Оңтүстік қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
Ақмешіт ауылы
Қ, Сыпатаев атындағы орта мектептің химия биология пәні мұғалімі
Байсалова Лаззат Зиндапиловна
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: биология
Сынып 9
Күні:
Байсалова Л
Тақырыбы
§14.Нәруыз биосинтезі. Трансляция
Мақсаты
Нәруыз биосинтезіне қатысатын заттар және олардың қызметтерін біліп үйрену.
Оқып үйренудің нәтижесінде
«А» - Нәруыз құрамының өзіне тәндігі және оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін ДНҚ – мен анықталатындығын түсіндіреді. ДНҚ коды, нәруыз биосинтезінің транскрипция және трансляция кезеңдерін талдайды;
«В» - Нәруыз молекуласының қалай пайда болатындығын, ағзаның барлық сипатты ерекшелектері ондағы нәруызға тән құрамдарымен байланысты екендігін түсінеді.
«С» - нәруыз биосинтезіне қатысатын заттар және олардың қызметтерін біледі;
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология: кодон,полипептид,полисома,трансляция,антикодон т.б
Нәруыз биосинтезі. Трансляция (оқылым дағдысы)
Сыныпта талқылау жүргізіледі (айтылым және тыңдалым,жазылым дағдысы)
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер
Тест түрлері, фронтальды әдіс, (жеке, жұптық жұмыс)
Үйрену мақсатында
бағаны қоса бағалау
Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау
1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау
2.Зерттеудегі өзіндік үлесін бағалау
3.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Ұйымдастыру.
1-3мин
- Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру:
- Сергіту сәті: дене жаттығуларын жасату
Оқушылар сергіту жаттығуын орындайды.
Бейнеролик,
жаттығу түрлері
Қызығушылықты ояту
5-7 мин
- Тірек - білімдерін қолдану, тақырып бойынша білімдерін жаңғырту(фронтальды сұрау)
1.Ақпараттық РНҚ-ның құрылысы мен қызметі қандай?
2.Транскрипция деген не?Ол қайда,қалай жүреді?
3.Генетикалық код дегенді қалай түсінесің?
4.Оперон,транскриптон,триплет дегеніміз не?
Ашық тест сұрақтарымен жұмыс.
Оқулық, инт тақта
Мағынаны тану
10 мин
-Нәруыз биосинтезі
-Трансляция
Оқушылар нәруыз биосинтезі,
трансляция жайлы танысады,біледі.Көрсетілімді көріп,тыңдайды.
АКТ, интерактивті тақта, көрсетілім.
Ой толғау.
20-25 мин
-Нәруыз биосинтезі
-Трансляция
-тапсырмалармен жұмыс
1.Оқушылар нәруыз биосинтезі,
трансляция жайлы айтып шығады.
2.А,В,С деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
3.жұмыс дәптердегі тапсырмаларға жауап жазу
Жұмыс дәптері, интерактивті тақта,
дидактикалық тапсырмалар. №2 қосымша
Бағалау
2 мин
Табыс критерий кестесі
Өзін-өзі бағалайды, өзара бағалайды.
Үйге тапсырма:
1 мин
Нәруыз биосинтезі. Трансляция оқу.Тақырып бойынша ғылыми – ақпараттану, термин сөздермен жұмыс.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
Шығу парағы
(оқушыларға)
Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Тақырып аясында қиындық тудырған кездер кездесті ме? Нені үйренгіміз келеді?
Рефлексия
(мұғалімге)
Сабақты өзіңіздің бағалауыңыз (бұл жерге сабақ барысындағы енгізілген өзгерістер мен өз комментариилеріңізді жазасыз. Сәтті және сәтсіз тұстарын жазыңыз)
Не жақсы болды?
Неліктен?
Не ұнамады?
Неліктен?
Нені өзгертуге болады?