Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты: Менің Тұңғыш Президентім»
Тақырыбы:Менің Тұңғыш Президентім
Сабақтыңмақсаты: Оқушыларға тұңғыш Президент туралы түсінік беру, балаларға патриоттық тәрбие беру, оқушы бойында шығармашылық қабілетін тану.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сұрақ – жауап, пікір - талас)
Көрнекілігі: Н.Ә. Назарбаев – суреті Астана, Алматы қалаларының суреті, ел рәміздері, тақырыптық суреттер, кітапшалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а ) Сәлемдесіп,сабақтың тақырыбын айту
ә ) Әнұран орындалады
б ) Сұрақ- жауап
в ) «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
г ) Қорытынды
Мұғалім : Құрметті оқушылар, тәрбие сағаты.
Егемендігімен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай болған жоқ.Қазақстан үшін өндірістік қатынастардың жиынтығы болыптабылатын экономикалық базисте, қатынастардың құқықтық негіздерін қайтадан қалыптастыру қажет болды.
Сөйтіп Қазақстанда 1993 жылғы 28 қаңтарда құқықтық базаның іргетасы болып табылатын тұңғыш конституция қабылданды.
оқушы : Қазақ халқының кеңпейілдігі мен бауырмалдылығының арқасындареспублика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отырғаны дәріптеледі.
2-оқушы : Ата- дәстүріміз бен ана тілімізді келер ұрпаққа мұрат етіп жеткізіп тарихымыздың қазынасын молайтсақ,болашақтан жақсы үміт күтуге болатыны белгілі.
3-оқушы : Сан ғасырлар бойы исі қазақ ,жаны қазақ,ата-бабаларымыз осы қара шаңырақтың астындаөсті,өркен жайды,болашаққа ұрпақжалғастырды.Егемен еліміздің елтаңбасын білу,ол бейнелеп тұрған ойды терең түсіну – азаматтық парызымыз.
4-оқушы : Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем,оның асқар таулары мен айдын-көлдері,жайқалған орманы мен жасыл жайлауы –менің ақ бесігім.
Сұрақ – жауап ойыны.
ҚР-ның туы мен елтаңбасы қашан қабылданды ? (1992ж 4- маусым)
Жалаудың ұзындығы (2 метр)
ҚР-ның жаңа Конституциясы қашан қабылданды? (1995 ж 30-тамыз)
Конституция неше бөлім неше баптан тұрады ? (9 бөлім ,98 баптан)
ҚР күні ? (25-қазан)
Тәуелсіздігімізге қанша жыл толып жатыр?
Президентіміз кім?
Біз қай елде тұрамыз?
Елтаңбада, туда ненің суреті бейнеленген? Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
Қазақстан халқының сан ғасырлар бойы армандап келген мақсаттарына қолы жетті.Қазқстан тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды.Бірақ тәуелсіздік оп-оңай келген жоқ.Өткен тарихымызға көз жіберсек ,тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп,азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз.
«Ақтабан шұбырындыдан» аман қалғаны енді есін жиып келе жатқанда кіші төңкерістің қасіретіне ұшырады.Одан кейін аштықтан қаншама миллион адам қырылды. Қалғандарын «қалық жауы», «ұлтшыл»,деген жаламен атқанын атып,қалғанын ит жеккенде азаптап өлтірді.
Отыз мыңнан астам асыл ерлер күнәсіз атылды,мыңдаған жандар кеңестік лагерьдің тозағынан өтті.Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып,жерімізді қоршаған ер азаматтардан айырылдық.Әлемнің төрт бұрышына кеткеніміз қаншама?
Жері полигонға,лагергеь толды, топырағы тозды.Еліміз киелі Аралынан айрылды.Өз еліне қазақ жат болып,азшылыққа айналды..
Міне осындай сәтте 1986 жылы желтоқсан оқиғасы өрбіді.Ол Кеңес империясының уысында қалған халықты орыстандыруға,полигондарға,лагерьлерге қарсы туған нарызылықтан болатын.
«Сандар мен деректер» кестесі
Желтоқсанның 1-де 1991 жылы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
2.1991 жылы желтоқсанның 21 і ТМД құрылды.
3.1993 жылы 15-қараша мемлекеттік валюта –теңге енгізілді.
4.1995 жылы 30 тамыз Ата заң қабылданды
5.1997 жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді
6.Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасын жолдады.
« Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан »
Қр-ның президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында
«Қазақстан - 2030» Стратегиясының 10- жылдығы –Қазақстан экономика мен өзінің мемлекеттігінің берік іргетасын құра отырып,дамудың жаңа кезеңіне кіруге;
Қазақстан өмір сүру сапасының өсуін ;
Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі- жан-жақты жаңғыртуды жеделдету;
Бәсекеге қабілетті- Қазақстаннның әлемдік экономика мен қазақстанды құрудың маңызды факторларын айтқанын білесіздер.
Енді «Жаңа әлемдегі- жаңа қазақстанды » қалай елестетесіңдер соны сурет арқылы бейнелесеңдер.