Жүргізуші: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! Балалар, Алтын күз менің құлағыма жолда көкөністерін шашып алғанын, енді оларды қайтадан біріктіріп беруін сұрап отыр. Балалар көмектесеміз бе?
Балалар: Иә
Жүргізуші: Балалар Алтын күзге көмектесу үшін жемістер туралы тақпақ тар айтып берейік.
Пияз: Асханадан шыкпаймын,
Атым – пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын!
Қос картоп: Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз!
Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол менг – қызанақ,
Күнге қарап ұялып!
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!
Алтын күз: Бәрекелді, рахмет! Балалар!
Ән: « Урожай»
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам. Олар сізге « Жапырақ» биін билеп бермекші.
Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар!
Ән: «Алтын жапырақ»
Жүргізіуші: Балалар бізге қонаққа Аю мен қоян келе жатыр. Олар құр келе жатқан жоқ, олардың сендерге арналған ойыны бар екен. Балалар ойнаймыз ба?
Балалар: Иә
Аю: Ойынның шарты: Саңырауқұлақтарды жинау
Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Солай ғой, қыздар?! Ендеше « Алтын күз 2015» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! ( Ортаға қағаздан, газеттен тігілген киімдер киген қыздар шығып киім үлгілерін көрсетеді. )
Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! ( Балалар, Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).
Жүргізуші: Алтын күздің сыйы – жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. « Сау болыңыздар! » дей отырып, күз берекелі, астық болсын демекпіз. «Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып, Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып»