Просмотр содержимого документа
«"Аналар асыл қазынам"»
Аналар асыл қазынам!
Жүргізуші: Қымбатты әжелер мен аналар, сүйікті апалар, қыздар, құрметті әріптестер! Бүгін сіздерді көктемнің алғашқы күні және 8 - наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз! Құрметті әйелдер қауымы мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған. Қаймақты сүттей қалқытқан Суық болса жөргегі Қорғасындай балқытқан Айналасына ас қойып, Өзенді көлдей шалқытқан. Қолын қатты тигізбей, Иісін жұпар аңқытқан Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздің 8 – і, Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның Анаға айтар лебізі.
Құрметті қонақтар сіздерге біздің балапандарымыздың дайындаған шағын концертін тамашалауға шақырамыз.
Кезекті тақпақтарға берелік.
Али:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Асанәлі: Анамды мен жақсы көрем, Айтқан тілін алып жүрем. Қасымда анам жүргенде Шаттанып ойнап күлем.
Батырхан: Ақ қабақты анашым, Күн сәулелі анашым. Әлпештеген баласын, Айналайын анашым.
Эскандер: Мен әжемді сүйемін Құшағына енемін.
Құтты болсын, әжежан, Құтты болсын мерекең!
Жүргізуші: Құрметті аналар енді сөз кезегін әнге береміз.
Ән: Аялаған ана
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Ортаға балаларымыз : Сұлтан, Ислам, Жан,
Сұлтан: Әже деген көп шығар, Әжемдей жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі. Менің әжем жыр әжем, Шуағы мол, нұр әжем.
Ислам : Менің әжем мейірбан, Мені жақсы көреді. Қажетіне жарасам, Жас балаша күледі.
Жан: Мені жақсы көреді, Күндей күліп жүреді, Көп ертегі біледі, Маған айтып береді.
Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем: Мен көңілді көктеммін, Былтыр келіп кеткенмін. Көзін ашып бұлақтын, Түбіне тал екенмін. Гүл боп қырда егілем, Дән боп жерге себілем. Жаңбыр болып жауам да, Нұр боп көктен төгілем. Шуағын төгіп әлемге. Жылуын күннің әкелем. Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлі. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын! Ал менің балаларға әкелген ойыным бар.
Музыка: Қазір ойын «Гүл теру»
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Арсен: Қары еріп даланың, Арықтардан су ақты. Ақ жүзіндей ананың, Күндер келді шуақты. Жыл құстары келді деп, Балдырғандар мәз болды, Қос қанаты желпілдеп, Көлге, үйрек қаз қонды.
Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз Той күні бір - бірден Аналарға сыйлаймыз.
Жүрізуші: Көктем біздің балаларымыздың сізге арнаған әні бар. Соны тыңдаңыз.
Ән: «Көктем»
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тамирлан:
Ана, сен бақыттысың!
Гүлің болып өсіп келем.
Жайнап жүрші, күліп жүрші,
Алладан мен тілеп жүрем.
Руслан:
Ақ жүректе сақтаған,
Сенің күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші ақ мамам.
Мен анамды сүйемін, Құшағына енемін.
Милана:
Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Сегізінші Наурызбен
Құттықтаймын, анашым,
Алишер:
Анам, анам, ақ анам
Менде өзіңдей ақ болам.
Айтқан тіліңді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Ақ төсекке жатқызсаң,
Көзіңді жұма қаламын.
Музыка естіледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
Музыкамен сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ:
Жан - жағыма қарасам, Қонақтар өте көп екен. Ұлдар да көп, қыздар да көп Апайларда мұнда көп Мен сайқымазақпын, Ақылыма көркім сай. Ұнаймын жұрттың бәріне Үлкенге де, кішіге. Келіп қалдым мен бүгін, Құттықтауға сіздерді. Аналарды, қыздарды Сүйікті әжелерді.
Жүргізуші: Рахмет, саған Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Мен де мерекенің болып жатқанын естіп аналар мен әжелері, қыздарды құттықтауға келдім. Менің де сыйлығым бар. Балалар сендер билегенді жақсы көресіңдер ме? Ал мен билегенді жақсы көремін. Кім менімен билейді? Келіңдер би билейік!
Би: «Ана жүрегі» Жүргізуші : Сайқымазақ биің тамаша екен. Ал сен біздің балалардың тақпағын тыңда.
Дария: Анам менің «Күнім» дейді Мен қуансам күлімдейді. Анам менің «Айым» дейді Мен мұңайсам «уайым» жейді. «Боташым» дер маған Ол - менің сүйікті анам!.
Алан: Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым, Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де.
Дарын: Әлпештеген аялаған Ақ сүт берген апатайым. Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын.
Жүргізуші:
Сүйкімді ғой балалар Өнерлі ғой баршасы Міне, осы қойылымды Көрсетті біздің балапандар!
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Балапан» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!