Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: Мекен ету ортасының температурасында тіршілігін сақтап қалу үшін ықпал ететін жануарлардың бейімделгіштік тәсілдері, Тіршілігін сақтап қалу үшін түрлердің жемтікке айналмау тәуекелін азайтатын тәсілдер, түрлердің олжа іздеу мүмкіндіктерін жоғарылататын тәсілдер, тіршілігін сақтап қалу әрекеттерінің артықшылықтар мен кемшіліктерін бағалау бейімделу, мекен ету ортасы, экожүйе, қоршаған орта, мінез-құлықтық бейімделу, жыртқыштар, олжа, мінез-құлық түрлері/тіршілікке қабілеттілік тәсілдері |
Сабақтың ортасы 20-36 мин | Ұғыну: Қоректік тізбекті екі типке бөлуге болады: жайылымдық тізбек жасыл өсімдіктен басталып, одан әрі жайылымдағы фитофагтарға, сонан соң жыртқыштарға жалғасады, яғни өсімдіктерден шөпқоректі жануарлар арқылы энергияның ағыны жүзеге асатын тізбек жайылымдық қоректік тізбек деп аталады. Ал детриттік тізбектер өлі органикалық заттардан детритофагтарға, одан жыртқыштарға жалғасады. Мысалы, жайылымдық тізбек: жасыл өсімдік→ шөпқоректі жануар →жыртқыш, ал детриттік тізбек: өлі органикалық зат (детрит)→ микроорганизмдер→ (бактериялар, саңырауқұлақтар) немесе детритофагтар (қос жақтаулы ұлулар, құрттар, бунақденелілердің дернәсілдері)→ детритофагтар жыртқыштарынан (құстар, жер қазғыштар және т.б.) құралады. Энергия ағыны өлі органикалық заттан басталып және ыдыратушылар жүйесі арқылы өтетін қоректік тізбек түрі детриттік қоректік тізбекті құрайды. Өлі ұлпаларды ыдыратын редуценттер жүйесіндегі бактериялар, саңырауқұлақтар мен басқа организмдер өзінің ролі жөнінен шөпқоректі жануарларды еске түсіреді. Қоректік тізбектер бір бірінен оқшауланбай, қайта керісінше, айқасып жатады. Олар қоректік торлар деп аталатын құрылымдар түзеді. Қоректік торлардың құрылу принципі мынадай: әрбір продуценттің бір емес, бірнеше консументтері болады. Өз кезегінде олардың арасындағы полифагтар, яғни консументтердің қоректің бір емес, бірнеше көзін пайдаланады. Барлық тізбектер өзара байланысты. егер тізбектің реті бұзылса деградация пайда болады. Мысалы, шөп – бұлан – қасқыр – шыбын дернәсілі . осы тізбектен бұланды алып тастасақ бұл тізбек тіршілік ете ала ма? (жоқ) Бұланды қоян алмастыра алады. Яғни экожүйеде неғұрлым тізбектің мөлшері көп болса экожүйе тұрақты болады. Ал өсімдік қоректену үшін оған күн керек. 1. Мына организмдердің ішінен қайсысы детритофагтарға жатады? саңырауқұлақ, қырықаяқ, жауынқұрт, балдыр, кене, термиттер, құмырсқа, қоңыр қандала, бактерия, дафния, өзен шаяны. 2. Үш организмнен тұратын қоректік тізбек құрастырыңыздар. Бұл тізбектен продуцент- 1 реттік консумент-2 реттік консумент болатын организмдерді атаңыз. 3. Саз тасбақасы -балық -маса -инелік дернәсілі -шаян –балдыр- қоғадан тұратын қоректік тізбек құрастырыңыздар. 4. 1 қатардағы консументтерге жататын жануарларды атаңыздар. сиыр, арыстан, амеба, өрмекші, қоян, тышқан, жасыл шегіртке, қаршыға, қаз, түлкі, шортан, киік, дала тасбақасы, жүзім ұлуы, дельфин, колорада қоңызы, сиыр цепені, капуста ақ көбелегінің жұлдызқұрты, ақ аю, ара, қан сорғыш маса, инелік, алма жемісжегілері, бит, сұр акула. 5. Шаруашылықта үлкен арық канал қазылып, ол сумен толтырылған. Оған қорексіз, бірден балықтар жіберіп, балықтардың санының өсуін күтуге бола ма? | ИТ |
Қабілеттілігі жоғары оқушылар қабілеттілігі төменірек оқушыларға топта кеңесші ретінде көмек көрсете алады. Қабілеттілігі жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар қарастырылған. | Оқушыларға жеке сұрақтар қою мүмкіндігі бар, мысалы: патшалық деңгейінде тірі ағзалардың негізгі белгілерін тізіп айтыңыз. Систематика ғылым ретінде снықтама беріңіз? Оның қызметі қандай? Негізгі таксономиялық категорияларды айтыңыз, әрбір патшалықтың бір өкіліне систематикалық карта құрыңыз Сабақ үстінде оқушылардың жұмыстарын таңдалған критерийлер бойынша бағалауға болады. | АКТ – оқушылар PowerPoint программасымен жұмыс істейді. Құндылықтар – оқушыларға топта қаншалықты жақсы жұмыс істегендігі туралы ойлануға ұсыныс білдіруге болады. Топтың барлық мүшелері жұмыс атқарды ма? |