kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поурочный план по биологии

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?ал?анша безді? ??рылысы мен ?ызметі.

Саба?ты? ма?саты:

1. Білімділігі: о?ушылар?а ?ал?анша безді? ?ызметі мен ??рылысы ж?нінде білімдерін тере?дету.

2. Т?рбиелігі: ?р о?ушыны? білімге деген ??штарлы?ы мен ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып, ?йымшылды??а т?рбиелеу.

3. Дамытушылы?ы: о?ушыларды? т?л?алы? ?асиеттерін жетілдіру ж?не ?алыптастыру.

Саба? типі : Аралас (??растырыл?ан).

Саба? ?дісі: Т?сіндірмелі – к?рнекілік.

Саба? к?рнекілігі: ?ал?анша безіні? суреттері.

Саба?ты? барысы:

1.?йымдастыру (1-2 мин)

2. ?й тапсырмасын с?рау (5-7 мин)

3. Жа?а материалды т?сіндіру (20-25 мин)

- плакат суретімен ж?мыс.

4. Бекіту (10-15 мин)

- та?ырып со?ында?ы де?гейлік с?ра?тармен ж?мыс.

5. О?ушыларды? ж?мысын ж?не білімін ба?алау.

1. С?лемдесу, о?ушыларды саба??а дайындау (о?улы?, д?птер, ?ажетті ??ралдарын).

2. ?й тапсырмасын с?рау.

3. Жа?а саба?ты т?сіндіру.

Мойында к?мекейді? алды??ы жа?ында пішіні тв?а т?різді, ?зара байланыс?ан екі б?ліктен т?ратын ?ал?анша без орналас?ан. Оны? массасы – 15 – 30 г. Ол бір?атар гормондар б?ліп шы?арады. Оларды? ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалы? заттарды? тоты?у процестеріне, даму, ?су процестерін реттеуге ?атысады. ?лпаларды? б?лінуіне, ж?йке ж?не ж?рек іс - ?рекетіні? ?озуын к?шейтуге ?атысады. Тироксин ??рамына йод кіреді. Йодты? жетіспецшілігі ?ал?анша безді? ?ызметін б?зады.

?ал?анша безді? ?ызметі б?зыл?ан кезде адамда ?р т?рлі аурулар пайда болады. Ересек адамда ?ал?анша безді? гормондары жеткіліксіз б?лінсе, микседема ауруы дамиды. Б?л кезде зат алмасу, ?сіресе н?руыз алмасу баяулайды. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді ж?не ??р?айды. Шаш т?седі ?рі сирейді. Адам енжар болып, с?йлеуі баяулайды. Егер тама?та йод жетіспесе, адамда эндемиялы? зоб ауруы пайда болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«поурочный план по биологии»

Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға қалқанша бездің қызметі мен құрылысы жөнінде білімдерін тереңдету.

2. Тәрбиелігі: әр оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыру.

Сабақ типі : Аралас (құрастырылған).

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік.

Сабақ көрнекілігі: Қалқанша безінің суреттері.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин)

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин)

3. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин)

- плакат суретімен жұмыс.

4. Бекіту (10-15 мин)

- тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.

1. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).

2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мойында көмекейдің алдыңғы жағында пішіні твға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратын қалқанша без орналасқан. Оның массасы – 15 – 30 г. Ол бірқатар гормондар бөліп шығарады. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалық заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге қатысады. Ұлпалардың бөлінуіне, жүйке және жүрек іс - әрекетінің қозуын күшейтуге қатысады. Тироксин құрамына йод кіреді. Йодтың жетіспецшілігі қалқанша бездің қызметін бұзады.

Қалқанша бездің қызметі бұзылған кезде адамда әр түрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі әрі сирейді. Адам енжар болып, сөйлеуі баяулайды. Егер тамақта йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады.
























Күні айы Бекітемін


3.Тақырыбы: Ми діңінің құрылысы. Мишық.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға жүйке жүйесі жөнінде білімдерін тереңдету.

2. Тәрбиелігі: әр оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыру.


Сабақ типі (түрі): Аралас (құрастырылған).


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік.


Сабақ көрнекілігі: мидың суреттері.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин.).

- плакат суретімен жұмыс.

4. Бекіту (10-15 мин.).

- тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.


1. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мидың құпиясы адамды ерте кезден бастап қызықтырған. Адам миы – ақпараттың үлкен көлемін қабылдап, өңдеуге қабілетті күрделі мүше. Мидың пішіні күрделі және ол бас сүйек қуысында орналасқан. Ересек адам миының орташа массасы 1300 – 1400 г. Бұл дегеніміз – организмнің жалпы массасының 2 % - ы. Бірақ жұмыс істеген кезде ми организмде түзілген энергияның 25 % - ын жұмсайды.

Адам миы негізгі үш бөлімнен: ми діңі (сопақша, көпір, ортаңғы, аралық), мишық және үлкен ми сыңарынан тұрады. Олардың барлығы бір – бірінен құрылысы мен қызметі бойынша ерекшеленеді.

Сопақша ми – жұлынның жалғасы. Олардың құрылысы мен қызметі ұқсас. (оқулықпен жұмыс).

Оқушылар оқулық бойынша ми бөлімдеріне талдау жасайды.



4. Қорытындылау.

5. Бағалау. Үйге тапсырма: § 16













Күні айы Бекітемін


4.Тақырыбы: Үлкен ми сыңарлары.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға үлкен ми сыңарлары жөнінде білімдерін тереңдету.

2. Тәрбиелігі: әр оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыру.


Сабақ типі (түрі): Аралас (құрастырылған).


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік.


Сабақ көрнекілігі: Қалқанша безінің суреттері.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин.).

- плакат суретімен жұмыс.

4. Бекіту (10-15 мин.).

- тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.


1. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Үлкен ми сыңарларының құрылысы. Үлкен ми сыңарлары (сол және оң) – мидың ең үлкен және эволюциялық тұрғыдан ең жас бөлімі. Адамда үлкен ми сыңарлары күшті дамыған және бас сүйек сауытының ми бөлімінде орналасқан. Үлкен ми сыңарларының беті сұр заттан – қыртыстан түзілген. Қыртыстың жалпы ауданы 2200 – 2500 см2 , оны 14 – 18 млрд нейрон денесі құрайды. Қыртыс астында ақ зат орналасқан, оның қалыңдығынан қыртыс астындағы ядро түзіледі. Үлкен ми сыңарларының беті қыртыс ауданын ұлғайтатын жүлгелерден, иірімдерден түзілген қатпар болып табылады. Қыртыстың 2\3 – ден көп беті жүлгелер мен иірімдерден тұрады.

Үлкен ми сыңарларында сенсорлық – сезімтал аймақтар орналасқан. Самай бөлігінде есту аймағы, ал иіс сезу және дәм сезу аймағы төбе және самай бөліктерінің шегінде, шүйде бөлігінде – көру аймағы орналасқан. Қимыл – қозғалыс аймағы орталық жүлге алдында, маңдай бөлігінде орналасқан.

Үлкен и сыңарларының қызметі. Адамның оң және сол жақтағы ми сыңарларының қызметі әр түрлі. Оңқайдың сол жақ ми сыңарында, ал солақайдың оң жақ ми сыңарында есту және қимыл – қозғалыс орталықтары, адам туылғаннан кейін қалыптасатын сөйлеу мен жазу орталықтары орналасқан. Оларда ауызша және жазбаша сөзді қабылдау мен қалыптастыру өтеді. Бұған түсетін ақпарат талданады, қорытындыланады.

Десе де, ми біртұтас әрекет етеді.


4. Қорытындылау.

Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Үлкен ми сыңарлары қыртысының құрылысы қандай?

2. Үлкен ми сыңарлары қыртысы қандай қызмет атқарады?


5. Бағалау.

6. Үйге тапсырма: § 17





























Күні айы Бекітемін


5.Тақырыбы: Сезім мүшелері және олардың маңызы.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушылардың сезім мүшелері жөнінде білімдерін тереңдету.

2. Тәрбиелігі: әр оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыру.


Сабақ типі (түрі): Аралас (құрастырылған).


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин.).

- плакат суретімен жұмыс.

4. Бекіту (10-15 мин.).

- тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.


1. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бізді қоршаған дүние туралы барлық мәліметті арнайы сезімтал мүшелер – көру, есту, иіс сезу, сипап сезу және дәм сезу анализаторлары арқылы аламыз. Анализатор – рецепторлы мүше, жүйке жолдары мен үлкен ми сыңарлары қыртысын қоса ми орталықтарынан тұрады. Анализаторлардың әрқайсысының көмегімен адамда әр түрлі сезімдер: температура, ауыру, иіс, жарық, дыбыс және т.б қалыптасады.

Анализаторларға байланысты бір мезгілде қоршаған дүние құбылыстары мен заттарын егжей – тегжей талдау арқылы әр түрлі сезімнің үздіксіз синтезі жүреді. Сондықтан бізді қоршаған дүниені тұтас қабылдау жүзеге асырылады.

Анализаторлар жұмысына байланысты пайда болатын сезім қабылданатын тітіркендіргіш әрекетінің сипаты, белгісі бойынша бөлінеді:

  • Арақашықтыққа (көру, есту, иіс сезу)

  • Жанасқанда (тері және дәм сезу)

  • Химиялық (иіс сезу, дәм сезу)

  • Механикалық (есту, сипап сезу)

  • Жарық (көру)

И.П. Павлов анықтағандай, кез келген анализатор негізгі үш: рецепторлар (қабылдаушы буын), жүйке жолдары (өткізгіш буын) және ми орталығы (орталық өңдейтін буын) буынынан тұрады.



4. Қорытындылау.

5. Бағалау.

6. Үйге тапсырма: § 18





Күні айы Бекітемін


6.Сабақтың тақырыбы: Қаңқа бөлімдері

Сабақтың мақсаты:

1. Қаңқа бөлімдерінің құрылысымен таныстыру.

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру..

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тірек қимыл жүйесінің маңызы. Кеңістікте қозғала алу қабілеті – тірі организмнің маңызды қасиеті. Бұл қызметті адамда екі: енжар (қаңқа) және белсенді (бұлшық еттер) бөліктен тұратын тірек – қимыл жүйесін атқарады. Қаңқа сүйектерден және олардың байланысынан орналасады. Ол біздің денемізге тірек болып, пішінін сақтайды. Қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады.

Бас сүйек, кеуде қуысы, жанбас астауы маңызды мүшелерді: ми, жүрек, өкпе, ас қазан, жыныс және тағы басқа мүшелерді қорғайды.

Адам қаңқасы екі жүзден астам сүйектен сұрады. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні, мөлшері және қаңқадағы белгілі бір орны болады.

Бас қанқасы. Бас сүйек екі: ми және бет бөлігінен тұрады. Ми бас сүйегінің сүйектері – маңдай, шүйде, жұп, самай және төбе сүйектері өзара берік байланысқан. Олар миды қорғайды. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар. Бұл жерде ми мен жұлын жалғасады. Сүйектердегі көптеген майда тесіктері арқылы жүйкелер мен қан тамырлары арқылы өтеді.


Дене қаңқасы. Дене қаңқасына омыртқа жотасы мен кеуде қуысы жатады. Омыртқа жотасы дене бөліктерін байланыстырып, жұлынның қорғаныш қызметін, бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін атқарады. Омыртқа жотасының жоғарғы бөлігі бас сүйекпен байланысады. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының ұзындығының, шамамен, 40% -ын құрайды.

Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. Оның мойын (7 омыртқа), арқа (12 омыртқа), бел (5), сегізкөз (сегізкөз түзетін қосыла өскен 5 омыртқа), құйымшақ (құйымшақ түзетін қосыла өскен 4-5 омыртқа) бөлімдері құрайды.

Кеуде қуысы. Арқа омыртқалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Адамда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады.Олар артқы жағынан арқа омыртқаларымен жалғасады, ал алдыңғы жағы (төменгі екі жұбынан басқа) төспен байланысады. Қабырғалардың қозғалуы адамның тыныс қозғалыстарына қатысады.\

Иық белдеуі екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады. Жауырын – кеуде қуысының партқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Бұғананың бір ұшы төстің жоғарғы ұшымен, екінші ұшы – жауырынмен қосылған.

Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы үш бөлімнен: тоқпан жілік, кәрі жілік, білек және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық бқуынын түзіп, қолмен арқилы қимыл жасауға мүмкіндік береді. Тоқпан жіліктің ішкі қуысы сүйек майына толық болады.

Білек кәрі және шынтақ сүйектерінен тұрады. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен білектің шынтақ буынында айналмалы қозғалыс жасайтындай болып байланысқан.

Қол басы сүйектерінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.

Аяқ қаңқасы (жамбас белдеуі) омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен және екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас сүйектері мен сегізкөз омыртқа бағанасын, яғни бүкіл дене сүйенетін тірек түзеді. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын сүйектері мен бұлшық еттер жалғасады. Жамбас белдеуі олар үшін тірек болып табылады және олардың қозғалуына қатысады. Жамбас белдеуін ішкі мүшелерді қорғайды және оларды ұстап тұрады.

Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйегі және майда 26 сүйектен тұратын толарсақ (тілерсек), табан және бақай сүйектері жатады.

Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін күбез тәрізді пішінге ие болады.

Қорытынды: 1. Жаңа сабақты бекіту.

Қаңқа қандай қызмет атқарады?

Ми бөлімінің жұп, содан кейін тақ сүйектерін атаңдар.

2. Сыныпта орындалатын тапсырмалар:

А. Кілт сөздерді табу.

Б. Мағананы табу

Үйге тапсырма: §23













Күні айы Бекітемін


7.Сабақтың тақырыбы: Сүйектің құрылысы және химиялық құрамы

Сабақтың мақсаты:

1. Сүйектің құрылысы мен химиялық құрамымен таныстыру.

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру..

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сүйектің құрылысы. Олардың химиялық құрамы. Сүйектің типтері жәнем олардың байланысы. Сүйектердің көбісісыртқы тығыз және ішкі кемік заттардан тұрады. Сүйектің ерекше беріктігі қажет жерде тығыз зат орналасады, ал кемік зат сүйек массасын азайтады. Барлық сүйектің беті сонымен тұтасып өскен, қанмен жақсы қамтамасыз етілетін және көптеген жүйке ұстары – рецепторлары бар созылғыш ұлпа – сүйек қабығымен жабылған. Ол сүйектің қоректенуін және жуандап өсуін қамтамасыз етеді.

Сүйек сотеондарының күрделі құрылымынан тұратын сүйек ұлпасынан құралады. Остеондар сүйек жасушалары және кальций фосфаты мен карбонаттарының жасушаралақытарынан тұрады. Остеондарға сүйек ұлпасының қоректенуі мен тыныс алуын қамтамасыз ететінқантамырлары мен лимфа тамырлары келеді.

Сүйек органикалық және бейорганикалық заттардан түзілген. Органикалық және минералды заттардың маңыызын қарапайым тәжірибе жасап, оңай түсіндіруге болады. Егер сүйекті ұзақ уақыт қыздырса, құрамындағы суы буланып, органикалық заттары жанады. Ал баяу қыздырса, сүйек өз пішінін сақтап, морт болып, бейорганикалық заттардан тұратын майда бөлікке үгілуі мүмкін. Бейорганикалық заттар сүйекке қаттылық, беріктік қасиет береді.

Егер сүйекті тұз қышқылының 10%-дық ерітіндісіне салса, кальций тұздары ериді де сүйек шиыршықтауға, түйіндеуге келетіндей иілгіш болады. Ал ерітіндіден алса бұрынғы қалпына келеді. Демек, органикалық заттар сүйекке иілгіш, созылғыш қасиет береді.



Қорытынды: Жаңа сабақты бекіту.

1.Сүйек ұлпасы қандай құрылым құрайды?

2.Сүйек қандай заттардан түзілген?

Үйге тапсырма: §24

















Күні айы Бекітемін


8.Сабақтың тақырыбы: Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сабақтың мақсаты:

1. Сүйектің байланысуымен таныстыру.

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру..

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Адам қаңқасының сүйектері қысқа, жалпақ және ұзын (түтік тәрізді қуыс) болып жіктеледі. Қысқа сүйектерді омыртқа, білезік, алақан сүйектері құрайды. Жалпақ сүйектерге жауырын, бас сүйектің ми және бет сүйектері, қабырғалар, жамбас сүйектері жатады. Бұл сүйектердің қуысы сүйектің сары кемігіне толы. Жілік басы сүйекті нығайтатын кемік заттан және қан өндіру мүшесі – сүйектің қызыл кемігінен тұрады.

Сүйектердің байланысуы. Сүйектер өзара қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалатын (буынды) болып байланысады. Сүйектердің қозғалмайтын болып қосылуы олардың қиысып бітуі арқылы түзіледі. Осылай құйымшақ және сегізкөз сүйектері өзара байланысқан. Жік арқылы қозғалмайтын болып байланысуы бас сүйектеріне тән.

Көптеген сүйектер созылмалы және иілгіштігі жоғары, шеміршекті астармен омыртқа дискісін түзіп байланысқан. Бұл – омыртқа жотасының иілгіштігінқамтамасыз ететін сүйектердің жартылай қозғалатын болып байланысуы. Буын – сүйектердің қозғалатын болып байланысуы. Буын тұтас сүйектерден тұрады. Олардың біреуінде басқа сүйектің буын басы кіретін буын ойысы болады. Басы мен ойысы иілгіш шеміршекпен қапталған және мөлшері мен пішіндері сәйкес келеді. Оларды дәнекер ұлпасынан тұратын буынішілік байлам байланыстырады.

Байланысқан сүйекті буын қабы жабады. Буын қабының ішкі беті үйкелісті азайтатын және байланысқан сүйектер арасындағы қозғалысты қамтамасыз ететін аз мөлшерде тұтқыр сұйықтық бөледі. Шеміршек сүйек қабына ұқсас жұқа ұлпамен жабылған және сүйектің өсуін қамтамсыз етеді.

Дұрыс отырмаған кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін. Ал ұзақ уақыт аяққа кү түскенде, тар және өкшесі аяқ киім кигенде жалпақтабандылық пайда болады.

Қаңқаның сүйектену процесі дене өсуі тоқтағанда 22-25 жасқа қарай аяқталады. Ересектерде сүйек заты баяу жаңарады.

Қорытынды:Жаңа сабақты бекіту.

1.Жік арқылы байланысудың ерекшелігін неде?

2.Жартылай қозғалмалы байланыс қалай жүзеге асырылады.

2. Сыныпта орындалатын тапсырмалар:

А. Кілт сөздерді табу.

Б. Мағананы табу

Үйге тапсырма: §25












9.Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Байламдар созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Сабақтың мақсаты:

  1. Байламдар созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда

көрсетілетін алғашқы көмек қалай көрсетілуі керек

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру..

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Байламдардың созылуы. Оқыс қимылдаған кезде, буында сүйектердің ығысуы шекті шамадан асып кеткенде байламдар зақымдалады немесе созылады.Зақымдалған буын айналасы ісіп, қатты ауырады.Байлам созылғанда тамырлар үзіліп , жарақаттанған жерге қан құйылады. Бұл кезде, алдымен, зақымданған жерге мұз, қар немесе салқын шүберек басу керек.

Буынның шығуы. Буынның басы буын ойысынан шығып кеткенде буын беттерінің жанасуы бұзылады. Сәл ғана қимылдан қатты ауыру байқалады.

Сүйектің сынуы. Сүйектің механикалық беріктігі жоғары. Алайда қатты соққы кезінде сынуы мүмкін. Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады. Сүйек сынуының ашық және жабық түрі болады.

Кеуде қуысы сүйектерінің сынуы. Бас сүйек пен омыртқа жотасының сыныуы өте қауіпті. Мұдай жағдайда зардап шеккен адамды қозғалтпай, тез арада жедел жәрдем шақыру керек. Егер мұндай жаөғыдай болмаса, омыртқа жотасы зақымданғанда зардап шеккен адамды етпетінен тақтайға (есік, жалпақ тақтай, фанер және т.б) жайлап жатқызу керек. Басы мен иығының астына матаны бүктеп қояды.

Бас сүйектері сынған жағдайда зардап шеккен адамды жай зембілге жатқызып апару керек. Басты қозғалмайтындай етіп жан-жағына киім немесе көрпе қояды.


Қорытынды: Жаңа сабақты бекіту.

1.Сүйек шығу белгілері қандай?

2.Омыртқа жотасы, бас сүйек, кеуде қуысы сүйектері сынған кезде қандай сақтық шараларын сақтау керек?

Үйге тапсырма: §26




















Күні айы Бекітемін


10.Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың

құрылысы мен маңызы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңыздылығымен таныстыру

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру..

2. Жаңа сабақты түсіндіру.


Бұлшық еттердің маңыздылығы. Біздің организіміміздің енжар бөлігі – қаңқаны бұлшық еттер қимыл қозғалысқа келтіреді. Адамда 600-ден астам қаңқа бұлшық еттері бар және олар көлденең жолақты ұлпадан түзілген.

Бұлшық еттің құрылысы. Бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек (миокард) бұлшық еттері болады.

Бірыңғай салалы бұлшық еттер көптеген ішкі мүшелер, тамырлар қаббырғасын құрайды. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.

Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшы еттер көлденең жолақты талшыықтардан тұрады. Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді, оларға байланысқан бұлшық еттер жиырылады.

Бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын, дене және аяқ-қол бұлшық еттері деп бөлінеді.

Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады.

Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс - мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері.

Дене бұлшық еттері. Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін згертеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі мүшелердің жұмысына қатысады.

Аяқ-қол бұлшық еттері. Делоьта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолы қозғалысқа келтіреді. Бицепс (екі басты бұлшы ет) қолы шынтақ буынында бүгеді, ал трицепс (үш басты бұлшық ет) қолды жазады.

Қорытынды: 1. Жаңа сабақты бекіту.

Бұлшық еттер сүйекке қалай бекиді?

Қаңқа бұлшық еттерін қандай топқа бөлуге болады.

2. Сыныпта орындалатын тапсырмалар:

А. Кілт сөздерді табу.

Б. Мағананы табу

Үйге тапсырма: §27







11.Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттердің жұмысы. Бұлшық ет

қозғалысының реттелуі.

Сабақтың мақсаты:

1.

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру..

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қаңқа бұлшық еттері өте тез жиырыла алуға қабілетті. Бұл ыстық азтқа тигенде қолды тез тартып алудан, ауыр затты көтеруден, жүгіруден, жүруден және т.б көрінеді. Бұлшық еттер динамикеалық әрі статистикалық жұмыс орындай алады.

Бұлшық еттер жиырылғанда иінтірек сияқты әрекет етіп, сүйекті қозғалысқа келтіреді. Кез келген буында қозғалуды қарама-қарсы әрекет ететін екіден кем емес бұлшық еттер іске асырады, оларды бүгу және жазу бұлшық еттері дейді.

Дене еңбегі болмаса бұлшық еттер әлсіреп, жансызданып (семіп) қалуы мүмкін. Бірақ бұлшық еттер ұзақ уақыт дене еңбегңн көп атқарса қажуы мүмкін. Қажу дегеніміз – бұлшық еттердің қалыпты физиологиялық күйі. Демалғаннан кейін бұлшықет жұмысы қалпына келеді. Жұмысқа қабілеттілікке адамның көңіл-күйі үлкен әсер етеді. Егер жұмысты құлшына кірісіп, шын ниетімен істесе бұлшық ет баяу қажиды. Бұлшық ет топтары алма-кезек жұмыс істесе де баяу қажиды. Белсенді демалыс әрдайым пайдалы. Ол үшін шағын бұлшық етті демалдырып, белсенді жұмысқа бұлшық еттің басқа топтарын қалыптастыру керек. Жұмысқа қабілеттілікті осындай белсенді қалыпқа келтіруге болады. Еңбек физиологиясын орыс ғалымы И.М.Сеченов терең зерттеді.


Қорытынды: Жаңа сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: §27























12. Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1. Организмнің ішкі ортасы және оның маңызымен таныстыру.

2. Оқушылардың организмнің ішкі ортасы саласы бойынша білімдерін толықтыру.

3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.


Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Организмнің ішкі ортасы. Организмнің барлық жасушалары мен ұлпаларының қалыпты тіршілігі үшін сыртқы ортадан оттек пен қоректік заттар үнемі түсіп отыруы керек, сондай – ақ организмнен алмасу (ыдырату)

өнімдері сыртқа шығарылуы тиіс. Бұл міндетті организмнің ішкі ортасы атқарады. Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, қан мен лимфа түзеді. Ол өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің салыстырмалы тұрақтылығын сақтайды. Сөйтіп, организмнің барлық мүшелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.

Жасуша мембраналары арқылы заттардың түсуі мен шығарылуы таңдамалы, тек ерітінді түрінде жүреді. Ұлпаларда жасушалар аралығында жасушаларды қоршап тұратын сияқты ұлпа сұйықтығы болады. Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі – плазмадан түзіледі. Сонымен қатар оның құрамында жасуша тіршілігінің әрекеттеріне қажет барлық заттар еріген күйінде болады. Оттек пен қоректік заттар майда қан тамырлары – капиллярлар арқылы ұлпа сұйықтығына, одан жасушаға өтеді. Зат алмасу нәтижесінде жасушада түзілетін су, көмірқышқыл газы және басқа да өнімдер алдымен ұлпа сұйықтығына, одан кейін сыртқы ортаға шығарылуы үшін капиллярға түседі.

Организмде ұлпа сұйықтығы үнемі қозғалыста болады, ол қан тамырлары арқылы жаңартылады.

Қан дәнекер ұлпасына жатады және аралық ішкі орта болып табылады. Біздің денеміздің барлық мүшелері қан үздіксіз ағатын қан тамырларының тығыз торымен шырмалған. Қан тамырлар арқылы жылжып, мүшелер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, жасушааралық сұйықтық құрамының тұрақтылығын сақтайды. Адам организміндегі қанның жалпы қалыпты мөлшері 5 л, бұл, шамамен, оның денесінің 7 % - ын құрайды.

Қан сұйық бөліктен – плпзмадан және онда қалқып жүретін формалы элементтер: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттерден тұрады.

Қан үздіксіз қозғалыста болып, бірқатар маңызды қызмет атқарады:

  • Тасымалдау қызметі – жасушаларға асқорыту жолынан, сондай – ақ олар қорға жиналатын мүшелерден түсетін қоректік заттарды жеткізеді.

  • Гуморальдық қызметі – қан гормондар мен басқа биологиялық белсенді заттарды тасымалдайды, олар арқылы әр түрлі мүшелер мен жүйелердің жұмысының гормондық реттелуі жүреді.

  • Жылуреттеу қызметі – қан дененің тұрақты температурасын сақтайды.

  • Қорғаныш қызметі – қан лейкоциттері ауру тудыратын микроорганизмдерді зиянсыз етеді; тромбоциттер қаннаң ұюын қамтамасыз етеді; иммунитет қан антиденелеріне (антитела) байланысты.


Лимфа ұлпа сұйықтығынан түзіледі және ақшыл сарғыш түсті сұйықтық болып табылады. Химиялық құрамы бойынша ол қан плазмасына ұқсайды, бірақ нәруыз мөлшері екі есе аз болады. Лимфа 95 % судан тұрады, сонымен қатар оның құрамында минералды тұздар, майлар, глюкоза, ал формалы элементтерден – лимфоциттер бар.


3.Сабақты қорытындылау. Оқулықтың соңындағы тапсырмалармен жұмыс.

Үйге тапсырма: § 29

























13.Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы мен қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

1. Қанның құрамы мен қасиеттерімен таныстыру.

2. Оқушылардың қанның құрамы мен қасиеттері бойынша білімдерін толықтыру.

3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.


Қанның құрамы мен қасиеттері.

Қанның плазма (сұйық бөлігі) мен формалы элементтерден: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттерден (қан пластинкасы) тұратынын білесіңдер.

Қан плазмасы – барлық қанның, шамамен, 55 – 60 % көлемін құрайтын мөлдір, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 90 – 92 % су, 7 – 8 % нәруыздар, шамамен, 2 % глюкоза, майлар, минералды тұздар, т.б болады. Плазмада еріген нәруыздар, минералды тұздар мен басқа заттар белгілі бір осмос қысымын тудырады. Осмос қысымына байланысты су жасуша жасуша мембранасы арқылы қанға өтеді де, қан мен ұлпа арасында зат алмасу жүзеге асады. Қан плазмасының нәруыздары әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, глобулиндер организмді бактериялардан қорғауға қатысады; альбуминдер плазмадағы су мөлшерін реттейді; фибриноген қан ұюында маңызды рөл атқарады.

Эритроциттер немесе қызыл қан жасушаларының пішіні диаметрі 7 – ден 10 мкм – ге дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді. Эритроцитте ерекше нәруыз – қанға қызыл түс беретін гемоглабин болады. Гемоглабиннің негізгі қызметі – оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау. Өкпе капилляры арқылы өткен гемоглабин эритроциттерде оттекті байланыстырып, берік емес қосылысқа – оксигемоглабинге айналады. Әрі қарай басқа мүшелер капиллярларында оксигемоглабин оттекті беріп, гемоглабин қалпына келіп, тез арада көмірқышқыл газын береді. Эритроциттер сүйек кемігінде түзіледі.

Гемоглабин оттектен басқа иіс газымен қосылып, карбоксигемоглабин түзеді. Карбоксигемоглабин – берік қосылыс, түзілген кезінде оған оттек байланыспайды; бұл – адам өміріне қауіпті.


3. Қорытынды. Жаңа сабақты бекіту.

1. Қан плазмасы құрамын атаңдар.

2. Эритроциттер қандай қызмет атқарады?

3. Гемоглабин дегеніміз не?


4. Бағалау.

5. Үйге тапсырма беру. § 30












Күні айы Бекітемін


14.Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер. Фагоцитоз теориясы.

Сабақтың мақсаты:

1. Лейкоциттермен және фагоцитоз теориясымен таныстыру.

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.


Лейкоциттер. Фагоцитоз теориясы.

Лейкоциттер – ядросы бар және белсенді қозғалатын ақ қан жасушалары. Дені сау адамның 1м3 қанында 6 – 8 мың лейкоцит болады. Қан құрамындағы мөлшері салыстырмалы тұрақты болатын эритроциттерден айырмашылығы – лейкоциттер мөлшері тәулік мезгіліне және организм жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Мысалы, лейкоциттердің мөлшері дене еңбегінен немесе тамақ ішкеннен кейін артады.

Лейкоциттер сүйек кемігінде, көкбауыр мен лимфа түйіндерінде түзіледі. Олардың тіршілік ұзақтығы 2 – 4 күн, кейде бірнеше жылға жетеді. Лейкоциттер көкбауырда бұзылады. Лейкоциттер амеба сияқты жалған аяқтарын шығарып жылжиды.

Лейкоциттердің бір – бірінен мөлшері, ядросының пішіні және қызметі арқылы ерекшеленетін бірнеше типін ажыратады.

Лейкоциттердің негізгі қызметі – организмді ауру тудыратын бактериялардың, бөгде денелердің енуінен сақтау. Тері зақымданған кезде жарақатқа микробтар түседі. Оларға жақындағанда лейкоциттер – фагоциттер жалған аяқтарын шығарып, қоршап алып, цитоплазманың ішіне тартады. Бұл жерде ферменттердің қатысуымен микробтар сіңіріледі. Осы кезде лейкоциттер көбінесе тіршілігін жояды, соның салдарынан олар жиналған жерде ірің пайда болады.

Фагоцитоз құбылысы. 1882 жылы орыс ғалымы И.И. Мечников ішекқуыстылардағы ас қорыту процесін зерттей отырып, қоректік бөлшектерді белсенді қоршап алып сіңіретін амебаға ұқсас қозғалғыш жасушаларға назар аударады. Ғалым: «Бұл жасушалар бір мезгілде қорғағыш қызметін де атқаруы мүмкін», - деп болжады.

Лейкоциттердің микроорганизмдер мен басқа бөгде денелерді белсенді қоршап алу, сіңіру және қорыту процесін ең алғаш орыс ғалымы И.И Мечников ашып, «фагоцитоз» деп аталады.



3. Қорытынды. Жаңа сабақты бекіту.

1. Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі неге байланысты?

2. Жұқпалы аурулар неден болады?

3. Фагоцитоз мәні неде?


4. Бағалау.

5. Үйге тапсырма беру. § 31










Күні айы Бекітемін


15.Сабақтың тақырыбы: Қанның ұюы. Тромбоциттер.

Сабақтың мақсаты:

1. Қанның ұюы және тромбоциттер ұғымдарымен таныстыру.

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.


Қанның ұюы. Тромбоциттер.

Тромбоциттер немесе қан пластинкалары – қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері. Олар сүйек кемігінде түзіледі, мөлшері 2 – 4 мкм, дұрыс емес дөңгелек пішінді. Тіршілік ұзақтығы, шамамен, 7 күн. Көкбауыр мен өкпеде бұзылады. Көкбауырда жинақталып, қойма түзеді. Бұл жерден тромбоциттер қажет кезде қанға түседі. Тромбоциттердің негізгі қызметі – қанның ұю және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысу.

Қанның ұюының бейімделгіш маңызы зор, тамырлар зақымданған жағдайда организмді қансыраудан сақтайды. Сонымен қатар тамырларда айналатын қанның ұйып қалмауы да өте маңызды.

Дені сау адамның ұсақ тамырлары жарақаттанған кезде қан кету 3 – 4 минутта тоқтайды. Бұл тамырлардың тарылып, жарақат шетіне жабысып қалатын тромбоциттердің бірігуіне байланысты. Осы кезде тромбоциттердің бір бөлігі бұзылып, олардан тромбопластин ферменті, сондай – ақ тамырлардың тарылуы мен күрделі химиялық реакциялар тудыратын биологиялық белсенді заттар босап шығады. Тромбопластин қатысында кальций иондары және атмосфералық оттек бар болса, күрделі ферменттік реакциялар нәтижесінде плазманың ерігіш нәруызы – фабриноген ерімейтін фибринге айналады. Фибрин жіпшелері жарақат орнында эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрып қалатын тығыз талшықты тор түзіп, ұйыған қан – тромб пайда болады. Қалың тромб тамырды бітеп, қан кету тоқтайды.

Сонымен, қанның ұюы организмнің қорғаныш реакциясы ретінде оны қансыраудан және жарақатқа ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды.


3.Қорытындылау.

Кестені толтырыңдар.

Ерекшеліктері

Эритроциттер

Лейкоциттер

Тромбоциттер

Пішіні мен құрылысы.




1мм3 қандағы мөлшері.




Тіршілік ұзақтығы.




Қызметі





4.Үйге тапсырма беру. § 32







Күні айы Бекітемін


16.Тақырыбы: Лимфа жүйесі.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға лимфа жүйесі және оның маңызын, қызметі мен қантамырлдарынан қандай айырмашылықтары бар екендігі жөнінде білімдерін тереңдету.

2. Тәрбиелігі: әр оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыру.


Сабақ типі (түрі): Аралас (құрастырылған).


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік.


Сабақ көрнекілігі: Лимфа жүйесі және қан мен лимфа айналымы салынған плакаттар.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (оқушыларды 3 топқа бөліп, тақырыпты қамтитын сұрақ-жауап бойынша білімдерін тексеріп, бағалау) (5-7 мин.).

3. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин.).

- плакат суретімен жұмыс.

4. Бекіту (10-15 мин.).

- тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.


1. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау:

Бірінші топ сұрақтары:

  1. Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары қандай жағдайларға байланысты болады, атаңыз.

  2. Жүрек кемістігі (порок) ауруы неден пайда болады?

  3. Қан кетудің неше түрі болады? Атаңыз.

  4. Мұрыннан қан кеткенде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?


Екінші топ сұрақтары:

  1. Адамның қан қысымының өзгеруінің себептерін түсіндіріңіз.

  2. Қанда эритроциттердің азайып, гемоглабиннің кемуінен болатын ауру қалай аталады? Себебін түсіндіріңіз.

  3. Артерия қан тамырынан қан кеткенде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?

  4. Ішкі қуыстарға қан кеткенде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?


Үшінші топ сұрақтары:

  1. Не себептен адам вена қантамыры кеңейеді?

  2. Қанда лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болатын ауру қалай аталады?

  3. Вена қантамырларынан қан кеткенде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі? Вена қантамырынан аққан қан түсі қандай болады?

  4. Жүрек қантамырларына зиянды заттар әсері қандай?


3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

  1. Лимфа жүйесі.

  2. Лимфа тамырлары.

  3. Лимфа түйіндері.

  4. Лимфаның ағуы.


1. Лимфа – таза, ақшыл сарысу. Ол лимфа тамырларында пайда болады. Одан соң лимфа тамырларына жиналып, көктамыр қаны құятын оң жақ құлақшаға құйылады. Салмағы 60 кг ересек адам ағзасында 1200-1600 мл лимфа болады. Димфа жүйесі – жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері ағады. Лимфа қанға ұқсас болғанымен құрамында нәпуыз өте аз және эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырдан айырмашылығы – лимфа тамырларымен сұйықтық тек жүрекке қарай акғады. Лимфа плазмасының құрамы қан плазмасына жақын. Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, лимфа капиллярлары болады. Лимфа капиллярларының қантамыр капиллярларынан айырмашылығы - лимфа капиллярларының бір ұшы тұйық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Капилляр қантамырларына қарағанда лимфа капиллярлардың қабырғасы өте жұқа. Қантамыр капиллярларының екі ұшы да ашық. Лимфа капиллярлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады. Қанға қарағанда лимфаға улы заттар тез өтеді. Лимфа жүйесінің қызметі қантамыр жүйесіне ұқсас, яғни қоректік затпен энергиялық және құрылыс материалдарын жасушаға, ұлпаларға тасымалдайды және олардан зат алмасудан пайда болған керексіз және улы заттарды шығарады. Лимфа жүйесі бұлардан басқа тек өзіне ғана тән қасиеттерді де атқарады. Ол – лимфаның бөгеттік, иммундық, қоректендіру қызметі. Бөгетті қызметті лимфа түйіндері атқарады.

Лимфа түйіндері лимфаның құрамына түскен улы заттарды, бактерияларды, вирустарды және тағы басқаларды сүзіп ұстап, кейбіреулерін ағзаға зиянсыз түрге айналдырып, өткізіп отырады. «Қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Тушь, торий, майлы заттар адамның денесінде ұзақ уақыт тұтылып қалады. Ондағы жиналған заттар лимфа түйіндерінің жұмысын бұзады. Мысалы, баспамен ауырғанда (ангина) мойындағы түйіндер іседі (без шошиды), алқым бездерінің өне бойы ісінуі туберкулез, бурцелез ауруларында лимфа түйіндері инфекция қоздыру орнына, сонымен қатар лимфа түйіндері ісік жасушаларына айналады.

Сонымен лимфа жүйесі – лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.


2. Лимфа тамырлары. Лимфа капиллярлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпашалары болады. Ол қақпашалар лимфа сұйықтығымен бір бағытта (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналым шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена қанымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.


3. Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде шоғырланған жасушалардан түзіледі. Лимфа түйіндерінің пішіні – домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйінінің бір жағы қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қапшықша (капсула) қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналасқан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақ және т.б.


Лимфа жүйесінің қызметі:

а) ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі;

ә) ликоциттерді түзеді;

б) ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап биологиялық сүзгі қызметін атқарады;

в) аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады;

г) асқорыту, тынысалу, қанайналым жүйелерінің қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.


4. Лимфаның ағуы. Адамда лимфаның қозғалуына 3 жағдай әсер етеді:

1. Лимфа тамырларына жақын орналасқан қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты;

2. Кеуде қуысының тынысалу қозғалыстарының әсерінен;

3. Ішек бүрлерінің жиырылуы мен босаңсуы сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу қозғалады.


4. Бекіту сұрақтары:

1. Лимфа жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.

2. Лимфа тамырларының қантамырларынан қандай айырмашылығы бар?

3. Лифа түйіндері дененің қай жерінде орналасқан, түйін неден пайда болады?

4. Лимфа капиллярларының қантамыр капиллярларынан қандай

айырмашылығы бар?

  1. Лимфа түйіндері қандай қызмет атқарады?

  2. Лимфа жүйесінің қызметін атаңдар.

  3. Лимфаның қозғалуына қандай жағдайлар әсер етеді?


5. Қорытынды, бағалау.

6. Үй тапсырмасы: бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндау, тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарға дайындалып келу.

Күні айы Бекітемін


17.Сабақтың тақырыбы: Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор.

Сабақтың мақсаты:

1. Қан топтары,қан құю,резус – фактор ұғымдарымен таныстыру.

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.


Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор.

Жарақаттанғанда, зақымданғанда көп қан жоғалту адам өміріне қауіпті. Мұндай жағдайда адам өмірін сақтап қалу үшін қан құяды. Бұл кезде кез келген адамның қанын құюға болмайды. Әр түрлі адамдардың қаны құрамындағы ерекше заттарға (нәруыздар) байланысты, сондықтан олар бір – біріне сәйкес келмеуі мүмкін.

1901 жылы австриялық ғалым К.Ландштейнер қанның үйлеспеушілігін зерттеу кезінде кейбір жағдайда бір адамның қанының плазмасының эритроциттерін басқа адамның эритроциттерімен араластырған кезде олардың бірігіп қалатынын байқады. Кей жағдайда басқа адамдарда бұл құбылыс байқалмайды. Өзінің зерттеулерінің негізінде ол адам қанының төрт тобын ашты: І, ІІ, ІІІ және ІҮ топ. Эритроциттердің бірігіп қалуын агглютинация деп атайды. Агглютинациядан қан ұйып, ұсақ тамырлар бітеліп қалады да, адам өліп кетуі мүмкін.

Қан құюға арналған қанды донордан алады. Донор дегеніміз – өз еркімен қан беретін адам. Реципиент деп донордан қан алатын адамды айтады. І топты қанды қаны кез келген топтағы адамға құюға болады. Сондықтан қан тобы І адамда әмбебап донор деп атайды. Қаны ІҮ топ адамға барлық төрт топтағы қанды құюға болады, оларды әмбебап реципиент деп атайды.

Резус – фактор. Резус – фактор – ерекше нәруыздық зат. Оны ең алғаш 1940 жылы К.Ландштейнер макака – резус маймылының қанынан анықтаған. Адамдардың 85 % - ының қанында резус – фактор бар, оларды оң – резус деп атайды. Ал адамдардың 15 % - ында резус – фактор жоқ, оларды теріс – резус деп атайды. Егер құрамында резус – фактор бар қанды резус – факторы жоқ адамға құйса, онда бөгде нәруызға ерекше антидене түзіледі. Резусы теріс адамға резусы оң қанды қайталап құйғанда, эритроциттер бірігіп қалуы мүмкін, осының салдарынан жүйке қызметі, қанайналым бұзылып, адам өліп кетеді.


3. Қорытындылау. Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Қан топтары қандай болады?

2. Қандай жағдайда адамға қан құяды?

3. Резус – фактор дегеніміз не?

4. Агглютинация дегеніміз не?


4. Бағалау.

5. Үйге тапсырма. § 34









Күні айы Бекітемін


18.Сабақтың тақырыбы: Иммунитет. ЖИТС.

Сабақтың мақсаты:

1. Иммунитет туралы ұғыммен, иммунитет түрлерімен таныстыру.

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.



Иммунитет. ЖИТС.

Иммунитет. Бізге ауру тудыратын микроорганизмдерді фагоцитоздайтын лейкоциттердің қорғаныштық қызметі белгілі. Бірақ фагоцитоздан басқа лейкоциттер организмге ауру қоздырғыштарының енуіне жауап ретінде ерекше нәруыздар – антиденелер түзуге қабілетті. Лейкоциттердің бір түрі – лимфоциттер осындай қабілетке ие. Антиденелер ауру тудыратын бактериялар мен вирустардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін зиянсыздандырады және бейтараптайды. Кейбір антиденелер қатаң белгілі бір қоздырғыштарға, ал басқалары бірнеше ауру қоздырғыштарына әрекет етеді. Антидене организнің жұқпалы ауруларды қабылдамауын, жалпы қарсы тұру дәрежесін арттырады.

Организмнің енген жұқпалы және бөгде денелер әрекетін қабылдамауы иммунитет деп аталады. Иммунитет табиғи және жасанды болып бөлінеді.

Табиғи иммунитет туа бітеді және жүре пайда болады. Туа біткен иммунитет адам туылғаннан бастап болады. Ол балаға тұқым қуалау арқылы беріледі. Ал адам қандай да бір жұқпалы аурумен ауырғаннан кейін пайда болған иммунитет жүре пайда болған иммунитет деп аталады.

Жасанды енжар иммунитет те болады, бұл кезде ауырған адамға емдік сарысу түрінде дайын антиденелерді енгізеді. Себебі ауру организм тез дамып жатқан инфекцияға қарсы қажетті мөлшерде антиденелер жасап үлгермейді де, адам өліп кетуі мүмкін.

Енжар иммунитет, шамамен, 4 – 6 апта сақталады да, содан кейін антиденелер бұзылып, иммунитет жойылады. Кейбір жұқпалы аурулардан кейін иммунитет пайда болмайды. Мысалы, адам баспамен бірнеше рет ауруы мүмкін.

ЖИТС (СПИД) – организмнің иммундық жүйелері зақымданатын ауыр ауру. ЖИТС қоздырғышы – вирус. Ол 1983 жылы бөлініп алынды және сипатталды.

ЖИТС вирусы жұқпалы ауруларға қарсы антиденелер жасайтын қан лимфоциттерін талдап зақымдайды. Бұл кезде организмнің микробтардан қорғануы күрт төмендейдіде, әр түрлі мүшелер мен жүйелердің қабыну процестеріне апарып соғады. ЖИТС – пен ауыратын адамда ісіктің пайда болуына қарсылығы төмендейді. ЖИТС вирусын адамның иммундық тапшылық вирусы – АИВ (ВИЧ) деп белгілеу қабылданған.

Аурудың ең алғашқы белгілері: дене температурасының ұзақ уақыт көтерілуі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Өкпенің қабынуы, ешқандай себепсіз ас қорыту жолы қызметінің ұзақ уақыт ұзылуы да ЖИТС белгілері болуы мүмкін.

3. Бекіту.

Турлері

Қызметі

1.Туа пайда болған иммунитет


2. Жүре пайда болған иммунитет


3. Белсенді жасанды иммунитет


4. Енжар жасанды иммунитет


4. Үйге тапсырма беру. § 36


Күні айы Бекітемін


19.Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері.

Сабақтың мақсаты:

1. Қанайналым мүшелерімен, түрлерімен таныстыру.

2. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.


Қанайналым мүшелері.

Жүрек және қан тамырларының құрылысы. Әрбір жасушаға қоректік заттар, оттек, су тасымалданып, зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару жағдайында организмнің тіршілік әрекеті жүзеге асады. Бұл процестерді мүшелері жүрек және қан тамырлары болып табылатын жүрек – қан тамырлары жүйелері жүзеге асырады.

Қанның тұйық жүрек – қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы қанайналым деп аталады.

Жүрек – пішіні конус тәрізді, кеуде қуысының сол жақ жартысына жақын, екінші – бесінші қабырға деңгейінде орналасқан қуыс бұлшық ет мүшесі. Ересек адамның жүрегінің массасы 250 – 300 г. Жүрек сұйықтықтың аздаған мөлшері бар жүрек қабында орналасқан. Сұйықтық жүрек бетін ылғалдап, жүрек жиырылғанда үйкелуін азайтады.

Жүрек тұтас қалқа арқылы оң және сол жақ бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлікте бір – бірімен өзара байланысты екі бөлім – жоғары жүрекше мен төменгі қарынша бар. Осылай адамның жүрегі сүтқоректі жануарлардағы сияқты төрт қуысты: екі жүрекше мен екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшалармен өзара байланысты болады. Оң жақ бөлігінде үш жақтаулы қақпақша, ал сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпақша болады. Жақтаулы қақпақшалар қанның жүрекшеден қарыншаға қозғалуын реттейді. Олар тек қарынша жаққа қарай ашылады.

Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабат – эпикард жүрек бетін қаптайды, ортаңғы бұлшық ет қабаты – миокард еріксіз жиырылатын ерекше жолақты бұлшық ет ұлпасынан түзілген. Ішкі қабат – эндокард жүректің ішкі қабатын және жүрек қақпақшаларын түзеді.

Жүрек қабырғасының негізгі бөлігін бұлшық ет қабаты құрайды. Жиырылу күші неғұрлым көп болса, жүрек бұлшық еті соғұрлым жақсы дамыған.

Артериялар – қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар. Олардың ішіндегі ең ірісі – қолқа (аорта). Ол сол жақ қарыншадан басталып, артерияларға тармақталады. Артерия қабырғасы қалың, иілгіш және серпімді. Олардың құрамына арасынан созылғыш талшықтар өтетін біріңғай салалы бұлшық еттер кіреді. Артерия жүректен қашықтаған сайын тармақталып, капиллярларға айналатын, арнасының диаметрі, шамамен, 100 мкм артериолаға айналады.

Капиллярларең жіңішке қан тамырлары. Олар біздің денеміздің барлық мүшелеріне енетін тармақталған тор түзеді. Капилляр арнасы 4 – 20 мкм құрайды, ал қабырғасы жалпақ жасушалардың бір қабатынан тұрады. Мұндай жұқа қабаттан әр түрлі заттар қаннан ұлпаға, ұлпадан қанға енеді.

Капиллярдың вена ұшында қан қысымы азаяды, сондықтан ұлпа сұйықтығы капиллярға қайтадан құйылады. Капиллярдың вена ұшы бірігіп венула түзеді, ал венула венаға айналады.

Веналар – қан мүшелер мен ұлпалардан жүрекке ағатын едәуір ірі тамырлар. Вена қабырғасы артерия қабырғасынан жұқа, сондай – ақ бұлшық ет және созылғыш талшықтар аз.


3. Қорытынды.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Жүректі қандай ұлпалар құрайды?

  2. Артерия құрылысы қандай?

  3. Вена құрылысы қандай?

  4. Капиллярлар дегеніміз не?


  1. Үйге тапсырма. § 36






















Тақырыбы: Жүректің жұмысы.


20.Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға жүректің жұмысы және оның маңызын, қызметі жөнінде білімдерін тереңдету.

2. Тәрбиелігі: әр оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыру.


Сабақ типі (түрі): Аралас (құрастырылған).


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік.


Сабақ көрнекілігі: Жүректің суреттері салынған плакаттар.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин.).

- плакат суретімен жұмыс.

4. Бекіту (10-15 мин.).

- тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.


1. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа материалды түсіндіру.


Жүрек автоматизмі. Жүрек жұмысы қанның үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететін жүрекшелер мен қарыншалардың жүйелі жиырылуы мен босаңсуынан тұрады. Жүрек өмір бойы, үздіксіз жұмыс істейді. Бұл біздің санамыздан тыс, автоматты түрде жүреді. Жүрек автоматизмі дегеніміз - жүректің өзінде пайда болатын импульс әсерінен жиырылу қабілеті. Ең алдымен жүрекше, содан кейін қарынша жиырылады.

Сонымен қатар, жүрек бүкіл денеге таралатын әлсіз биоэлектрлік сигнал шығаратын ерекше қабілетке ие. Осы сигналды денеден жазып алу арқылы жүрек жұмысының ырғағы тіркейді.

Жүрек циклі. Жүрек жұмысының үш кезеңін ажыратады:

  1. жүрекшелердің жиырылуы;

  2. қарыншалардың жиырылуы;

  3. үзіліс, жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде босаңсуы.

Үзіліс кезінде екі жүрекше де вена қанымен толады да, қан қарыншаларға еркін өтеді. Үзілістен кейін екі жүрекше де жиырылып, барлық қан қарыншаларға барады.

Жүрекшелердің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезең жүрек циклі деп аталады. Әрбір жиырылудан кейін жүрекшелер мен қарыншалар бұлшық еті аз уақыт демалады. Бұл жүрек бұлшық етінің күшін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Жүрек жұмысының реттелуі. Біздің жүрегіміз тәулік бойы, өмір бойы жұмыс істейді.

Организмнің сыртқы және ішкі ортасына байланысты жүрек жұмысы, ең алдымен, жүйке жүйесінің үнемі бақылауында болады. Жүрекше мен қарынша ішінде, сондай – ақ қан тамырлары қабырғасында жүйке ұштары – рецепторлар болады. Олар жүрек пен тамырлардағы кез келген өзгерістерді қабылдап, оларды орталық жүйке жүйесіне береді. Орталық жүйке жүйесі жауап ретінде жүрекке парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер бойынша импульс жібереді.

Тыныштық жағдайында жүректің жиырылу жиілігі баяулайды, олардың күші парасимпатикалық жүйке әсерінен азаяды.

Дене жұмысы немесе спортпен айналысу кезінде, керісінше, симпатикалық жүйкелер жиілікті жылдамдатып, жүрек бұлшық етінің жиырылу күшін арттырады.

Жүрек жұмысына қан құрамындағы калий және кальций мөлшерінің өзгеруі зор әсер етеді.


3. Қорытынды.

4.Үйге тапсырма. § 37





















Күні айы Бекітемін


21.Тақырыбы: Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші

шеңберлері.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға қанайналым, оның қызметі жөнінде білімдерін тереңдету.

2. Тәрбиелігі: әр оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыру.


Сабақ типі (түрі): Аралас (құрастырылған).


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік.


Сабақ көрнекілігі: Жүректің суреттері салынған плакаттар, қанайналым сызбанұсқасы.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин.).

- плакат суретімен жұмыс.

4. Бекіту (10-15 мин.).

- тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.


1. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа материалды түсіндіру.


Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері.

Адамда қан тамырлардың екі тұйық жүйесі – қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері бойынша қозғалады.

Қанайналымның үлкен шеңбері дененің барлық мүшелері мен ұлпаларына қоректік заттар мен оттекті жеткізеді. Ол сол жақ жүрекшеден артерия қаны түсетін жүректің сол жақ қарыншасынан басталады. Жүрек бұлшық еті жиырылған кезде артерия қаны сол жақ қарыншадан қолқаға түседі де, барлық мүшелер мен ұлпаларға, соның ішінде жүрекке де бағытталады.

Қанның сол жақ қарыншадан барлық мүшелер мен ұлпаларға, оң жақ жүрекшеге қозғалуы қанайналымның үлкен шеңбері деп аталады.

Қанайналымның кіші шеңбері. Оң жақ жүрекшеден вена қаны оң жақ қарыншаға түседі де, одан қанайналымның кіші шеңбері басталады. Оң жақ қарынша жиырылғанда, қан оң жақ және сол жақ өкпеге қанды апаратын екі өкпе артериясына бөлінетін өкпе бағанына шығарылады. өкпеде өкпе артериялары диаметрі кішкентай тамырларға, содан кейін өкпе көпіршіктерінің қабырғасын қалың орап жататын капиллярларға тарайды. Осыдан кейін артерия қаны венаға жиналады да, өкпенің төрт венасы арқылы сол жақ жүрекшеге құйылады. Бұл жерде қанайналымның кіші шеңбері аяқталады.

3. Қорытынды.

4.Үйге тапсырма. § 38



22.Тақырыбы: Тынысалу жүйесі. Тынысалу мүшелерінің құрылысы.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Тынысалу мүшелерінің құрылысы мен қызметін, тынысалу маңызын және жүйесін түсіндіріп беру.

2. Тәрбиелігі: Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру, қалыптастыру, әр оқушының білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттыра отырып дамыту.


Сабақ типі (түрі): Аралас немесе құрастырылған.


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, демеуші – ізденушілік және эвристикалық.


Сабақ көрнекілігі: Тынысалу жүйесі салынған плакат және тынысалу мүшелерініңғ құрылысы мен қызметі берілген кесте.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (оқушыларды 3 топқа бөліп, тақырыпты қамтитын сұрақ-жауап бойынша білімдерін тексеріп, бағалау) (5-7 мин.).

3. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин.).

- плакат суретімен жұмыс.

4. Бекіту (10-15 мин.).

- тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.


1. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау:

а) топтық, жарыс түрінде, сыныпты 2-топқа бөліп «Лимфа жүйесін құрайық» деген адам бейнесі берілген плакатпен жұмыс, осы бейнеге лимфа жүйесінің құрылымын толық бейнелеу арқылы мазмұндау.

б) тарауды аяқтағандықтан, тарау соңындағы деңгейлік сұрақтарға тез қасқаша жауап беру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

  1. Тынысалудың маңызы,

  2. Тынысалу мүшелерінің құрылысы.

  3. Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы.

  4. Көмекей.

  5. Кеңірдек.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, тынысалу дегеніміз не? Өсімдіктер мен жануарлар қалай немесе немен тыныс алады? Олардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай? Ал, адам қалай, немен тынысалады?

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар да, сонымен қатар адамдар да тынысалады. Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы ( бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.

Адамдар өттексіз өмір сүре алама? Ия, алмайды екен.

Энергия органикалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттек жұмсалады. Ағзада оттектің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері (көмірқышқыл газы мен су буы) ағзадан сыфртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ алмасуды қамтамасыз етеді. Органикалық заттардан энергия босау үшін оттек қажет. Тірі ағза үздіксіз тыныс алады.. адам оттексіз 1 минут те тіршілік ете алмайды.

Тынысалу мүшелерінің құрылысына қандай мүшелер жатады? Немесе не жататынын білеміз бе? Және қай жерде орналсқан?

Тынысалу мүшелерінің құрылысы. Тынысалу жүйесіне – мұрын қуысы (кеңсірік), жұтқыншақ, көмекей (көмей), кеңірдек, бронхылар, өкпелер жатады. өкпелерден басқасын ауа өтетін жолдар деп атайды. Тынысалу мүшелері кеуде қуысында орналасады.


Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ата танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстп қалады. Әрі ауа ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары – лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.

Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тынысалу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады. (Асқорыту мүшелерін естеріңе түсіріңдер).


Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектен түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, оларда шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерінің тербелтуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. Ер адамдардың көмекейі үлкен , дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жғындағы ең ірі қалқанша шеміршегінің үлкен үшкір түйіні – бидайық (кадык) деп аталады. Ол жұтынғанда, сөйлегенде жоғары, төмен қозғалады. Сонымен көмекей дыбыс шығару мүшесінің де қызметін атқарады. «Көмекей бүлкілдеген әнші екен», «күміс көмей» деген ұғымдар соны білдіреді. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм. Адам сөйлегенде дыбыс сіңірлерінен басқа тіл, ерін, жақ сүйектері, бөбешік, мұрын және ауыз қуысы қатысады. Әдетте барлық адамның дауысы бірдей емес. Дыбыстың құбылып, түрліше болып шығуы: көмекейдің пішіні мен мөлшеріне, дыбыс маңылауына, мұрын, ауыз қуыстарына, тіл, ерін, тістеріне байланысты. Көмекей – ауаны өткізуге, дыбыс шығаруға көмектеседі. Көмекейдің төменгі бөлімі кеңірдекке жалғасады.


Кеңірдек – көмекейдің жалғсы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдектің бір-біріне қабысып қалмай ауаның еркін өтуіне қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады. Бронхы (грекше «bronchus» - тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолалар (грекше «broncholi» - кішірею) деп аталады. Бронхиолалардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалалармен) аяқталады. Альвеоланың (латынша «alveolus» - ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2-0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады. Капиллярлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан өттегі қанға өтеді. Капиллярлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газы өкпе көпіршігіне өтеді.

Ауатамырдың төменгі жағы екіге таралады. Кеңірдектің екі тарамы ауатамырлардың қызметін атқарады. Бұл тарамдардың ұштары жалғаспалы шеміршек сақиналарынан тұрады. Ауатамырларының екі ұштары өкпемен жалғасып, одан әрі тармақталады да, өкпе көпіршектерімен аяқталады. Оң жақ ауатамыр сол жаққа қарағанда кеңірек. Тыныс жолына бөгде дене түскенде, көбінесе оң жақ ауатамырларға түседі. Ауатамырларының ішкі беті жыпылықтағыш эпителий бар сілемейлі қабықпен қапталған. Өкпе қақпасының алдында ауатамыр (бірінші реттік) бөліктерге (екінші реттік), ал олар өз кезеңінде сегментарлық (үшінші реттік) және одан да ұсақ бронхиолдарға (19 реттік) бөлінеді. Осылай ауатамырлардың ағашы пайда болады.

Адамда тынысалу процесінің бірнеше кезеңдерін ажыратады:

  1. Өкпенің желдетуі (сырт ортадан ауаның тынысалу жолдары арқылы өкпеге өтуі).

  2. Өкпе альвеолдары мен қан арасындағы газ алмасу.

  3. Қан арқылы газдардың тасымалдануы.

  4. Ұлпалық тынгыс алу.

Тынысалу кезінде ауаның таза болуының да маңызы зор.


4. Қорытынды, бекіту.

Мына сұрақтар арқылы қорытындылап, бекіттім:

1. Тынысалудың қандай маңызы бар?

2. Тынысалу жүйесіне қандай мүшелер жатады?

3. Мұрын мен тынысалудың қандай пайдасы бар?

4. Дыбыс қалай пайда болады?

5. Адам ағзасы үшін оттегінің маңызы қандай?


5. Қорытынды, бағалау.

Оқушылардың сабаққа жауап беруіне қарай бағаладым, белсенді қатысқан оқушыларға «5» - бағасын қойдым, толық жауап бермеген, бірақ жақсы қатысып отырған оқушыларға «4» - бағасын қойдым.


6. Үй тапсырмасы: бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндау, тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарға дайындалып келу.







23. Тақырыбы: Өкпенің құрылысы мен қызметі


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға өкпе, өкпенің құрылысы мен қызметін түсіндіріп беру.

2. Тәрбиелігі: оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын қалыптастыру.

3. Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін және есте сақтау қабілетін дамыту.


Сабақ типі (түрі): Аралас немесе құрастырылған.


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, демеуші – ізденушілік және эвристикалық.


Сабақ көрнекілігі: Тынысалу жүйесі салынған плакат және тынысалу мүшелерініңғ құрылысы мен қызметі берілген кесте.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (оқушыларды 3 топқа бөліп, тақырыпты қамтитын сұрақ-жауап бойынша білімдерін тексеріп, бағалау) (5-7 мин.).

3. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин.).

- плакат суретімен жұмыс.

4. Бекіту (10-15 мин.).

- тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.


1. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).


2. Үй тапсырмасын (өткен тақырып: тынысалу мүшелерінің құрылысы берілген болатын) сұрау.


3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

  1. Өкпе.

  2. Тынысалу қозғалыстары.

  3. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу.

а) Өкпедегі газ алмасу.

б) Ұлпалардағы газ алмасу.

Балалар, «өкпе» дегеніміз не? Ол қайда орналасады? Қалай ойлайсыңдар, адамда өкпе нешеу? Және неше бөліктен тұрады?

Өкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше. Өкпеде қантамырлары көпболғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе (оң жақ және сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені сайшалар (борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Қкпенің сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бір-біріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, бронхылар, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Өкпе толыпжатқан өкпе көпіршіктері мен жиі тарамдалған ұсақ бронхиолалардан түзілген. Бұлар өкпенің ішінде болады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікке жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша - өкпе плеврасы (грекше «pleura» - бүйірі, маңы) қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады.

Өкпе көпіршіктері серпінді болғандықтан тыныс алғанда созылады. Оның қабырғаларын орталық жүйке жүйесімен байланыстыратын жүйке талшықтары торлайды. Өкпе көпіршіктері орталық жүйке жүйесімен тығыз байланысты. Өкпе көпіршіктері мен капилляр қантамырларының қабырғасы өте жұқа болғандықтан, олардың арасында газдар еркін алмасады.

Адам 1 минутта неше рет тыныс алады?

Тынысалу қозғалысы. Тынысалу қозғалыстары – тынысалу және тыныс шығару арқылы жүзеге асады. Жаңа туған нәрестенің тынысалу қозғалыстары минутына 60 рет, ересек адамдарда 16-18 рет.

Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді. Көкет – диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде. (Бұлшықеттерді естеріңе түсіріңдер).

Тыныс алғанда көкеттің тегістелуі бұлшықет талшықтарының жиырылуынан болады. Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Кеуде қуысының қозғалысына сай өкпенің де көлемі үлкейіп, ауаға толады. Сыртқы қабырға аралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі. Тынысалуға көкет пен қабырға аралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен бронхылардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады.

Тыныс шығарғанда кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді. Көкет күмбезденіп қайта қалпына келеді. Өкпе көпіршіктеріндегі қысым артып, ауа өкпеден ауа жолдары арқылы сыртқа шығарылады. Тынысалуға қатысатын бұлшықеттер босаңсып, көкет күмбезденіп көтеріледі.жиі тыныс шығарғанда ішкі қабырғааралық және құрсақтың бұлшықеттері қосылып жиырылады.

Тыныс алуға қабырғааралық еттер белсенді қатысса – «көкіректі» тыныс алу типі дейді. Бұл көбіне әйел адамдарда байқалады. Көкет белсенді қатысса - «құрсақты» тыныс алу типі дейді, бұл ер адамдарда болады.

Тыныс алу мен тыныс шығарғанда адамда қандай өзгерістер болатынын айтыңдаршы?

Сыртқы тыныс алу механизмін төмендегі сызбанұсқа арқылы көрсетуге болады:

Тыныс алу Тыныс шығару


Қабырғааралық Қабырға бұлшық

бұлшықеттің етінің жиырылуы

жиырылуы


Қабырға шетінің Қабырға шетінің

көтерілуі түсуі


Төстің алға жылжуы Төстің алға жылжуы

диафрагма куполасының түсуі диафрагма куполасының түсуі

Өкпенің созылуы Өкпе көлемінің тарылуы


Тыныс алу Тыныс шығару

Мыны сұраққа жауап беріңдерші, ағзасындағы газ алмасу дегеніміз не?

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу.

Өкпедегі газ алмасу – тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79% - азот, 21% - оттек, 003% - көмірқышқыл газы және т.б. болады. Тыныс шығарғанда оттектің мөлшері азайып (16%), көмірқышқыл газы (4%)көбейеді. Тыныс алу мен тыныс шығару кезінде азоттың мөлшері өзгермейді. Тыныс алу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттек қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді.

Оттекті тасушы – гемоглабин. Өкпеде қан көмірқышқыл газынан тазарып, оттекке қанығады. Оттекте қаныққан қан үлкен қанайналым шеңберімен ағзаның барлық ұлпаларына таралады.

Ұлпалардағы газ алмасу. Ұлпа жасушаларындағы оттектен артерия қанындағы оттектің мөлшері көп болады. Оттек капиллярлардың қабырғаларынан жасушаларға өтеді де, олардың тіршілік әрекеттеріне жұмсалады. Артерия қанымен жасушалардың газ алмасуы диффузия жолымен жүреді. Түзілген көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан қанға өтіп, артерия қаны вена қанына айналады. Ұлпаларда қан оттекті беріп, көмірқышқыл газына қанығады.

Жалпы, газ алмасу дегеніміз – оттегінің немесе көмірқышқыл газының қысымы жоғары орталықтан олардың қысымы төмен орталыққа өтуін айтамыз.

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – сыртқы (өкпелік), екіншісі – газдардың қан арқылы тасымалдануы, үшіншісі –ішкі (ұлпалық) газ алмасу деп аталады.


4. Қорытындылау, бекіту.

Мына сұрақтарды оқушыларға қою арқылы, пысықтау ретінде қорытындылап, бекіттім:

1. Өкпе дененің қай жерінде орналасқан?

2. Сол жақ өкпе мен оң жақ өкпенің қандай айырмашылығы бар?

3. Плевра дегеніміз не? Ол қайда болады?

4. Тыныс алғанда қандай бұлшықеттер қатысады?

5. Тынысалу қозғалыстары дегеніміз не? Кеуде қуысы мен өкпенің көлемі қай кезде кеңейіп, қай кезде тарылады? Себебін түсіндіріңіздер№

6. Өкпе құрылысын түсіндіріңіздер.

7. Өкпедегі газ алмасу мен ұлпадағы газ алмасудың айырмашылығын салыстырыңдар.

8. Тыныс алу мен тыныс шығарғандағы болатын өзгерістерді айтыңдар.


5. Бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысуына, жұмыс істеуіне, сұраққа жауап беруіне, сабақ айтуына қарай, дәл, нақты, толық жауап бергендерге «5» деген бағасын, жанама, толық емес жауап берген оқушыларға «4» деген бағасын, ал мүлдем сабаққа дайын емес, сұраққа жауап бермегендерге «3» деген бағаларын қойдым.

6. Үй тапсырмасы: бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.




























24.Тақырыбы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тынысалу мүшелерінің аурулары.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға өкпенің тіршілік сыйымдылығы, тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі мен тынысалу мүшелерінің аурулары жайында мәлімет беру.

2. Тәрбиелігі: оқушыларды жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға және қиналған адамдарға әр уақытта қол ұшын беруге, әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық, ақыл-ойын дамыту, тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыру.


Сабақ типі (түрі): Аралас немесе құрастырылған.


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, демеуші – ізденушілік және эвристикалық, ауызша, дәптермен жұмыс.


Сабақ көрнекілігі: Дем алып, дем шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып – кішіреюінің суреті салынған плакат.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (оқушыларды 3 топқа бөліп, тақырыпты қамтитын сұрақ-жауап бойынша білімдерін тексеріп, бағалау) (5-7 мин.).

3. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин.).

- плакат суретімен жұмыс.

4. Бекіту (10-15 мин.).

- тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.


1. Сәлемдесу, оқушыларды тыныштандырып, түгендеу сабаққа (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын) дайындату.


2. Үй тапсырмасын сұрау: биологиялық диктант алу жолымен алынды.


Биологиялық диктант.

1. Оң жақ өкпе...., ал сол жақ өкпе .... бөліктен тұрады.

2. Ауа құрамында .... % - оттек, …% - көмірқышқыл газы, ....% - азот бар.

3. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу ... кезеңнен тұрады.

4. Кеңірдек ... – інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын ... бронхыға тармақталады.

5. Адамда ... өкпе болады, оның оң жақ өкпесі ... бөлікке, сол жақ өкпесі ... бөлікке бөледі.

6. Жаңа туған нәрестенің тынысалу қозғалыстары минутына ... рет, ересек адамдарда ... рет.


Жауабы: 1 – 3, 2; 4 – 5, 2;

2 – 21, 0,03, 79; 5 – 2, 3, 2;

3 – 3; 6 – 60, 16-18;


3. Жаңа материалды түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

  1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.

  2. Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі.

  3. Жасанды тынысалу жолдары.

  4. Тынысалу мүшелерінің аурулары және оның гигиенасы.

  5. Темекі шегудің тыныс мүшелеріне зияны.


1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ең көп мөлшерін айтады. Әйелдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орташ есеппен алғанда 3000 – 5000 мл, ер адамдарда 3500 – 4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің сыйымдылығы 6000 – 7500 мл дейін барады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір дем алғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.

Адам қалыпты дем алып, артынша дем алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлщерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.

Адам қалыпты дем шығарып, артынша терең дем шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.



Қаншама терең дем шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтн да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.


2. Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мен тыныс шығарудың алмасуы орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Сопақша мида тынысалу, тыныс шығару орталығы орналасады. Тыныс шығырғанда өкпенің сығылуы өкпе көпіршіктеріндегі жүйке ұштарын тітіркендіріп, қозу пайда болады. Қозу сезгіш жүйке талшықтары арқылы тынысалу орталығының тынысалу бөліміне беріледі. Бұл бөлімнің импульстері жұлынға, одан қозғалтқыш жүйке талшықтары арқылы сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер мен көкетке беріледі. Бұлшықеттер жиырылып, кеуде қуысын кеңейтеді, тыныс алады. Тыныс алу мен тыныс шығаруды реттейтін орталық – жүйке жүйесі. Мұны жүйкелік реттелу дейді. Тынысалу орталығы жөтелу, түшкіру сияқты қорғаныш рефлекстерін тудырады.

Гуморальдық реттелу. Қанның химиялық құрамы өзгергенде (көмірқышқыл газының артуы, қан қышқылдығының жоғарлауы және т.б.) тынысалу орталығының жұмысы гуморальды реттейді. Қанда көмірқышқыл газы концентрациясының артуы мидағы тынысалу орталығын қоздырып, тынысалу жиілетеді.


3. Жасанды тыныс алу жолдары. Адам суға кеткенде, тоқ соққанда, газбен уланғанда есінен танып қалуы мүмкін. 5-7 минут ішінде жүрек пен өкпенің жұмысын қалпына келтіру керек. Жедел жасанды тыныс алдырып, жүрекке массаж жасау қажет.

Жасанды тыныс алу жолдары:

а) аурудың басын шалқайта қатты заттың үстіне жатқызу;

ә) түймелерін ағытып, кеудесін жалаңаштау;

б) мұрны мен аузын дәкемен жауып, минутына 16 рет ауа үрлеу;

в) суға кеткенде етпетінен жатқызып, өкпесін судан тазартып құстыру;

г) жүрегі тоқтап қалса кеудесін қос қолдап ырғақты басу;

д) әрбір 5-6 рет басқаннан соң аузына ауа үрлеу;

е) тамыр соғуын ұдайы тексеріп (қадағалау) тұру.


4. Тынысалу мүшелерінің аурулары және оның гигиенасы. Атмосфералық және өндірістік шаң-тозаң болады. Атмосфера шаң-тозаңы кен орындарынан көтеріледі, одан шыққан газ, түтін, шөп, тоғай өртенгенде пайда болған түтін, күл; құмды жерде желмен көтерілетін және қала көшелерінен, жерден көтерілген шаңдар; өндірісте болатын шаң-тозаңдар әртүрлі завод-фабрикалардан, шахталардың қалдықтарынан көтеріліп шығады. Шаң тынысалу жолдарын жыбырлатып, тітіркендіріп, жөтелтіп, түшкіртеді. Шаңда ауру тудыратын әртүрлі микробтар болуы мүмкін. Егер жұмыс орнында шаң-тозаң болса, мұрын бітіп, даусы қарлығады, кейде өкпе ауруымен ауруы да мүмкін. Шаң-тозаң болған жерде түрлі ауру тарататын микробтар болады, мысалы, туберкулез, тұмау және т.б.

Өкпені жарақаттайтын ауру – туберкулез. Туберкулез (латынша «tuberculum» - төмпешік) – микроскоппен ғана көрінетін туберкулез таяқшасы микробы қоздыратын жұқпалы ауру. Туберкулез таяқшасы адам ағзасында өте тез көбейеді. Ағзадан тыс жерде көбеймейді, бірақ қараңғы, ылғалды, жылы жерде ұзақ сақталады. Даладағы шаңның ішінде 3-14 күнге дейін тіршілік етеді. Туберкулез ауруы ұлпаларды жансыздандырады. Өкпе қатайып беріштенеді. Ауырған адам терлегіш, әлсіз, дене қызуы 37-37,7 градусқа дейін көтеріңкі болады. Тамаққа тәбеті тартпайды, жөтеледі, ұйықтағанда терлей береді, қаны азайып, жүдейді, қан түкіреді.

Күтіну шаралары: витаминді, қуатты тамақ ішу; бойды таза ұстау; таза ауада көп серундеу; дәрігер белгілеген дәрілерді уақытында ішу.

Мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының қабынуын тұмау деп атайды. Тұмау – бүкіл ағзаны әлсірететін өте кең тараған қауіпті жұқпалы ауру. Асқынғанда басқа аурулардың тууына себепші болады. Аурудың дене қызуы көтеріледі, түшкіреді, жөтеледі, тамақтың иісін, дәмін сезбейді. Иіс, дәм сезу мүшелеріне қатты әсер етеді. Мұрын қуысындағы капилляр қантамырларының қабырғалары кеңейіп, кілегейлі қабықшадан сұйық заттар көп бөлінеді. Тұмаумен ауырғанда гигиенаны сақтау керек: а) ыдыс-аяқ, төсек-орынды бөлектеу; ә) бөлмені ауық-ауық тазалау; б) желдеткішті ашып, таза ауа кіргізу; в) жатып демалу және т.б.; г) терең тыныс алу; д) спорт, дене шынықтыру, дене еңбегімен шұғылдану.

Ұзаққа созылатын тұмау сырқатты әртүрлі әсерден де (мысалы, даладағы шаң, түтін, улы заттар, бұлт және ауарайының түрлі құбылыстары) болады. Сонымен қатар, тұмауға зат алмасудың дұрыс болмауы мен дәрумендердің жетіспеуі де себеп болады.

Тынысалу мүшелерінің ауруларына туберкулез бен тұмаудан басқа ауа тамырларының, өкпенің қабынып, тыныс демікпесі, мұрын қойнаулары, жұтқыншақ, көмекей аурулары (синусит, тонзиллит, фарингит) жатады. Бұл аурулармен ауырған адмдар тез арада дәрігерге көрініп, тек дәрігер емдеуі тиіс.

Мұрын арқылы демалудың маңызы ерекше. Оның себебі мұрын қуысындағы толып жатқан иірімдер болады. Олар ауаны жылытады және ауадағы микробтарды ұстап қалады. Суық күндері суық тиіп аурудан сақтайды. Ауызбен тыныс алғанда суық ауадан тістьің кіреукесі бұзылады. Сондықтан мұрынмен тынысалу тісті бұзылудан, түрлі тынысалу мүшелерінің ауруларынан қорғайды.

Ірі қалаларда өнеркәсіп орындарынан, автокөліктерден бөлінетін улы газдар да ауаны ластайды. Ол үшін өнеркәсіпте қалдықсыз технологияны енгізу, тазартқыш қондырғылар орнату қажет.

Сынып бөлмесінің де ауасының тазалығын қадағалап отырыңдар. Үзіліс кезінде терезені ашып желдетуді ұмытпаңдар!


5. Темекі шегудің тыныс мүшелеріне зияны. Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 200-ден астам улы заттар болады. Ең басты темекінің түтінінде өте улы зат – никотин бар. Бұл заттар сілекейде еріп, асқазанға түседі де, оның кілегейлі қабығын жарақаттайды. Темекі түтіні тыныс жолының кілегейлі қабығын қабындырады, сөйтіп, қорғаныш қасиеті нашарлаған сілемейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді. Сондықтан темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп, тағы басқа ауруларға тез шалдығады. Темекіні күніне жиырмасын тартқан адам 90 милиграмм шамасында никотин жұтады. Темекі түтінінде болатын күйе (сажа) мен қара май (деготь) ұсақ бронхиолалар мен өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Өкпе ағзаны оттекпен толық қамтамасыз ете алмай газ алмасу бұзылады, қан тамырлары тарылады. Бұл ауатамыр ауруына өкпе, пәле (рак) ауруларына шалдықтырады. Өкпедегі пәле (рак) ауруымен ауырғандардың 97% - і темекі шегетіндер. Бұған себеп – тыныс мүшелерінде темекіні ұзақ шеккенде көпке дейін жазылмайтын жараның пайда болуы. Неғұрлым адам өте ерте – бала кезінен темекі шегумен айналысса, соғұрлым рак ауруына жиі шалдығатыны ақиқат. Және темекі шеккендердің өмірі қысқа болады. Темекінің түтініндегі радиоактивті заттар ағзаға жиналады. Күніне бір қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 сәулеленуге ұшырайды. Сонымен қоса, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Көп мөлшерде болса, адам үшін өте қауіпті, өліп кетуі де мүмкін. Темекі, әсіресе жас ағзаны тез уландырады. Жас достар! Темекіге әуестенбеңдер!

4. Қорытындылау, бекіту.

Тест арқылы қорытындылап, бекіттім. Тест түрі жабық тест, бір ғана жауабы бар. Тесттерді әр оқушыларға таратып, бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін, білімін тексеру үшін берілді.


Жабық тест сұрақтары:

1. Егер адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы қалыптағыдан 400 мл төмен болса, онда өкпедегі газ алмасу:

а) төмендегені;

ә) жоғарлағаны;

б) өзгермегені;

в) ауру тудырғаны.


2. Тынысалу мүшелеріне жататын ауру:

а) сколиоз;

ә) кариес;

б) туберкулез;

в) рахит.


3. Тынысалу жүйесінің ауруын жатпайды:

а) тұмау;

ә) пневмания;

б) туберкулез;

в) цистит.


4. Адам өкпесінің орташа тіршілік сыйымдылығы:

а) 1000 мл;

ә) 3500 мл;

б) 500 мл;

в) 5000 мл.


5. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң-тозаңнан тазаруы, жылынуы:

а) ауа тамырда;

ә) мұрын қуысында;

б) өкпеде;

в) кеңірдекте.


6. Мұрынның иіс сезімталдығын төмендететін жұқпалы ауру:

а) туберкулез;

ә) бронхит;

б) тұмау;

в) трахейт.


7. Адам тыныс алуына қажетті газ:

а) азот;

ә) азот (ІІ) оксиді;

б) оттек;

в) көмірқышқыл газы.


8. Темекі шегу зардабынан болатын өкпе ауруы:

а) силикоз;

ә) плеврит;

б) СПИД;

в) пәле (рак).


Жауаптары: 1-а, 2-б, 3-в, 4-ә, 5-ә, 6-б, 7-б, 8-в.



5. Қорытынды, бағалау.

Оқушылардың сабаққа белсенді қатысып, сұраққа жақсы жауап бергендерге «5» - бағасын қойдым, ал белсенді қатысып, бірақ жанма жауап бергендерге «4» - бағасын қойдым.


6. Үй тапсырмасы: бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап оқып келу.













25.Тақырыбы: Тағамның маңызы, құрамы және қызметі.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға тағамның маңызын, құрамы мен қызметі және тамақтанудың гигиенасы жайында білім беру.

2. Тәрбиелігі: оқушыларды дұрыс тамақтану маңызын, мезгілімен тамақтану мен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық, ақыл-ойын, ойлау-логикасын тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыра отырып, дамыту.


Сабақ типі (түрі): Жаңа материалды оқып үйрену сабағы.


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, демеуші – ізденушілік және эвристикалық, проблемалық, топтық жұмыс, ойын-жарыс.


Сабақ көрнекілігі: негізгі витаминдерге сипаттама берілген және адамның бір тәулікте қажет ететін тағамның шамамен алғандағы мөлшері берілген кестелер.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20-25 мин.).

4. Қорытындылау, бекіту (10-15 мин.).

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.

6. Үй тапсырм асын беру.


1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау: өткен сабақта өтілген тақырыпқа байланысты тест алу. Тест түрі – жабық тест.

Жабық тест сұрақтары:

1. Егер адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы қалыптағыдан 400 мл төмен болса, онда өкпедегі газ алмасу:

а) төмендегені;

ә) жоғарлағаны;

б) өзгермегені;

в) ауру тудырғаны.


2. Тынысалу мүшелеріне жататын ауру:

а) сколиоз;

ә) кариес;

б) туберкулез;

в) рахит.




3. Тынысалу жүйесінің ауруын жатпайды:

а) тұмау;

ә) пневмания;

б) туберкулез;

в) цистит.


4. Адам өкпесінің орташа тіршілік сыйымдылығы:

а) 1000 мл;

ә) 3500 мл;

б) 500 мл;

в) 5000 мл.


5. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң-тозаңнан тазаруы, жылынуы:

а) ауа тамырда;

ә) мұрын қуысында;

б) өкпеде;

в) кеңірдекте.


6. Мұрынның иіс сезімталдығын төмендететін жұқпалы ауру:

а) туберкулез;

ә) бронхит;

б) тұмау;

в) трахейт.


7. Адам тыныс алуына қажетті газ:

а) азот;

ә) азот (ІІ) оксиді;

б) оттек;

в) көмірқышқыл газы.


8. Темекі шегу зардабынан болатын өкпе ауруы:

а) силикоз;

ә) плеврит;

б) СПИД;

в) пәле (рак).


Жауаптары: 1-а, 2-б, 3-в, 4-ә, 5-ә, 6-б, 7-б, 8-в.


3. Жаңа материалды түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

  1. Тағамның маңызы.

  2. Тағамның құрамы.

а) нәруыздар;

ә) майлар;

б) көмірсулар;

в) витаминдер;

г) минералдық тұздар;

д) су.

3. Тағамдық заттардың қызметі.

4. Тамақтанудың гигиенасы.


1.Тағамның маңызы. Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас – адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттаркүнделікті пайдалынатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. өнделген тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға тарлып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы органикалық заттарыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам – ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.

Қазіргі кезде жер бетінде адам баласын тамақпен қамтамасыз ету өзекті мәселелерлің бірі. ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде бір милиардтан астам адам ашаршылықты бастан кешіріп жатқаны белгілі болып отыр. Сондықтан да адамзат баласын ашаршылықтан құтқару БҰҰ-ның негізгі он мәселесінің бірі.


  1. Тағамның құрамы. Адам өсімдіктегі және жануартекті тағамдарды пайдалынады. Адам күнделікті пайдалынатын тағамының құрамында күрделі органикалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар және витаминдер) бар. Бұл заттар сол қалпында жасуша жарғақшасы арқылы өте алмайды. Жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін қарапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан арқылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.

Тағам құрамындағы минералдық заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.

а) нәруыздар – адам пайдалынатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруы үщін құрамында біркүндік нәруыз мөлшері 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз негізінен мал, құс еттерінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, асбұршақта, балықта көп кездеседі. Нәруыздар тек адам ағзасын өоректендіруші, құрастырушы ғана емес, сонымен қатар ол көптеген ферменттер мен гормондарды түзуге септігін тигізеді. Адм ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.

ә) майлар – бұларда адам ағзасы үшін қажетті заттың бірі. Майлар – жылу қоры. Май – сүт өнімдерінің, жұмытқаның және жануарлардың іш майында, майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Басқа органикалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, өйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Бір күнде адам денесінің 1 кг салмағына қажетті ас құрамындағы май мөлшері 1-1,25 болуға тиіс. Енді, өзімізге бір тәулікте қанша май қажет екенін анықтайық. Орта есеппен адамға бір тәулігінен 70-100 г май пайдалану керек екен.

б) көмірсулар – бұл да негізгі жылу қоры. Олар көбіне өсімдіктекті тағамдардың, нанның, жарманың, картоптың құрамында көп кездеседі. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант жиі пайдаланады. Крахмал жармалардың ұнның, картоптың құрамында көп кездеседі. Ал, қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол кездеседі. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені, ол тез сіңіреді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесінде жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. Адам тәулігіне 400-450 г крахмал және 100 г қант жұмсайды. Сонымен қатар, құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану адамның семіруіне және қант ауруына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет.

в) витаминдер немесе дәрумендер (латынша «vita» - тіршілік, «amin» - химиялық заттар) ерекше органикалық заттар. Адам оларды өте аз мөлшерде пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің денеміздегі мүшелеріміздің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады. Витаминдердің көптеген түрлері бар, атап айтқанда: А (ретиналь), В (тиамин), В2 (рибофлавин), В6 (пиродоксин), В12 (циакобаламин), С (аскорбин қышқылы), Д (кальциферолы), Е (токоферолы), К (филлохиноны) және т.б. жатады.

г) минералдық тұздар, адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдалынатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. Тұзсыз астың дәмі татымайды. Адм тәулігіне 5-6 г-дай ас тұзын пайдаланса жеткілікті. Минералды тұздар денеге жинақталады және жасушалар мен ұлпалардың құрамына кіреді. Мысалы, темір атогмы эритроциттердегі гемоглабиндердің құрамына кіреді және оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. Иод – қалқанша бездің гормонында, күкірт пен мырыш ұйқы безі гормонының құрамына кіреді. Қан түзу барысында темір, мыс өте қажет. Сүйектің құрамына кальций және фосфор кіреді. Және минералды тұздар адам ағзасында жетіспесе немесе көп болған жағдайда адам әртүрлі ауруға ұшырайды. Адам ағзасында минералды тұздар мен заттардың жалпы көлемі шамамен 4,5 % құрайды. Минералды тұздардың көлемі адам ағзасындағы судың көлеміне байланысты болады.

д) су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адамның денесіндегі күрделі физиологиялық процестердің барлығы судың қатысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералды тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5-2,5 л су қажет. Ал, егер адам дене еңбегімен ұзақ айналысқанда онда адамның тәуліктік су мөлшері де өседі екен. Жалпы су адам ағзасының 70% құрайды. Су – ағзаға керексіз, улы заттарды да сыртқа шығарады.

Ағзаның ішкі орталығын сақтауда су мен тұздың маңызы ерекше, бұл күні ыст ық, шөлді жерлерде айқын байқалады.


3. Тағамдық заттардың қызметі. Адам ағзасында тамақтық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде 2 түрлі қызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден – тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден-бір көзі болып саналады. Тағам құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т.б.) айналады. Мұны тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дейді.

Қорыта айтқанда, тағамдық заттар ағзаны үнемі құрылыс материалдармен және энергиямен қамтамасыз етіп отырады. Ас қорытутағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуін немесе қоректік заттардың ас қорыту мүшелерінде механикалық өңдеуден өтіп, ферменттердің әсерінен ағза жақсы сіңіретін, химиялық ыдырауға ұшырайтын, процесті айтады.

Қоректік зат – клеткалардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін және ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.


4. Тамақтанудың гигиенасы. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады.

Ас тағамдары әр түрлі болуы керек. Үнемі бір түрлі тамақ ішкенде, оның сіңімділігі төмендеп, адамның асқа тәбеті тартпайды. Астың құрамында өсімдіктер және жануарлар өнімі болуы қажет.

Дәмдеп ішкен ас жылдам және толық қорытылады. Асқорыту сөлінің мол бөлуіне жеміс шырындары мен көкеністер әсер етеді.

Тамақтану мезгілі. Асқорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үщін әр уақытта бір мезгілде тамақтану қажет. Үнемі бір мезгілде тамақтанып отырған адамның асқорыту мүшелерінің бездерінен тамақ алдында сөл бөліне бастайды. Сондықтан ас қарынға және ішекке түсісімен ыдырап, қорытыла береді.

Мезгілімен тамақтану – оның жылдам қорытылып және жақсы сіңуіне септігін тигізеді.

Күніне 4 мезгіл тамақтанған жөн. Ересек адамдар күніне 3 мезгіл тамақтанады. Күніне 4 рет тамақтанғанда асты былай мөлшерлеу дұрыс: таңертеңгі ас – 25%, түскі ас - 40%, сәскелік ас немесе түстен кейінгі ас - 15%, кеші ас - 20%. Тамақтану мерзімі асқорыту жүйесі мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.

Естеріңде болсын!

Тамақты өте кешігіп ішу және құрғақ тағмдарды жиі қолдану қарынның ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді. Асты ішуден бұрын қолды мұқият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, рабио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Ас ішкенне кейін ауызды сумен шайып, тістердің астың қалдығынан тазартып отыруға әдеттені қажет.


IV. Қорытындылау, бекіту: топ-топпен ойын – жарыс түрінде өткіземін.

Ойын – жарыс ережесі: Оқушыларды 3 топқа бөлеміз, парта бойынша. Тақтаға 3 адам бейнесі салынған сурет ілінеді. Бейненің үстінен номерленген 5 карточка ілінеді. Карточканың артқы бетінде «адам ағзасына қажетті тағамдық заттар» жазылған. Мысалы, нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералдық тұздар+су. Карточканың сұрақтары проблемалық сұрақтар, яғни оқушының логикалық ойлау дәрежесін бақылау мен бағалауға негізделген. Әр топтан 1 ғана оқушы шығып, қалаған карточканы таңдап алып, сұраққа жауап беруі тиіс. Жауап дұрыс болған жағдайда сурет бетінен карточка алынады, ал жауап бермеген жағдайда карточка орнында қалады, одан соң ол карточка қайта ашылмайды. Осылайша карточкаларды ашу барысында адам бейнесі толық ашылуы керек. Егер адам бейнесі толық ашылса, онда ол адам қалыпты, яғни ағзасындағы тағамдық заттар өз нормасында екендігінің белгісі. Ал, адам бейнесінде 1 немесе 2 карточка қалып қойылса, онда адам ағзасында сол тағамдық заттардың жетіспеуінің белгісі болады.

Адам бейнесін толық ашқан топ – жеңімпаз деп есептелінеді.

Бірінші топ сұрақтары:

  1. Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеп, ағзамызға әр уақытта қоректік заттар барады).

  2. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруына бір күндік нәруыз мөлшері 100-120 грамға тең болуы қажет. Нәруыз тек адам ағзасын құрастырушы ғана емес, сонымене қатар нелерді түзуге қажет? (ферменттер мен гормондар).

  3. Майлар әрбір жасушалардың тіршілігіне өте қажетті тағамдық заттар болып табылады. Май өсімдік және жануарлардан алынатын тағам құрамында болады. Май – тышқанда болама? (тышқанда болады, құмырсқада болмайды).

  4. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында нәруыздар, витаминдер, көмірсулар, майлар кездеседі. Олар не күйінде кездеседі? (минералды заттар немесе минералды тұздар күйінде).

  5. Ас тағамдары әр түрлі болуы керек және үнемі әр түрлі тамақ ішеміз. Себебін айт. (оның сіңімділігі төмендейді және адамның асқа тәбеті тартпайды).

Екінші топ сұрақтары:

  1. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Не себепті? (адам тамақтан шашалып, тұншығып, кейде өліп кетуі мүмкін).

  2. Күн ыстықта, жол жүргенде адам суға тұзнемесе қант қосып ішеді. Бұндай сусын адам шөлін басады. Себебін түсіндір. (күн ыстықта адам терлейді, термен адам ағзасындағы се мен минералды тұздар мен заттар шыңып, олардың мөлшері азйып кетеді. Сол себепті адамды шөл қысады. Осылардың орнын толтырады және шөл басады).

  3. Нәруыз негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, жармада көп кездеседі. Ал, жәндіктерде кездесеме? (кейбір жәндіктерде кездеседі, мысалыға, ағаш қуысындағы жұлдыз құрттарда).

  4. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян. Не себепті? (суды шектен тыс, көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиян тигізеді. Ал су тапшылығы адам ағзасын өлтіруге дейін барады).

  5. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Тағам – ағза үшін не мен ненің көзі? (энегия мен құрылыс материял).

Үшінші топ сұрақтары:

  1. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Не себепті? (дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады).

  2. Көмірсулар – негізгі жылу қоры. Ол көбінесе өсімдікті тағамдарда, жармаларда, ұнда, картопта, қант қызылшасында, сәбізде көп кездеседі. Ал көмірсулар жеміс-жидектерде болама? (ия).

  3. Ағза қабылдаған тағам әр түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Ағзаға түскен тағамдық заттар қалай өңделіп, қалдық заттар сыртқа шығарылып отырады? (қан, лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралады).

  4. Витаминдер – химиялық тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті заттар. Оларды адам тағамның құрамынан алады. Ал жануарлар мен өсімдіктерден ала аламызба? (ия).

  5. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді).


V. Бағалау. Оқушыларға тесттің сұрағына толық немесе 1 қатесіне «5» деген баға қойдым, 2 қатесіне «4» деген баға қойдым, 3-4 қателеріне «3» деген баға қойдым.


VI. Үй тапсырмасына: Тақырыпты мазмұндап оқын келу және тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарды дәптерге орындап келу.












26.Тақырыбы: Асқорыту мүшелері.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: асқорыту мүшелері мен олардың атқаратын қызметтерін, астың сіңірілу жолдарын түсіндіру.

2. Тәрбиелігі: оқушылар өздерінің асқорыту мүшелерінің орналасу тәртібін білуге, сабаққа деген қызығушылығын қалыптастыруға тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.


Сабақ типі (түрі): Жаңа материалды оқып үйрену сабағы, аралас-құрастырылған.


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, демеуші – ізденушілік және эвристикалық.


Сабақ көрнекілігі: асқорыту жүйесінің суреті салынған плакат.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20-25 мин.).

4. Қорытындылау, бекіту (10-15 мин.).

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру.


1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау (оқулық, дәптер, қаламсаптарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау: үйге тақырыпты оқып, мазмұндауға және тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарды дәптерге орындап келу берілген. Үй тапсырмасын жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң, сабақ соңында оқушыларды 3 топқа бөліп, ойын-жарыс ретінде сұраймын. Ойынды бастамас бұрын әр оқушыларға сұрақ қойып, үйге берілген сабақты пысықтаймын.

Ойын – жарыс ережесі: Оқушыларды 3 топқа бөлеміз, парта бойынша. Тақтаға 3 адам бейнесі салынған сурет ілінеді. Бейненің үстінен номерленген 5 карточка ілінеді. Карточканың артқы бетінде «адам ағзасына қажетті тағамдық заттар» жазылған. Мысалы, нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералдық тұздар+су. Карточканың сұрақтары проблемалық сұрақтар, яғни оқушының логикалық ойлау дәрежесін бақылау мен бағалауға негізделген. Әр топтан 1 ғана оқушы шығып, қалаған карточканы таңдап алып, сұраққа жауап беруі тиіс. Жауап дұрыс болған жағдайда сурет бетінен карточка алынады, ал жауап бермеген жағдайда карточка орнында қалады, одан соң ол карточка қайта ашылмайды. Осылайша карточкаларды ашу барысында адам бейнесі толық ашылуы керек. Егер адам бейнесі толық ашылса, онда ол адам қалыпты, яғни ағзасындағы тағамдық заттар өз нормасында екендігінің белгісі. Ал, адам бейнесінде 1 немесе 2 карточка қалып қойылса, онда адам ағзасында сол тағамдық заттардың жетіспеуінің белгісі болады.

Адам бейнесін толық ашқан топ – жеңімпаз деп есептелінеді.

Бірінші топ сұрақтары:

  1. Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеп, ағзамызға әр уақытта қоректік заттар барады).

  2. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруына бір күндік нәруыз мөлшері 100-120 грамға тең болуы қажет. Нәруыз тек адам ағзасын құрастырушы ғана емес, сонымене қатар нелерді түзуге қажет? (ферменттер мен гормондар).

  3. Майлар әрбір жасушалардың тіршілігіне өте қажетті тағамдық заттар болып табылады. Май өсімдік және жануарлардан алынатын тағам құрамында болады. Май – тышқанда болама? (тышқанда болады, құмырсқада болмайды).

  4. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында нәруыздар, витаминдер, көмірсулар, майлар кездеседі. Олар не күйінде кездеседі? (минералды заттар немесе минералды тұздар күйінде).

  5. Ас тағамдары әр түрлі болуы керек және үнемі әр түрлі тамақ ішеміз. Себебін айт. (оның сіңімділігі төмендейді және адамның асқа тәбеті тартпайды).

Екінші топ сұрақтары:

  1. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Не себепті? (адам тамақтан шашалып, тұншығып, кейде өліп кетуі мүмкін).

  2. Күн ыстықта, жол жүргенде адам суға тұзнемесе қант қосып ішеді. Бұндай сусын адам шөлін басады. Себебін түсіндір. (күн ыстықта адам терлейді, термен адам ағзасындағы се мен минералды тұздар мен заттар шыңып, олардың мөлшері азйып кетеді. Сол себепті адамды шөл қысады. Осылардың орнын толтырады және шөл басады).

  3. Нәруыз негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, жармада көп кездеседі. Ал, жәндіктерде кездесеме? (кейбір жәндіктерде кездеседі, мысалыға, ағаш қуысындағы жұлдыз құрттарда).

  4. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян. Не себепті? (суды шектен тыс, көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиян тигізеді. Ал су тапшылығы адам ағзасын өлтіруге дейін барады).

  5. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Тағам – ағза үшін не мен ненің көзі? (энегия мен құрылыс материял).



Үшінші топ сұрақтары:

  1. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Не себепті? (дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады).

  2. Көмірсулар – негізгі жылу қоры. Ол көбінесе өсімдікті тағамдарда, жармаларда, ұнда, картопта, қант қызылшасында, сәбізде көп кездеседі. Ал көмірсулар жеміс-жидектерде болама? (ия).

  3. Ағза қабылдаған тағам әр түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Ағзаға түскен тағамдық заттар қалай өңделіп, қалдық заттар сыртқа шығарылып отырады? (қан, лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралады).

  4. Витаминдер – химиялық тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті заттар. Оларды адам тағамның құрамынан алады. Ал жануарлар мен өсімдіктерден ала аламызба? (ия).

  5. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді).



3. Жаңа материалды түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

  1. Асқорыту мүшелеріне сипаттама.

  2. Ауыз қуысы.

  3. Жұтқыншақ.

  4. Өңеш.

  5. Асқазан. (қарын).

  6. Аш ішек.

  7. Тоқ ішек.


1. Асқорыту мүшелері. Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әртүрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлр, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.

Асқорыту мүшелеріне – ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш. Асқазан (қарын), аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұқсас.

Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен 3 қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер қабаттан тұратын сірқабат, ортаңғы қабат – бұлшыкет қабаты, ішкі қабаты – эпителий ұлпасынан тұрады.


2.Ауыз қуысы. Ауыз қуысын кіреберіс (ұрт) және нағыз ауыз қуысы деп екіге бөлінеді. Ұрттың сыртын бұлшықеттер мен еріндер жауып тұрады. Оның ішкі жағында үстіңгі, стыңғы жақ сүйектері, қызылиек және тістер орналасқан. Нағыз ауыз қуысы алдыңғы жағынан жақ сүйектерімен, тістермен, ал артқы жағынан аңқамен (зев) көмкерілген.

Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай мен жұмсақ таңдай, оны мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі жіңішкеріп әрі ұзарып бөбешікпен (тілшік) аяқталады. Ауыз қуысына сілекей бездерінің өзектері ашыларды. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып, ұсақталады, әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық процесс.

Ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы – ұзына бойы, екінші тобы – көлденең, үшіншісі – тік бағытта жатады. Осыған байланысты тіл өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және ұшы болады. Тіл кілегейлі (шырышты) қабықшамен қапталған. Тілдің кілегейлі (шырышты) қабықшасының үстіңгі бетінде түрлі пішінді көптеген дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің ұшы – тәттіні, екі бүйірі – қышқыл мен тұзды, ал түбі – ащыны сезеді. Сондықтан, тіл дәм сезу мүшесіне де жатады. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және тамақты жұтуға да қатысады. Ауыз қуысы тікелей аңқа (зев) арқылы жұтқыншақпен байланысты.


3.Жұтқыншақ – түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11-13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ арқылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі ас қорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.

Жұтқыншақ екі бүйіріндегі тесіктері арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысынан жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті бадамшалар (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғанышты қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамша қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.


4.Өңеш – ұзындығы 25 см-дей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі асқазанмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабықшасының көп бөлігі бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын тәрізді оқтын-оқтын жиырылуы нәтижесі де тағам асқазаны түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен) жалғасады.


5. Асқазан (қарын) - құрсақ қуысының жоғарғы бөлімінің сол жағында көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Асқазан іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Асқазан жоғарғы жағынан өңешпен төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасындағы бірыңғай саласы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. Ішкі қабаты – қиғаш, ортаңғысы – сақина тәрізді, ал сыртқысы – ұзыннан орналасқан. Асқазанның қатпарлы кілегейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі бөлінеді. Асқазанның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі шек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады.


6. Аш ішек – асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің асқазаннан басталған 25-30 см-дей бөлімі – ұлтабар (он екі елі шек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабығының өзегі және ұйқы безінің де өзегі ашылады.

Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің кілегейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып – босаңсып тұрады. Осының нәтиижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады.


7. Тоқ ішек – ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуын. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – соқырішек деп аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Соқырішектің төменгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішіндей тұйық өскін болады. Оны аппендикс (латынша «appendix» - қосалқы) деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан болатын ауру – соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның кілегейлі қабықшасында жарты ай пішінді ірі әрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (әсіресе, ішек таяқшалары) боладыү олар ағзға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады. Кейбір витаминдерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етуі мүмкін. Сондықтан да дәрі – дәрмектерді (антиобиотиктерді) тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек.


4. Қорытындылау, бекіту:

Мына сұрақтармен бекіттім:

  1. Өңеш қандай мүше, қайда орналасады, құрылыс қандай?

  2. Аш ішек пен тоқ ішек қай жерде орналсқан, бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

  3. Ағзаға түскен тағамдар мехкани калық және химиялық өзгерістерге ұшырауын мысалмен түсіндіріңдер.

  4. Асқорыту жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.

  5. Ауыз қуысының құрылыс қандай?

  6. Асқазанның орналасқан орнын және құрылысын сипаттаңдар.

  7. Тоқ ішекті толдық сипаттап беріңдер.

  8. Аш ішектің кілегейлі қабықшасмының ерекшеліктері қандай?

  9. Тіл қандай қызмет атақарады?


5.Бағалау: оқушылардың белсенді қатысып, толық жауап «5» деген, ал жанама жауап берген оқушыларға «4» деген баға және жеңімпаз топтарға «5» деген баға қойдым.


























27. Тақырыбы: Тістің құрылысы және гигиенасы.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға тістің құрылысы мен тістің гигиенасы жайында білім беру.

2. Тәрбиелігі: оқушылар өздерінің тістерінің орналасу тәртібін білуге және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру, ой-өрісі мен есте сақтау қабілетін дамыту.


Сабақ типі (түрі): Аралас-құрастырылған.


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік.


Сабақ көрнекілігі: Тістің құрылысы салынған плакат.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20-25 мин.).

4. Қорытындылау, бекіту (10-15 мин.).

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру.


1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау (оқулық, дәптер, қаламсаптарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау: өткен сабақта өтілген тақырыпты сұрау.


3. Жаңа материалды түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

  1. Тістің құрылысы.

  2. Тіс гигиенасы.


  1. Тістің құрылысы. Тістер пішініне қарай: күректіс, иттіс, кіші және үлкен азу тістер ажыратылады, сонымен қатар тістің ең соңғы жұбы – ақылтіс – бұл тіс адамға 20-22 жасқа келгенде шығады. Түбірлерінің құрылысына қарай тіс бір түбірлі, екі түбірлі және үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге – алдыңғы күректіс және иттістер жатады. Екі түбірлі тістерге – астыңғы жақ сүйектің азулары, ал үш түбірлі тістерге – үстіңгі жақ сүйектің азу тістері жатады.

Тістің барлық саны – 32 болады. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады. Олардың әр қщайсысында 16 – дан тіс болады.

Жаңа туған балада тіс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде алдыңғы тістер шыға бастайды. Бұл сүт тістер деп аталады. Бала 2 жсқа келгенде оның аузындағы тістердің саны – 20-ға жетеді. Бала 6-7 жасқа толғанда сүт тістері түсіп, оның орнына тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-14 жасқа дейін аяқталады. Адам 18-19 жасқа келгенде ең соңғы жұп азу тістер – ақылтіс пайда болады.

Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тіс сауытының сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған. Кіреуке адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы милиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95% кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіс сауытының үстіңгі бұдырларында кіреуке едәуір қалың. Балалар тістерінің кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан ол жұқа болады. Тістің қызылиектен шығып тұратын бөлігі – тіс сауыты деп аталады. Тістің келесі бөлімі – мойны. Тістің мойны арқылы тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі – түбірі. Тістің түбірі жақ сүйектеріндегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, (азу тістердің түбірі екеу бірден болса), азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлар мен жүйкелер енеді. Олар тіске сезімталдық қасиет береді. Тістің ішкі қуысы борпылдақ дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік берілген.

Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің сезімталдығына байланысты.

Тістің көп бөлігін дентин (латынша «dens» - тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70% фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыстарынан тұрады. Микробрарлардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуына болатын ауыру тісжегі (кариес) деп аталады.

Бүтін әрі сау тістер адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру қоздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінен басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғақ) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салқын бірінің артынан бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерде микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға және т.б.) де зарбадын тигізеді. «Ауру ауызға кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деге сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.

Ауыз қуысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсақталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толық шайналған, әрі сілекеймен шыланған тағам жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың «апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазан түскен ас» деген сөздерден өздерің қорытынды шығарыңдар.

Ауыз қуысындағы тіс санын тіс формуласы арқылы көрсетуге болады:

3212 2123

3212 2123

Балалардың тісінің формуласы: 2012 2102

2012 2102

2. Тістің гигиенасы. Астың дұрас қорытылуы үшін тістердің сау болуы қажет. Ауру тістер микробтардың жиналатын орны. Тіс түскенде асқорыту әрекеті бұзылып, қарын мен ішектер ауруға ұшырайды. Тісітң ауруға шалдығуы олардың кіреуке қабатының жарылып, сынуынан болады. Ас қалдықтарының қыстырылуынан, тісчпен жаңғақ шаққанда, темірді тістеп, ыстық немесе өте салқын тамақтарды бірінің соң бірін өте тез ішкенде тіс бүлінеді. Осылардың әсерінен тістің кіреуке қабатында пайда болған жарыққа микробтар түсіп, тістің бұзылуына себеп болады. Тістің сынып, бұзылған жерін тек маман дәрігер ғана емдей алады. Тісті зерттейтін ғылым – стоматология, ал дәрігер стоматолог деп аталады. Тістің сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып, тісті тазалау қажет. Күн сайын тісті таңертең және кешке мұқият жуу керек. Тісті тазалауда белгілі ережені есте ұстау шарт. Алдымен бөлме температурасындағыдай сумен ауызды бірнеше рет шаю; содан соң арнайы тіс щеткасымен тазалау; алдыңғы, артқы бүйрек тұстарын да мұқият тазлау. Тіс щеткасын арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай ысқылау; тістердің ауыз қуысына қараған беттерін де тазалау қажет.

Әрбір адамның жеке басының арнайы тіс щеткасы болуы тиіс. Тіс щетканы пайдаланғаннан кейін жақсылап тазартып жуып, счабындап қою керек. Келесі пайдаланарда сабынын жуып тазартып алу қажет.

Жылына екі рет тісті маман дәрігерге қаратуды ұмытпаған жөн.


4. Қорытындылау, бекіту:

Мына сұрақтармен бекіттім:

  1. Тістің құрылыс қандай?

  2. Асты майдалап шайнаудың қажеті неде?

  3. Адамның аузында қанша тіс болады?

  4. Тістің барлығы бірдей ме?

  5. Тістің қандай түрлері болады?

  6. Тістерді қалай күту керек?

  7. Ыстық және суық асты жылдам кезектеп ішуден тістердің бұзылуы неліктен?



5. Бағалау: Үй тапсырмасын жақсы орындап келген және сабақ айтқан оқушыларға «5» деген баға, ал үй тапсырмасын толық орындамаған оқушыларға «4» деген баға қойдым.



6. Үй тапсырмасына: Тақырыпты мазмұндап оқын келу және тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарды дәптерге орындап келу.










28.Тақырыбы: Асқорыту бездері. Асқорыту ферменттері. Сілекей бездері.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға асқорыту бездері, ферменттері мен сілекей бездері жайында білім беру.

2. Тәрбиелігі: оқушыларға асқорыту бездерінің, ферменттерінің мен сілекей бездерінің маңызын түсіндіре отырып тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың ойлау өрісін мен есте сақтау қабілетін, сабаққа деген құштарлығын, тұлғалық қасиетін дамыту.


Сабақ типі (түрі): Жаңа сабақты оқып үйрену сабағы.


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік.


Сабақ көрнекілігі: Сілекей бездерінің орналасуы салынған плакат.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20-25 мин.).

4. Қорытындылау, бекіту (10-15 мин.).

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру.


1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау (оқулық, дәптер, қаламсаптарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау: өткен сабақта өтілген тақырыпты сұрау.


3. Жаңа материалды түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

  1. Асқорыту бездері.

  2. Асқорыту ферменттері.

  3. Сілекей бездері.

1.Асқорыту бездері. Асқорыту бездерінде 3 жұп сілекей бездері, бауыр және ұйқы безі жатады.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөленетін сөл – сілекей, қарын сөлі – пепсин және т.б. Қарында тамақ 3-тен 10 сағатқа дейін болып, қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен ақуыз қорытылып, ыдырауға түседі. Қарын сөлінде ақуызды ісіндіріп, оны қорытатын ферментті күшейтетін тұз қышқылы бар. Ақуызды ыдырататын қарын сөлі пепсин қатысуымен жүреді. Аш ішектің бойында толып жатқан түтікше бездерден бөлінетін сөлдердің көмегімен тамақ құрамындағы – ақуыз, майлар, көмірсулар ерігіш күйіне айналады.

Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнектіә орыс ғалымы И.П.Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі кілегейлі қабығындағы өзгерістерді зерттеуде эндоскопия әдісі қолданылды. Онда жарықты арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамындағы күрделі органикалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Олар ферменттер деп атайды.


2.Асқорыту ферменттері. Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруыз тектес органикалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушаларда жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі – катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 380С.

Ауыз қуысында тағамдық заттар тіс арқылы, тіл және сілекейдің қатысуымен, сілекей құрамындағы ферменттер әсерінен қорытыла бастайды. Егер нанды көбірек шайнасақ, дәмі тәтті сезіледі. Бұл нанның құрамындағы көмірсулардың сілекейдегі ферменттер әсерінен ыдырауға түсуіне байланысты.

Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір органикалық затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамсындағы ферменті – қышқылды, ұйқы безінің сөліндегі ферменті-сілтілі ортада әсер етеді.

Көптеге ұсақ және ірі 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі – жұп шықшық безі. Ол құлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30г. Астыңғы жақ асты сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі – тіл асты бездері. Оның салмағы 5 г, ал өзегі тіластын ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді. Сілекейдің мөлшері және оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аө бөлінеді. Сілекей асты шылап, оның крахмалын ыдыратуға қатысады және жұтылуын жеңілдетеді.


3.Сілекей – тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99-99,5% су, 0,5-1% органикалық және бейорганикалық заттар болады. Бейорганикалық заттардың мөлшері органикалық заттрға қарағанда 2-3 есе аз. Сілекейдің реакциясы әлсіз сілтілі. Сілекейдің құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент – амилаза болады. Сілекейдің құрамында бактерияларды жоятын лизоцим болады.

Сілекейдің бөлінуі рефлекторлық жолмен реттеледі. Сілекей бөліну орталығы сопақша мида орналасқан. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді. Бұл сілеей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақ иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлексіне жатады.

Сілекей безінің қызметін И.П.Павлов итке тәжірибе жасау арқылы зерттеп, анықтады. Иттің бір сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығарып тігіп, оған сілекей жинайтын шыны түтік орнатады. Итті тамақтандырғанда сілекей ауыздың ішінде бөлінбей, сілекей жинайтын шыны түтікке бөлінеді, сөйтіп, оның құрамын зерттеуге мүмкіндік жасады.

Шықшық сілекей бездері қабынған кезде ісініп, жақпен тұтасып байқалады. Ондай ауру паротит (свинка) деп аталады.


4. Оқушылардың өтілген сабақты қаншалықты игергендігін, түсінгендігін тексеру барысында өтілген тақырыпты сөзжұмбақ арқылы қорытындылап, бекіттім.

Сөз жұмбақ сұрақтары:

  1. И.П.Павловтың асқорыту бездерінің қызметін зерттеуге қолданылған әдіс.

  2. Бауырдан бөлінетін сөл қалай аталады?

  3. Сілекейдің құрамында бактерияларды жоятын зат?

  4. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі кілегейлі қабығындағы өзгерістерді зерттеу барысында қолданылатын әдіс.

  5. Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамындағы күрделі органикалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар қалай аталады?

  6. Шықшық сілекей бездері қабынған кездегі ауру қалай аталады?


Жауаптары: 1) Фистула. 2)Өт. 3)Лизоцим. 4)Эндоскопия. 5)Фермент. 6) Паротит.


5. Бағалау: Үй тапсырмасын орындап, сабақ айтқан оқушыларға «5» деген баға, ал үй тапсырмасын орындап, сабақты толық айтпаған оқушыларға «4» деген баға қойдым және үй тапсырмасын мүлдем орындамаған, сабақты сұрағанда дайын болмаған оқушыларға «3» деген баға қойдым.



6. Үй тапсырмасына: Тақырыпты мазмұндап оқын келу және тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарды дәптерге орындап келу.


















29.Тақырыбы: Қарын және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқы безінің құрылысы

және қызметі.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға қарын және ішек сөлі жайында және бауыр, ұйқы безінің құрылысы және қызметін талдап, негізгі ұғымдарды түсіндіру.

2. Тәрбиелігі: оқушыларға адам ағзасындағы қарын және ішек сөлінің, бауыр, ұйқы безінің құрылысы және қызметінің маңызды

3. Дамытушылығы: оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру, ой-өрісі мен есте сақтау қабілетін дамыту.


Сабақ типі (түрі): Аралас-құрастырылған.


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік.


Сабақ көрнекілігі: Қарын, бауыр, ұйқы бездерінің орналасуы мен құрылысы салынған плакат.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20-25 мин.).

4. Қорытындылау, бекіту (10-15 мин.).

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру.


1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау (оқулық, дәптер, қаламсаптарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау: өткен сабақта өтілген тақырыпты сұрау.


3. Жаңа материалды түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

  1. Қарын сөлі

  2. Ішек сөлі

  3. Бауыр

  4. Ұйқы безі


1. Қарын сөлі – қарынның ішкі кілегейлі қабығындағы ұсақ бездерден бөлінеді. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей қарын сөлі бөлінеді. Бөлінетін қарын сөлінің мөлшері тағамының құрамына, қою – сұйықтығына байланысты. Асқазанның кілегейлі қабығындағы безді жасушалар құрылысына және атқаратын қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді. Бездердің бір тобынан – ферменттер, екіншісінен – тұз қышқылы, үшіншісінен – кілегейлі зат – муцин бөлінеді.

Қарын сөлі түссіз, әрі қышқылды ортада белсенді әсер етеді. Қарын сөлінің құрамы: 97 – 98 % су, 1 % органикалық заттар (ферменттер), 0,5 % минералды тұздар, 0,7 % тұз қышқылы.

Асқазанның бұлшықеттерінің үнемі жиырылып босаңсуының арқасында тағам қарын сөлімен әбден араласады. Қарын сөлімен араласқан тағамды жентек (химус) деп атайды.

Тамақ ауыз қуысына түскен кезде – ақ қарын сөлі шартсыз рефлекс арқылы көп бөліне бастайды. Мұны И.П Павлов тәбет сөлі деп атаған. Қарын сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолмен реттеледі. Қарын сөлінің құрамын, реттелуін И.П. Павлов өңешті кесіп және қарынға фистула қою және «бөлініп алынған қарынша» әдістері арқылы зерттеді.

Қарын сөлінің құрамындағы фермент – пепсиннің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Қарын сөлінің құрамындағы тұз қышқылы ферменттердің белсенділігін арттырады және микробтарды, бактерияларды залалсыздандырады.

Ағзада тамақтың қортылуына ішімдік пен темекі тарту зиянды әсер етеді. Ішімдік ағзаның кілегейлі қабығындағы бездердің қалыпты қызметін бұзады. Ішімдікті үзбей пайдаланатын адамдарда ағзаның созылмалы қабынуы (хронический гастрит) байқалады. Темекі құрамындағы никотин уы сілекей арқылы асқазанға түсіп кілегейлі қабығының қабынуын туғызады. Темекіні көп тартатын адамдардың 90 % - ға жуығы асқазанның ойық жара ауруына шалдығады.


2. Ішек сөлі – аш ішектің ішкі кілегейлі қабатындағы көптеген ұсақ бездерден бөлінеді. Аш ішекте астың ары қарай қорытылуы өттің және ішек сөлінің әсерінен жүреді. Ішек сөлінің түсі күңгірттеу сұйықтық. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей ішек сөлі бөлінеді, оның реакциясы да сілтілі. Ішек сөлінің әсерінен асқазанның тамақпен бірге келген қышқылды орта жойылады. Ішекке асқазаннан түскен тағамның әсерінен ішек сөлі үздіксіз бөлініп тұрады. Ішек сөлінің құрамында су, органикалық, бейорганикалық заттар және 20 – дан астам ферменттер болады. Олар түрлі тағамдарды ыдыратып, денеге сіңуіне жағдай жасайды. Ішек сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолдармен реттеледі.


3. Бауыр – адам ағзасындағы ең үлкен асқорыту безі. Бауыр жасушалары шоғырланып, өте ұсақ бөлшектер құрайды. Ол құрсақ қуысының жоғары бөлімінің оң жағында көкеттің астында орналасқан. Бауырдың салмағы ересек адамда 1,5 – 1,7 кг – дай қоңырқай түсті безді мүше. Бауырдың оң жақ бөлігі үлкен, сол жақ бөлігі кішкене. Оның астыңғы бетінде алмұрт пішінді өт қабы орналасқан.

Бауырдың негізі эпителий ұлпасынан тұрады. Бауыр жасушаларына өте көп мөлшерде қан келеді. Бауырға артерия қанымен бірге аш ішек, тоқ ішек, асқазан, ұйқы безі, көкбауырдан жиналған вена қаны келеді. Вена қаны бауырдың вена қақпасын құрайды. Вена қанының құрамындағы денеге сіңген тағамдық өнімдер бауырда қайта өңделеді. өңделген заттардың біраз бөлігі қайтадан қанға өтіп, ұлпаларға, мүшелерге энергия және құрылыс материалы түрінде таралады. Қалған бөлігі бауыр жасушаларында гликоген күйінде қор заты болып жиналады.

Бауыр жасушалары ішімдікке,есірткіге және темекі уына өте сезімтал.Ішімдікті үнемі, әрі ұзақ ұзақ уақыт пайдаланатын адамдардың бауыр жасушалары тығыздалып, дәнекер ұлпаға айналады. Ол бауырдың өте қауіпті ауруы – бауырдың беріштенуіне (цирроз) соқтыруы мүмкін. Бауырда вирустардың әсерінен болатын жұқпалы бауырдың қабынуы (гепатит) ауруы да кездеседі. Бұл ауруды ауызекі тілде сары ауру деп те атайды.

Бауырдың қызметі:

    • улы заттарды залалсыздандырады;

    • көмірсу, май және нәруыз зат алмасуына қатысады;

    • бауырдың басты қызметі - өт бөлу;


Ересек адамдарда тәулігіне 0,5 – 1 л өт бөлінеді. Бауырдан бөлінген өт алдымен өт қалтасына, одан өт қабының өзегі арқылы ұлтабарға түседі. Бауыр жасушаларынан өт үнемі бөлініп тұрады. өт ұлтабарға адам тамақтанған кезде ғана өтеді. Өттің бөлінуі гуморальдық және рефлекторлық жолмен реттеледі.

Өттің қызметі:

    • ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендіреді;

    • майларды ұсақ тамшыларға бөлшектеу;

    • май қышқылдарының ерітілуін күшейту;

    • аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;

    • ішектегі шіру процесін тоқтатады.

Өттің негізгі қызметінің бірі – майлы тағамдарды қорытуға әсер етеді. Майлы етті тағамды пайдаланған кезде өт көп ақ уақыт ұсақ түйіршіктер (кристалдар) түрінде жиналып, өт қалтасында, өт өзегінде «тастың» пайда болуына әсер етеді.


4. Ұйқы безі – бауырдан кейінгі кіші асқорыту безі. Ол әрі сыртқы, әрі секреция бездерінің қызметін атқарады. Ұйқы безі қарынның астыңғы жағында орналасқан, пішіні таспа тәрізді. Салмағы – 60 – 80 г. Ұйқы безінің де өзегі ұлтабарға ашылады. Одан бөлінетін сөл нәруызды, майларды және көмірсуларды ыдыратады.

Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкоза), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Ұйқы безінен панкреатин сөлі ересек адамдарда тәулігіне 1,5 – 2 л бөлінеді.



IV. Қорытындылау, бекіту.

Сабақты мына сұрақтармен қорытындылап, бекіттім.

Сонымен,

    • Асқазанның кілегейлі қабырғасындағы безді жасушалар құрылысына

және атқаратын қызметіне байланысты қанша топқа бөлінеді? Ата.

    • Қарын сөлінің құрамын атаңдар.

    • Адам ағзасындағы ең ірі безді атаңдар.

    • Бауырдың қызметі қандай?

    • Өттің қызметі қандай?

    • Ұйқы безінің қызметі қандай?



V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.



30.Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Зат және энергия алмасу.

Сабақтың мақсаты: 1.Зат алмасу-тірі организмдерге тән қасиеттермен таныстыру.

2. Оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту.

3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.


Зат және энергия алмасу.


Қоршаған ортамен зат алмасу-барлық тірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Адам организімінің жасушаларында бір зат түзіліп, басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы: сыртқы ортадан тамақпен бірге түскен күрделі органикалық қосылыстар ас қорыту жолында жай қосылыстарға дейін ыдырайды. Нәруыздар аминқышқылдарынан, көмірсулар-глюкозаға, майлар-глицерин мен май қышқылдарына дейін энергия бөліп ыдырайды. Олар қан мен лимфаға өтіп, біздің денеміздің мүшелерінің барлық жасушаларына жеткізіледі.

Осылай организм сыртқы ортадан оттек, органикалық заттар, минералды тұздар мен су алады. Сыртқы ортаға зат алмасудың соңғы өнімдерін: көмірқышқыл газын, су мен менералды тұздардың артық мөлшерін, сондай-ақ несепнәр, зәр қышқылының тұздары мен басқа заттары бөледі.

Зат алмасудың түрлері:

  • Пластикалық алмасу-биосинтез реакцияларының жиынтығы: жаңа жасушалар, олардың органоидтері мен жасушааралық заттардың түзілуіне және энергия жинақталуына жұмсалатын жай заттардан күрделі заттардың түзілуі. Пластикалық алмасу есебінен жасуша бөлінуі, дамуы және өсуі жүзеге асады.


  • Энергетикалық алмасу-жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстардың энергия бөліп, тотығуы мен ыдырауы жүретін процесс.


  • Нәруыздар-организм ұлпасының жасушаларының түзілуіне қатысатын негізгі құрылыс материалы.



Органикалық қосылыстардың айналымы.


Нәруыздар



Көмірсулар Майлар


Майлар алмасуы. Майлар өсімдікті және жануартекті тағамдар құрамына кіреді. Олар адам денесі массасының 10-20 пайызын құрайды.

Көмірсулар алмасуы. Көмірсулар организмге, негізінен, өсімдіктекті тағамдармен, сондай-ақ аз мөлшерде жануартекті тағаммен түседі. Олар дене массасының 1-2 пайызын құрайды.


Көмірсулардың алмасу сызбанұсқасы.

Ас қорыту ферменттері


Өсімдіктекті тағам (крахмал) + Қант Глюкоза Бауыр гликогені


Қанға


Адам тамақ ішпей 40-50 күн, ал сусыз бірнеше күн ғана тіршілік ете алады. Адам денесіндегі минералды заттардың жалпы мөлшері, шамамен 4,5 пайыз құрайды.



Қорытынды:

І. Сыныпта орындалатын тапсырмалар:

Кестемен жұмыс жасау.


Органикалық қосылыстардың алмасуы.


Органикалық қосылыстар

Қызметі

Ыдырау процесінде не түзіледі?

Нәруыздар

Майлар

Көмірсулар





ІІ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Зат және энергия алмасудың маңызы қандай?

  2. Пластикалық алмасу дегеніміз не?

  3. Нәруыз алмасуы қалай жүреді?

  4. Көмірсулар алмасудың қандай ерекшеліктері бар?


ІІІ. Үйге тапсырма: §50

31.Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Витаминдер және олардың маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға витаминдер және олардың маңызымен таныстыру.

2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.

2 Жаңа сабақты түсіндіру.

Витаминдер және олардың маңызы.

1.Витаминдер-организмнің тіршілік әрекетіне қажетті органикалық

заттардың жеке тобы. Витаминдер денсаулықтың нығаюына әсер етеді, организмнің суық тюден болатын және жұқпалы ауруларға қарсы тұруын жоғарлатады, жұмысқа қабіллеттілікті арттырады.

Адам тамақтануға жаңа піскен көкеністер мен жемістерді пайдаланбаса, аурулар пайда болатыны ерте кезден белгілі. Полюстік экспедицияларда көптеген зерттеушілер, сондай-ақ ұзақ мерзімдік кемемен жүзуде теңізшілер белгісіз аурулардан қайтыс болған.

Тек 1881 жылы орыс дәрігері Н.И. Лунин өз эксперименттері негізінде осы аурулардың себебін-тамақ құрамындағы қандай да бір ерекше заттардың болмауынан екенін анықтады.

Кейінірек 1911 жылы поляк ғалымы К. Функ тазартылған күріш пен қоректенген көгершіндерді сал (паралич) ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алады. Ол бұл затты витамин (лат. Vita-тіршілік) деп атады.

Витаминдердің адам ағзасында жетіспеуінен болатын ауруды – авитаминоз дейді. Яғни, адам ағзасы тез шаршап, жиі ашуланады, асқа тәбеті де нашарлап кетеді.

Витаминдерді латын алфавитінің бас әріптерімен А,В,С,Д,Е т.б. белгілейді. Кейде осы әріптердің жандарында жазылады. Мысалы: В1, В26 ...


2.Витаминдердің топтары мен түрлері.

Барлық витаминдер екі топқа бөлінеді.


Майда ерітінді: Суда еритіндер: А,Д,Е,К витаминдері С,РР,В тобындағы барлық

жатады. витаминдер жатады.



  1. Майда еритін витаминдер.

А витамині (ретинол)-ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Түнде көруді жақсартады.

Жетіспеуі: шаштың, тырнақтың өсуі, тері құрғап, жарылып, май бездерінің құрамы өзгереді. т.б.

Кездеседі: жануарлардың бауырында, сүтте, жұмыртқаның сарысында көп кездеседі. т.б.

  1. Суда еритін витаминдер.

С витамині (аскарбин қышқылы)-ол ағзаның дұрыс дамуына мүмкіндік береді, қоршаған ортаның қолайсыз әсер етуіне қарсылықты, жұмыс істеу қабілетін арттырып, шаршап-қажуды азайтады. Ағзаға қажетті тәуелділік мөлшері 60-100 мг.

Жетіспеуі: ағза тез шаршайды, қызылиек қанталайды, ұзақ уақыт жетіспесе адам қауіпті қырқұлақ ауруына шалдығады.

Кездеседі: жаңа піскен көкеністерде, жемістерде және тұздалған орамжапырақта көп кездеседі.т.б.

В тобының витаминдері. Бұл әртүрлі қоспалар, бұлар әрқайсысы өзіндік қасиеттері бар, ерекше витаминдер.

В1 витамині (тиамин)-зат алмасуға, асқазан, ішек-қарын жолдарының дұрыс жұмыс істеуін реттейді.т.б.

В2 витамині (пиридоксин)-негізінен ағзадағы нәруыздың алмасуына әсер етеді.

В12 (цианкобаламин)-қан түзу мөлшеріне жақсы әсер етеді, жұйке ұлпасының өсуін реттеуге қатысады.

Қорытынды:

  1. Сыныпта орындалатын тапсырмалар.

Кестемен жұмыс жасау.


Витаминдер

Құрамында витаминдер бар азықтық тағамдар.

Авитаминоз белгілері.

С



А



Д



В1



В6



В12




  1. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Организм үшін витаминдердің қандай маңызы бар?

  2. В тобы витаминдерінің маңызы қандай?

  3. Тағамдағы витаминдерді қалай сипаттауға болады?


Үйге тапсырма: §51

Күні айы Бекітемін

32.Сабақтың тақырыбы: Энергетикалық алмасудың маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға энергетикалық алмасудың маңызын түсіндіру.

2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.

2 Жаңа сабақты түсіндіру.

Энергетикалық алмасудың маңызы.

Адам барлық жануарлар сияқты күн энергиясы әсерінен жасыл өсімдіктер синтездеген органикалық қосылыстарды қолданады. Адам организмі жасушалары сыртқы ортадан түскен қосылыстарды сіңіре отырып, олардағы энергияны да пайдаланады.

Органикалық қосылыстар ыдыраған кезде организімнің тіршілік әрекетіне қажет энергияның көп мөлшері бөлінеді. Энергияның артық бөлігі сыртқы ортаға жылу түрінде шығарылады. Демек, организм мен оның қоршаған орта арасында зат және энергия алмасу үздіксіз жүреді.

Органикалық заттардың ыдырау процесі әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүзеге асады. Біздің организміміздегі іс-әрекеттің барлық түрі – ақыл ой еңбегі, дене жұмысы және т.б. энергетикалық алмасу есебінен жүзеге асады.

Энергетикалық алмасу үш кезеңге бөлінеді:

Дайындық.

Оттексіз.

Оттекті.


Бірінші дайындық кезеңін ас қорыту деп те атайды.

Екінші оттексіз кезеңде ас қорыту процесінде түзілген жай молекулалар жасушаға түседі де, жасуша цитоплазмасында әрі қарай ыдырауға үшырайды.

Энергетикалық алмасудың үшінші кезеңі оттек қатысында жүреді де, тыныс алу деп аталады.


Қорытынды:

Сыныпта орындалатын тапсырмалар:

1. Оқулықпен жұмыс.

2. Сұрақтар мен тапсырмаларды талдау.

Үйге тапсырма.§52




















33.Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі туралы түсіндіру.

2. Білімділік мақсатты жүзеге асыра отырып, оқушылардың байқампаздық қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын үстана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.

2 Жаңа сабақты түсіндіру.

Зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі.

  1. Бүйректің құрылысы.

Бүйрек – үрмебұршақ пішінді мүше. Бүйрек үсті бездері мен бүйрек сыртынан май капсуласымен жабылған.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Бүйректің ішіндегі кеңейген қуыс бүйрек астауы деп аталады.

Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамассыз етілуі. Бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады. Бұл дегеніміз – әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.

  1. Бүйректің қызметі.

  1. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.

  2. Күрделі биологиялық сүзгі.

  3. Бүйректе зәр түзіледі.

  4. Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.

  5. Су мен тұздың мөлшерін реттейді.

Зәр түзілу.

Зәрдің пайда болуы мен нефрон қызметінің сызбанұсқасы:

Келетін артерия




Капсула (плазма сүзгісі)


Қан сүзгісі суды және




Бүйректік астауша

Несепағар

Қуық

Зәр шығару өзегі

Екінші зәр









Қорытынды:

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Бүйрек құрылысы қандай?

  2. Зәр шығару жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

  3. Қуық қандай қызмет атқарады?

  4. Бүйрек өзекшелері дегеніміз не?

Үйге тапсырма.§53

34.Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі туралы түсіндіру.

2. Білімділік мақсатты жүзеге асыра отырып, оқушылардың байқампаздық қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын үстана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.

2 Жаңа сабақты түсіндіру.

Зәр шығару мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.

Бүйрек біздің денеміздің тіршілік үшін маңызды мүшесі болып табылады. Оның қызметінің бұзылуы мен тоқтауы организімнің, әдетте, зәрмен бөлінетін заттармен улануына апарып соғады. Бүйрек жұмысы бұзылған кезде бұл заттар қанда жиналады да, ауыр жағдайға, кейде өлімге себепші болады.

Бүйрек өзекшелерінің жасушалары әр түрлі улы заттарға жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді.

Зәр шығару жүйелері мүшелерінің ауруларын зерттейтін әрі олардың алдын алу және емдеу әдістерін жасайтын клиникалық медицина саласы урология деп аталады.

Организмдегі зат алмасудың бұзылуы бүйрек пен зәр шығару жолдарында тас түзілуіне себепші болады. Онда зәр шығару жолдары жабылып, адам қатты ауруы мүмкін.



Зәр шығару мүшелерінің аурулары.

Цистит-зәр шығаратын түтік пен қуықтың қабынуы жатады.

Нефрит-микроорганизмдер тудыратын бүйрек шумағының қабынуы жатады.

Энурез-түнде зәр тоқтамауы да жатады.т.б.


Қорытынды:

  1. Термин сөздермен жұмыс жасау.

  2. Оқулық соңындағы тапсырмаларды орындау.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Бүйректің маңызы қандай?

  2. Зәр шығару жүйесінің қандай ауруларын білесіңдер?

  3. Бұл аурулардың қалай алдын алуға болады?

Үйге тапсырма. §54












35.Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға терінің құрылысы және қызметі мен маңызы туралы түсіндіру.

2. Білімділік мақсатты жүзеге асыра отырып, оқушылардың байқампаздық

қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын үстана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.

2 Жаңа сабақты түсіндіру.

Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы.

Терінің қызыметі мен маңызы.

Тері-көптеген қызмет атқаратын күрделі мүше. Тері, ең алдымен, бізідің организімізді сыртқы ортадан бөліп тұратын жамылға болып табылады.

Теріге мынандай факторлар: температура, ылғалдылық, қысым әсер етеді. Бұл кезде тері қорғағыш қызмет атқарады.

Адамда барлығы 1 пайыз газ алмасуды тері жүзеге асырады. Адам терісі жылы қанды жануарлар терісі сияқты жылу реттеуге қатысады.

Тері зат алмасуға қатысып, термен бірге ыдыраудың кейбір өнімдерін бөліп шығарады. Терінің ыдырау өнімдерін шығару қызметі организмдегі су алмасуды жалпы реттеуде өте маңызды.

Адам тері арқылы тәулігіне, шамамен, 1,5 л су жоғалтады.Тері сипап сезу мүшесі болып табылады.


Тері құрылысы.

Тері үш қабаттан:

  1. Сыртқы (эпидермис) қабаттан.

  2. Дәнекер ұлпасынан түзілетін негізгі қабаттан.

  3. Тері астындағы май клетчаткасынан тұрады.

Дермада бірқатар өсінділер: тер және май бездері, шаш түбірі, тырнақ негізі бар. Тері астындағы май клетчаткасы аралығы май жасушалары мен толы қалың, ширатылған талшықтардан тұрады.


Қорытынды:

  1. Бекіту сұрақтары.

  • Тері қызметін атаңдар.

  • Тері қандай қабаттан тұрады?

  • Тері түсі неге байланысты?

  • Тері қандай ұлпадан тұзілген?


Үйге тапсырма. §55













36.Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Тері аурулары.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға терінің құрылысы және қызметі мен маңызы туралы түсіндіру.

2. Білімділік мақсатты жүзеге асыра отырып, оқушылардың байқампаздық

қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын үстана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.

2 Жаңа сабақты түсіндіру.

Тері аурулары.

Безеудің алдын алу.

14-16 жаста көп оқушыда безеу пайда болады. Бұл-жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерін шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғарғы болігін зақымдайды.

  • Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек.

Қышыма қотыр.

Бұл ауруды қышыма қотыр кенесі тудырады. Қотыр кенесі нәзік, жұмсақ тері жабынын зақымдап, ішке, арқаға жайылады.

Бұл аурудың алдын алуға болады.

  • Аяқты бактерияға қарсы сабынмен жуып, жақсылап сүрту керек.

  • Аяқкиімді дұрыс таңдау керек.

  • Синтетикалық материалдан жасалған аяқкиімді кимеңдер. Т.б.

Организмді шынықтыру – организмнің қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімділігін арттыратын шаралар кешені. Таза ауада жиі болу организмді температураның өзгеруіне өз уақытында, тез әрекет етуге үйретеді.

Күн өту-күн тастында бас киімсіз ұзақ жұру салдарынан болады.

Теріні үсік шалу төмен температура әсерінен терінің зақымдануынан болады.

Қорытынды:

Сабақты бекіту сұрақтары.

  1. Безеудің қалай алдын алуға болады?

  2. Организмді шынықтыру әдістерін айтыңдар.

  3. Өз денелеріңді күту үшін қандай нұсқауларды орындау керек?


Үйге тапсырма. §56
















37. Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Көбеюдің маңызы. Көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы түсіндіру.

2. Білімділік мақсатты жүзеге асыра отырып, оқушылардың байқампаздық

қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын үстана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.

2 Жаңа сабақты түсіндіру.


Көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Көбеюдің алуан түрлі процестері көбеюдің екі түріне –жыныссыз және жынысты көбеюге алып келеді.

Адамға жыныстық көбею тән. Жыныстық көбеюге екі-аталық және аналық организімі қатысады. Жыныс сыртқы белгілерімен, сондай-ақ жыныс жұйесінің құрылысы бойынша ерекшеленеді.

Жыныс мүшелері-аналық без (яичник) және аталық без (семенник) жыныс жасушаларын: аналық без- жұмыртқа жасушасын, ал аталық без-сперматозоидтер түзеді.

Аталық жыныс жүйесі қосалқы бөлімдері бар аталық безден, шәует шығаратын түтік, жыныс мүшесі және басқа бездерден, олардың ішіндегі ең ірісі-қуық асты бездерінен тұрады.

Аналық жыныс жүйесі сыртқы және ішкі мүшелерден тұрады. Ішкі жыныс мүшелеріне аналық без, жатыр түтігі, жатыр және қынап жатады. Аналық жыныс жасушалары-жұмыртқа жасушалары аналық безде түзіледі. Бұл-мөлшері үлкен (150мкм), қозғалмайтын жасуша. Оны жатыр түтігімен тербелмелі эпителий жылжытады. Жұмыртқа жасушаларының дамуы 27-28 тәулікке созылады.

Аталық без бен аналық безде жыныс жасушаларынан басқа да гормондар өндіріледі. Олар екінші реттік жыныс гормондары өндіріледі.

Ұрықтану.

Жыныс жасушаларының қосылуы ұрықтану деп аталады. Ұрықтану жатыр түтігінде жүреді. Түзілген зигота жұмыртқа жасушасы хромосомасының жартысынан және сперматозоид хромосомасының жартысынан тұрады.

Ұрықтың қоректенуі мен тыныс алуы кіндік бау арқылы ана қанынан диффузиялық жолмен жүзеге асады.


Қорытынды:

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар.

  1. Аталық без қандай қызмет атқарады?

  2. Аналық без қандай қызмет атқарады?

  3. Ұрық даму үшін жатырдың маңызы қандай?

  4. Ұрықтану дегеніміз не?

Үйге тапсырма: §57








38.Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Ұрықтың дамуы.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға ұрықтың дамуы туралы түсіндіру.

2. Білімділік мақсатты жүзеге асыра отырып, оқушылардың байқампаздық қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын үстана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.

2 Жаңа сабақты түсіндіру.

Ұрықтың дамуы.

Ұрықтың даму кезеңі.

Ұрықтың даму кезеңінің 3-аптасының соңында дененің кейбір жеке бөліктері әлі де дамымайды. 4-аптада ұрық ұзындығы 3мм болады. Аяқ-қол нышаны, құлақ, көз, мұрын нышандары байқалады. Кейінірек ұрықтың жүрегі соғып, аяқ – қолдары дами бастайды. Бұл кезде ұрық өсіп, 15 мм-дей болады.

Дене құрылымы 7-8 аптада қалыптасады. Дамудың бұл кезеңі кеуде қуысы, қарын, ба, мұрын, көз, құлақ ажыратылады. Ұрық 2,5 см-гежетеді.

Дамудың осы уақытынын бастап ұрық шарана деп аталады.

Жүктілік.

Ұрықтанудан бастап бала туылғанға дейінгі кез жүктілік деп аталады. Ананың 280 тәулік бойы физиологиялық жағдайы-жүктілік бала туылумен аяқталады. Жүктілік кезінде аналық безден гормондардың бөлінуі артады. Осыған байланысты сүт бездері үлкейіп, жатыр массасы мен мүшелері үлғаяды, артериялық қысым жоғарлайды, қан құрамы өзгереді.


  • Бұл-ана үшін өте жауапты кезең. Жүкті әйелге алкоголь ішуге, темекі тартуға мүлдем болмайды.

  • Жүктілік-күрделі физиологиялық процесс. Жүктілік кезінде дәріні дәрігер бақылауында ішу керек. 7-8 сағат ұйықтау, таза ауада серуендеу, жеңіл жұмыстарды жасау т.б. жүкті әйелге қойылатын талаптарға жатады.

  • Жүктілік кезеңі аяқталғанда әйел босанады.


Қорытынды:

Жаңа сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар:

  1. Ана қаны ұрық қанымен араласа ма?

  2. Ұрықтың даму кезеңдерін ата.

  3. Жүктілік дегеніміз не?

Үйге тапсырма: §58














39. Күні айы Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Адам өмірінің негізгі кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға адам өмірінің негізгі кезеңдері туралы түсіндіру.

2. Білімділік мақсатты жүзеге асыра отырып, оқушылардың байқампаздық қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын үстана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.

2 Жаңа сабақты түсіндіру.


Адам өмірінің негізгі кезеңдері.

Емшектегі бала жасы.

1 айға дейін бала нәресте болып саналады. 1 айдан 1 жасқа дейінгі кезеңді емшектегі бала жасы дейді. Тәуліктің көп бөлігін ол ұйықтайды.

6 паталығында басын ұстайды, аяғын жазады, 6 айлығында отырады.

Ерте балалық шақ.

1 жастан 3 жасқа дейін бала қарқынды өседі, ересек адамдар жейтін тағамды жейді, дүниені өзінше танып білуге ұмтылады.

Мектепке дейіңгі кезең.

3-7 жасқа дейін мектепке дейін жас болып есептеледі. Бұл кезде қоршаған дүниеге деген қызығушылығы пайда болады.

Мектеп жасындағы кезең.

7-ден 17 жасқа дейінгі кезеңде барлық мүшелер мен жүйелер әрекеті қайта құрылады.


11-12 жаста баланы жасөспірім деп атайды.

13-15 жаста ер баланың кеудесі мен арқасында бұлшық еттер дамиды, дене массасы артады.

Қыз балады 11-14 жаста бұлшық ет дамуымен қатар тері астындағы май қабаты артады, кеуде мен тыныс алу типі қалыптасады.

  • Физиологиялық жетілу-организімнің жыныстық жетілуінің кезеңі.

  • Психикалық жетілу-ер бала мен қыз баланың отбасы мен қоғамда өзін жеткілікті түрде бақылай алатын орнықты мінез-құлқы қалыптасуы.

  • Әлеуметтік жетілу-қоғамның әлеуметтік толыққанды мүшесінің қалыптасуы.


Қорытынды:

Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар:

  1. Нәрестелік кезеңнің қандай ерекшеліктері бар?

  2. Оқушының даму ерекшеліктері қандай?

  3. Мектеп жасындағы кезеңдердің ерекшеліктерін ата.

  4. Ерте балалық шақ кезеңдерін ата.


Үйге тапсырма: §59


39 сабақ жоспары



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
поурочный план по биологии

Автор: Аленова Жанымгуль Багдатовна

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282366

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Поурочный план по биологии на тему: Семейство розоцветные   6 класс "
    ["seo_title"] => string(72) "pourochnyi-plan-po-biologhii-na-tiemu-siemieistvo-rozotsvietnyie-6-klass"
    ["file_id"] => string(6) "201564"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429088999"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Поурочные планы по биологии для 7 класса на казахском языке"
    ["seo_title"] => string(66) "pourochnyie-plany-po-biologhii-dlia-7-klassa-na-kazakhskom-iazykie"
    ["file_id"] => string(6) "325471"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462965613"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Сборник поурочных планов по биологии для 6 класса"
    ["seo_title"] => string(46) "sbornikpourochnykhplanovpobiologhiidlia6klassa"
    ["file_id"] => string(6) "328444"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463639687"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "ПОУРОЧНЫЙ ПЛАН НА ТЕМУ "Geography""
    ["seo_title"] => string(30) "pourochnyiplannatiemugeography"
    ["file_id"] => string(6) "318606"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460624361"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Конспект урока биологии "Класс Насекомые" и презентация к уроку "
    ["seo_title"] => string(69) "konspiekt-uroka-biologhii-klass-nasiekomyie-i-priezientatsiia-k-uroku"
    ["file_id"] => string(6) "129278"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415652393"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства