Просмотр содержимого документа
«"Ал, қане бишілер!"»
Жүргізуші: Ассалаумағалейкум халқым менің, Ардақта дәстүріңді салтыңды елім Мереке басы болсын берекеңіз Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін дей келе бүгінгі өткізілгелі отырған «Ал, қане бишілер!» атты би байқауына хош келдіңіздер»!
Мың бұралған бишілерімізді қошеметпен қарсы алайық!
Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - әсерлері. Би қимыл - қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірдегі өмір талабынан туды. Келе - келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті.
Бүгінгі би өнерінің шарттары:
Таныстыру
Сұрақ-жауап.
Үй тапсырмасы (үйден дайындап келген билерін билейді)
Сонымен бишілеріміздің реттік санын белгілеу үшін жеребе тасталынады.
Жеребе алу үшін әр топтан бір адамнан оратаға келулеріңізді сұраймыз. (Әр топтың реттік саны анықталады)
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем. Әділдікке бас иеді күллі әлем Жүйрік озар сайыстарда неше бір Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Нұрмира Абуқызы
Күлшат Төлепбергенқызы
Гүлжан Сапарқызы
Қатысушы командалар дайындалғанша ортаға «Аққайың» ортаңғы тобының бишілерін шақырамын.
Жүргізуші: Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.
Жүргізуші:
Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
Сәлемменен сөз бастаған халқымыз дей келе қатысушы топтарға өздерін таныстыруға кезек беріледі. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»демекші, келесі кезегіміз сұрақ-жауап бөлімі.
1.Қазақстанда ЕХРО қай жылы болды?(2017)
2.Биылғы қандай жыл?(Жастар жылы )
3.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына арналған соңғы жолдауын қашан жариялады?(5қараша 2018ж)
4.БАЛБҰЛАҚ бөбекжайы қашан ашылды?(4 наурыз 2010ж)
Қатысушы топтар дайындалғанша «Балбөбек» тобының бишілерін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Мың бұралып сахнада тамсанып
Би билеңдер босатылып бар жүктен.
Көрермендер өте ыстық қарсы алып,
Шапалақтап жібереді зал біткен.
Сайысымыздың келесі туры бойынша қатысушыларымызға кезек беріледі.
Міне, сайысымызда аяқталды. Қатысушы топтар үш тур бойынша өз өнерлерін көрсетті. Ендігі кезекті әділ-қазыларға береміз. Олар не дейді екен?. Қандай пікірлер айтады екен?
Тәрбиеші педагогтардың қатыстырылуымен ұйымдастырылған «Ал, қане бишілер!» атты сайысымызда өз мәресіне жетті. Барлықтарыңызға еңбектеріңізге табыс, жанұяларыңызға бақыт тілеймін!Келесі қортынды сөз кезегін бөбекжай меңгерушісі:.И.Н.Абуқызына . береміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар.