
Көркем әдебиеттерді оқу,
Отан туралы өлең мен әндерді жаттау ,
Президент сайлауы туралы ойын ұйымдастыру.
Бұл жобаның балаларға жаңа білім алып қана қоймай түрлі іс-әрекетерге қызығушылығын арттырады. Өз республикасына, еліне, қаласына деген жауапкершілікпен, жақсы көріп құрметпен қарау көзқарастарын қалыптастырады. Сондықтанда қоршаған ортадағы қоғамдық ортаны танып білуге септігі тиеді. Президентті сайлаудың маңыздылығын түсінеді. Педагогтың берілген күрделі сұрақтарға жауап беріп өз ойларын жеткізе біледі, белсенділікті арттырып жаңа білімді меңгертуге септігін тигізеді.
Балалардың дауыс беруі Дауыс санау Көбелек тобының Президенті
Егер еліміздің болашақ жастарын Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейміз десек ең алдымен, қазақ мәдениеті мен өнеріне, мемлекеттік тілге мән бергеніміз жөн. Сондықтанда біздің ясли- бақшамызда халықтық педагогикаға көп көңіл бөлінеді. Балалар мен ертегілерді сахналап, ұлттық ойындар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мазақтамалар, мақал - мәтердер айтып жарысу тағыда басқа іс- шаралар оқу тәрбие жоспарларына енгізіп бүлдіршіндерді отан сүйгіштікке тірбиелеймін. Мысалы: "Менің Астанам", "Талдықарған әсем қала", "Қаламдағы ескерткіштер","Ұлы отан соғысы", "Жетінші мамыр", "Мұражайға серуен", "Талдықорған күні" туралы тақырыпта жобалау жоспары да осы мерекелік іс-шараларда қолданылады.