kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата салтым - асыл мұрам.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата салтым - асыл мұрам. Ашық тәрбие сағаты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата салтым - асыл мұрам.»

Ата салтым-асыл мұрам.

Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре

отырып ата дәстүрін танып білуге үйрету.

Түзету мақсаты: Ақыл-ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Имандылық пен адамгершілікке, аталы сөзден ғибрат алуға,

әдептілікке, сыпайылыққа, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер.

Тәрбиеші:Бүгінгі «Ата салтым-асыл мұрам» атты сабағымызды бастаймыз. Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, мәдени мұрасын оқушылар бойына дарытып, түсіндіру.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.



Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Біз бүгін сабағымызды бойымыздағы бар білімімізді жолымызға азық етіп, «Ата салтым-асыл мұрам» ауылына саяхатқа барамыз. Ендеше іске сәт!

І. «Қазақы тыйым сөзбен ырымдар» аялдамасы

Ал, балалар, қандай тыйым сөздер мен ырымдар білесіңдер? Бұл сұраққа жауап бермесек біз осы аялдамада қалып қоюымыз мүмкін.

      1. Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.

2. Жуған қолды сілкісе ырыс-несібе кетеді.

3. Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады.

4. Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.

5.Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды, себебі қол-аяғы байланған тұтқынды еске салады.

6Таңдай қағуға, үй ішінде таңдай қаға беру-жаманшылық шақыру белгісі.

7. Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адам алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды.

8.Ішекті тартуға болмайды. Тырнақты тістесе ырыс-несебе кетеді.

9. Тырнақ пен бастың шашын бейсенбі мен жұмадан басқа күндері алады.

10.Итті, мысықты, малды тебуге болмайды, өйткені әрбір жануардың киесі болады.

11.Күн батар алдында ұйықтауға болмайды, батар күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналады.

12.Өтірік жылауға болмайды, бұл-қайғы-қасірет шақыратын жаман ырым.

13.Адамның оң көзі тартса қуанады, сол көзі тартса ренжиді.

14.Адамның алақаны қышыса ақша ұстайды, табаны қышыса жол жүреді.

15.Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ.

Сондықтан да алдымен дастарханға нан қойылады.

16.Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.

Тыйым сөздер мен ырымдарды өте жақсы біледі екенбіз.

ІІ. «Қонақ күту» аялдамасына барайық.



















Қазақ осы ашық, жарқын қабағы,

Қонақ келсе мәз болып бір қалады.

Кетеріңде қара да тұр ол саған

Ат міндіріп, жібек шапан жабады.

Қазақ ауылына қонақ келу үлкен қуаныш болған. Тамақ ішуді мақсат тұтпаған, жыр дастандарды жатқа айтып, ән салып, күй тартып, өз өнерлерін ортаға салған, сол арқылы ұрпағын тәрбиелеген. Қонақжайлылық-қазақ халқының ғажайып дәстүрінің бірі. Қазақтың қонақты қарсы алу, күту, шығарып салу дәстүрлері бар. «Қонақ десе қоң етін кесіп берер қазақпыз» деген сөз ел арасында бекер айтылмаған.

«Амандасу-әдептілік белгісі», келген адаммен дұрыс амандаса білу керек. Қазақтың амандасу салты мазмұны жағынан бай, ол жастарды кішіпейілділікке, ибалыққа, сыйластыққа баулуды мақсат етеді.

  1. «Ассалаумағалейкұм» деп амандасудың мәні неде? Қандай ұғымды білдіреді?

«Ассалаумағалейкұм» «Сізге Алланың нұры жаусын» деген мағынаны білдіреді. Осылай амандасқанда сәлем алушы адам «Уағалейкүм ассалам» деп оң қолын ұсынады. Ол «Алланың нұры маған бір рет жауса, сізге бірнеше есе жаусын» деген мағынаны білдіреді. Далада немесе көшеде таныс адамды кездестіргенде «Қайда барасың?» деп сұрауға болмайды. «Жолың болсын» деп айту керек. Сырттан үйге кірген адам үй ішінде отырған адамның жасына қарамастан өзі бірінші болып амандасу керек.

  1. Ал жастар қалай амандасады?

Жай қол алысып, қол мен арқа, иық қағыстырып та амандасады. Қыздар бір-біріне «Сәлеметсің бе?», «Есен-саусың ба?» деп амандасады.

  1. Амандасудың неше түрін білесіңдер?

  • Сәлем беру

  • Келіндердің сәлем етуі

  • Кербез адамның артынан сәлем ету

  • Шаңыраққа сәлем беру

  • Көрісу

Ал енді қонақпен амандасқан соң оны дастарханға шақыру қажет. Дастарханға ұлттық тағам қоямыз. Ал қазақ халқының ұлттық тағамдарын атап беріңдерші?

  1. Ең алдымен дастарханға нан қойылады.

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан-өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

  1. Дастарханға қойылатын ет тағамдары қонақ түріне қарай сыбаға ретінде мүшелеп тартылуы немесе қуырылып берілуі тиіс. Дәстүр бойынша ет табаққа салынып, қонақтардың ретіне қарай табақ тартылады. Табақтың үш түрі бар: бас табақ, орта табақ, кіші табақ. Бұлардың әрқайсысына өзіне тән сыбағалар салынады. Бас табақ пен сый табақта міндетті түрде бас пен жамбас, қыс айларында қазы-қарта болуы тиіс. Арнайы қонаққа ортан жілік, қазы-қарта, құдайы қонаққа ұзын омыртқа, қабырға, қыдырма қонаққа қуырдақ ұсынылады.

  2. Ал қане тағы қандай ұлттық тағамдар білеміз?

Айран-піскен сүтті ұйыту жолымен әзірлейтін тағам түрі. Айран балалардың ішек жолдарының қызметін, ас қорытуды жақсартады.

  1. Шалап. Шөл қандыру үшін ашыңқыраған айранға су қосып шалап жасап ішеді.

  2. Шұбат-түйе сүтінен әзірленетін ұлттық сусын.

  3. Қымыз бие сүтінен жасалады. Оның емдік қасиеті ата-бабаларымызға орта ғасырдан белгілі.

  4. Қатық-ұйытылған айранды кенепке салып сүзіп, сары суынан ажыратып алып тұздап, сорпаға көжеге қосатын қоспа тағам.

  5. Құрт. Бұл сөздің мағынасы құрғатылған кептірілген сүт деген ұғымды білдіреді. Пісіп майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбаға сүзіп алып тұздап, кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсіліне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт т.б. болып бөлінеді.

  6. Жент және талқан. Жент қуырылып түйілген бидайдан, талқан қуырылып түйілген тарыдан жасалады.

Ал енді біздің сынып оқушыларының қонақтарға арнаған «қонақ кәделері» бар екен.

Назар аударыңыздар!

Ән: «Дастархан».

Би: «Қаражорға».

Қорытынды:«Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдептен» дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу қажет. Ол үшін бүгінгі ұрпақ өз ата-салтын, әдет ғұрпын білуі қажет. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады, яғни ата-салтын, әдет-ғұрыптарын білген адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді.Сондықтанда осы салт-дәстүрлерімізді есімізде сақтап жүрейік. Бүгінгі біздің «Ата салтым-асыл мұрам» атты сыныптан тыс тәрбие сағатымыз аяқталды.





БҚО, Орал қаласы

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық

арнайы мектеп-интернатының тәрбиешісі

Таскайрова Тлекши Муратбековна


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ата салтым - асыл мұрам.

Автор: Таскайрова Тлекши Муратбековна

Дата: 26.01.2017

Номер свидетельства: 384250

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ата салтым – асыл м?рам "
    ["seo_title"] => string(22) "ata-saltym-asyl-mu-ram"
    ["file_id"] => string(6) "192237"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427438626"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(31) "klasssagatyatasaltymasylkazynam"
    ["file_id"] => string(6) "327041"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380513"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(32) "klasssagatyatasaltymasylkazynam1"
    ["file_id"] => string(6) "327042"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380521"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Ашық тәрбие сағаты"Ата -салтым асыл қазынам""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_ata_saltym_asyl_k_azynam"
    ["file_id"] => string(6) "459156"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1519381763"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "« Салтым – асыл ?азынам » "
    ["seo_title"] => string(20) "saltym-asyl-k-azynam"
    ["file_id"] => string(6) "214186"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1432228056"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1460 руб.
2090 руб.
1940 руб.
2770 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства