kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ конспектісі "Ақша"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың ақша туралы түсініктерін, "теңге" ұғымын қалыптастыру.
Геометриялық пішіндер,   «ұзын», «қысқа» ұғымдарын бекіту.  Балалардың қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Тиянақтылыққа, бірін-бірі тыңдай білуге, ақшаны үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ конспектісі "Ақша"»

ІІ кіші топтың ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің конспектісі


Білім беру саласы: «Таным», ҰОӘ «Жаратылыстану» + «Таным», «ҚМТҚ»

Тақырыбы: «Ақша»

Мақсаты: Балалардың ақша туралы түсініктерін, "теңге" ұғымын қалыптастыру.
Геометриялық пішіндер, «ұзын», «қысқа» ұғымдарын бекіту. Балалардың қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Тиянақтылыққа, бірін-бірі тыңдай білуге, ақшаны үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Балаларды үнемділікке, бірін – бірі соңына дейін тыңдай білуге тәрбиелеу.

  • Балаларды суретте көрсетілгендей етіп, текшелерді орналастыруды әрі қарай үйретуді жалғастыру.

  • Балалардың ақша туралы түсініктерін (сыртқы келбеті, қасиеттері) туралы білімдерін кеңейту.

  • Екі затты ұзындығы бойынша салыстыруды бекіту. Балалардың зейіні мен ойлау қабілетін дамыту.

Құрал жабдықтар: суреттер, ойыншық әмияндар, Дьенеш блоктары, обручтар, ойыншық ақша (қағаз және тиын темір ақша), азық – түлік макеттері, қызыл және сары жолақшалар, Никитин кубиктері.

Сөздік жұмыс: ақша, тиын, қағаз ақша, теңге.

Технологиялар: денсаулық сақтау, ойын технологиясы, Дьенеш блоктары, Никитин текшелері.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу.

І Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбер

Балалар келген қонақтармен амандасады.

ІІ Негізгі бөлім

Балалар тәрбиешімен бірге келе жатып, алдарында жатқан әмиянды көреді,

Балалар мынау не?

Балалар: бұл әмиян ғой.

Біреу жоғалтып алған сияқты ғой, енді не істейміз?

Балалар: оны иесіне беру қажет.

Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Бүгін біз сендермен ақша туралы сөйлесетін боламыз. Сонымен қатар, міндетті түрде осы әмиянның иесін тауып, қолына табыстауымыз керек. Солай ма, балалар?

Балалар: ия, солай!

Бүгін біз сендермен ақша туралы сөйлесетін боламыз. Өздерің ақша тауып көресіңдер, бірақ ақша табу үшін сендер тапсырма орындайсыңдар, содан кейін мен сендерге ақша беремін.

Балалар, қараңдаршы, мынау не?

Балалар: бұл ақша.

Ақша не үшін керек?

Балалар: ақша бірдене сатып алу үшін керек. Немесе бір атқарылған қызмет үшін төленеді.

Дұрыс, жарайсыңдар, балалар!

Ақша көп немесе аз болғанда несімен жақсы?

Ал аз болғанда ше?

Балалар: Балалардың жауабы.

Ақшаны көп жұмсауға болады ма?

Балалар: балалардың пікірлері екіге бөлінеді.

Неге көп жұмсауға болмайды?

Балалар: өйткені, көп жұмсасақ ақша тез таусылып қалады. Содан кейін басқа заттарға ақша жетпейді.

Жарайсыңдар, балалар! Сонымен ақшаны қалай пайдалану керек? Үнемдеп пе, әлде үнемдемей шашып, қолдануға болады ма?

Балалар: жоқ, ақшаны үнемдеу керек, егер де біз ақшаны үнемдемей пайдалансақ ол тез таусылып қалады.

Балалар, назар аударып қарайықшы, ақша екі түрлі болады екен. Қағаз ақша және тиын ақша.

Қағаз ақша – қағаздан жасалады, ал тиын ақша – металдан. (қағаз ақша мен тиын ақшаны көрсетіп, қарастырады)

Балалар, ойланып көріңдерші, қағаз ақшаны немесе тиын ақшаны пайдаланған ыңғайлы ма?

Балалар: кейбір балалар тиын ақша деп, ал кейбіреулері қағаз ақша деп жауап береді.

Мария Туркина

Знай, купюры мять нельзя,
Не простят они тебя,
А решишь ты их скрутить,
Могут ввек тебя забыть.

Айзере

1. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.

2. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.

Ал енді қазір тапсырмалар орындаймыз, дұрыс орындалған тапсырмалар үшін мен сендерге ақша беремін.

Дұрыс орындалған тапсырма үшін ақшаларын алады.

1 тапсырма

«Өз үйіңді тап!» геометриялық пішіндермен

Балалар: 4 дөңгелектің ішінде геометриялық пішіндер орналасқан, балаларға геометриялық пішіндер үлестіріледі, өздерінің қолдарындағы пішіндерге сәйкес өз үйлерін табады!

Сергіту сәті

Музыкалды сергіту сәті.

Балалар: музыка әуенімен қимылдарды орындайды.

2 тапсырма

«Ұзын – қысқа жолдар» Никитин текшелерімен.

Балалар: көк және сары текшелерді пайдаланып, үлгі бойынша қысқа және ұзын жолдарды құрастырады, оларды атайды.

Жарайсыңдар, балалар! Енді осы тапқан ақшаларыңа дүкенге барып, қалаған бір затымызды сатып аламыз. Қалған ақшаны жұмсамаймыз, үнемдеп қалдырамыз.

Сюжетті – рөлді ойын: «Дүкен!»

Балалар: рөлдерге бөлініп, ойынды ойнайды, яғни, ақшаға ең қажетті заттарды сатып алады.

Тосын сәт. Сауле Садиевна топқа келіп, дүкенге бара жатып өзінің әмиянын жоғалтып алғанын айтады.

Балалар: таңертең олар осы әмиянды тауып алғандарын айтады. Апайға әмиянды табыстайды. Келесіде абайла, әмияныңды дұрыстап ұста, жоғалтып алма!

Апай қуанып, әмиянды алып, алғыстарын білдіріп, рахмет айтып, балалармен қоштасады.

Балалар: сау бол!

Міне, көрдіңдер ме, ақшаны үнемдеп ұстау керек, әмиянға абай болып жүру керек.

Балалар, бірақ, айтып кететін болсақ, бақыт ақшада емес, негізгі бақыт ол – денсаулық. Барлық туыстарың жанында аман сау жүрсе, бұл негізі бақыт болады.

ІІІ Қорытынды бөлім.

Балалар, біз бүгін не туралы сөйлестік?

Балалар: ақша туралы сөйлестік.

Ақшаны қалай ұстау керек екен?

Балалар: ақшаны үнемдеп, тек қана керек заттарға жарату қажет.

Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы, оқу әрекетіне жақсы қатыстыңдар, сендерге алғысым шексіз. Оқу әрекетіне белсенді араласқандарың үшін, міне, сендерге мынадай кішкене сыйлық. Көңілдерің әрқашан көтеріңкі болсын!

Сұрақ –жауап әдісі арқылы іс – әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.

Балаларды мақтап – мадақтау.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ конспектісі "Ақша"

Автор: Семизбаева Динара Ериковна

Дата: 04.03.2019

Номер свидетельства: 502162

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""?йсіндерді? шаруашылы?ы мен т?рмысы" ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(53) "uisindierdin-sharuashylyg-y-mien-tu-rmysy-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "306943"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1458224763"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Ашы? саба?  "Абай ??нанбаев "?ылым таппай ма?танба" ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(61) "ashyk-sabak-abai-k-u-nanbaiev-g-ylym-tappai-mak-tanba-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "171028"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423633808"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Ашы? саба?  Абай ??нанбаевты? ?мірбаяны «?ылым таппай ма?танба» "
    ["seo_title"] => string(67) "ashyk-sabak-abai-k-u-nanbaievtyn-omirbaiany-g-ylym-tappai-mak-tanba"
    ["file_id"] => string(6) "174789"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424180819"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Ашық сабақ конспект"
    ["seo_title"] => string(21) "ashyk_sabak_konspiekt"
    ["file_id"] => string(6) "441245"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1511894376"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ашық сабақ "Өкпенің құрылысы мен қызметі""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_okpienin_k_u_rylysy_mien_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "472171"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1528120489"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства