kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Берекелі,Алтын к?з!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды м?дениеттілікке т?рбиелеу,е?бек с?йгіштікке т?рбиелеу.К?з мезгілі туралы ал?ан білімдерін тияна?тау, к?з ерекшеліктерін, к?з сыйын ??ындыра отырып, балалар?а мерекелік к??іл-к?й сыйлау.Таби?атты? ?арапайым ?згерістерін атау,к?з мезгіліні? ??былыстарын ажырата білуге ?йрету,таби?атты ?ор?ау?а,?з істеріне жауапты болу?а т?рбиелеу.Танымды? ?ызы?ушылы?ын арттыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Берекелі,Алтын к?з!" »




«Балбөбек» шағын орталығы












Берекелі,Алтын күз!»

















Өткізген: Кужасова А.Е.

2014 оқу жылы








Тақырыбы: «Берекелі,Алтын күз!».

Көрнекіліктер:Күз көрінісі салынған плакат,еңбек жайында жазылған мақалдар, суреттер,жапырақтар,жемістер аркасы,асқабақ,қауын,жүгері,буклеттер.

Мақсаты:Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.


Армысыздар ұстаздар!Армысыздар ата-аналар!Армысыңдар кішкене еліміздің болашақтары!Бүгінгі біздің «Алтын күз» атты мерекелік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Әрбір бала бақытты болуға лайық және әрбір ата-ана өз баласының бақытты балалық шағын тоймай тамашалауға әбден лайықты.Әрине осы балаларды дарынды етіп шығару ұстаздардың міндеті болып табылады. Баршаңызға бүгінгі мерекемізде көтеріңкі көңіл күй тілейміз.Денсаулық,мол бақыт, отбасыларыңызға береке тілей отырып, тәрбие сағатымызға ашық деп жариялаймыз.


Тәрбиеші: Мерекелік ән ұранымыз шырқалсын:

Ән «Алтын күз» (хормен).

Алтын күз деп ән салам,

Алтын күз деп сән салам.

Алтын күз деп би билеп,

Алтын күзге тамсанам.

Қ/cы:Алтын күз,

Алтын күз,

Келді біздің бақшаға.

Алтын күз,

Алтын күз,

Келді менің далама.

Алтын күзім мезгілім,

Алтын күзім жемісім.

Алтын күзім берекем,

Алтын күзім мерекем.

Залға «Алтын күз» кіреді

Тәрбиеші: Ән саламыз, би билеп,

Тақпақтыда жаттаймыз.

Үйренеміз бір-бірлеп,

Текке қарап жатпаймыз,-дей келе ортаға бүлдіршіндеріміздің күз тақпағын тамашалайық.

Наргиз :Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Саят:Үркіп уйрек,қаздары,

Шулайды көл,қоғалы.

Дәурен қтіп жаздағы,

Күзгі желі соғады.

Ансар: Көктемде егін егетін,

Күзде жинап беретін.

Біздің дала,бай дала,

Алтын астық айнала.

Никита:


Саян:Күздің қазан айынды,

Алмұрт,алма піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Нұржайна: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Ойын: «Балықшы»

Тәрбиеші: «Балбөбентің» бишілері біз боламыз,

Әрқашан алға озып шығамыз.

Бақшамыздың шаңырағын биіктетіп,

Әнмен,бимен ортаны толтырамыз,-демекші ортада «шөжелерім» биі.

4)Ал енді менің дарынды балапандарым сұрақтарға жауап беріп,жұмбақтарды шешуге дайын деп ойлаймын.Қане айтыңдаршы:

  1. Жапырақтар қай жыл мезгілінде сарғаяды? (Күз)

  2. Қандай гүлге су құймаймыз? (қағаз гүлге)

  3. Орманда тұрады өзі бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу. (түлкі)

  1. Сары тонын киді,

Егінді де үйді .(Күз)


Тәрбиеші:Күз тақпағын шырқайтын:

Алия:Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіліп.

Біздің өмір таң шуақ,

Біздің өмір көңілді.

Данияр:Тамсандырып таңдайды,

Жеміс жидек піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Жер бетіне түседі.

Абдужамиль:Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштарда жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Диас:Жапырақ ұшты,

Суықта түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Азамат:Күзім,күзім,күзім,

Пісті алма,жүзім.

Тұрғанда бәрін күз беріп,

Кел алайық біз теріп.

Темирлан:Стало вдруг светлее вдвое.

Двор, как в солнечных лучах.

Это платье золотое

У берёзы на плечах.

Тәрбиеші : Көкөністер дауы

Өнім биыл тамаша!Көз тоймайды қараса.Сәбіз,картоп,кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,Қырыққабатқа қарашы!Көкөністер бір кезде жинала қалып дауласты.

Көкөністер

Жиналып қаппыз бәріміз

Қайсымыз ең дәмдіміз

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз

Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты


Тәрбиеші: Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер

Оларды жақсы көріңдер

7)Ортада ән шырқалсын.

Ән «Что нам осень принесет?»

Ойын: «Саңырауқұлақтар»

8) Күз тақпағын шырқайтын:

Диляра:Соққанда кейде дауылы,

Береке күздің жауыны.

Сол жауыннан өсіпті,

Бақшаның қарбаз,қауыны.

Зере: Күн мұңайып тұр бүгін,

Қыс ызғары келеді,

Құс шуласа бір-бірін,

Жоғалтпасақ дегені.

Владик:Осень.Обсыпается

Весь наш бедный сад,

Листья пожелтелые

По ветру летят;

Қуаныш: Алтын сары,қызыл көк...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Тәрбиеші: «Балбөбентің» бишілері біз боламыз,

Әрқашан алға озып шығамыз.

Бақшамыздың шаңырағын биіктетіп,

Әнмен,бимен ортаны толтырамыз,-демекші ортада «қара жорға» биі.

8) Күз тақпағын шырқайтын:

Темош: Таза жездей жайнаған

Сары бояу айналам.

Енді сары бояумен

Күз суретін салам мен.

Жұлдыз: Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Катя: Утром мы во двор идём.

Листья сыплются дождём,

Под ногами шелестят

И летят...летят...летят...

Семён: Пролетают паутинки

С паучками в серединке,

И высоко от земли

Пролетели журавли.

9)Күзгі жеміс- жидектерді көріп тұрмын.Қане жеміс-жидектермен танысайыншы.

Жемістер жыры: Іші толған шәрбәт,

Диляра Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін,

Менің атым-жүзім.

Ильфина Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәмі.

Қызығасың көріп,

Менің атым-өрік.

Жанерке Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Менің атым-құлпынай.

Зере Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Менің атым-шие.

Әлия Пісетін кезім дәл күзде,

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бар дәмі,

Менің атым-шабдалы.


10) Құрметті ұстаздар,ата-аналар!Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Баршаңызға үлкен рахмет!!!













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Берекелі,Алтын к?з!"

Автор: Кужасова Айымгул Есенжановна

Дата: 13.03.2015

Номер свидетельства: 186031

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Берекелі алтын күз""
    ["seo_title"] => string(18) "berekeli_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "500158"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550415602"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Берекелі алтын к?з "
    ["seo_title"] => string(21) "bieriekieli-altyn-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "180558"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425209452"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ерте?гілік " Берекелі алтын куз""
    ["seo_title"] => string(36) "iertien-ghilik-bieriekieli-altyn-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "273599"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452250103"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Берекелі алтын күз""
    ["seo_title"] => string(23) "bieriekieli_altyn_kuz_1"
    ["file_id"] => string(6) "434769"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1509031751"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Мерекелік ертенгілік "Берекелі - Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(48) "mieriekielik_iertienghilik_bieriekieli_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "385688"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485794755"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства