kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тело человека

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок по теме "Тело человека"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тело человека»

Күні: 28.11.16. Сыныбы: 8 «А»

Пән мұғалімдері: биология пәні мұғалімі: Айткалиева БибигулАйтмашовна, ағылшын пәні мұғалімі: Мухатова Гулнара Асхарбековна

Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Адам қаңқасы.

The theme of the lesson: The human skeleton.

Сабақтың мақсаты:Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен адам қаңқасының негізгі бөлімдерімен танысу, ағылшынша негізгі сүйектердің баламасын білу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қаңқа макеті, қима қағаздар, стикер,маркерлер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: екі тілде оқушылармен сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатынасын тексеріп, топқа бөліп отырғызу

2.Өткен тарауды пысықтау: Сезім мүшелері

1 топ тапсырмасы «Көру мүшесінің маңызы, көз гигиенасы»

2 топ тапсырмасы «Есту мүшесінің маңызы, есту мүшесінің гигиенасы»

3 топ тапсырмасы «Иіс, дәм сезу мүшелерінің маңызы, гигиенасы»

Әрбір топ мүшелері осы тапсырмалар бойынша білімдерін айтады.

Жаңа сабақ: Адам қаңқасы

Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Кеңістікте қозғала алу қабілеті – тірі организмнің маңызды қасиеті. Бұл қызметті адамда екі: енжар (қаңқа) және белсенді (бұлшық еттер) бөліктен тұратын тірек қимыл – жүйесі атқарады. Қаңқа сүйектерден және олардың байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге тірек болып, пішінін сақтайды. Қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. Дене және аяқ – қол сүйектері иінтерек болып табылады. Ол арқылы дененің кеңістегі қимыл қозғалысы жүзеге асырылады. Бас сүйек, кеуде қуысы, жамбас атауы маңызды мүшелерді: ми, жүрек, өкпе, асқазан, жыныс және т.б. мүшелерді қорғайды.

Түтікті сүйектің басы сүйектің қызыл кемігін, ал қуысы сүйектің сары кемігін қорғайды. Адам қаңқасы 200 – ден астам сүйектен тұрады. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні, мөлшері және қаңқадағы белгілі бір орны болады.

Қаңқа бөлімдері. Бас қаңқасы. Бас қаңқасы – бас сүйек екі: ми және бет бөлігінен тұрады. Ми бас сүйегінің сүйектері – маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүйектері өзара берік байланысқан. Олар миды қорғайды. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар. Бұл жерде ми мен жұлын жалғасады. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы жүйкелер мен қан тамырлары өтеді.

Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер – қозғалмайтын үстіңгі және қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері құрайды. Жақ сүйектерінде тістер орналасқан Бұл қаңқаның бірден – бір жалаң бөлігі болып табылады. Тіс түбірі жақ жақ сүйегіндегі ұяда орналасқан, сондықтан олар берік бекиді

Дене қаңқасы. Дене қаңқасына омыртқа жотасы мен кеуде қуысы жатады.

Омыртқа жотасы.Омыртқа жотасы дене бөліктерін байланыстырып, жұлынның қорғаныш қызметін, бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін атқарады. Омыртқа жотасы 33 – 34 омыртқадан тұрады. Оны мойын (7 омыртқа), арқа (12 омыртқа), бел (5), сегізкөз (сегізкөз түзетін қосыла өскен 5 омыртқа), құйымшақ (құйымшақ түзетін қосыла өскен 4-5 омыртқа) бөлімдері құрайды.

Кеуде қуысы. Арқа омыртқалалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Адамда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқалармен жалғасады, ал алдыңғы жағы (төменгі екі жұбын басқа) төспен байланысады. Қабырғалардың қозғалуы адамның тыныс қозғалыстарына қатысады.

Иық белдеуі, қол сүйектері. Иық белдеуі екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады. Жауырын – кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Бұғананың бір ұшы төстің жоғары ұшымен, екінші ұшы – жауырынмен қосылған.

Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы үш бөлімнен: тоқпан жілік, кәрі жілік, білек және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық буынын түзіп, қолмен әр түрлі қимыл жасауға мүмкіндік береді. Тоқпан жіліктің ішкі қуысы сүйек майынына толы болады.

Жамбас белдеуі, аяқ қол сүйектері. Жамбас белдеуі 3 сүйектен тұрады / мықын, шат, шонданай/

Аяқ сүйектері ортан жілік, асықты жілік,шыбық сүйек, толарсақ, табан ,башпай сүйектері.

Сүйектің түрлері: Ұзын қол, аяқ сүйектері/ жіліктер/, қысқа: омыртқа, алақан, табан, білезік, саусақ, жалпақ: бас, жауырын, жамбас, қабырғалар

Сүйектердің байланысуы.

Қаңқаны құрайтын сүйектер әртүрлі байланыстар түзеді: қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалмалы.

Мәтінмен жұмыс.

1топ тапсырмасы «Сүйектің құрылысы»

2 топ тапсырмасы «Сүйектің химиялық құрамы»

3 топ тапсырмасы «Буындар»

Мәтінде кездескен термин сөздерді табу.Топ мүшелері шығып термин сөздерге анықтама береді.

Келесі сөз кезегі ағылшын пән мұғалімі Мухатова Гулнара Асхарбекқызына беріледі:

-Now continue our lesson in English. I am happy because Biology teaching added in English. Do you agree with me? Yes, I agree with you our body parts speaking English.

-The whole skeleton of person you learn in Kazakh now taught speak English.

-Look at the blackboard listen to the new words listen and repeat after me.

Skeleton – қаңқа

Cranial bones – бас сүйегі

Body bones – дене сүйегі

Homeruns – иық

Ilium – жамбас

  • What is this? This is a skeleton. The skeleton divide four parts.

  • The whole skeleton parts we learn in Kazakh now speaking English.

Parts of skeleton Cranial bones Body bones The bones of the legs and hands The bones of hummers and ilium.

We have a three group. I’ll give you task any groups. The first group you must translate these vocabulary words into Russian and English. Vertebra, sternum, rip, hummers.

The second group what should be done for the formation of human bones?

The third group. Make up sentences.

Рефлексия: Білемін Білдім Білгім келеді

Reflection: I know I learned I want to know

Үйге тапсырма: 21 тақырып, 103 беттегі кесте

Homework: Vocabulary.

Бағалау.







































Білек кәрі жілік және шынтақ сүйектерінен тұрады. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен біліктің шынтақ буынында айналмалы қозғалыс жасайтындай болып байланысқан.

Қол бас сүйектерінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.

Аяқ қаңқасы (жамбас белдеуі) омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен және екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас сүйектері мен сегізкөз омыртқа бағанасын, яғни бүкіл дене сүйенетін тірек түзеді. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын сүйектері мен бұлшық еттер жалғасады. Жамбас белдеуі олар үшін тірек болып табылады және олардың қозғалуына қатысады. Жамбас белдеуі ішкі мүшелерді қорғайды және оларды ұстап тұрады

.

Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйегі және майда 26 сүйектен тұратын толарсақ (тілерсек), табан және бақай сүйектері жатады.

Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін күмбез тәріздіпішінге ие болады.



Сабағымызды ары қарай сайыс түрінде өтеміз. Сыныпты А тобы, Ә тобы, Б тобы деп үш тоқа бөлеміз.

Сайысымыздың кезеңдері:

1.Деңгейлік тапсырмалар

2. Биологиялық диктант

3.Шыңға шығу ойыны

4.Сүйек бөлімдерін атау

5.Топтастыру кезеңдері

1-кезең. Деңгейлік тапсырмалар



2- кезең. Биологиялық диктант

А тобы

  1. Омыртқа жотасы . . . . . . . . түзеді, оныңекуінің дөңес жері- . . . . . . . ал екеуінікі

. . . . . . . бағытталған.

2. Жауырын - . . . . . . . . қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты . . . . . . . . . . . . . . . .. . .

3. Қабырғаларартқы жағынан арқа . . . . . . . . . .жалғасады, ал алдыңғы жағы . . . . . . . . байланысады.

Ә тобы

  1. Аяқ қаңқасы омыртқа жотасының .. . . . . . . . . . бөлімінен және екі . . . . . . . сүйегінен тұрады.

2. Бұғананың бір ұшы . . . . . . . . . . жоғарыұшымен, екінші ұшы - . . . . . . . . . . қосылған.

3. Шүйде сүйегінің үлкен тесігінде . . . . . . . мен. . . . . . . . . жалғасады.

Б тобы

  1. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын . . . . . . . . . мен . . . . . . . . . . . . . . жалғасады.

2. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы . . . . . . . . . мен . . . . . . . . . . . . . . өтеді.

3. Тоқпан жілік . . . . . . . . . . . . қозғалмалы байланысатын . . . . . . буынын түзеді

3-кезең. Шыңға шығу ойыны

А тобы

  1. Иық белдеуін түзетін сүйектер (бұғана, жауырын)

  2. Сүйек қандай ұлпаға жатады? (дәнекер)

  3. Қаңқа мен бұлшық еттен құралған жүйе. (тірек-қимыл)

  4. Сегізкөз неше омыртқадан тұрады? (5)

  5. Адамда неше қабырға болады? (12 жұп)

  6. Қолбасы сүйектері нешеге бөлінеді? (білезік, алақан, майда сүйектері)

Ә тобы

  1. Омыртқа жотасының саны?( 33-34)

  2. Сүйектің сырты немен қапталған? (сүйек қабық)

  3. Адам қаңқасы неше сүйектен тұрады? (200 жүзден астам)

  4. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының неше пайызын құрайды?(40%)

  5. Кеуде қуысында қандай мүшелер болады?(жүрек, өкпе, кеңірдек, өңеш, қан тамырлары, лимфа жолдары және жүйке талшықтары).

  6. Кеуде қуысына қандай сүйектер жатады? (төстік, қабырға, омыртқа)

Б тобы

  1. Мойын омыртқасы нешеу (7)

  2. Адам қаңқасы нешеге бөлінеді?(бас сүйек, тұлға, аяқ-қол)

  3. Бас сүйектің бет бөлігін қандай сүйектер құрайды?(қозғалмалы үстіңгі жақ және қозғалмалы астыңғы жақ сүйектер құрайды)

  4. Толарсақ неше сүйектен тұрады?( майда 26 сүйек)

  5. Қаңқа қандай қызымет атқарады?(денемізге тірек болып, пішінін сақтайды, қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады)

  6. Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы (атланта)

4-кезең. Сүйек бөліктерін табу















4-кезең. Топтастыру стратегиясы



Сабағымызды қорытындылай келсек, біз бүгінгі сабағымызда адам қаңқасымен таныстық балалар! Адам тепе-теңдікті ұстамағанда скалиоз ауырына әкеп соқтырады екен, оданда басқа омыртқа жотасының арасына ет өсіп кетуі ауыруға әкеп соқтырады. Осындай т.б. ауыруларды емдеу үшін біздің елімізде де арнайы жабдықталған құралдар дамып келеді. Тіпті өзіміздің Ақтау қаласындада ултракүлгін сәулелер арқылы омыртқа жотасының арасына өскен етті алып тастайды.Жаңаөзен қаласының ортасында орналасқан тубуркулез ауруханасы казіргі таңда қаламыздың отыз шақырым батысына елсіз ауасы таза жерге ауыстырып шетке салынуыуы, тубуркулез ауруының азаюына көп септігін тигізеді. Бұл ауру асқынып кеткен жағдайда сүйекке түсіп рак ауруына айналуы мүмкін. Осындай апараттардың пайда болуы, ауруханалардың салынуы, мұның барлығы келешек ұрпақ мына сендер үшін тәелсіз мемлекетіміздің қамқорлығы.

Бағалау :

Үйге тапсырма: §23. Қаңқа бөлімдері. (Реферат жазу, сурет салу)





















Көру мүшесінің маңызы, көз гигиенасы











Есту мүшесінің маңызы, есту гигиенасы









Иіс, дәм сезу мүшелерінің маңызы, гигиенасы







Білемін



Білдім



Білгім келеді




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тело человека

Автор: Айткалиева Бибигуль Айтмашовна

Дата: 01.12.2016

Номер свидетельства: 364703

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Разработка урока по валеологии на тему "Кто я? Тело человека. Как я забочусь о своем теле.""
    ["seo_title"] => string(83) "razrabotkaurokapovalieologhiinatiemuktoiatielochieloviekakakiazabochusosvoiemtielie"
    ["file_id"] => string(6) "318997"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460712434"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Разработка урока по валеологии на тему "Кто я? Тело человека. Как я забочусь о своем теле.""
    ["seo_title"] => string(84) "razrabotkaurokapovalieologhiinatiemuktoiatielochieloviekakakiazabochusosvoiemtielie1"
    ["file_id"] => string(6) "318998"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460712440"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "Конспект урока по ритмике на тему "Тело человека (части тела). Функциональные возможности"."
    ["seo_title"] => string(97) "konspiekt-uroka-po-ritmikie-na-tiemu-tielo-chielovieka-chasti-tiela-funktsional-nyie-vozmozhnosti"
    ["file_id"] => string(6) "306999"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458231783"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(280) "Конспект урока развития речи на основе ознакомления с явлениями и предметами окружающей действительности "Части тела человека. Назначение этих частей" "
    ["seo_title"] => string(178) "konspiekt-uroka-razvitiia-riechi-na-osnovie-oznakomlieniia-s-iavlieniiami-i-priedmietami-okruzhaiushchiei-dieistvitiel-nosti-chasti-tiela-chielovieka-naznachieniie-etikh-chastiei"
    ["file_id"] => string(6) "107736"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1403424613"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(289) "Презентация "Части тела человека. Назначение этих частей" для урока развития устной речи на основе изучения предметов и явлений окружающей действительности "
    ["seo_title"] => string(187) "priezientatsiia-chasti-tiela-chielovieka-naznachieniie-etikh-chastiei-dlia-uroka-razvitiia-ustnoi-riechi-na-osnovie-izuchieniia-priedmietov-i-iavlienii-okruzhaiushchiei-dieistvitiel-nosti"
    ["file_id"] => string(6) "107918"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1403505691"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства