«Берекелі алтын күз»
Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әлфараби ойын әрбір тәрбиеші, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді. Оқу мен тәрбие -бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Жаңа заманның жаңашыл тәрбиешісі осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.
9.10.2019 күні «Ақбота» бөбектер бақшасының ортаңғы «Гүлдер» тобында «Берекелі алтын күз» мерекесі аталып өтті.Мереке «Күз келді» атты әсем әуенмен ашылды.Барлық балалар ертеңгілікке белсене қатысып,өз өнерлерін көрсете білді.Ертеңгілік барысында «Күз келді», «Жұлдызқұрттар», «Тырналар», «Күнбағыстар» биі орындалды.Ертеңгілік өз мақсатына жетіп, балабақша меңгерушісі Бану Ізбасарқызы өзінің жылы лебіздерін білдірді.