Просмотр содержимого документа
«Ма?та ?ыз бен мысы?. Ашы? саба? жоспары»
Тақырыбы: Ертегілер әлемінде «Мақта қыз бен мысық»
Мақсаты Білімділік:Оқушылырды ертегідегі кейіпкерлерімен таныстыру. Ертегі рөлін оқушыларға ойнату арқылы ұқыптылыққа,еңбекқорллыққы ,ізеттілікке баулу.
Дамытушылық:Оқушыларды ертегіге қызықтыру арқылы таным қабілетін арттыру.Сөйлеуге және ойын айтуға тілін дамыту.
Көрнекілік құралдар:Суреттер,слайд,интерактивтіктақта, ортада үстел үстінде :ыдыстар, сүт, сыпырғыш,шелек, маскалар, кейіпкер киімдері.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше -күн, себебі, біздің тобымызға көптеген қонақтарымыз келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейік: - БалаларҮлкенге де сіз, -Кішіге де сіз,-Сәлем бердік біз,
Енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қарандар. Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме?(оқушы) Қандай ертегілерді білесіңдер?(оқушы) II.Кіріспе
Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Сөздік жұмыс:“Бір уыс”-қолды бүгу мөлшері.
Енді мен сендерге ертегінің мазмұнын айтып бермін:
Мұғалім:Ерте, ерте, ертеде, Ешкі құйрығы келтеде,
Баяғыда Мақтақыз бен Мысық болыпты. –Мыныу « Мақта қыз». -Мыныу «Мысық»
Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: – Ендеше сүтіңді төгем! – дейді. Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: – Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. Мақта қыз: – Менің сүтімді төле! –дейді. Мысық сиырға барады. – Сиыр, маған сүт берші! – дейді. Сиыр: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. Мысық ағашқа барып: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. Ағаш: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. – Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады. – Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді. Дүкенші: – Маған жұмыртқа бер! – дейді. Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. Тауықтар: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады. – Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ тары бар, – дейді. Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр сүтің береді; сүтті апарып Мақта қызға береді,
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп сүтті қызға берді. Мұғалім:Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі, Кіп-кішкентай ағаштар, Үп -үлкен боп өседі.
Енді балалр ертегіні өзіміз ойнап көрейік.Ортаға оқушыларды шықырымыз.
III. Бекіту Суретпен жұмыс:
-Қанекей балалар тақтада ертегі кейіпкерлерін орындарына қояйық.
Сонымен балалар сендер осы берілген тапсырманы жақсы орындадындар.Жарайсындар!
IV.Қорытындылау:Сонымен балалар бүгін сендермен « Мақта қыз бен Мысық» ертегісімен таныстындар,кейіпкерлерін білдіндер . - Ал енді балалар мысықтың сүтті ерегісіп төккені дұрыс па? -Ертегі кейіпкерлерін атап беріндерші? -Ертегі ұнады ма? -Ертегіден өзімізге, тәрбиемізге керек жерлерін алайық, қателік жасамауға тырысайық.Үлкенің айтқанын тындап,айтқанын бұлжытпай орындайық.Әрқашанда достарыңа көмек көрсетіңдер,ренжітпеңдер,мейірімді болыңдар.
Балалар менің ертегімді тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет! Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған тәрбиеші апайларға да рахмет. Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар.