kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әліппе саған,мың алғыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс»

мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға ,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

 1.Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

  Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

 Әліппені бітірді балаларым,

 Әліппеден нәр алған даналарым.

 Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

 Құтты болсын білімі балалардың,

 Өсті міне бойларың,

 Өсті ақыл – ойларың.

 Қуанышқа ортақпын,

 Құтты болсын тойларың!

Ләззат

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

 Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

 Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Мұғалім 

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

 Іші толы әріпке,

 Білімдегі жарық не?

 Хормен:  Болашаққа жол ашқан,

 Ол сүйікті Әліппе!

 Мұғалім:

 Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

 Хормен:       Әліппе. Әліппе ана тілін ертіп келеді.Менің қасымда қонағым бар.Ол сендермен достасқысы келеді.

 Әліппе:

 Менің атым -  Әліппе,

 Мені анаңдай дәріпте.

 Мені оқып ер жеткен,

 Аған менен әпкең де.

 Армысыздар жас достар!

 Армысыңдар, ата-ана!

 Болашаққа жол бастар,

 Әліппең келді ортаға.

 Мерекеңмен құттықтаймын

 Бүлдіршіндер, балғындар!

 Не үйреніп, не білдік

 Кәне ортаға салайық.

 Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?

 -    Талабы биік таудаймыз.

 -    Мың бұралған бишіміз.

 -    Біз шеберміз.

 -    Ақылдымыз.

 -    Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

 -    Көп оқимыз.

 Барлығы: Біз -  қазақ елінің болашағымыз.

Әліппе: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.

1.Әжеде бар, атада жоқ,

Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде»   («Л» әрпі)

3.Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

5.Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар зер салшы,

Басталған қай әріптен. («П» әрпі)

6.Пілде бар,шілде жоқ,

Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)

Ешкіде бар,қойда жоқ,

Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)

Әліппе:Балалар қандай сөз шықты?

Балалар: «Әліппе»

 Енді әліппе туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Азиза:

Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.

Ердәулет:

Іші толы әріпке,

Мынау айбат әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы әліппе

Нұрқанат:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым данасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы 

Қуандық:

Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?

Жанетта:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертек те

Үйреттің оны әліппе

Жанель:

Енді біз жаза аламыз

Әріпті қосып әріпке

Ырза боп саған жүреміз

Қош бол, сүйікті әліппе!

Бекарыс:

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдар алтыннан

Әліппе білім бесігі

Мансур:

Арта берді кітапқа

Бойымда қуаныш

Бірге жүрген қасымда

Кітап болды сыңарым

Мұқағали:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

Ән:Әліппе хор

Мұғалім:

Ұстаз деген қасиетті адам бар.
Біле білсең, сенің екі анаң бар,
Бірі - сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң - ұстаз деген данаң бар.

Туған анаң болмаса, ойнамас ең, күлмес ең,
Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең,
Ұстаз ана болмаса сен өмірдің,
Мәні менен мағынасын білмес ең

Ал сендер ұстаз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Ия

Арайлым

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Ақниет

Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Мадина:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

Жалғас

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Орынай

Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе менде ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш әлім

Биікке самғап ұшамын

Ертас

Еркесі едім еркелеген әр үйдің, 
Отын жаққан кеудедегі жалынның. 
Адам бол деп маңдайымнеан сипаған, 
Ұстазымды ұлы адам деп танимын. 

Хор:Мұғалім-ол біздің

Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын

 Ән бимен шашу шашылсың

 Мың бұралған бишілер

 Биіменен кешті жалғасын.

Би:қыздар:Ақниет,Жанель,Орынай

Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

М.Жанболат

ә деп ұзақ айтамын

ә деп үйге қайтамын

әкем, әжем, тәтеме

әдемі ән айтамын

Жонас

Ғалым болып аламын,

Ғаламға да барамын

Ғылым, білім- ілімді

Ғибрат еткен баламын

Нурислам

Ыдырыс-ау, Ыдырыс.

Алдыңда үлкен бұрылыс

Жол тәртібін абайла

Артыңда үлкен құрылыс.

Алмас

Ұлар, ұлар, ұлармын

Ұшқырлыққа құмармын

Ұлы сөздің басында

Ұ әрпі болып тұрамын

Асемгуль

Фарида мен Фатима -фотоопарат алыпты

Фархад пенен Фатима

Фермаларға барыпты

Ақниет:

А – А дегенің – Ана ғой,
Ана деген дана ғой

Көшен Арайлым
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әліппе саған,мың алғыс»

Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс»

мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға ,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

 1.Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

  Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

 Әліппені бітірді балаларым,

 Әліппеден нәр алған даналарым.

 Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

 Құтты болсын білімі балалардың,

 

 Өсті міне бойларың,

 Өсті ақыл – ойларың.

 Қуанышқа ортақпын,

 Құтты болсын тойларың!

Ләззат

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

 Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

 Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Мұғалім 

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

 Іші толы әріпке,

 Білімдегі жарық не?

 Хормен:  Болашаққа жол ашқан,

 Ол сүйікті Әліппе!

 Мұғалім:

 Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

 Хормен:       Әліппе. Әліппе ана тілін ертіп келеді.Менің қасымда қонағым бар.Ол сендермен достасқысы келеді.

 Әліппе:

 Менің атым -  Әліппе,

 Мені анаңдай дәріпте.

 Мені оқып ер жеткен,

 Аған менен әпкең де.

 Армысыздар жас достар!

 Армысыңдар, ата-ана!

 Болашаққа жол бастар,

 Әліппең келді ортаға.

 Мерекеңмен құттықтаймын

 Бүлдіршіндер, балғындар!

 Не үйреніп, не білдік

 Кәне ортаға салайық.

 Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?

 -    Талабы биік таудаймыз.

 -    Мың бұралған бишіміз.

 -    Біз шеберміз.

 -    Ақылдымыз.

 -    Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

 -    Көп оқимыз.

 Барлығы: Біз -  қазақ елінің болашағымыз.

 

Әліппе: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.

1.Әжеде бар, атада жоқ,

Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде»   («Л» әрпі)

3.Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

5.Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар зер салшы,

Басталған қай әріптен. («П» әрпі)

6.Пілде бар,шілде жоқ,

Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)

Ешкіде бар,қойда жоқ,

Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)

Әліппе:Балалар қандай сөз шықты?

Балалар: «Әліппе»

 Енді әліппе туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Азиза:

Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.

Ердәулет:

Іші толы әріпке,

Мынау айбат әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы әліппе

Нұрқанат:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым данасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы 

Қуандық:

Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?

Жанетта:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертек те

Үйреттің оны әліппе

Жанель:

Енді біз жаза аламыз

Әріпті қосып әріпке

Ырза боп саған жүреміз

Қош бол, сүйікті әліппе!

Бекарыс:

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдар алтыннан

Әліппе білім бесігі

Мансур:

Арта берді кітапқа

Бойымда қуаныш

Бірге жүрген қасымда

Кітап болды сыңарым

Мұқағали:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

Ән:Әліппе хор

Мұғалім:

Ұстаз деген қасиетті адам бар.
Біле білсең, сенің екі анаң бар,
Бірі - сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң - ұстаз деген данаң бар.

Туған анаң болмаса, ойнамас ең, күлмес ең,
Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең,
Ұстаз ана болмаса сен өмірдің,
Мәні менен мағынасын білмес ең

Ал сендер ұстаз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Ия

Арайлым

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Ақниет

Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Мадина:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

Жалғас

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Орынай

Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе менде ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш әлім

Биікке самғап ұшамын

Ертас

Еркесі едім еркелеген әр үйдің, 
Отын жаққан кеудедегі жалынның. 
Адам бол деп маңдайымнеан сипаған, 
Ұстазымды ұлы адам деп танимын. 

Хор:Мұғалім-ол біздің

Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын

 Ән бимен шашу шашылсың

 Мың бұралған бишілер

 Биіменен кешті жалғасын.

Би:қыздар:Ақниет,Жанель,Орынай

Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

М.Жанболат

ә деп ұзақ айтамын

ә деп үйге қайтамын

әкем, әжем, тәтеме

әдемі ән айтамын

Жонас

Ғалым болып аламын,

Ғаламға да барамын

Ғылым, білім- ілімді

Ғибрат еткен баламын

Нурислам

Ыдырыс-ау, Ыдырыс.

Алдыңда үлкен бұрылыс

Жол тәртібін абайла

Артыңда үлкен құрылыс.

Алмас

Ұлар, ұлар, ұлармын

Ұшқырлыққа құмармын

Ұлы сөздің басында

Ұ әрпі болып тұрамын

Асемгуль

Фарида мен Фатима -фотоопарат алыпты

Фархад пенен Фатима

Фермаларға барыпты

Ақниет:

А – А дегенің – Ана ғой,
Ана деген дана ғой

Көшен Арайлым
Б - Б дегенің – бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой

Ердәулет:

Е – Елге есті ер керек,
Ер жет, өсіп ертерек
Сафа Ж:

Ж – Жыр алыбы – Жамбыл ата,
Ардақтайды оны бала
Асқар:

Қ – Қартқа қол бер
Жасқа жол бер.

Арай:

М – Мектеп берген білімнен ,
Марқаясың, жас ұлан..
Орынай:

О – Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.

Алфавитті білдік біз

Онда жүйе қалып бар.

Бізідің қазақ тілінде

40 әріп,2 белгі бар

 Мұғалім: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті.Қазір « Сыңарын тап» ойынын ойнаймыз.Сыңарын тауып, буынға бөлесің.

Осының бәрін үйреткен әліппеге не айтамыз?

  Хормен:   Біздерге білім үйреткен,

 Әліппе, саған рахмет.

 Әліппе:

 Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

 Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

 Әліппе:  Ретімен тізбелі

 Әрбір санды даралап,

 Қайсың барсың бізге енді

 Айтып берер санамақ?

Санамақ айтайық

Асқар:

1 дегенім- бесік,

 Шықтың содан өсіп.

 

2 дегенім – елім,

 Далам, тауым, көгім.

Жанетта:

3 дегенім – үміт,

 Үміт артар жігіт.

Бекарыс:

4 дегенім – төзім,

 Төзе білем өзім.

Арай:

5 дегенім – бақыт,

 Бағалайтын бақыт.



6 дегенім – ақыл,

 Тыңдағаның мақұл.

Мұқағали:

7 дегенім – жалау,

 Жүректегі алау.

Мансур:

8 дегенім – сөзің,

 Серт беретін кезің.

Азиза:

9 дегенім – тоқтау,

 Елдің жоғын жоқта

Жанель:

10 дегенім – Отан,

Қорға соңы, ботам.

Мұғалім:

Есептеуге  жүйрік  болсаң  жасыңнан

Математикаға  орын  берсең  басыңнан

Барлық  ғылым  саған  үйір  болады,

Досың  солар  табылатын  қасыңнан

1.Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы 

Болады неше алма?

2.Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі,       

Кәне, кім тез шешеді? 5

3.Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек                  

Барлығы неше үйрек? 8

4.Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан.

Бес қиярды алғанда,            

Қанша қалды дорбада? 3

Әліппе: Ән: Ұстаз Сымбат,Алена

Сафа Ж

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата –ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.Енді сендерге ана тілін таныстырамын.Енді ана тілін оқисыңдар.

Әліппе:   Енді мен сендермен қоштасайын.

 Кір шалмасын беттерін,

 Таза болсын оқулық пен дәптерің.

 Оқығандарын есте болсың,

 Күнделіктерің 5-ке толсын!

 Бас иеміз құрметпен. (әліппе кетеді)

Ана тілі

Сөйлетер тілді шеберлеп

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыппен жақсы оқысаң

Негізі менде білімнің

Ана тілін сүйгендер

Саналы білім үйренер.

Омар

Ана тілі біздің туған анамыз

Анамыздай сыйлап,бағып ,қағамыз

Ана тілін сүйеміз

Басымызды иеміз

Ән:Қошақан

 Жүргізуші

 Баланың да тірегі,

 Дананың да тірегі.

 Шаншылмасын ешқашан,

 Аналардың жүрегі.

Ақыл құйған санама,

 Күннен де артық расында.

 Күн-алыста, ал анам,

 Ылғи менің қасымда.

Хор: Жақсы көрем

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз..

 Мұғалім:   Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

 Сөз берейік әкелер мен аналарға.

 Мектеп басшыларына сөз беріледі

Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет! Қош сау болыңдар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әліппе саған,мың алғыс

Автор: Оразова Гулбаршын Толыбаева

Дата: 23.01.2017

Номер свидетельства: 382897


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства