Оқыту кезінде оқушыларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға алған білімдерін іс – жүзінде қолдана біліуге, сабақ барысында ақпараттық – коммуникациялық технологиямен тиімді жұмыс жасай білуге тәрбиелеу мақсатымен «Жасушадағы зат алмасу. АТФ» тақырыбында сабақ өткіздім.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жасушадағы зат алмасу. АТФ.»
Аралас сабақ
Оқыту кезінде оқушыларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға алған білімдерін іс – жүзінде қолдана біліуге, сабақ барысында ақпараттық – коммуникациялық технологиямен тиімді жұмыс жасай білуге тәрбиелеу мақсатымен «Жасушадағы зат алмасу. АТФ» тақырыбында сабақ өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: Жасушадағы зат алмасу. АТФ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жасушадағы зат алмасу. АТФ туралы жалпылама түсінік беріп, студенттер білетін ақпаратты толықтыра отырып, білімдерін арттыру.
Дамытушылығы: Өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыра келе, сұрақ – жауап, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар негізінде студенттердің бір – бірімен пікірлесе отырып ортақ қорытынды шығаруға, өз ойларын еркін жеткізе білуге баулып, білім, білік дағдыларын қалыптастырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды салауатты өмір салтын
сақтауға, тапқырлыққа, алғырлыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулып, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.
Елбасымыз биылғы жолдауында да өміріміздің өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Ел- халхымыздың дамуының 10 бағытын атап, көретті. Осы 10 бағыттың жалпы мазмұны еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жаңғырту болып табылады. Сонымен қатар Қазақстанның ел бірлігі доктринасының жалпы ережелеріне тоқталып, қысқаша мәлімет беру.
Қ.Р. мемлекеттік гимні. Әні: Шәмші Қалдаяқов, Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Қ.Р. мемлекеттік туы. Авторы: Шәкен Ниязбеков.
Қ.Р. мемлекеттік елтаңбасы. Авторы: Жандарбек Мәлібеков, Шотан Уәлиханов.
Мақсатын хабарлау.
Оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз қатарға бөлініп, деңгейлік тапсырмаларды орындауды мақсат етеді. Сол үшін мен сендерді үш қатарға бөлдім. Топ басшысын сайлау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
А) Үш топ боынша өткен сабақты тексеру мақсатында оқушылардан сабақ сұралып сұрақ – жауап қойылады. Сұраққа, сабаққа дұрыс жауап берген оқушыларға, жауап беру деңгейіне қарай жетон таратылып бағаланады.
Ә) Оқушыларға өз бетінше іздену мақсатында топқа бөлініп берілген тақырыптарын қорғау.
Өзіндік іздену жұмысы
І топ. Күйші компазитор, домбырашы Қ. Сағырбайұлының туғанына 190 жыл.
ІІ топ. Ақын Қанайұлы Шортанбайдың туғанына 195 жыл
ІІІ топ. Ақын және мемлекеттік қайраткер Қалқаманұлы Бұқар жыраудың туғанына 320 жыл
Б) Өткен сабақты қорытындылау мақсатында «Ойлан тап!» (жұмбақ шешу)
1. Жасушаның ішіндегі, Қоймалжыңдау сұйықпын. Әрқашан космос қысымын, Тұрақты етіп тұрыппын.
Жауабы: Цитоплазма
Ашқан ғалым:1841жылы Я. Пуркинье. Өсімдік жасушасынан тапқан
Атқаратын негізгі қызметі: Жасуша арасындағы байланыстарды және органоидтардың жұмысын реттейді
2. Бір бөлігі жасушаның,
Дөп дөңгелек мен болам.
Тұқым қуалау қасиетін,
Ұрпақтарға жолдағам.
Жауабы: Ядро
Ашқан ғалым: 1831 жылы Р. Браун өсімдік жасушасынан ядроны тапқан
Атқаратын қызметі:Көбеюге қатысады. Жасушада жүретін зат алмасу үрдісін реттеп отырады
3. Денем тарақ пішінді
Екі қабат ірімін
Цитоплпзма ішінде
Органоидтың бірімін
Жауабы; Митохондрия
Ашқан ғалым: 1850жылы Р. А. Келликер жәндіктердің бұлшықет ұлпасы жасушасынан тапқан
Атқаратын қызметі: Жасушаның тыныс алуын қамтамасыз етеді. Энергия көзі АТФ-ті синтездейді
4. Жұмбақ
Атақты ғалым есімді,
Гольджи деген атым бар.
Жеделдетер өсімді,
Гормон деген затым бар.
Жауабы: Гольджи
Ашқан ғалым:1898 жылы К. Гольджи жүйке жасушасынан тапқан
Атқаратын қызметі: Майлар мен көмірсу қызметін жинақтайды және синтездейді
5.Жұмбақ
Жүрмеңдер мені бөтен деп,
Қажеті жоқ екен деп.
Синтездеймін ақуызды,
Жасушаны мекен деп.
Жауабы: Рибосома
Ашқан ғалым: 1955 жылы ДЖ. Палладе жануар жасушасынан тапқан
Ашқан ғалым: 1955 жылы Де Дюв жануар жасушасынан тапқан
Атқартын қызметі: Жасуша ішілік қоректік заттардың қорытылуын қамтамасыз етеді. Тіршілік қабілетін жойған жасушаларды ыдыратады
7.Жұмбақ
Мен сырымды ашып айтам дәл бүгін,
Ештеңе етпес қамал сынды тарлығым.
Кедір бұдыр және тегіс бетті екенмін,
Өткеретін реакцияның барлығын.
Жаубы: Эндоплазмалық тор
Ашқан ғалым: 1945 жылы К. Портер тауық балапанының ұлпасынан тапқан
Атқартын қызметі: Жасушадағы әр түрлі заттардың тасымалдануына қатысады
8.Жұмбақ
Фотосинтез мен арқылы жүреді,
Сондықтан мен жасушаның жүрегі.
Тек қана өсімдікте кездестін,
Жасыл түсті жұрттың бәрі біледі.
Жауабы: Пластид
Ашқан ғалым;:1676 жылы А. Левенгук өсімдік жасушасынан тапқан
Атқаратын қызметі: Фотосинтезге қатысады, түрлі түсті береді
9. Жұмбақ
Бұлардың бәрі білсеңменде өседі,
Бірімен бірі әркез теңеседі.
Болмасам мен осындай күрделі,
Дүние тіршілігін бермес еді.
Жауабы: Жасуша
Ашқан ғалым:1665ж жылы Р. Гук өсімдік ұлпасынан тапқан
Атқаратын қызметі: Көбеюге қатысады. Жасушалар жиналып ұлпаны түзеді.
- Оқушылар сендер үй тапсырмасын өте жоғары деңгейде орындап жақсы жетістікке жеттіңдер.
Сонымен біздер жасуша туралы көптеген мәліметтерді білдік. Олай болса бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Жасушадағы зат алмасу. АТФ» дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазып, жаңа тақырыпты тыңдаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыбы. Жасушадағы зат алмасу. АТФ
Жасушадағы зат алмасу немесе метаболизм
катаболизм
анаболизм
Синтез реакциясы жоғары энергетикалық қосылыс АТФ түрінде сақталады
Ыдырау реакциясы
Синтез –бұл жай заттардың энергия жұмсау арқылы күрделі заттар түзу процесі. Мысалы: аминқышқылдарынан нәруыздар, моносахаридтерден күрделі көмірсулар синтезделеді.
Катаболизм реакциясы кезіндегі энергияның бір бөлігі еркін энергия түрінде яғни жоғары энергетикалық қосылыс – аденозинтрифосфат (АТФ) түрінде сақталады.
Жасушаның құрлысы мен оның құрамын жаңартуға себеп болатын реакциялардың жиынтығын, пластикалық алмасу немесе диссемиляция деп аталады.
Зат алмасу негізінен үш түрлі қызмет атақарады
Сырттан келетін энергияға бай заттардың ыдырауынан немесекүн сәулесі энергиясынан өзгерту арқылы ағзаныхимиялық энергияменқаматамасыз ету
Қоректік заттардан қабылданған мономерлерден жасуша құрылымының макромолекулаларын яғни, ақуыз нуклейн қышқылдары липидтер, полисахаридтер және басқа жасушаның заттарын құруға пайдалану
Жасушадағы белгілі қызмет атқаруға бейімделген биомолекулалардың рибосома, митохондрия т.б. органоидтардың синтезделуі және ыдырауы
Зат алмасудың негізгі қзметтерінің бірі – жасушаны энергиямен қамтамасsз ету.
Өлі табиғатта энергия
Тірі ағзада энергия
Жылу, электр, күн сәулесі, химиялық, жанармай немесе қоректік заттарда сақталған энергия түрінде кездеседі.
Энергиясы мол полимер молекулалары энергиясы аз мономерлерге ыдырайды. Мыс, ақуыз – аминқышқылдарына, көмірсу – глюкозаға т.б
ІV. Жаңа сабақты пысықтау.
Жақсы балалар, олай болса бүгінгі сабақты қалай түсінгендеріңді пысықтау мақсатында «Кім жылдам?» ойыны арқылы ұяшықтарды ашып, ондағы сұрақтарға ауап беруміз керек.
1 – ұяшық сұрағы. Зат аламсу немесе метаболизм неше сатыдан тұрады? (екі сатыдан анаболизм және катаболизм)
2 – ұяшық сұрағы. Жасуша сыртқы ортадан қандай заттарды қабылдап отырады? (энергиясы мол органикалық заттар мен бейорганикалық заттарды)
3 – ұшық сұрағы. Катаболизм реакциясы кезіндегіэнергияның бір бөлігі (энергетикалық қосылыс АТФ аденозинтрифосфат)
4 – ұяшақ сұрағы. Сыйлық
5 – ұяшық сұрағы. Жасушаның құрылысы мен оның құрамын жаңартуға себеп болатын реакциялардың жиынтығы не деп аталады? (пластикалық алмасу немесе ассимиляция)
6 – ұяшық сұрағы. Диссимиляция дегеніміз – (Жасушаны энергиямен қамтамсыз ететінреакциялардың жиынтығы энергиялық алмасу немесе диссимиляция деп аталады)
V. Жаңа сабақты бекіту.
Венн диаграммасы
Анаболизм
Синтез процесі
жасуша заттары үнемі өзгеріп отырады. Жай заттардың энергия жұмсау арқылы күрделі заттар түзу процесі. Аминқышқылдарынан нәруыздар, моносахаридтерден күрделі көмірсулар түзіледі
Катаболизм
Ыдырау процесі
Күрделі органикалық молекулалар жай молекулаларға ыдырайды. Қанттар органикалық қышқылдар өз кезегінде көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды.
Ұқсастықтары
Екі процесте тірі ағзалардың жасушасында жүреді.
Зат алмасуға қатысты
VІ. Бағалау.
- Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда Жасушадағы зат алмасу. АТФ катаболизм мен анаболизм арасындағы энергия алмасу және катаболизм мен ыдырау реакциялары дәлелдемелерімен таныстыңыздар. Тапсырмалар орындау барысында өз білімдеріңізді көрсеттіңдер. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталып келеді.
Ендігі кезекте жетондарыңды жоғары көтеріп кім 5 – жетон жинаса «5» (осылайша 4,3 алған оқушыларды анықтап бағалау).
VІІ. Үйге тапсырма
Жасушадағы зат алмасу. АТФ қосымша мәлімет жинау.
Анаболизм мен катаболизм реакцияларының ұқсастық және айырмашылық белгілері бойынша кесте жасап оны толтыру.
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі