Ертеңгілік 
  Күні: 18.10.2020 жыл
  Тақырыбы: «Бауырсақ » ертегісіне саяхат
  Мақсаты: 1. Балалардың көңіл-күйін көтеру. «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлер арқылы төрт білім беру саласы бойынша тапсырмалар беріп, алған білімдерін бекіту;
  2. Балалардың ой-өрісін, тілін дамыту;
  3. Адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
    
  Тәрбиеші:  - Балалар, біз қандай ертегі білеміз? (балалардың жауабы)
  - Қане, «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсіріп көрейікші. (Слайд арқылы ертегіні көрсету)
  - Ерте, ерте, ертеде ата мен әже болыпты. Бір күні атасы:
  - Кемпірім, маған бауырсақ пісіріп берші, - депті. Әже бауырсақ пісіріпті. Бауырсақ суысын деп терезенің алдына қойыпты. Ал, бауырсақ қашып кетіпті. Қашып келе жатып, кімді кездестіреді, балалар?
  Балалар:  - Қоянды кездестіреді.
  Тәрбиеші: - Қоян бауырсаққа не дейді?
  Қоян:  -Балалар, мен бауырсақты жеп қояйынба?
  Балалар: - жоқ, жемеші.
  Қоян: - Сендер менің тапсырмамды орындасаңдар, мен бауырсақты босатамын.
  Тәрбиеші: - Балалар, қоянның тапсырмасын орындаймыз ба?
  Балалар:  - ия, орындаймыз.
  Қоян: - Ендеше маған арнап тақпақ айтып беріңдерші. («Қатынас» б.б.с. бойынша)
  Балалар:  - Ұзын құлақ сұр қоян  
  Естіп қалып сыбдырды
  Ойлы-қырлы жерлермен
  Ытқып-ытқып жүгірді
  Қарап еді артына
  Қиығын сап қөзінің
  Келе жатқан томпаңдап
  Көжегі екен өзінің.
  Қоян: - Рахмет, балалар, мен бауырсақты жемеймін.
  Тәрбиеші:  - Ал, енді бауырсақ тағы да жолға шықты. Келе жатып, алдынан кім шығады?
  Балалар:  - Қасқыр шығады.
  Қасқыр:  - Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
  Тәрбиеші: - Балалар, қасқырға бауырсақты береміз бе?
  Балалар:  - Жоқ.
  Қасқыр:  - Менімен ойын ойнайсыңдар ма?
  Балалар:  - Ия.
  Ойын:  «Кім жылдам?»   Шарты: жерде шашылып жатқан ойыншықтарды шелекке жинап толтыру. («Денсаулық» б.б.с. бойынша)
  Тәрбиеші: - Бауырсақ тағы да жолға шығып келе жатыр. Алдынан кім шықты?
  Балалар:  - Аю шықты.
  Аю:  - Балалар, мен бауырсақты жесем бе деп тұрмын.
  Балалар:  - жоқ, жемеші.
  Аю:  - Балалар, сендер маған үй құрастырып беріңдерші, мен сонда бауырсақты босатамын.
  Тәрбиеші:  - Балалар, аюға үй құрастырып береміз бе?
  Балалар:  - ия. (Ірі көлемді текшелермен үй құрастырып береді). («Таным» б.б.с. бойынша)
  Аю:  - Рахмет сендерге, балалар.
  Тәрбиеші:  - Бауырсақ әндетіп жолға шығады. Енді тағы кім шығады алдынан?
  Балалар:  - Түлкі шығады.
  Түлкі:  - Балалар, менің қарным ашты. Мен бауырсақты жейінші.
  Балалар:  - Жоқ түлкі бауырсақты жемеші.
  Түлкі:  -Ендеше, сендер менің көңілімді көтеріп ән айтып беріңдерші.
  Ән:  «Кел, балақан, балақан»   («Шығармашылық» б.б.с. бойынша)
  Түлкі:  - Рахмет балалар, сендердің арқаларыңда көңілім бір көтеріліп қалды. Мен бауырсақты жемеймін. Сау болыңдар.
  Тәрбиеші:  - сөйтіп бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіпті.  
  - Балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер. Бауырсақты ешкімге жегізбей атасы мен әжесіне апарып бердіңдер. Сендерге қоянның, қасқырдың, аюдың, түлкінің тапсырмалары ұнады ма? (Балалардың жауабы). Сендерге көп рахмет.