kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тыныс алу жүйесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар тыныс алу жүйесі, оның қызметі мен маңызы, тыныс алу мүшелері мен ауа жолдары туралы түсінік, жеке бас және қоғамдық гигиена ережелері, тыныс алу мүшелерінің ауруларын алдын алу шаралары туралы біліп шығады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тыныс алу жүйесі»

«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі» МКМ









Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі









Биология пәнінің мұғалімі: Шаймерденова М.А.















Өтеген батыр кенті, 2017.

Сынып

8 Күні:

Сабақ тақырыбы

Тыныс алу жүйесі


Сабақтың мақсаты

Тыныс алу жүйесіне сипаттама, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі, ауруларын алдын алу шаралары, алғашқы көмек көрсету туралы білімдерін қорыта бекіту

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тыныс алу жүйесі, оның қызметі мен маңызы, тыныс алу мүшелері мен ауа жолдары туралы түсінік, жеке бас және қоғамдық гигиена ережелері, тыныс алу мүшелерінің ауруларын алдын алу шаралары туралы біліп шығады.

Сабақтың әдісі


Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, миға шабуыл стратегиясы, кім шапшаң ойыны.


Уақыты

Сабақ кезең/рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

5 мин

Кіріспе

«Миға шабуыл» стратегиясы

Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қоямын.


Оқушылар А, Б, С, Д деген

4 топқа бөлінеді. Әр топ оқушыларына 6 сұрақтан дайындалған.

Сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпты естеріне алады және диалогтық қарым-қатынасқа түседі.




Топ аттары жазылған

қағаздар


12 мин









12 мин








8 мин

Негізгі бөлім

«Ойлан, тап» стратегиясы

Оқушыларға тыныс алу жолдарының, дененің жоғарғы бөлігінің құрылысы, ауа тасымалдау жолдары, өкпенің тіршілік сыйымдылығы көрсетілген суреттер беремін.




«Кім шапшаң» стратегиясы

Оқушыларға тапсырма ретінде сөзжұмбақ беремін.







«Шатастырылған логикалық баулар» стратегиясы

Оқушыларға тақырып бойынша сәйкестендіру тестін беремін.

Оқушылар тыныс алу жолдарының, дененің жоғарғы бөлігінің құрылысы, ауа тасымалдау жолдары, өкпенің тіршілік сыйымдылығы көрсетілген суреттерге қарап, жауап береді.



Оқушылар сөзжұмбақты шешуі керек. Олардың мақсаты сөзжұмбақта жасырылған басты сөзді тауып, соған анықтама беру. Тапсырманы бірінші болып аяқтаған топқа 1 ұпай беріледі.


Әр топ оқушыларына сәйкестендіру тесті беріледі. Берілген уақыт аралығында тестті дұрыс әрі жылдам шешу керек.



Тақта, суреттер, оқулық, дәптер







Тақта, дәптер, сөзжұмбақ







Сәйкестендіру тесті,

қағаз, қалам

3 мин

Қорытынды

«Сұрақтар шеңбері» стратегиясы арқылы қорытындылаймын.




Әр топ оқушыларына 4 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты пысықтайды.



Сұрақтар

2 мин

Бағалау

«Мақсат ағашы» стратегияларымен формативті бағалау.

Берілген бағалау парақшаларына өз-өздерін бағалап шығады.

Бағалау парағы

2 мин

Рефлек сия

Кері байланыс

Өткен тақырып бойынша өз пікірлерін жазды.


Стикер

1 мин

Үйге тапсырма беру

Келесі тақырыпты оқып келу.

Күнделікке жазады.

Күнделік
































«Миға шабуыл» стратегиясы


«А» тобының сұрақтары:

1. Туберкулез ауруының қоздырғышы мен

белгілерін ата.

2. Адам организміне темекі мен алкогольдің әсері.

3. Өкпе құрылысыны қандай?

4. Өкпеқап деген не?

5. Дыбыс қай жерде түзіледі?

6. Тыныс алу мүшелеріне не жатады?

«Б» тобының сұрақтары:

1. Кеңірдек қандай мүше?

2. Дыбыс саңлауы деген не?

3. Өкпе қақпасының қызметі қандай?

4. Тыныс алу қозғалысы қалай іске асады?

5. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын ата.

6.Ұлпалық тыныс алу кезінде газдардың алмасуы

қалай өтеді?

«С» тобының сұрақтары:

1. Жасанды тыныс алдырудың механизмінің мәні

неде?

2. Сүзгі деген не?

3. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деген не?

4.Тыныс шығару қозғалысы қалай жүзеге асады?

5. Мұрын қуысының құрылысы?

6. Дауыс тембрі мен түрі неге байланысты?

«Д» тобының сұрақтары:

1. Тыныс алу дегеніміз не?

2. Мұрын қуысының қызметі?

3. Тыныс алу көлемі дегеніміз не?

4. Сыртқы және ішкі тыныс алу деген не?

5. Тыныс алу гигиенасы

6. Тыныс алу кезеңдері.













«А» тобы ойыншыларының жауаптары:


1. Туберкулез ауруының қоздырғышы мен белгілерін ата.

Қоздырғышы - КОХ таяқшасы

1) Температура көтеріледі;

2) Әлсіздік;

3) Тершеңдік;

4) 3 аптадан аса жөтел;

5) түкірікке қан араласады, жүдейді.

2. Адам организміне темекі мен алкогольдің әсері.

Алкогольдің әсерінен альвеола мен бронхылар зақымданып, тыныс орталығының қызметі нашарлайды, өкпе қабынады, ал темекі түтінінің әсерінен тыныс жолдарының сілемейлі қабығын тітіркендіреді. Ең зияндысы никотин - бір тамшысы (0,05 г) адамды өлтіруге жетеді. Өкпенің құрылысы, қызметі бұзылады. Өкпенің созылғыштығы нашарлайды, тіршілік сыйымдылығы азаяды, газ алмасу бұзылады, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, обыр ауруының себепшісі болып табылады.

3. Өкпе құрылысының қандай?

Өкпе тыныс алу мүшесіне жататын, кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақөкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген 3 бөліктен, ал сол жақ өкпе 2 бөліктен тұрады.


4. Өкпеқап деген не?

Екі жапырақшадан тұратын, өкпенің сыртын қаптайтын жұқа қабықша

5. Дыбыс қай жерде түзіледі?

Көмейде

6. Тыныс алу мүшелеріне не жатады?

Мұрын қуысы, аңқа (носоглотка), көмей, кеңірдек, бронхылар, өкпе


«Б» тобы ойыншыларының жауаптары:


1. Кеңірдек қандай мүше?

Кеңірдек өңеш алдында орналасқан, шеміршекті сақиналардан тұратын, бронхыға жалғасқан түтікті мүше.

2. Дыбыс саңлауы деген не?

Көмей шеміршіктері арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетін сілемейлі қабаттар болады. Олардың арасындағы кеңістік

3. Өкпе қақпасының қызметі қандай?

Өкпе қақпасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады.

4. Тыныс алу қозғалысы қалай іске асады?

Тыныс алғанда қабырғааралық бұлшық еттер жиырылып, қабырғаларды көтереді, көкет жайпақ болып, құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түседі. Нәтижесінде кеуде қуысының көлемі артып, өкпеқап қуысындағы қысым төмендейді.

5. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын ата.

Тұмау, баспа, бронхит, пневмония, туберкулез

6.Ұлпалық тыныс алу кезінде газдардың алмасуы

қалай өтеді?

Ұлпалық тыныс алуда оттек эритроциттерден қан плазмасына, одан жасушалар мен ұлпаларға өтсе, көмірқышқыл газы жасушалар мен ұлпалардан қанға өтеді


«С» тобы ойыншыларының жауаптары:


1. Жасанды тыныс алдырудың механизмінің мәні неде?

Тұншықтырғыш газбен уланғанда, электр тогы немесе найзағай ұрғанда, суға кеткен адамға алғашқы көмек көрсету кезінде тыныс қозғалыстарын қалпына келтіру

2. Сүзгі деген не?

Кәсіпорында шаң, тозаң, күйені тұту үшін қойылатын құрылғы

3. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деген не?

Ең терең тыныс алғаннан кейі шығарылатын ауаның ең көп мөлшері

4.Тыныс шығару қозғалысы қалай жүзеге асады?

Тыныс шығарғанда тыныс алу бұлшық еттері босаңсиды, қабырғалар басылады, көкет көтеріліп, дөңес болып, кеуде қуысының көлемі кішірейеді. Өкпе көлемі де кішірейіп, қысым жоғарылап, атмосфералық қысымнан сәл артып, ауа өкпедегі шығарылады.

5. Мұрын қуысының құрылысы?

Мұрын қуысында ішкі бетін ұлғайтатын 3 мұрын қалқаны орналасады, ол эпителийі тербелмелі сілемейлі қабықшамен жабылып, көп қан тамырлармен торланған. Ауа мұрын қуысында жылып, ылғалданады, әрі тазартылып, зарарсыздандырылады.

6. Дауыс тембрі мен түрі неге байланысты?

Дыбыс сіңірлерінің ұзындығына байланысты. Мысалы: Ерлерде көмейі ұзын (44 мм), дыбыс сіңірі ұзын, сондықтан жуан дауысты. Әйелдердің көмейі қысқалау (35 мм) - жіңішке.


«Д» тобы ойыншыларының жауаптары:


1. Тыныс алу дегеніміз не?

Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі.

2. Мұрын қуысының қызметі?

Ауаны жылытылады, зарарсыздандырылады, ылғалданады, шаң-тозаңнан тазартылады.

3. Тыныс алу көлемі дегеніміз не?

Тыныштық күйінде адам тыныс алғанда 500 мм ауа жұтып, сонша ауа шығарады.

4. Сыртқы және ішкі тыныс алу деген не?

Сыртқы тыныс алу- өкпедегі газ алмасу, ішкі тыныс алу - ұлпалардағы тыныс алу.

5. Тыныс алу гигиенасы

1) Жүйелі түрде таза ауада жаттығу жасау;

2) Тұрғын үй тазалығын сақтау;

3) Жеке бас гигиенасын сақтау;

4) Аумақты көгалдандыру, ағаш егу, бөлме өсімдігін өсіру.

6. Тыныс алу кезеңдері.

Өкпе вентиляциясы, өкпемен тыныс алу, газ тасымалдау, ұлпалық тыныс алу, жасушалық тыныс алу.


«Ойлан, тап» стратегиясы


Қобдишада тыныс алу жолдарының, дененің жоғарғы бөлігінің құрылысы, ауа тасымалдау жолдары, өкпенің тіршілік сыйымдылығы көрсетілген суреттер болады. Оқушылар суреттерге қарап, жауап береді.


«А» тобының бейнесұрағы:

Жоғарғы тыныс алу жолдарын ретімен атап көрсет.


«Б» тобының бейнесұрағы:

Дененің жоғарғы бөліктерін ретімен атап көрсет.


«С» тобының бейнесұрақтары:

Ауаның тыныс жолдары арқылы өту ретін анықта.


«Д» тобының бейнесұрақтары:

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын қандай құрал көмегімен анықтайды, терең демалған кездегі өкпе көлемі қалай өзгереді?


« А» топ ойыншыларының жауаптары:


1- мұрын қуысы, 2- таңдай, 3- көмей қақпашығы, 4- өңеш, 5-қалқанша шеміршегі, 6- дыбыс саңылауы, 7- кеңірдек.


« Б » топ ойыншыларының жауаптары:


1- мұрын қуысы, 2- жұтқыншақ, 3- жоғарғы бөлік, 4- кеңірдек, 5- ортаңғы бөлік, 6- төменгі бөлік, 7- көкет, 8- сол жақ өкпе, 9-жүрек.


«С» топ ойыншыларының жауаптары:


1- мұрын қуысы, 2- ауыз қуысы, 3- жұтқыншақ, 4- көмей, 5- кеңірдек, 6- бронхылар, 7- қабырға маңындағы өкпеқап, 8- көкет, 9- өкпеқап қуысы.

«Д» топ ойыншыларының жауаптары:


1- терең тыныс алу, 2- жай тыныс алу, 3- жай тыныс шығару, 4- терең тыныс шығару.



«Кім шапшаң» стратегиясы


Тапсырма ретінде сөзжұмбақ беріледі.





1.

 

 

 

 

 

с

 

 














2.

 

у

 

 

 

 

 

 

 

 





3.

 

 

 

 

р

 

 

 














4.

ф

 

 

 

 

 

 

 










5.

а

 

 

 

 

 

 

 









6.

 

к

 

 










 

7.

 

 

 

 

т









8.

 

 

 

 

 

 

 

 

а













9.

 

 

 

 

н










10.

 

 

 

 

 

 

 

т

 









Сөзжұмбақ сұрақтары:

1.Тыныс орталығының әрекетіне гуморальды әсер етіп,

тынысын жиілететін гормон.

2. КОХ таяқшасы қоздыратын, қауіпті ауру.

3.Шеміршекті сақиналардан тұратын өңеш алдында

орналасатын түтік мүше.

4. Жұтқыншақтың аллергиялық қабынуы.

5. Ауаға толы тыныс алу көпіршігі.

6. Газ алмасу процессі жүретін шымыр, кеуекті жұп мүше.

7. Тыныс алу қозғалыстарына қатысатын бұлшықет.

8. Бронхының ұшындағы жіңішке бұтақшасы.

9. Ауаның жылып, ылғалдануы, әрі тозаңнан тазарыпһ

зарасызданатын орны.

10. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайтын құрал





Сөзжұмбақтың шешуі:





1.

т

и

р

о

к

с

и

н














2.

т

у

б

е

р

к

у

л

е

з





3.

к

е

ң

і

р

д

е

к














4.

ф

а

р

и

н

г

и

т










5.

а

л

ь

в

е

о

л

а








6.

ө

к

п

е











 

7.

к

ө

к

е

т









8.

б

р

о

н

х

и

о

л

а













9.

м

ұ

р

ы

н










10.

с

п

и

р

о

м

е

т

р










Сонымен, сөзжұмбақтың басты сөзінің мәні қандай? Сурфактант - Альвеолоциттің ішін астарлайтын ерекше зат, ол альвеолалардың керіліп тұруын қамтамасыз етеді.


«Шатастырылған логикалық баулар» стратегиясы



1.Мұрын

қуысы


2. Көмей


3. Кеңірдек


4.Бронхылар



А) Шеміршекті жартылай сақиналардан

тұрады;

Ә) Ауа жылытады, зарарсыздандырылады,

ылғалданады, шаң-тозаңнан тазартылады;

Б) Шеміршек сақиналардан түзілген;

В) Сілемейлі қабықта иіс сезу жасушалары

болады;

Г) Сүйекті- шеміршекті қалқа бар;

Д) Сілемейлі қабықта сілемейлі бездері бар

тербелмелі эпителийі болады;

Е) Қалқада үш қалқан орналасқан;

Ж) Дыбыс түзіледі.



Сәйкестендіру тестінің жауабы: 1- Ә, В, Е, Д, Г ; 2- Ж, Д; 3- А; 4- Б



«Сұрақтар шеңбері» стратегиясы


«А» тобы оқушыларының сұрақтары:


  1. Мұрын қуысының ішкі беті қанша см 2?

  2. Тыныштық күйінде ересек адам минутына қанша рет тыныс алу қозғалысын жасайды?

  3. Тыныс орталығы қайда орналасқан?

  4. Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу неге байланысты?



«Б» тобы оқушыларының сұрақтары:


  1. Тыныс алғанда өкпе көпіршіктерінен оттек қайда өтеді?

  2. Күйе құрамында не толады?

  3. Дыбыс түзу қызметін қандай мүше атқарады?

  4. Шеміршекті жартылай сақиналардан тұратын тыныс мүшесі?



«С» тобы оқушыларының сұрақтары:


  1. Қалқада үш қалқан орналасқан тыныс алу мүшесі

  2. Тыныштық күйінде ересек адамға минутына қанша оттек қажет?

  3. Аурудың алдын алу шаралары қандай?

  4. Альвеолалар дегеніміз не?


«Д» тобы оқушыларының сұрақтары:


  1. Сілемейлі қабық қатпарындағы шеміршектер арасында дыбыс сіңірлері түзілген тыныс алу мүшесі.

  2. Сілемейлі қабық қатпарындағы шеміршектер арасында дыбыс сіңірлері түзілген тыныс алу мүшесі.

  3. Адам тыныс алатын ауа құрамы.

  4. Кеңірдек қай жерде орналасқан?


« А » топ ойыншыларының жауаптары:

  1. Мұрын қуысының ішкі беті қанша см 2?

100 см 2

  1. Тыныштық күйінде ересек адам минутына қанша рет тыныс алу қозғалысын жасайды?

16-18 рет

  1. Тыныс орталығы қайда орналасқан?

Өкпеде

  1. Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу неге байланысты?

Желдету (вентиляция)

«Б» тобы оқушыларының сұрақтары:


  1. Тыныс алғанда өкпе көпіршіктерінен оттек қайда өтеді?

қанға

2. Күйе құрамында не болады?

Өкпе обырын (рак), тыныс алу мүшелерінің ауруларын тудыратын заттар.

3. Дыбыс түзу қызметін қандай мүше атқарады?

Көмей

4. Шеміршекті жартылай сақиналардан тұратын тыныс мүшесі?

Кеңірдек


«С» тобы оқушыларының сұрақтары:


1. Қалқада үш қалқан орналасқан тыныс алу мүшесі

Мұрын қуысы

  1. Тыныштық күйінде ересек адамға минутына қанша оттек қажет?

300 см 3

  1. Аурудың алдын алу шаралары қандай?

1) Жеке бас гигиенасын сақтау;

2) Организмді шынықтыру;

3) Егу жұмыстарын жасау

  1. Альвеолалар дегеніміз не?

Диам. 0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктері


«Д» тобы оқушыларының сұрақтары:


1. Сілемейлі қабық қатпарындағы шеміршектер арасында дыбыс сіңірлері түзілген тыныс алу мүшесі.

Көмей

2. Адам өкпесінде альвеола саны қанша?

700 млн, жалпы беті 120 м 2

3. Адам тыныс алатын ауа құрамы.

21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқыл газы

4.Кеңірдек қай жерде орналасқан?

Өңештің артында орналасқан




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тыныс алу жүйесі

Автор: Шаймерденова Майра Алайдаровна

Дата: 04.03.2017

Номер свидетельства: 397664

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Тыныс алу ж?йесіні? аурулары ж?не оларды? алдын алу. "
    ["seo_title"] => string(55) "tynys-alu-zhuiiesinin-aurulary-zh-nie-olardyn-aldyn-alu"
    ["file_id"] => string(6) "174280"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424104708"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Тыныс алу жүйесі."
    ["seo_title"] => string(18) "tynys_alu_zhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "389966"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486656441"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "«Тыныс алу жүйесі»"
    ["seo_title"] => string(20) "tynys_alu_zhuiiesi_1"
    ["file_id"] => string(6) "393687"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487559856"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Тыныс алу ж?йесі "
    ["seo_title"] => string(18) "tynys-alu-zhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "207977"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430721180"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Адамны? тыныс алу ж?йесі"
    ["seo_title"] => string(26) "adamnyn-tynys-alu-zhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "323016"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1461744115"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства