Просмотр содержимого документа
«"Берекелі, алтын к?з!" »
«Балбөбек» шағын орталығы
Алтын күз
Өткізген: Кужасова А.Е.
2014 оқу жылы
Тақырыбы: «Алтын күз».
Көрнекіліктер:Күз көрінісі салынған плакат,еңбек жайында жазылған мақалдар, суреттер,жапырақтар,жемістер аркасы,асқабақ,қауын,жүгері,буклеттер.
Мақсаты:Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Армысыздар ұстаздар!Армысыздар ата-аналар!Армысыңдар кішкене еліміздің болашақтары!Бүгінгі біздің «Алтын күз» атты мерекелік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Әрбір бала бақытты болуға лайық және әрбір ата-ана өз баласының бақытты балалық шағын тоймай тамашалауға әбден лайықты.Әрине осы балаларды дарынды етіп шығару ұстаздардың міндеті болып табылады. Баршаңызға бүгінгі мерекемізде көтеріңкі көңіл күй тілейміз.Денсаулық,мол бақыт, отбасыларыңызға береке тілей отырып,тәрбие сағатымызға ашық деп жариялаймыз.
Тәрбиеші: Мерекелік ән ұранымыз шырқалсын:
Ән «Алтын күз» (хормен).
Алтын күз деп ән салам,
Алтын күз деп сән салам.
Алтын күз деп би билеп,
Алтын күзге тамсанам.
Қ/cы:Алтын күз,
Алтын күз,
Келді біздің бақшаға.
Алтын күз,
Алтын күз,
Келді менің далама.
Алтын күзім мезгілім,
Алтын күзім жемісім.
Алтын күзім берекем,
Алтын күзім мерекем.
Залға «Алтын күз» кіреді
Тәрбиеші: Ән саламыз, би билеп,
Тақпақтыда жаттаймыз.
Үйренеміз бір-бірлеп,
Текке қарап жатпаймыз,-дей келе ортаға бүлдіршіндеріміздің күз тақпағын тамашалайық.
Наргиз :Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Саят:Үркіп уйрек,қаздары,
Шулайды көл,қоғалы.
Дәурен қтіп жаздағы,
Күзгі желі соғады.
Ансар: Көктемде егін егетін,
Күзде жинап беретін.
Біздің дала,бай дала,
Алтын астық айнала.
Никита:
Саян:Күздің қазан айынды,
Алмұрт,алма піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Нұржайна: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Ойын: «Балықшы»
Тәрбиеші: «Балбөбентің» бишілері біз боламыз,
Әрқашан алға озып шығамыз.
Бақшамыздың шаңырағын биіктетіп,
Әнмен,бимен ортаны толтырамыз,-демекші ортада «шөжелерім» биі.
4)Ал енді менің дарынды балапандарым сұрақтарға жауап беріп,жұмбақтарды шешуге дайын деп ойлаймын.Қане айтыңдаршы:
Жапырақтар қай жыл мезгілінде сарғаяды? (Күз)
Қандай гүлге су құймаймыз? (қағаз гүлге)
Орманда тұрады өзі бір қу,
Жүрген жері айқай мен шу. (түлкі)
Сары тонын киді,
Егінді де үйді .(Күз)
Тәрбиеші:Күз тақпағын шырқайтын:
Алия:Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіліп.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.
Данияр:Тамсандырып таңдайды,
Жеміс жидек піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Жер бетіне түседі.
Абдужамиль:Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштарда жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Диас:Жапырақ ұшты,
Суықта түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Азамат:Күзім,күзім,күзім,
Пісті алма,жүзім.
Тұрғанда бәрін күз беріп,
Кел алайық біз теріп.
Темирлан:Стало вдруг светлее вдвое.
Двор, как в солнечных лучах.
Это платье золотое
У берёзы на плечах.
Тәрбиеші : Көкөністер дауы
Өнім биыл тамаша!Көз тоймайды қараса.Сәбіз,картоп,кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,Қырыққабатқа қарашы!Көкөністер бір кезде жинала қалып дауласты.
Көкөністер
Жиналып қаппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз
Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты
Тәрбиеші: Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер
Оларды жақсы көріңдер
7)Ортада ән шырқалсын.
Ән «Что нам осень принесет?»
Ойын: «Саңырауқұлақтар»
8)Күз тақпағын шырқайтын:
Диляра:Соққанда кейде дауылы,
Береке күздің жауыны.
Сол жауыннан өсіпті,
Бақшаның қарбаз,қауыны.
Зере: Күн мұңайып тұр бүгін,
Қыс ызғары келеді,
Құс шуласа бір-бірін,
Жоғалтпасақ дегені.
Владик:Осень.Обсыпается
Весь наш бедный сад,
Листья пожелтелые
По ветру летят;
Қуаныш: Алтын сары,қызыл көк...
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Тәрбиеші: «Балбөбентің» бишілері біз боламыз,
Әрқашан алға озып шығамыз.
Бақшамыздың шаңырағын биіктетіп,
Әнмен,бимен ортаны толтырамыз,-демекші ортада «қара жорға» биі.