kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата салтым – асыл м?рам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:       «Ата салтым – асыл м?рам»

Саба?ты? ма?саты:          О?ушылар?а ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері мен ?дет

-??рпыны? т?рбиелік м?нін ??ындыру. Баланы? бойына

адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастыру, халы? ?негесін ?йрету. ?з ?лтына, ?дет – ??рып, салт-д?ст?рге деген с?йіспеншілігін арттыру.

 К?рнекіліктер:                   ?лтты? киімдер, бесік, ?уырша?, суреттер, слайд.

?йымдастыру кезе?і

Ж?ргізуші:                           Ата салтым – асыл м?рам, арда?ым,

                                               Бабаларды? жал?астырар арманым.

                                               Сан ?асырда ?алпын б?збас ?адірім,

                                               ?ткенімді б?гінменен жал?адым.

С?леметсіздер ме, ??рметті ата – аналар, м??алімдер! Б?гінгі бізді? 2 «Б» сыныбында ?ткізіліп жат?ан  «Ата салтым – асыл м?рам» атты сыныптан тыс шарамыз?а ?ош келді?іздер! Б?гінгі шарамызды? негізгі ма?саты ?з хал?ымызды? салт – д?ст?рлері, асыл ?азыналары, асыл м?ралары туралы о?ушылар?а т?сіндіріп, бойларына сі?іру болып табылады.  Салт -  д?ст?р, ?дет – ??рып атадан бала?а ?алып отыр?ан. ?р ?лтты? ?зіне т?н салт – д?ст?рі бар.

                                   Білімсізден жаман жо?,

                                   Ту?ан со? адам боп.

                                   Ел д?ст?рін білмесе?,

                                   Ж?рт айтады надан деп, - дегендей, ?аза?ты? салт – д?ст?рлерін бірнеше топ?а б?ліп ?арау?а болады.

Отбасы д?ст?рлері               Отау к?теру               Ислам та?ылымы

            %                       #                    &

                    ?АЗА?ТЫ? САЛТ – Д?СТ?РЛЕРІ     

            '             $               $              (

Е?бек д?ст?рі   Т?рбие д?ст?рі     Наурыз д?ст?рі     ?аза ??рыптары

Отау к?теру д?ст?рлері:   ?ыз ?зату, беташар, ша?ыра? к?теру.

Т?рбие д?ст?рлері:            бесікке салу, алтыба?ан.

Отбасы д?ст?рлері:           дастар?анда бата беру, б?йге, отбасы аластау.

Е?бек д?ст?ріне:               а?шылы?, сонар.

Ислам та?ылымы:            ??рбан шалу.

?аза ??рыптары:               д??а о?у, жо?тау.

                                               Ата салтым – асыл м?рам, арда?ым,

                                               Бабаларды? жал?астырар арманым.

                                               Сан ?асырда ?алпын б?збас ?адірім,

                                               ?ткенімді б?гін менен жал?адым.

Енді та?па?тар?а кезек берейік:

1 – о?ушы                  ?аза?ымны? салт – д?ст?рі жа??ыр?ан,

                                   Т?лімді ой сына?ы, т?рбие к?зі ?алдыр?ан.

                                   Салт – д?ст?рді ардайы? а?айын,

                                   ?аза? атты ?лкен – кіші балдыр?ан.

  2 – о?ушы               Жиналыппыз с?тті к?ні б?рімізде,

                                   ?лкен, кіші, жасымыз, к?рімізде.

                                   Т?рлеті?із ?адірменді ?она?тар,

                                   Г?л – г?л жайнап, мына бізді? т?рімізге.

3 – о?ушы                  Ту?ан со? адам боп,

                                   Білімсізден жаман жо?.

                                   Ел д?ст?рін білмесе?,

                                   Ж?рт айтады надан деп.

4 – о?ушы                  Ата – баба? арда?ты,

                                   Жаманды??а бармапты.

                                   Ардай т?тып салт – д?ст?рді,

                                   Ата жолын жал?апты.

5 – о?ушы                  Бауырлас?ан т?німіз,

                                    Б?зылма?ан антымыз.

                                   Ке? даланы? ежелгі,

                                   ?аза? дейтін хал?ымыз.

                                   ?зге ?лттай бізді? де,

                                   Бар д?ст?рмен салтымыз.

?н:    «Алтын ана» Орындайды: Набатова ?лболсын.

Ж?ргізуші:               М??гі толы ?аза?ымны?  ??мыры,

                                   Сан асылды? ашылып т?р ??мыры.

                                   Кеше ?ана керексіз ?ып таста?ан,

                                   ?ажап екен ?дебі мен ??рыбы.

Атамыз ?аза? т?рбиеге, салт – д?ст?рге ерекше к??іл б?лген. Ерте кезде жазу, сызу болма?анда да баланы отбасында отырып – а? т?рбиелеген. Ырымдар мен тыйымдар, ал?ыс – тілектер, ма?ал – м?телдер ар?ылы т?рбие берген.

Ырымдар мен тыйымдар.

  • С?би шал?асынан ала?сыз ?йы?таса, белгілі азамат болып ?седі.
  • Б?к т?сіп ?йы?таса – уайымшыл, жігерсіз болып шы?ады.
  • Етпетінен ?йы?таса – ойшыл болады.
  • Ая? – ?олын еркін созып ?йы?таса – болаша?та  батыр, кеме?гер болады деп болжа?ан.

Ж?ргізуші:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата салтым – асыл м?рам »

Сабақтың тақырыбы: «Ата салтым – асыл мұрам»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет

-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру. Баланың бойына

адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Өз ұлтына, әдет – ғұрып, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру.


Көрнекіліктер: ұлттық киімдер, бесік, қуыршақ, суреттер, слайд.

Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманым.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.


Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, мұғалімдер! Бүгінгі біздің 2 «Б» сыныбында өткізіліп жатқан «Ата салтым – асыл мұрам» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты өз халқымыздың салт – дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады. Салт - дәстүр, әдет – ғұрып атадан балаға қалып отырған. Әр ұлттық өзіне тән салт – дәстүрі бар.

Білімсізден жаман жоқ,

Туған соң адам боп.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп, - дегендей, қазақтың салт – дәстүрлерін бірнеше топқа бөліп қарауға болады.

Отбасы дәстүрлері Отау көтеру Ислам тағылымы

  

ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕРІ

Еңбек дәстүрі Тәрбие дәстүрі Наурыз дәстүрі Қаза ғұрыптары


Отау көтеру дәстүрлері: қыз ұзату, беташар, шаңырақ көтеру.

Тәрбие дәстүрлері: бесікке салу, алтыбақан.

Отбасы дәстүрлері: дастарқанда бата беру, бәйге, отбасы аластау.

Еңбек дәстүріне: аңшылық, сонар.

Ислам тағылымы: құрбан шалу.

Қаза ғұрыптары: дұға оқу, жоқтау.


Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманым.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгін менен жалғадым.


Енді тақпақтарға кезек берейік:

1 – оқушы Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардайық ағайын,

Қазақ атты үлкен – кіші балдырған.


2 – оқушы Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл – гүл жайнап, мына біздің төрімізге.


3 – оқушы Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.


4 – оқушы Ата – бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып салт – дәстүрді,

Ата жолын жалғапты.


5 – оқушы Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүрмен салтымыз.


Ән: «Алтын ана» Орындайды: Набатова Ұлболсын.



Жүргізуші: Мәңгі толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдың ашылып тұр ғұмыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

Атамыз қазақ тәрбиеге, салт – дәстүрге ерекше көңіл бөлген. Ерте кезде жазу, сызу болмағанда да баланы отбасында отырып – ақ тәрбиелеген. Ырымдар мен тыйымдар, алғыс – тілектер, мақал – мәтелдер арқылы тәрбие берген.


Ырымдар мен тыйымдар.


  • Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, белгілі азамат болып өседі.

  • Бүк түсіп ұйықтаса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады.

  • Етпетінен ұйықтаса – ойшыл болады.

  • Аяқ – қолын еркін созып ұйықтаса – болашақта батыр, кемеңгер болады деп болжаған.


Жүргізуші: Сонымен біз ырымдар мен тыйымдарды біліп, оларды әрдайым жадымызда

сақтауымыз керек.

---- Балалар, біз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың тарихын, ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан мұрасын, әдет-ғұрпын, салт – дәстүрлерін білуіміз керек.

--- Салт – дәстүр деген не?

Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, салт – сана, әдет – ғұрып, тәлім – тәрбие болып табылады.


--- Қандай салт – дәстүрлерін білесіңдер?


1. Кіндіккесер – нәресте туған сәтте кіндігін кесіп алады. Кіндік кесетін әйелді «кіндік

шешесі» дейді.

2. Ат қою – қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын

қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып, батасын алған.

Бата – халықтың рухани қуат алатын құдіретті сенім күші.

3. Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – сауық той. Мұнда

«балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады.Шілдеханаға

шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана өмірге адам келгеннің және оған

қуанудың бір белгісі.

4. Бесікке салу – жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік,

сәбидің алтын ұясы болып саналады.


5. Тыштырма - сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, тәттілер

өткізіп, «Тышты ма, тышты ма?» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп

атайды.

6. Қырқынан шығару - баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық

қасық су құйып шомылдырады.Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып, дені сау

болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

7.Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киім, заты үшін берілетін ақшалай немесе

заттай берілетін сый.

8. Базарлық - алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлық..

9. Сыбаға - құрметті қонаққа сақтаған кәделі ет мүшелері «сыбаға» деп аталады.

10. Жеті ата - халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуге міндеттеген.



Жүргізуші:

---Қане,балалар,барлығымыз халқымыздың салт – дәстүрлерін, әдет-

ғұрыптарын сақтап құрметтейік.



Би: «Қамажай» биі.

Ән: «Жақсы көрем» Орындайды: Түркменбаев Елдос

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда,

Керемет рәсім жасайық.

Көрініс: «Бесікке салу»


Ендігі кезекті «Бесікке салу» рәсіміне берейік.

Немересі: Сүйінші, сүйінші!

Анам ұлды болды!

Сүйінші, сүйінші!

Мен інілі болдым!


Әжесі: Ой, қандай керемет дүниеге бір қазақ келді. Балаға қандай ат қоямыз.


Жүргізуші: Қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестеге үш күннен қалдырмай

ат қойылады. Әдетте ат қою құрметіне ауыл ақсақалдары ие болады.


Атай: -Қане, баланы әкеліңдер, ат қойып берейін. (Ат қою рәсімі жасалады).


(Арнайы шақырылған әжей баланы бесікке салып көрсетеді)


  1. Аластау

  2. Тыштырма

  3. Бесік жыры

Әжесі:

Әдетте жаңа туған нәрестенің кіндігі бір аптада түседі. Баланың кіндігі түскен күннен бастап бесікке бөленеді. Бесік - қасиетті, киелі , құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Әуелі адыраспанмен аластап жіберейін.

Алас – алас, баладан алас,

Үй иесі келді пәлесі көш,

Көзі жаманның көзінен алас!

Тілі жаманның тілінен алас!

Қырық қабырғасынан алас!

Отыз омыртқасынан алас!


Тыштырма - сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, тәттілер

өткізіп, «Тышты ма, тышты ма?» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.


Әй, жарандар, жарандар!

Қане, бері қараңдар!

Тыштым – тыштым, тыштым деп,

Тыштым – тыштым, тыштым деп.

Тымтымхана жасайын,

Құрт, тәттілер бәрі бар,

Келіп бәрің алыңдар!

-Тышты ма?

-Тышты.

-Тышты ма?

-Тышты.


  • Ал, қәне, әжесінің Айсұлтаны, тұлпарың құтты болсын!

  • Жеті жағалы киім әкелесіңдер.

  • Тұлпарға мініп шабайын, ал қайда барамыз?

  • Ақтауға.

  • Енді қайда барамыз?

  • Астанаға.

  • Енді қайда барамыз?

  • Бейнеуге. Әне бейнеуге де жеттік. Алыс жолдан шаршап келген Айсұлтанымды әлди айтып ұйықтатайын.



Бесік жыры:

Айыр қалпақ киініп,

Ақырып жауға тиісіп.

Батыр болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің?

Қуып ойдың жетігін,

Біліп ғылым тетігін,

Ғалым болар ма екенсің?

Еңбек етіп бар елге,

Өнеріңмен әлемге,

Мәлім болар ма екенсің?

Көп қиыннан өтерсің,

Мақсатыңа жетерсің,

Ұйықтай қойшы бөпешім.

Би: «Бипыл биі»

Ән: «Тұлпарым» Орындайды: Тайтуров Қабыл.


Жүргізуші:

  • Балалар, сонымен біз бүгінгі шарамыздан өзімізге нені үлгі етіп алдық?

Хормен:

Ана сүтін ақтаймыз,

Салт – дәстүрді сақтаймыз!


Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдерімен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері - салт – дәстүр, әдет – ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Құрметті ата – аналар, мұғалімдер! Сіздер осы айтылғандардың шағын болса да куәсі болдыңыздар. Келгендеріңіз үшін көп – көп рахмет. Көріскенше күн жақсы болсын!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ата салтым – асыл м?рам

Автор: Койшыбаева Баян Кипчаковна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192237


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства