- Сары шарды ұшыра алмаймыз. Жаймен ауасын босатып жібереміз.
- Жасыл шарды жарамыз. .
Монтессори әдістемесі. Қызғылт мұнара»
Мансұр кілемшені жаяды. Қызғылт мұнараны кілемшеге тасып әкеледі. Шашылған мұнараны ретімен көлеміне қарай үлкенінен бастап жинайды.
Мұнараны орнына үлкенінен бастап апарып, орнына жинайды.
Кілемшені орнына бүктеп апарады.
Маман: Жарайсың! мақтайды.
Ірі моторикамен жұмыс. «Таяқшалардан аттап өту» .
Маман мен баланың оң аяқтарына қызыл түсті лента байланады. Екеуі бірге орындайды.
Таяқшалар жерге араларын алшақтатып қойылады. (6 қатар).
Бала қадам жасап аттайды. Бала бойын тік ұстап тұрады. Тапсырма асықпай орындалады.
Бірінші қадам оң аяқтан басталады. Оң аяғын асықпай көтеріп барып, қояды.
Екінші қадам сол аяқтан басталады.
Маман: Жарайсың! мақтайды.
Рахмет айтамыз, оң қолды сол жақ кеудеге қоямыз.
Қоштасу. Оң қолды жоғары көтереміз, қолды бұлғаймыз. Сау бол!
Тифлопедагог
Фонематикалық қабылдау. (Естіп қабылдау)
Маман мен бала бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
-Мансұр, бізде екі қол бар.
-Біреу, екеу.
Маман баланың және өзінің оң қолына қызыл лентаны байлайды.
Қызыл лента байланған біздің оң қолымыз. Қыз лента қай қолда?
Оң қолымызда, жарайсың!
Ал, мынау сол қолымыз.
Қайталаймыз, оң қолымызды көтереміз, түсіреміз.
Сол қолымызды көтереміз, түсіреміз.
Енді оң қолды жоғары көтереміз де, оң қолмен сәлемдесеміз.
-Сәлем!
-Сәлем!
Оң қолды жоғары көтереміз.
Иыққа қоямыз,
Сәлемдесеміз.
Сәлем.
Сәлем.
Сол қолды жоғары көтереміз,
Иыққа қоямыз.
Сәлемдесеміз.
- Сәлем.
- Сәлем.
Қолдарымды көтеремін, түсіремін төменге.
Жарайсың!
Көріп қабылдау. Мансұр, мынау көбелек. Көбелекте қанаттар болады, ал сенде қолдар болады. Енді көбелектің оң және сол қанатын табамыз және құрастырамыз. Үлкен және кіші көбелекті. қызыл, сары, жасыл түстерді тауып аламыз.