kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Строения зубов

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 — зубодесневые волокна; 2 — стенка альвеолы; 3 — зубоальвеолярные волокна; 4 — альвеолярно-десневая ветвь нерва; 5 — сосуды периодонта; 6 — артерии и вены челюсти; 7 — зубная ветвь нерва; 8 — дно альвеолы; 9 — корень зуба; 10 — шейка зуба; 11 — коронка зуба Зубы человека принадлежат к гетеродонтной и текодонтной системам, к дифиодонтному типу. Сначала функционируют молочные зубы (dentes decidui), которые полностью (20 зубов) появляются к 2 годам, а затем заменяются постоянными зубами (dentes permanents) (32 зуба) (рис. 2).

Источник: http://medbe.ru/materials/litsevoy-skelet-i-cherep/stroenie-zuba/
© medbe.ru

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Строения зубов»

Биыл 16-желтоқсан күні Қазақстанның тәуелсіз мемлекет атанғанына 23 толғалы отыр. Осы уақыт аралығында еліміз көптеген жағдайларды басынан өткерді, оның ішінде қиындықтар да, жетістіктер де молынан болды.

Біз көбіне тәуелсіздік туралы айтқанда, не 90-жылдардың басындағы кезеңді сипаттаймыз не бүгінгі нәтижеге тоқталамыз, арадағы болған жекелеген оқиғаларды, өткен жылдарды көп еске түсірмейміз. Ел.кз редакциясы «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы:  Оқиғалар жылнамасы» атты кітаптың негізінде оқырман назарына 1991-2010 жылдар аралығындағы саяси оқиғалар хроникасын ұсынады.

1991 жыл

1 желтоқсан. Тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,76%) жеңіске жетті.

1992 жыл

Тәуелсіздіктің алгашқы жылы Қазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Көптеген ірі мемлекеттермен тікелей саяси-экономикалық қатынас орнай бастады. Сонымен бірге 1992 жыл КСРО-ның кезінде басталған және Одақтың ыдырауымен күшейе түскен экономикалық дағдарысқа қарсы жүйелі күрестің басталған жылы болды. Ресейде 1992 жылы бағаны еркіне жібергендіктен Қазақстан күрделі шаралар қабылдауға және «шок терапиясын» жүзеге асыруға кірісті. Қазақстанда инфляция жыл аяғында 3000 пайызға жетті. Экономикалық дағдарыстың күшейіп және тіл мәселесіне байланысты қоғамда саяси жіктеліс тереңдей бастады.

 1993 жыл

1993 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы экономикалық дағдарыстың ең тереңдеген жылыболды. Наурыз айында елдегі құнсыздану процесі гиперинфляцияға айналды. 1993 жылы электр энергиясы мен.газ бағасы мыңдаган есеге көтерілді. Жалақының кешіктіріліп берілуі барлық салада күшейе бастады. Халықтың әлеуметтік жағдайы күрт қүлдырап кетті. Осындай жағдайларға байланысты Қазақстанда қараша айында ұлттық валюта - теңге енгізілді. Экономикалық жағдайдың қиындауы әлеуметтік топтардың саяси талаптарын тұжырымдаған саяси партиялардың пайда болуына әсер етті. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, «Қазақстанның Халық Конгресі» және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы «Невада - Семей», азаматтық «Азат» қозгалысы және «Қазақстанның халық бірлігі» одагы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар ұйымдасқан саяси күшке айналды.

 1994 жыл

Қазақстан тарихында тұңгыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізуі мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды. Республика Үкіметінде жаңа Парламент туралы Заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп, Парламент сайлауы өтті. Нәтижесінде Республикада көп партиялықтың қалыптасуы орын алды. Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорт-импорт банкі» құрылды. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әлсіреуі нәтижесінде ішкі жалпы өнім алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 27%-ға дейін қысқарды. Ұлттық алтын-валюта резерві 805,221 млн. АҚШ долларын қамтыды. ҚР Парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» Заң жобасын қабылдады. Еліміздегі атом жарылыстарының нәтижелерін жою іс-шаралары алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі ретінде анықталды. Әлемнің ядролық державалары бейбіт даму жолын таңдаған Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдеме берді. Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану жөнінде Қазақстан мен Ресей арасында келісімге қол жеткізілді. Халықаралық ұйымдардың Арал теңізін қайта жандандырумен сол аймақтардың экологиялықмәселелерін шешу бағытындагы іс-шаралары бастау алды. Жалпы, Қазақстан 1994 жылы шетел мемлекеттерімен достастық келісімдер мен экономикалық ынтымақтасу саласында бірқатар келісілішарттарға қол жеткізді.

 1995 жыл

Ел тәуелсіздігі орнаған күннен бастап, әлемдік сахнада Қазақстан өзін көпұлтты, бейбіт мемлекет ретінде танытуда. Осыған дәлел ретінде Президент Жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Н.Назарбаев Қазақстан үшін тарихи маңызды оқиға деп атап өткен төл теңгемізді шығару фабрикасының ашылу рәсімі өтті. Осы уақыттың ішінде ұлттық валютамыз — теңгенің тұғыры бекіді, елімізде макроэкономикалық тұрақтандыру процесі іске асты. Қазақстанның экономикалық-қаржылық тәуелсіздігі толық айқындалып болды. Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми турде бекітілді. Әлеуметтік-экономикалық маңызы бар «Жекешелендіру туралы» Заң қабылданды. Мүнай өндірісінің дамуында «Батыс Қазақстан - Құмкөл» мұнай құбыры іске қосылды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев екіжақты байланыстарды дамыту, республикада экономикалық реформаларды тереңдетуге қолайлы жағдай туғызуды бақылауға алу міндеттерін алдыңғы қатарлы мәселелер тізбегіне енгізді.

 1996 жыл

Республикада орын алған әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздану  көріністері көптеген  кәсіпорын жұмысшыларын жалақы мәселелеріне қатысты қарсылық акцияларын ұйымдастыруына себепкер болды. 1994 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, жұмыссыз қалғандар саны 1,8 есеге үлғайды. Республикада кіші кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік деңгейде бағдарламалар іске косылды. Қазақстан ынтымақтасу мақсатында құрылған «Шанхай бестігі» ұйымына мүше бола отырып, өзінің саяси қатынастардағы орнын айқындай түсті. Республиканың жалпы сыртқы саяси басымдықтары мен әрбір елмен қарым-цатынасынан бастап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келіссөздер белсенді жургізілді. Мемлекетіміздің табиғи ресурстарын рационалды кешенді игеру негізінде аймақтың дамуын тездету, жоғары тиімділігі бар экспортқа бағытталган өндірістерді құру, экономиканың әлемдік шаруашылық жүйесіне жоспарлы қосылу және әлеуметтік даму мәселелері қатаң бақылауға алынды.

 1997 жыл

 Қазақстан Республикасының алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспары айқындалды. Елдегі саяси партиялар, қогамдық бірлестіктер мен ұлттық мәдени орталықтар әлеуметтік-экономикалық қиындықтармен күресу мақсатында мемлекеттік билік органдарымен бірлесіп қызмет ету келісіміне қол жеткізді. Жалақы мен зейнетақы бойынша қарызды төлеу, шағын бизнесті дамыту, жекешелендіруді жеделдету мәселелерін Елбасы өз бақылауына алды. Қаржы институттарын дамытуды қолдау бағдарламасы ірі батыс банктерінің қолдауымен едәуір алға жылжи бастады. Қазақстандық банктердің институционалды дамуы мен Қазақстан банк жүйесінің әлемдік қаржы жүйесіне терец интеграциялануы көрініс тапты. Импорт пен экспорт тауарларына байланысты сыртқы сауда үдерістері мен кедендік салыққа қатысты барлық мәселелерге қолайлы режим жасау алға тартылды. Егемендіктің маңызды шарты болып табылатын мемлекеттік шекара мәселелері бойынша Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекаралардың мызғымастыгы туралы келісімге қол жеткізілді. Ұлттық ерекшелігі зор «Қазақстан Республикасындагы тілдер туралы» Заңы бекітілді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ел дамуының стратегиялық жоспары жасақталып, Елбасының халыққа Жолдауында Қазақстан 2030 жылы дамыған, саяси тұрақты мемлекет үлгісі ретінде бірінші ортаазиялық «барыс» мемлекеті болуы қажет деген мақсат қойды. ҚР-ның астанасы Астана қаласына көшірілді және Астана ресми түрде Қазақстан астанасы мәртебесіне ие болды.

 1998 жыл

Қазақстан Республикасының бейбіт, жан-жақты даму жолына қарамастан, бірқатар аймақтарда дагдарыстық жағдайлар көрініс тапты. Қазақстанның солтүстік аймағында әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық мәселелері басты мәнге ие болды. Осыган орай, Солтүстік Қазақстан облысын дағдарыстан шығару жоспары мемлекеттік деңгейде бекітілді. Агроөндіріс кешенінің дамуы, кіші және орта бизнес, зейнетақы реформасы мәселелері ағымдағы жылдың маңызды да өзекті мәселелеріне айналды. Алайда Қазақстан 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жылдық кезеңге БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі комитетінің мүшелігіне сайланды. Бүл Қазақстанныңәлемдік сахнада өз мәртебесін айқындай түсті. Ерекше оқиға ретінде этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына қатысты мәселелердің жоғарғы деңгейде талқылануы алғаш рет бастау алды. Әлеуметтік салада зейнетақы реформасын қолдау мақсатында халықаралық қаржы институттары арқылы біршама жетістіктерге қол жеткізілді. Үкімет отандық тауар өндірушілерге қолдау жасауын жалғастыратындығын мәлімдеді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы қабылданды. Еліміздегі инвестициялық климат мәселелері мен Қазақстан үшін әлемдік экономикалық дагдарыстыц әсерін төмендету іс-шаралары мемлекеттік саясаттың негізі болды. Азаматтық қогам орнату және демократиялық мемлекет қалыптастыру бағытында «Сыбайлас жемқорлыңқа қарсы күрес туралы» Заң жарияланып.  Президент Жарлығымен 1999-2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік багдарлама бекітілді. Сонымен қатар маңызды тақырыптардың бірі алдағы жылы отетін ҚР Президенттік сайлауы болды.

 1999 жыл

Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауы өтті. Н.Назарбаев жоғары пайызды дауыспен Президенттік қызметіне қайта сайланды.

Ашық азаматтық қоғам көрінісі ретіндегі көптеген саяси партиялармен қоғамдық ұйымдар құрылды. Соның бірі «Отан» республикалық саяси партиясы болып табылды. Қазақстанға дамыған елдердің іскер топтарының назарын аудару, халықаралық қаржы институттарымен танысу, Қазақстанның инвестициялық саясаты мен экономикалық даму мүмкіндіктерімен таныстыру секілді басты міндеттер қойылды. ҚР-ның «Ұлттық банкі» және екінші деңгейлі қаржы институттары бірқатар халықаралық қаржы институттарымен тиімді келісімдерге қол жеткізді. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның қабылдануы ашық, еркін қоғам орнауының белгісі ретінде қабылданды. Республикалық маңызы бар «Мұнай туралы» жаңа заңға қол қойылды. ҚР Парламенті Сенатының сайлауы өтті. Көптеген оппозиция ұйымдары тарапынан сайлау нәтижелеріне қарсылықтар мен сенімсіздіктер айтылды. Республика аймақтарында жалақы және зейнетақы төлемдері бойынша шеру акциялары ұйымдастырылып, жүмысшылар өз наразылықтарын білдірді.

 2000 жыл

Қазақстан үшін алдағы уақытта серпінді даму үдерісі басталды. Көптеген халықаралық келісімдер мен мемлекеттік маңызы жоғары заң құжаттарына қол қойылды. Тұжырымдамалық түрде «Жер туралы» Заң жобасы қабылданды. Заң жобасының негізгі қағидасы мен ерекшелігі жерді Конституцияға сай үзақ мерзімді жалға беру құқығымен мемлекеттік меншік мәртебесін бекіту болып табылады және жерді жалға беру уақыты 99 жылдан 47 жылға төмендетілді. Сонымен қатар Қазақстан өзінің шекаралас елдерімен аумақтық мәселелерін конструктивті шешу жолында айтарлықтай іс-шаралар атқарды. Алғаш рет мемлекетімізде гендерлік саясат мәселелері талқыға түсті. Бірқатар ЖОО-да гендерлік саясат курстары енгізіле бастады. Қазақстан айналасындағы геосаяси өзгерістер мен соңғы уақытта орын алған экстремизмнің өріс алуы, әскери конфликттердің эскалациясына байланысты ҚР Президентінің Жарлығымен республиканың Әскери доктринасы бекітілді. Маңызды олжа ретінде Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға арналған соңғы ойпанның жойылуын айтуға болады. Республикада саяси, сондай-ай экономикалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктеріне қатысты мәселелердің кең ауқымы қамтылды.

2001 жыл

Елбасы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай экономиканы өркендету, халықтың тұрмысын жақсарту тұрғысында барлық билік қүрылымдарына міндеттерін нақтылап берді. Сонымен қатар еліміздің 10 жылдық тәуелсіздік мерейтойына байланысты халықаралық дәрежеде іс-шаралар атқарылды. 21 ғасыр техника ғасыры болғандықтан, Қазақстан бұл сала бойынша да өзіндік даму жолын айқындай түсті. Ұлттық аңпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске қосылды. Қазақстан мен Қытай шекарааралық өзен суларын рационалды қолдану мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Қазаңстан-Қытай Үкіметтері арасында келісімге қол жеткізілді. Республиканың газ саласының 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасы талқыға түсіп, Қазақстан әлемде өндірген газ саласы бойынша 15, ТМД елдері арасында 4~орынды алатыны жарияланды. АҚШ-та орын алған террористік актілер дүние жүзін дүр сілкіндірді. Осыган орай, Казақстан өзінің терроризмнің кез келген түріне қарсы екендігін, бейбіт даму жолын ұстанатындығын мәлімдеді.

 2002 жыл

ҚР Президентінің Жарлығымен ағымдағы жыл Денсаулық жылы болып жарияланды. Бүл халықтыңденсаулық сақтау мәдениетін, медицина саласындағы қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға арналған маңызды шешім болды. Еуразия Экономикалық қоғамдастығыныц отырысында Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин тарихи құжатқа – Ресей мен Қазақстан арасындагы Каспий теңізінің солтүстік бөлігін межелеу жөніндегі келісімге қол қойды. Саяси маңыздылыгы жоғары «Саяси партиялар туралы» Заң қабылданды. Қазақстанның оппозициялық «Ақ Жол» демократиялық партиясының қурылуы – демократиялық қогамның бір көрінісі ретінде айқындалды. Түркістанда дүние жүзі қазақтарының II Құрылтайы өтті. Жиында оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды.

 2003 жыл

2003 жыл –  мемлекеттік деңгейде қабылданган оралмандардың тарихи отанына оралуы бағдарламасының қабылдануымен маңызды. Беларусь, Қазақстан, Ресеймен Украина біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы мәлімдемеге қол қойды. Шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің ғибратты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспар арқылы сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау мақсатында Қазақстанның 2003-2015 жылдардағы Индустриялық-инновациялық дамуыныц мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды. ҚР «Жер» Кодексі қабылданды. «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылып, республикамызда ең жоғарғы жазалау тәртібін қолдану жойылды. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «Ұлттық инновациялық қоры» және бірқатар мемлекеттік органдар жаңа қызмет құзыреттіліктерімен қайта құрылды. Соңғы жылдары әлемде корініс тапқан ақпараттың технологиялардың даму үдерісі Қазақстанға да келіп жетті. Қоғамның жап-жақсы ақпараттануы мен ақпаратқа тәуелділігі мемлекеттік деңгейде мықты бағдарламаларды қабылдау және жүзеге асыру қажеттілігін тудырды. Осы негізде 2013 жылдың 1 қазанына дейінгі «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалың аймағын құру жұмыстары басталды.

2004 жыл

Қазақстан үшін ағымдағы жылды Қазақстандагы Ресей жылы деп жариялау Ресей Федерациясымен қарым-қатынастардың тереңдей түсуініц көрінісі ретінде қабылданды. Елбасының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін!» Жолдауы Қазақстан Республикасының қарқынды даму жолын айқындады. Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту, индустриалды-инновациялық даму, инфрақұрылымды дамыту мақсаттарын белгіледі. Жылдың маңызды окиғаларының бірі - Парламент Мәжілісінің сайлауы болды. Оған 12 саяси партия қатысып, олардың ішінде төртеуі - екі сайлау блогының құрамасына бірікті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2005-2007 жылдары ҚР-ның «электрондық үкіметін» қалыптастырудыц мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарламаның жүзеге асуының елімізде дамыған, демократиялық, ашық қоғам орнатуда үлесі орасан зор деп бағаланды. Сонымеи қатар, Қазақстан Республикасындағы гепдерлік саясат тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдама елдегі гендерлік білімді, заңнаманың гендерлік сараптамасын енгізуді, гендерлік индикаторларды бюджеттік саясатқа епгізу, мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламалар, денсаулықты жақсарту жұмыстарын және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресті одан әрі дамыту бағыттарын анықтауды көздеді. Қазақстан мен Қытай арасында мұнай саласында маңызды құжаттарға қол қойылып, мұнап құбырының құрылыс жүмыстары жандана түсті.

2005 жыл

2005 жыл сайлау жылы болды. Парламент Сенаты мен ел президенттігіне сайлаулар елдегі бірқатар билік күштері мүдделерінің тоғысуына алып келді. Елбасы Н.Назарбаев өзінің жаңа президенттік мерзімге ниеті барын растады. Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси даму жолында» Жолдауында Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогреске жету мақсаттары айтылды. Алғаш рет сайлау үдерісінде жаңадан енгізілген электронды сайлау жүйесі бекітілді Халықаралық ұйым өкілдері сайлау үдерісін бақылау мақсатында Қазақстанға келіп, Президент сайлауына байланысты шетелдер мен халықаралық ұйымдардың 187 бақылаушысына аккредитациялық куәлік берілді. Нәтижесінде, өткен сайлау үдерістеріне халықаралық ұйымдар ашық, халықаралық стандарттар шеңберінде өтті деген баға берді. Президент Қазақстанның үлттық мүддесін қоргаудың ұзақ мерзімді стратегиясын жасау керектігін алға тартты. Экономикалық ынтымақтастың және интеграция мәселелері негізгі тақырыптардың бірі болып табылды. Мұнай саласында маңыздылығы зор «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырын тарту құрылысының аяңталуы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын одан әрі ынтымақтастыра түсті. Бірқатар мемлекеттер Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрагалық етуін қолдайтындықтары жайында мәлімдеме жасады. Қазақстан мен Ресей арасында тарихи қадам – «Қазақстан-Ресей шекарасы туралы» Заңы бекітілді.

2006 жыл

2006 жыл өткен Президент сайлауы нәтижесінде аптарлыцтап жогары пайыз дауыспен жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттікке қайта оралуымен басталды. Қазақстан Республикасының Әнұраны озгерді. Жаңа Әнұран авторларының бірі Н.Назарбаев болды. 2006 жылгы Жолдау Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясына арналды. Қазақстандықтардың алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойылды. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару холдингі» қүрылды. Қазақстан азаматтардың зияткерлік құқығын қорғауға жағдай жасай алатын мемлекет ретінде мойындалды. Ресей Президентінің шет елдегі отандастарын елге қайтаруға бағытталған Жарлығына Қазақстандағы қандастары салқындық танытты. Қазақстанда мемлекеттік аппарат қызметінің транспоренттігігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасты, «Отан» мен «Асар» партиясы бір тудың астына бірігу туралы шешімдерін қабылдап, артынан «Азаматтық» және «Аграрлық партия» еліміздің бас саяси ұйымына қосылды. Соңғы уақытта әлемдік деңгейде талқыга түскен мәселені анықтай отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастың ұйымына лайықты деңгейде төрағалық ете алады деп есептелетінін мәлімдеді. Жыл тәуелсіздіктің негізі болған «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығына арналған іс-шаралармен аяқталды.

 2007 жыл

Ел Президентінің шетімімен Қазақстанда ойын бизнесін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге шектеулер қойылып, қызмет ету аясы Заң жүзінде анықталды. Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөнінде Жолдау жариялады. Үкіметке ана мен баланы әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту, зейнетақы мөлшерін үлғайту мен индекстеу сынды міндеттер жүктелді. Конституцияға енгізілген көптеген өзгертулер мен түзетулер бекітілді. Осыған орай, Елбасы Президенттің өкілеттілігі мерзімін 2012 жылдан кейін жеті жылдан бес жылға дейін қысқартуды ұсынды. Саяси топтар қақтығысы орын алуы салдарынан бірқатар қылмыстық топтар анықталып, оларға халықаралық үндеу жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті, «Сайлау туралы», сонымен бірге «Үкімет туралы» Конституциялық заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойылды. Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту мақсатында «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі 2010 жылы бұл Ұйымга ҚР-ның төрагалық етуі туралы шешім қабылдады. Қазақстан өзінің халықаралық аренадағы рөлін ныгапту үшін экспорттың-импорттьщ саладагы ауңымды жобаларды жүзеге асырды.

 2008 жыл

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы республиканың әлеуметтік даму бағыттарында бірқатар мақсаттарды айқындады. Әлемдік экономикальқ өсімнің жоғары қарқыны қазақстандық еңбек нарығы құрылымында айтарлықтай өзгерістерге және білікті жұмыс күшіне деген сұраныстың артуына әкеліп соқтырды. Қазақстандық білім жүйесін жәие еңбек талаптарын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру үрдісі қарқынды түрде күшейе түсті. Стратегиялық маңызды заң жобалары – «салық» және «бюджет» Кодекстері, үш жылдық бюджет, сондай-ақ «Бәсекелестік туралы» заң жобалары әзірленді. Саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ыитымақтастықтың кең ауқымды мәселелері өзекті мәселелер ретінде анықталды. Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесін бекіту мен жұмысын ұйымдастырып, соттарды қалыптастыруға, соттардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмауына кепілдігі жөніндегі оның конституциялық өкілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесі туралы» Заңы бекітілді. Елбасы әлемдік дағдарыстың келеңсіз әсеріне қарсы жүргізілетін республикадағы іс-әрекет шаралары өзінің жеке бақылауында екенін баса айтып, атқарылган шаралардың тиімді әрі бағытты саясат негізінде жүргізілуін қолдады. Әлемдік экономикалық дағдарыс жагдайында Қазақстанның «Еуропа қайта құру және даму банкімен» шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту салаларындагы өзара іс-қимылының мүмкіндіктері Қазақстан үшін ерекше қолдау ретінде айқындалды.

 2009 жыл

Әлемдік дағдарыс жағдайына қарамастан Қазақстан жан-жақты даму саясаты бойынша алға басты. Республикада ислам банкинг жүйесін енгізуге бағытталған заң жобалары қабылданып, тиімді қаржы құралдарын қолдануға шарттар жасалынды. Қазақстан екі онжылдық бойы халықаралық аренада сенімге тұрарлық мемлекет құрып келе жатқандығымен сипатталды. Мемлекет соңғы бірнеше онжылдықтар ішіндегі ең күрделі әлемдік дағдарыстың экономикаға кері жерін тигізіп отырған қиын жағдайында батыл шараларды қолға алып, іске асырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғырту, жумыссыздықпен күрес және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстарды күшейту, жұмыс берушілермен жасасқан үш жақты меморандумдар мен келісімдердің орындалуына үнемі мониторинг жүргізіліп отырды. Шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығына көңіл бөлінуі күшейе бастады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, оны халықаралық норма меп стандарттарға үйлестіруге, ұлттың медициналық мәртебесін, азаматтарға сапалы медициналық көмек және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында бағытты саясат атқарылды. Мемлекеттік децгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіруге, оның пайда болуына байланысты жауапкершілікті күшейту және алдын алу шаралары маңызды мәселелердің бірі болып табылды. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығына әзірлік мәселелері осы жылдың саяси беделді сұрақтарының бірі болды.

2010 жыл

 2010 жыл Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен басталды. Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ қызметіне қатысты негізгі ұстанымдарды баяндап, Ұйым төрағалығындағы Қазақстанның ұраны мен басымдықтарын жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан төрағалығының сенім, дәстүрлер, транспаренттік және төзімділік (4Т) қағидаттарына негізделетінімен ерекшеленетінін атап өтті. Жыл соңында ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу туралы шешім мақұлданып, оған даярлық жұмыстары атқарылды. Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, 2010 жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл болды. Бұл үдемелі индустриялық бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші жылы деп атап өтті. Ал Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстанның халықаралық беделіне берілген жоғары баға ретінде қабылданды. Елімізде «Халық денсаулығы ісіне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Республикада осы жылдың қайғылы оқиғасы «Кызылағаш» суқоймасындағы бөгеттің бұзылуы көптеген адамдардың өліміне алып келді. Мемлекет тарапынаи зардап шеккендер жанұясына көмек көрсетілді.

2011 жыл

2011 жылдың басты оқиғасы – бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Сайлаудың кезекті тыс өтуіне себеп болған – ҚР Парламентінің референдум ұйымдастырып, сол арқылы Президенттік уақытт одан әрі ұзарту туралы ұсынысы. Президент Н.Назарбаев бұл ұсыныстан бас тартып, сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.

Осы жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды және Парламенттің төменгі палатасы таратылып, келесі жылы, 15 қаңтарда, кезектен тыс Парламент сайлауы өтетіндігі белгілі болды.   

«Дін туралы» жаңа заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттік құрылды және оның басшысы болып Қайрат Лама Шариф тағайындалды. Бұл мультиконфессиялық Қазақстан үшін маңызды қадам еді.

Жылдың ең көп айтылған тақырыбы Қазақстан, Ресей және Белоруссия елдерінің арасындағы Кедендік Одақтың жүзеге асуы болды. Келесі жылы Еуразиялық экономикалық кеңістіктің құрылатыны жайлы келісім жасалды.

2011 жылдың тағы бір ерекшелігі – осы жылы  Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді. Сонымен қатар, 14 желтоқсан күні Парламент Сенатының салтанатты жиынында Президентке Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған төсбелгі табыс етілді.

Қазақстандықтар келесі жылдан бастап, 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күнін атап өтетін болды. Және де жылдың ең көп күтілген жаңалығы – Алматы қаласындағы метроның ашылуы. Дәл 1 желтоқсан күні пайдалануға берілген метрополитенді Президенттің өзі ашты.



2012 жыл

15 қаңтар күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды. Парламентке «Нұр Отан» партиясынан бөлек, «Ақ жол» мен «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» өтті.

2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Осылайша Қазақстан өз рекордын жаңартты. Біздің құрама Олимпиадаларда бұрын-соңды мұндай нәтижеге қол жеткізген емес.   

Аталмыш жыл елімізге тағы бір жеңіс әкелді. Бұл – Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алуы. Көрмені өткізу құқығы үшін Қазақстан бельгиялық Льеж қаласымен бәсекеге түсіп, сенімді түрде жеңіп шықты.

Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. 1 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстан Президентінің штандарты көтерілді. Қазақстандықтар мейрамның арқасында 3 күн демалыс алды.

Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады. Еліміздің межелі уақытқа қоятын мақсаты мен стратегиясы – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену.

2013 жыл

«Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды. Бірігуге дейін елімізде 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп, олардағы жалпы жинақ көлемі 3,116 триллион теңгені (21 миллиард доллар) құрады және 8,5 миллион клиенттің есепшоты ашылды (жұмысқа қабілетті адамдардың 95 %).

Жылдың ең өзекті әлеуметтік тақырыбы – әйелдердің зейнетке шығу жасының көтерілу мәселесі. Көптеген пікір алмасу нәтижесінде, зейнетке шығу жасы 2014 жылдан бастап келесі 10 жыл ішінде бірте-бірте көтерілетін болды. 10 жылдан соң әйелдер мен ерлердің зейнетке шығу жасы теңесіп, 63 жасты құрайтын болады.

Қазан айында «Нұр Отан» партиясының маңызды саяси оқиға деп бағалауға болатын жаңа саяси доктринасы қабылданды. Доктрина «Нұр Отан» партиясының 21 ғасырдағы миссиясы мен «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы рөлін анықтауға бағытталған.

 Аталмыш шешуші реформалармен де есте қалды. Солардың бірі мемлекеттік қызмет саласындағы «А» корпусының құрылуы. «А» корпусы басқарушы лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлерді даярлауға, жетілдіруге бағытталды.  

2014 жыл

Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.

Тамыз айында Елбасы Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі, сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ жайлы тақырыптар қамтылды.

Үстіміздегі жылдың қазан айында Елбасы Астана қаласының белсенділерімен кездесу кезінде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілетіні жайлы мәлімдеді.

Президент Н.Назарбаев: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрып, қазақ мемлекеттілігінің негізін салды. Бәлкім ол бүгінгі түсініктегі мемлекет болмаған шығар, бірақ ешқандай мемлекет дәл бүгінгі күйінде құрылмады. Басты нәрсе, сол кезде негіз қаланды және біз ата-бабамыздың салған ізінің жалғастырушысымыз» - деп атап өтті.

2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Строения зубов

Автор: Алиева Дилфуза

Дата: 15.05.2017

Номер свидетельства: 415627

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Конспект на тему: Как устроены зубы "
    ["seo_title"] => string(37) "konspiekt-na-tiemu-kak-ustroieny-zuby"
    ["file_id"] => string(6) "139457"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417715390"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Строение и значение зубов. "
    ["seo_title"] => string(30) "stroieniie-i-znachieniie-zubov"
    ["file_id"] => string(6) "131652"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416201298"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Тема: «Гигиена полости рта. Уход за зубами».  (5 класс) "
    ["seo_title"] => string(51) "tiema-gighiiena-polosti-rta-ukhod-za-zubami-5-klass"
    ["file_id"] => string(6) "157287"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421581254"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Проект в старшей группе «Берегите зубы с детства»"
    ["seo_title"] => string(48) "proekt_v_starshei_gruppe_beregite_zuby_s_detstva"
    ["file_id"] => string(6) "548333"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1588150280"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Тема: «Здоровые зубы - красивая улыбка»"
    ["seo_title"] => string(33) "tiemazdorovyiezubykrasivaiaulybka"
    ["file_id"] => string(6) "296425"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455993008"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства