kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Берекелі Алтын күз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это мераприятие про осень.

Армысыз Күз ханшайымы! Төрлетіңіз! Біз бүгін алтын күз мейрамын тойлап жатырмыз. Сіз дәл келдіңіз. Төрге шығып отырыңыз. Біздің балалардың өнерін көріп, алтын күзде бірге тойлайық.

Олай болса, балалар алтын күзге тақпақтарымызды айтып жіберейікші.

Армысыз Күз ханшайымы! Төрлетіңіз! Біз бүгін алтын күз мейрамын тойлап жатырмыз. Сіз дәл келдіңіз. Төрге шығып отырыңыз. Біздің балалардың өнерін көріп, алтын күзде бірге тойлайық.

Олай болса, балалар алтын күзге тақпақтарымызды айтып жіберейікші.

Армысыз Күз ханшайымы! Төрлетіңіз! Біз бүгін алтын күз мейрамын тойлап жатырмыз. Сіз дәл келдіңіз. Төрге шығып отырыңыз. Біздің балалардың өнерін көріп, алтын күзде бірге тойлайық.

Олай болса, балалар алтын күзге тақпақтарымызды айтып жіберейікші.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Берекелі Алтын күз»

Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша мезгіл-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты «Аққайың» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші: Балалар, бүгін біз қандай мерекеге жиналдық?

Балалар: күз мерекесіне!

Жүргізуші: Күз мерекесі екенін қайдан білдіңдер?

Балалар: Ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, жел соғады, жапырақтар сарғайып жерге түседі,құстар жылы жаққа ұшады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар!

Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр?

Балалар: иә

Жүргізуші: Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде

Өңі кірер даланың. (жаңбыр)

Балалар: Ол жаңбыр деп хормен жауап береді.

Жүргізуші:  Тағы бір жұмбақ жасырып қөрейін шешіп көріндерші.

Қол-аяғы жоқ болса да,

Қақпа есікті аша алған.(жел)

Балалар: жел

Жүргізуші: Балалар сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер, тапқыр екенсіндер? Олай болса «Күз» туралы ән айтып жіберейік.

Ән «Күз»

Балалар, әнді жақсы айтат екенсіңдер!

Тағы қандай өнерлерің бар?

Балалар: Тақпақ білеміз


Е.Алижан:

Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелдейсін халқымыз.    
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген. 

Камшат:

Ақтарады мырза күз, уылжыған жемісті,
Күзге бізде ризамыз, аянбаған ел үшін.    

Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз,
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз.


Анель:

Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.    
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.


Сұлтан:

Сарғайды тоғай, сап-сары манай
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып    

Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге,қызық көп күзде.   


Жүргізуші: балалар байқайсыңдар ма? Желдің ызғары келіп тұр. Бұл ызғар Күз ханшайымының ызғарына ұқсайды. Бәсе, Күз ханшайымы екен. Күз ханшайымын қарсы алайық.

Күз ханшайымының келуі


Күз ханшайымы:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Мен алыстан әннің даусын естіп келдім. Мұнда не болып жатыр білсем бола ма?

Жүргізуші: Армысыз Күз ханшайымы! Төрлетіңіз! Біз бүгін алтын күз мейрамын тойлап жатырмыз. Сіз дәл келдіңіз. Төрге шығып отырыңыз. Біздің балалардың өнерін көріп, алтын күзде бірге тойлайық.

Олай болса, балалар алтын күзге тақпақтарымызды айтып жіберейікші.




Бибі:

Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді

 Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді    
 Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.


Айша:

Күздің қазан айында, алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып, сыбдыр- сыбдыр етеді,    

Күн суытып, жапырақтар түседі.
Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз декен.


Бексұлтан:

Жаздай күткен бәріміз,  Сары алтын,сары күз,
Алтын ұя бақшада, сабақ бастар шағымыз,
Көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім елжіреп    

Асыр салып жүре бер, сары көйлегің желбіреп. 


Ғ. Дильназ

Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз


Жүргізуші: Кәне, біздің биші ұлдарымыз ортаға шығып өнерлерін көрсетіп жіберсін.

Би «Джентельмен». Ерлан, Арсен, Бексұлтан, Сұлтан.


Күз ханшайымы: ой, балалар сендер өнерлі екенсіңдер мен сендерге разы болып отырмын. Олай болса, мен сендермен ойын ойнайыншы.


Ойын: «Бақшадағы өсімдіктерді жинау»

Мақсаты: жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.


Күз ханшайымы: балалар сендер жылдам екенсіңдер, сендермен ойнаған маған ұнады.

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге рахмет. Біздің балалардың өнерін ары қарай көріңіз.

Тақпақтарға кезек берейік.


Айлана:

Көк майсалы көрікті, алқаптағы көпегін
Бұл күндері киіпті , сары жібек көйлегін,    

Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ,
Ой алақай тамаша, шашу шашты жапырақ.


Ерлан:

Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.    
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.


Ажар:

Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды    

Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.


Диас:

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, Күз ханшайымы қазір біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап орыс тілінде дайындаған көрінісін қабыл алыңыздар!

Көрініс: «Сказка о том, почему помидор стал красным».

Ведущий – Алан, Помидор – Аруна, Огурец – Азиза, Лук – Нейла, Хозяйка – Анель, Капуста – Дамир, Ворона – Алдияр.

Жүргізуші: Күз ханшайымы балалардың өнерін бағалай отырыңыз. Келесі кезекті тақпаққа берейік. Көкеністер мен жемістерді ортаға шақырамыз.


Айдана:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.    

Көзден жасты шығарам.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Талғат:

Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін    
Тамағыңа сүйегім.

Лия:

Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп     
менің атым өрік.

Азиза:

Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме    

Ісіп кетер маңдайым.


Жүргізуші: кішкентай Анеліміздің орындауында ән «Алтын күз» қабыл алыңыздар.

Ән «Алтын күз».

Жүргізуші: кезекті енді ағылшын тіліне берейік.

Ағылшын тақпағына шығатындар: Камшат, Айша, Азиза, Шұғыла. (Ағылшынша ән: Камшат , Айша, Азиза, Шұғыла, Алан, Е.Алижан)

Жүргізуші:

Кездескен сон күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын дей отырып, қыздарымыздың саңырауқұлақ биіне кезек берейік.

Би «Саңырауқұлақ».

Жүргізуші: рахмет сендерге қыздар «өнерлерің үстем болсын». Көкеністер мен жемістерімізді ортаға шақырайық.


Алдияр:

Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,    

Қараса егер салғырт кім.



Жәннәт:

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ    
Күнге қарап ұялып.

Р.Алижан:

Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз    
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.


Нейла:

Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.    
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.


Шұғыла:

Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай    

Менің атым құлпынай.


Ясмин:

Көктеп ерте шырмалып,
Әсем мен бүр жарып    
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі су арып.


Жүргізуші: балалардың орындауында ән «Күз келгенде».

Орыс тіліндегі тақпақтарға кезек береміз.

Арсен, Даяна, Т.Дильназ.

Ортаға Али, Мәди, Аруна, Дамир


Али:

Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау  

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!  

Мәди:

Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін? 

Тоңазыпты топырақ, 

Ызғарлы екен жел де тым.

Дамир:

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.


Аруна:

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.


Алан:

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.


Жүргізуші:Құрметті қонақтар, Күз ханшайымы біздің балалардың дайындаған ертегі еліне саяхат жобасы бойынша «Бауырсақ» ертегісі көрнісін тамашалаңыздар! Ертегінің желісі өзгертілген, ертегіні басқа қырынан көрсетіледі.

Ертегі «Бауырсақ»

Құрметті қонақтар бүгінгі дайындаған -«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты «Аққайың» тобының ертеңгілігі осымен тамамдалды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Ендігі сөз кезегін балабақшамыздың директоры С.Ж.Есмұхаметқызына беріледі.

Келесі кезекті ата-аналарға береміз.











№5 «Арай» балабақша-бөбек жайының КҚМҚ











Алтын күз


«Алтын күз, әсем айналам,

Еліне береке сыйлаған»








Дайындаған тәрбиешілер:

«Аққайың» естиярлар тобы

Жунисова Д.С

Тенкебаева А.Н









Өскемен қаласы, 2015 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Берекелі Алтын күз

Автор: Рахимбекова Индира Акановна

Дата: 05.01.2020

Номер свидетельства: 534462

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Берекелі алтын күз""
    ["seo_title"] => string(18) "berekeli_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "500158"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550415602"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Берекелі алтын к?з "
    ["seo_title"] => string(21) "bieriekieli-altyn-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "180558"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425209452"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ерте?гілік " Берекелі алтын куз""
    ["seo_title"] => string(36) "iertien-ghilik-bieriekieli-altyn-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "273599"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452250103"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Берекелі алтын күз""
    ["seo_title"] => string(23) "bieriekieli_altyn_kuz_1"
    ["file_id"] => string(6) "434769"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1509031751"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Мерекелік ертенгілік "Берекелі - Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(48) "mieriekielik_iertienghilik_bieriekieli_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "385688"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485794755"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства