kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Транскрипцияның және трансляцияның бактерияларда реттелуі. Бұл процестің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Нәруыз биосинтезі деген не?

2.Трансляция қай кезде басталады?

3.т-РНҚ құрылысы қандай?

4.Антикодон деген не?

5.Нәруыз синтезі қайда жүреді?

6. Транскрипция және трансляция деген не?

7.Нәруыз синтезіне энергия қажет пе?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Транскрипцияның және трансляцияның бактерияларда реттелуі. Бұл процестің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі.»


Сабақ жоспары


Оқу ісінің меңгерушісі -------------------------------------------------------


Күні Пәні Биология. 9 -сынып. Сабақ реті 15


Cабақтың тақырыбы:Транскрипцияның және трансляцияның бактерияларда реттелуі. Бұл процестің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі.

Сабақтың мақсаты:

1. Транскрипцияның және трансляцияның бактерияларда, жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі туралы түсінік беру.

2. Транскрипция, трансляция , гендік инженерия, жасушалық инженерия т.б сөздерді түсіндіре отырып, олардың сөздік қорларын,ой-өрістерін, дүниетанымдарын дамыту.

3.Өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: дәріс, сұхбат

Пәнаралық байланыс:химия

Сабақтың көрнекілігі:сызбалар, суреттер


Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатынасуын және дайындығын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру

1.Нәруыз биосинтезі деген не?

2.Трансляция қай кезде басталады?

3.т-РНҚ құрылысы қандай?

4.Антикодон деген не?

5.Нәруыз синтезі қайда жүреді?

6. Транскрипция және трансляция деген не?

7.Нәруыз синтезіне энергия қажет пе?

ІІІ.Жаңа сабақ .

Организмнің жеке дамуы барысында организмнің түрлі жасушалары ДНҚ молеуласында жазылған ақпаратқа сай қажетті нәруыздарды дер кезінде синтездеп отырады. Жоғары сатыдағы организмдердің барлық дене жасушаларындағы ДНҚ –ның мөлшері мен ондағы сақталатын тұқым қуалау ақпараты сол жасушалардың құрылысына, атқаратын қызметіне байланыссыз біркелкі болып келеді.Бірақ түрлі жасушалардағы нәруыздардың типтері, мөлшері, тіпті синтезделу кезеңі мен жылдамдығы да түрліше. Мысалы: шаштың түсін қамтамасыз ететін меланин пигментінің гені адам орта жасқа келгенде жұмысын баяулатып, біржола тоқтатады да, шаш ағарады. Сонымен қатар жыныс гормондарының синтезін анықтайтын гендер адамның жыныстық жетілу кезеңінен бастап қарқынды жұмыс істеп, қартаю шағына келгенде жұмысы біртіндеп төмендейді. Олай болса геннің жұмыс істеуі оның қызмет атқару кезеңі болып табылады.

Гендер жұмысының өздігінен реттелу механизмі алғаш рет ішек таяқшасы бактериясына тәжірибелер жүргізіліп зерттелген. Зерттеудің көрсетуінше, бактерия жасушаларында 800-ге жуық ферменттер синтезделеді. Эукариоттарда гендер жұмысының реттелуі біршама күрделі жүреді. Көпжасушалы организмдердің денесі алуан түрлі жасушалардың типтерінен тұрады. Олар құрылысы және қызметтері бойынша ерекшеленеді, яғни жіктеледі. Мыс: бұлшықет жасушаларында миозин, эпидермисте кератин, эритроциттерде гемоглобин,т.б.. Барлық жасушалардағы тұқым қуалау ақпараты бірдей болғанмен ,жұмыс істейтін, яғни транскрипцияланатын гендер тобы даму барысында түрліше мерзімде жұмыс істеп, жасушалар түрліше бағытта өзгерістерге ұшырап, түрлі қызмет атқаруға маманданады.Транскрипция – энергияны жұмсай жүретін процесс.Түзіліп жатқан поипептидтік тізбекке 1 аминқышықылының жалғануы үшін 4 молекула АТФ АДФ –ке дейін ыдырауы тиіс. Осы кезде босап шыққан энергияның тек 10% -ға жуығы ғана т-РНҚ-ның өзінің аминқышқылын танып, оны тізбекке пептидтік байланыс арқылы жалғануына жұмсалады, қалғаны жылу ретінде ортаға тарап кетеді. Бұл процеске энергия жеткіліксіз жұмсалса, трансляция баяулап, қателіктері бар, сапасыз тізбектер түзіледі.

IV. Бекіту.

1.Транскрипцияның реттелуін қалай түсінесің?

2. Бактерияларда қалай реттеледі?

3.Жоғары сатыдағы организмдерде қалай реттеледі?

V.Үйге тапсырма: Транскрипцияның және трансляцияның бактерияларда реттелуі. Бұл процестің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі.

IV . Білімді бағалау.

VII.Сабақты қорыту.Жаңа термин сөздер арқылы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Ахметкулова Шырай Камзақызы

Дата: 11.01.2017

Номер свидетельства: 378041


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства