kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Куз береке куз мереке

Нажмите, чтобы узнать подробности

куз туралы ашыктарбие сагаты. Ойнайык та ойлайык ойын сабак.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Куз береке куз мереке»

Райхан Нұржанова

Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының бастауыш сынып тәрбиешісі.

Тараз қаласы.

-------------------------------------------------------------------------------------------------


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»

Мақсаты:

Оқушылардың логикалық ойлау, тұтастық қабылдау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру, ойындар арқылы оқушының ой - өрістерін, зейінін дамыту, дүниетанымын кеңейту; сөздік қорын молайту, қосымша ізденуге үйрету. Топтасып жұмыс жасай білуге , шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сандық, төрт түсті-қызыл, жасыл, сары,көк құлып пен кіліттер, тапсырмалар, суреттер.

Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, ізденушілік.


Өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Аспанда бәрі ғажап,
Жерде бәрі ғажап,
Айнала бәрі ғажап,
Менде бәрі ғажап.
Аспанымыз ашық болсын!
Ата - анамыз аман болсын!
Досымыз көп болсын!
Күніміз сәтті болсын!


ІІ. Негізгі бөлім.

- Біздің сабағымызға қонақ келе жатыр. Ол кім болды екен?

- Ол - Буратино.

Буратино: Сәлематсыңдар ма , балалар! Міне ғажап, сендерге келе жатқанымда, мен сандықтың төрт кілтін тауып алдым. Ал ол сандық қайда болды екен? Тезірек ішінде не бар екенін көргім келіп тұрғаны.

Тәрбиеші: Сенің іздеген сандығың мұнда тұрған тәрізді.

Буратино (қуанып): Дәл өзі. Ой, мына сандықтың аузын ашу үшін, әр құлыптың тапсырмасы бар екен. Бұл тапсырмаларды орындауға маған көмектесесіндер ме, балалар?

Балалардың жауабы: Иә.

1-тапсырма. Құлыптар мен кіліттердің түсіне сәйкес домалақтарды ретімен орналастыр және ата.

Қызыл, жасыл, сары, көк.

Буратино: Бірінші қызыл құлыпты ашу үшін, қандай түсті кілітті аламын? Балалар, көмектесіңдерші? Балалар сәйкес кілітті тауып,құлып ашылады.


2-тапсырма:

Ойын: «Не өзгерді?»
Үстелге үш-төрт ойыншық қойылады. (ойын барысында ойыншық санын көбейтуге болады) Бұдан соң баладан ойыншықтарды есте сақтауы сұралады.1-2 минуттан соң, баланы теріс қаратып қойып,үстелдің үстіндегі ойыншықтан біреуін алып немесе ойыншықтардың орнын ауыстырып қоямыз. Содан соң баланы бері қаратып, үстелдің үстінен не өзгергенін сұраймыз. 

Буратино: Екінші жасыл құлыпты ашу үшін, қандай түсті кілітті аламын? Балалар, көмектесіңдерші? Балалар сәйкес кілітті тауып,құлып ашылады.


3-тапсырма: Кімге қай зат керек және не үшін?

Буратино: Үшінші сары құлыпты ашу үшін, қандай түсті кілітті аламын? Балалар, көмектесіңдерші? Балалар сәйкес кілітті тауып,құлып ашылады.


Төртінші құлыпты ашар алдында бір сергіп алайықшы:


Сергіту сәті:

Қолымызды белге қоямыз,

Оң жаққа иілеміз, сол жаққа иілеміз,

Оң жаққа артқа қараймыз,

Сол жаққа артқа қараймыз,

Бір орнымызда жүреміз, бір-екі-үш.

4-тапсырма:

« Суретті аяқта»

Балалар аяқталмаған суреттердің жетіспейтін бөліктерін толықтырып салып, суретті аяқтағаннан соң, орындалған тапсырмаларын тақтаға іледі.

Бағаланады.

Буратино: Төртінші көк құлыпты ашу үшін, қандай түсті кілітті аламын? Балалар, көмектесіңдерші? Балалар сәйкес кілітті тауып, құлып ашылады.

Сандықтың ішінен қызыл, сары, жасыл, көк түсті жұлдызшалар шығады. Балаларға таратылады.


ІІІ. Қорытынды кезең.

Буратино: Балалар сендерге рахмет. Мен сендермен әлі де ойнағым келіп тұр.

Тәрбиеші: Сен бізбен «Ғажайып саусақтар» ойынын ойна.

1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).

2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен).

3. Қоштасу (қолды жоғары көтеру).

4. Қорқыту (сұқ саусақпен).

5. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).

Сау бол , Буратино.


























Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қызықты ойындар»

Мақсаты:

  1. Балаларға ұлттық ойындар туралы мағлұмат беру және білімдерін кеңейту.

  2. Балалардың ой-өрісін кеңейту, есте сақтау, логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.

  3. Салауатты өмір салтын ұстануға, ойынға деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Бір – біріне көмектесе отырып, достық, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Ұлттық ойындардың суреттері, арқан, белбеу, орамал, сақина, қоржын.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.



Өтілу барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке» балалардың бір-біріне деген мейірімді, жылы сөздерін және тілектерін айту.

Бүгін біз қазақтың ұлттық ойындарын ойнаймыз: «Қызықты ойындар»

ІІ. Негізгі кезең.

1.Сұрақ – жауап

- Балалар , ойнағанды жақсы көресіңдер ғой? (жақсы көреміз)

- Қандай ойындарды білесіңдер? (сақина салу, асық және т.б. ойындар)

- Кім қандай ойынды жақсы көреді? (футбол, қуып жет)

- Кім қандай қазақтың ойындарын біледі? (асық, белбеу тастау)


2. Ойындарды ойнату:


- Ойын: «Сақина салу» (Ақшамшық).

Ойынға бірнеше адам қатысып, ортаға бір баланы немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша барлығы дөңгелене отырып, екі алақанын бір - біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізуші алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлығының алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді немесе сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  • Біз ойнап жатқан ойын қалай аталады? \ сақина салу немесе ақшамшық , кейбір кітаптарда «ақшымшық» деп те жазылып жүр – ұллтық ойынның бір түрі\

  • Ұлт ойындары атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған ба? \Иә, осылайша бізге ата-бабамыздан мұра боп қалған құндылық\

  • Ұлттық ойындардың қандай пайдасын білесің? \Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді\

  • Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін білесің бе?
    Қазақтың ұлттық ойындары бірнеше түрге бөлінеді. Олар: Аңға байланысты, малға байланысты, заттармен ойналатын , спорттық – күш сынасу, шымыр болуға бағытталған және ептілікті, байқағыштықты, алғырлықты, ой жүйріктілігін жетілдіретін ойын түрлері өте көптеп саналады

  • Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ата? Асық ойындары, ат ойындары- «Көкпар», «Бәйге» т.б, «Жұмбақ жасыру» , «Санамақ», «Айгөлек», «Қапшықпен секіру», «Арқан тарту», «Орамал тастамақ», «Соқыр теке», «Алақан соқпақ» «Дауыста атыңды айтам, және тағы да өте көп.



3.Ойын : «Соқыр теке»
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ - бақ
Мені ізден тап - тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылайын жалғаса береді.

4.Ойын: «Санамақ»
Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтуы керек. Тоқтамай қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай «А»-дан басталатын 10 қыздың немесе 10 ұлдың атын атауы керек.





ІІІ. Қорытындылау:

Бүгін біз қандай ойындар ойнадық? \«Сақина салу», «Соқыр теке», «Санамақ», «Арқан тартыспақ» барлығы қазақтың ұлттық ойындары.

Сабақ сендерге сабақ ұнады ма?

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Куз береке куз мереке

Автор: Нуржанова Райхан Каусатовна

Дата: 06.10.2017

Номер свидетельства: 431051

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Куз кереметі "
    ["seo_title"] => string(17) "kuz-kieriemieti-1"
    ["file_id"] => string(6) "193190"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427609244"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Алтын к?з"?деби-музыкалы? ерте?гілік"
    ["seo_title"] => string(35) "altynkuzdiebimuzykalykiertienghilik"
    ["file_id"] => string(6) "284680"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454005588"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Куз  келді "
    ["seo_title"] => string(10) "kuz-kieldi"
    ["file_id"] => string(6) "193984"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427716737"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ертеңгілік: «Күз мерекем, күз берекем»"
    ["seo_title"] => string(34) "ertengilik_kuz_merekem_kuz_berekem"
    ["file_id"] => string(6) "499888"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550230322"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Берекелі алтын күз""
    ["seo_title"] => string(18) "berekeli_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "500158"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550415602"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства