«Төрт түлік» - туралы түсінік ашық тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды халықтың тіршілік істерімен таныстыру, мал атауларын ерекше қасиеттерін пайдасын, күтімін бағымын түсіндіру. Ата кәсіп туралы олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып қазақ халқының табиғатқа, жануарға деген қарым-қатынасының тәрбие жағына назар аудару.
Дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең, жұмбақ, мақал-мәтел, өлеңдер, оқыту танымын кеңейту, тілін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Еңбекқорлыққа, іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қима қағаздар, суреттер, тақта.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
- Қуан шаттан алақай
Қуаныңдар балақай
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күлімсіреп шықты күн
Сәлеметсіздерме балалар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Төрт түлік» туралы түсінік.
Мұғалім: Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін тіршілік табиғатын қадір қасиетін әбден зерттеп білген. Малдың еті, сүті, терісі, тіпті сүйегіне дейін қажетіне пайдаланған. Кең даланы шарлап көшіп қонған халқымыздың тұрмыс тіршілігі төрт түлікпен байланысқан. «Малым –жаным садақасы, жаным-арым садақасы» деген ата - бабаларымыз.
Төрт түлік
Қой атасы – Шопан ата,
Ешкі атасы – Сексек ата,
Сиыр атасы – Зеңгі баба,
Жылқы атасы – Қамбар ата,
Түйе атасы – Ойсыл қара.
- Төлдер айтысы.
Автор: Сылдырап аққан өзеннің жағасындағы шалғында әр түлік малдың төлдері жайылыпты. Олар бір-бірінен : Иеміз қайсымызды жақсы көреді деп дауласып қалыпты.(Сахнаға төрт түлік малдың төлдері шығыды)
Лақ: Мә-ә, Мә-ә Әрине ием мені жақсы көреді адам біздің сүтімізді ішеді, мамықтай жүнімізден жылы орамал киім тоқиды.
Бұзау: Мө-ө, Мө-ө – Сен босқа мақтанасың ием мені жақсы көреді мына біз тіршілікке көп пайда тигіземіз шелек-шелек сүт берем, қап-қап құрт беремін.
Құлын (кісінеп шығады): Лақ, бұзау сендер орынсыз мақтанасыңдар мына бізден артық ешкім жоқ біз мінсе көлікпіз, жесе етпіз, ішсе сусынбыз.
Қозы: Бәрің босқа мақтанасыңдар ием бәріненде мені жақсы көреді. Матаның әдемісін менің жүнімнен тоқиды. Аязда тон істейді, киіз тоқиды.
Бота: Сонда бәріңнен кем бізбе. Мал қадірлісі мына адам біздің шұбатымызды ішеді, мамықтай жүнімізден көрпе істейді. Сусыз шөл далада таптырмайтын жануармыз. Бәрібір бізді сүйеді иеміз.
Автор: Төлдер өздерін әбден мақтап таласады. Біріне бірі көнбей ақыры олар иелерінен барып сұрайды.
Иесі: Сендер босқа мақтанасыңдар. Бәріңде пайдалысыңдар, әрқайсыңның өз орындарыңыз бар, адам үшін бәріңде керексіңдер деп тарқасыпты.
- Қонаққа барамыз ойыны.
Тақтаға әртүрлі жануарлардың суреті ілінеді ортасына сұрақ жазылады. Оқушы бір жануардың үйіне қонаққа барамын деп айтады. Сол жануарды мұғалім алып оқушыға сұрақ қояды.
- Кім жылдам ойыны:
Екі топқа бөлінеді, дайын жауаптар ұсынылады. Карточка түрінде, мұғалім сұрақ қойған сәтте топтың қайсысы жылдам жауап картасын көрсетсе сол топ жеңеді.
- Қалтасы бар аң (Кенгуру)
- Ну погоди мультфильміндегі екі жануар (Қасқыр мен Қоян)
- Суда жүретін сиыр (Су сиыр)
- Жылқы сөзіне синоним (Ат)
- Түйе сөзіне синоним (Нар)
- Ат сөзіне а әрпін жалғасаң не болады (Ата)
- Қасқырдың баласы (Бөлтірік)
- Сергіту сәті
Қой баласын қоңырым дейді
Қойдан жуас момыным дейді
Шопан ата түлегі ғой
Қошақаным қайдасыңдар
Ай менің қошақаным*
Торпаң-торпаң тайлағымсың
Ботақаным маймағымсың
Қара көзің мөлдірейді
Жібек жүнің желбірейді
Ай менің ботақаным*
Томпаң-томпаң торпағымсың
Шошалардан қорқағымсың
Сүзісуге батырымсың
Жарысуға шорқағымсың
Ай менің ақ бұзауым*
Тентек болма ақ бұзауым
Еріншек болма ақ бұзауым
Кең далада сеніменен
Жарысып мен жүгіремін
Ай менің ақ бұзауым*
Құлдыр-құлдыр құлыншағым
Тынымсыз бір ұрыншағым
Ұршықтай боп бұлтылдайсың
Жұмыр жоның жылтылдайды
Ай менің құлыншағым*
Құлыншағым құлыншағым
Шапқылайсың далада сен
Дос болсайшы құлыншағым
Біз сияқты баламенен
Ай менің құлыншағым*
- Сканворд шешу
- Мортимова Аяулымның орындауында «Қошақан» әні.
- Көрініс.
- Би.
- Қорытынды:
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма, не түсіндіңдер? Төрт түліктің адамға пайдасы мал екенін, қазақ халқын малсыз елес