Тіл мерекесіне арналған іс шаралар рпгроолд мпарлоплпрла
Просмотр содержимого документа
«Ана тілі-арың бол!»
«Жанұя» балабақшасы
«Ана тілі – арың бұл» атты тіл мерекесіне арналған ертеңгілігі.
Өткізген: Қайырбек Нұрсауле
Нұр – Сұлтан 2019ж.
Балалар әуен залына әуен ырғағымен кіреді.
Әнұран орындалады.
- Балалар біз қандай елде тұрамыз?
- Ұлтымыз қандай?
- Тіліміз қандай?
- Бүгін қандай мереке?
Дұрыс айтасыңдар балалар, бүгін тіл мерекесін тойлағалы отырмыз.
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Ән:
Балалар тақпақтары:
Бөкейхан:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өлсе тілім мен де бірге өлемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Нұрай:
Сүйемін туған тілді – ана тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің.
Әділ:
Жанбасам да, жансам да,
Туған тілде сайраймын.
Мылқау болып қалсам да,
Туған тілді ойлаймын.
Маруа:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
Ойын: «Қыз қуу»
Ал балалар біздер мақалдар білеміз бе?
Қыз өссе, елдің көркі.
Гүл өссе, жердің көркі.
Ойнап сөйлесенде, ойнап сөйле.
Өнер алды – қызыл тіл.
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Ән: «Нұр Астана»
Тақпақ:
Батырхан:
Дәулет деген ұғыңдар,
Кеше бар да, бүгін жоқ.
Тілің болса, үнің бар,
Тіл болмаса, түгің жоқ.
Мұхамедияр:
Мен қазақтың тілімін,
Беретін көп білімім.
Достасатын сендермен,
Жаң пәннің бірімін.
Інкәр:
Ана тілім – дана тілім,бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Алдияр:
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашаққа бастаған дана тілім.
Санжар:
Ана тілім
Жүрегісің анамның
Жүрек – ана
Мен өзіңмен жаралдым.
Ойын: «Тақия тастамақ»
Тақпақ:
Ильяра:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Жанерке:
Өсірген ой-білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
Ана тілі – ұраным,
Ана тілі – құраным.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағың.
Би: «Қаражорға»
Балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым тіліміз асқақтай берсін!